Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Тәрбие әдістерінің жіктелуі





Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрдерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай дәстерді таңдап алу қиян Сондықтан оларды тәртіпке келтіру, яғни жіктеу қажет

Жіктеу – арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.

Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әртүрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді.

Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:

-жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып қалыптасады;

-оқушыларды тәрбиелеу процесі өте күрделі іс-әрекет;

-жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.

Қазіргі уақытта тәрбие әдістері міңез-құлыққа негізделген, мотивтік –мақсатты жақтарын біріктіретін бағыттылық- интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу обьективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі. (Т.И. Щукина).Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістерін үш топқа бөлуге болдады:

- жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;

- іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері;

- мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.

Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т.Е.Конникова, Г.И. Щукина) жасаған тәрбие әдістерін жіктеу 3 топқа бөлінеді.

Топ.

Тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, міңез құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, арнайы тәрбиелік ситуация.

Талап- міңез құлық нормасының көрнісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелу функциялары бар. Ынталандыру функциясы- бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелу- басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.

Қоғамдық пікір-бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап- нақты міндет, оны іс әрекеті процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі – бұл қоғамдық пікір, ұжымның еркі мен күші. Ұжым тәрбие субъектісі, педпгогтың тірегі.

Үйрету әдісі баланың орнындағыштық, сыпайылық (инабаттылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру жатады.

Жаттықтыру әдісі – бұл түрлі ситуатцияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымының мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез – келген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Оқушылардың өндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары оқушыларды борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады.

Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау көрсету, машықтандыру, тапсырма.

2 – топ.

Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекциялар, өнеге.

Әңгіме – бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістерінің бірі. Балалар әңгіме әдісінде саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады, олардан тиісті қорытынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді. Әңгіме әдісі кез – келген мәселеде ұқыпты дайындықты талап етеді. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды ескеру керек:

1.Тақырыптың көкейтестілігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап

беруі тиіс.

2.Әңгіменің мазмұны балалардың жас ерекшкліктеріне сәйкес баяндалуы қажет.

3.Әңгіменің тақырыбына сәйкес техникалық құралдарды тиімді пайдаланған жөн.

4.Оқушылар үшін әңгіме тартымды, қызықты болуы керек.

Пікірталас – бұл жоғарғы сынып оқушыларының байымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар да дайындалады. Оның тақырыбы және сұрақтары күні бұрын хабарландырылады.

Пікірталас оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен күресуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы сонда, ол оқушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүскіншілік береді. Пікірталастың соңында басқарушы оқушылардың жауабын жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады.

Топ.

Мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағыдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау тәр-биеленушіні іс-әрекетінде және мінез–құлқында белсенділікке ынталандырады. Жазалау баланың өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, оның теріс қылықтарын тежейді.

Мадақтау – бұл баланың жағымды мінез–құлқын ынталандыру құралы. Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі, орынсыз мадақтаудан балада менмендік, тәкаппарлық, даңдайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін жеткілікті мәліметтер керек.

Жазалау – бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалау үшін оның шындығын толық білу, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда ғана баланы жазалауға болады. Күдіктеніп немесе ұжымның пікірінсіз жазалауға болмайды.

Мектеп өмірінде В.А.Сластенин жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуі ойдағыдай қолданылуда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістерінің 4 тобы қарастырылады.

Бірінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге.

Екінші топ. Қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма,жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация.

Үшінші топ. Іс-әрекет және мінез-құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.

Төртінші топ. Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзіне-өзі баға беру әдістері: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау(анкета, ауызша т.б.), қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау.

Сонымен, әрбір тәрбие әдістерінің мақсаты оқушыларды адамгершілік көзқарасқа сендіре білуге, жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлық нормаларын меңгеруге үйретеді.

3.Сананы қалыптастыру әдістері. Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие оқушының тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Егер оқушы лар педагогикалық әсерге жауап бермесе, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жүзеге аспайды. Оқушылардың тәрбие мазмұнына сай іс-әрекетке белсенді түрде араласу қажеттілігі болған жағдайда ғана алға қойылған мақсат орындалады. Осылайша, жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-құлық әдістерін қалыптастыруға дайындайды.

Тәжірибесі мол тәжірибешілер өз жұмыстарында ұмыт болған адамгершілік-имандылыққа, Абайдың қара сөздеріне, халық педагогикасының амал-тәсілдеріне көптеп сүйенуде. Этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекциялар, этикалық әңгіме-сұқбаттар, ақыл-кеңестер, мысалдар кеңінен қолданыс табуда.

Этикалық тақырыптағы әңгіме, көбіне, төменгі және орта сыныптарда қолданылады. Ол адамгершілік мазмұндағы деректер мен оқиғаларды әсерлі де қызықты етіп айту. Жақсы әңгіме оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етеді.

Этикалық әңгіменің нәтижелі болуы мынаған байланысты:

- әңгіме мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болуы;

- әңгіменің қызықты, әсерлі, түсінікті болуы, онда адамгершілік ой-пікірлермен қоса мысалдардың, жағдайлардың болуы;

- әңгімені оқу барысында әңгіме сұқбаттың жүргізілуі, оқушылардың әңгімені талдауға ат салысып, өздерінің ой-пікірлерін білдіре алулары өте маңызды;

- әңгімеге қоса суреттерді пайдалану; әңгімені дұрыс қабылдауда музыканың орны да ерекше;

- мазмұндама тілінің әдеби сауатты болуы.

Күнделікті тәжірибеде тәрбиелік процесте түсініктеме жиі қолданылады.Түсініктеме әдіс тәсілдері әр түрлі:төменгі сыныптарда «Былай істеу керек» деген сияқты тура пайымдаулар, жасөспірімдермен жұмыс кезінде терең мотвация, белгілі бір адамгершілік ұғымдарының қоғамдық мәніне түсініктеме беру қажет.

Түсініктемені оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсіндірудің қажеттілігі туындаған жағдайда ғана қолдану керек. Түсініктеме көбінесе сендіруге негізделеді. Сендіру оқушының психикасына астыртын әсер етіп, іс-әрекеттің мақсаттары мен мотивтерін қалыптастырады. Ол ақыл кеңес, есіне түсіру, тілек-ұсыныс түрінде қолданылады.

Айтылған әдістермен қоса кейде насихат сияхты әдіс қолданылады.Оқушының бойындағы жағымды қасиеттерге сүйену: абырой, ар-намысы мен ұяты сияқты насихатты дұрыс қолданудың алғы шарттарын қалыптастырады. Бұл әдістің педагогикалық нәтижелілігі мұғалімнің беделіне, оның жеке қасиеттеріне байланысты.

Сананы қалыптастырудың аталған әдістерін (әңгіме, түсініктеме, сендіру, наихат) ретсіз қолданғанда ол үгіттеуге айналады. Мұндай жағдайларда олар оқушы бойында кері әрекет ету ниетін оятады.

Этикалық әңгіме-сұқбат дегеніміз адамгершілік мәселелерді мұғалімдер мен оқушылардың бірігіп жүйелі де бірізді талқылау түрі. Әңгіме-сұқбаттың жай әңгіме мен нұсқаудан айырмашылығы онда мұғалім оқушыларды өз ой пікірлерін, көзқарастарын, бағаларын білдіруге шақырады. Этикалық әңгіме-сұқбаттың мақсаты – адамгершілік түсініктерді тереңдету мен бекіту,білімді қортындылау, адамгершілік көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру.

Соңғы жылдары мектептерде айтыстың, ізденістің, мәселелерге жауап берудің пікірталас деген формасы кеңінен қолданылуда. Айтыс-сананы, сенімді, мақсат-мұраттарды, құндылық бағыттарды қалыптастырудың күрделі әдісі.

Үлгіге негізделген әдіс. Үлгі балалардың қандай да бір үлгіге еліктеуіне негізделген. Бұл-санасыз еліктеуден саналы еліктеуге, бейнені көшіруден өзіндік бағытын қалыптастыруға,сырттай еліктеуден іштей еліктеуге ұмтылу.

4. Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың әдістері. Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі-оқушылар тәрбиесінің нәтижесі. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық

тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептеледі.

Іс-әрекеттер арқылы әдеттер қалыптасып, жағымды мотивтер дамиды. Әдістер арқылы оқушылар өмірін мінез-құлық, қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндеп жинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Оқушылардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады, ол істер барысында оқушылар басқа адамдармен жан-жақты қатнасқа түседі.

Басты әдістердің бірі – жаттығу, жаттығудың мәні белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта орындау, соның нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптасады. Адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті болмаса, дамуында жылжу болмайды.

Жаттығуларды орындауда талап ету әдісі қолданылады. Бұл әдіс оқушының белгілі бір іс-әрекетіне дем беріп немесе тежеп, жекелік қасиеттерді қалыптастырады. Талап түріне қарй тура немесе жанма болып бөлінеді. Тура талап етуге бұйрық ету, анықтық, нақтылық тән. Жанама талаптар ақыл-кеңес, өтініш, мақұлдау сияқты түрлері арқылы беріледі.

Жаттығу түрлерінің бірі- үйрету, дағдыландыру әдісі. Бұл интенсивті орындалатын жаттығулар. Белгілі бір әдетті тез және жоғарғы деңгейде қалыптастыру үшін үйретуді қолданады.

Жаттығу әдісі тапсырма беру әдісінің негізін құрайды. Тапсырманың орындалуын тапсырма берген адам бақылайды.

Жаттығу мен үйретудің бір түрі – тәрбиелік жағдайлар әдісі. Тәрбие жүйесі педагогикалық жағдайлардан тұрады, ал олар нәтижелі болу үшін мұғалім арнайы жағдайлар құрастырады. Ондайда жағдай шындыққа ұқсас болу қажет. Жағдайдың кез-келген түрінде оқушы шешім қабылдай алуы керек. Көбіне жоықтар, экскурциялар мен ойындар кезінде құрастырылады.

 








Date: 2016-05-17; view: 681; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.01 sec.) - Пожаловаться на публикацию