Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Психикалық аурулар сараптамасы үшке бөлінеді





1.Сот сараптамасы.

2.Еңбек сараптамасы.

3.Әскери сараптамасы.

Соттық сараптама дегеніміз сотқа тартылған адамның ақыл-есінің дұрыс немесе дұрыс еместігін дәлелдеу.Сараптама комиссиясында үш психиатрдан кем болмау керек. Медициналық критерийді 4 топқа бөлеміз:

1-топ.Созылмалы психикалық бұзылыстар.

2-топ.Уақытша психикалық бұзылыстар.

3-топ.Туа біткен және жүре пайда болған ақыл-естің төмендеуімен жүретің психикалық бұзылыстар.

4-топ. Басқа аурудың әсерінен болатын психикалық бұзылыстар.

Еңбек сараптамасы дегеніміз психикалық ауытқулары бар адамдардың еңбекке жарамдылығын бағалау:

1-топқа өзін күте алмайтын және біреудің қарауында болатын науқастарды жатқызамыз.

2-топқа айқын түрде психоорганикалық төмендеумен,анық сандырақпен және галлюцинаторлы бұзылыспен жүретін бірақта терапияға резистентілігі бар науқастарды жатқызамыз.

3-топқа анық емес психикалық бұзылысы бар бірақ мамандығы бойынша жұмыс істей алатын науқастарды жатқызамыз.

Әскери сараптама әскерге жарамдылығын анықтайды. 8 топқа бөлінеді: Мидың органикалық зақымдалғаннан кейінгі психикалық және психикалық емес психологиялық бұзылыстар. Эндогендік психоз. Симптоматикалық психоз және басқа экзогенді психикалық бұзылыстар. Реактивті психоз және невротикалық бұзылыстар. Тұлғалық бұзылыстар. Созылмалы алкоголизм,наркомания және токсикомания. Ақыл-ойдың қалуы. Эпилепсия. Әрбір топ өзіндік топқа бөлінеді:

А- әскерге жарамды.

Б- шамалы шектеулермен әскерге жарамды.

В- шектелген,бірақ әскерге жарамды.

Г- шектелген,бірақ әскерге жарамсыз.

Д- әскерге мүлдем жарамайды.

 

Орытынды

Өз ойымды қорыта келе психилогиялық аурулар дегеніміз көрінісі психикалық процестердің әр алуан өзгеріске ұшырауынан байқалады. Бұл жағдайларда нақты қабылдау бұзылады, ой ағымы өзгереді, пайымдау бұрмаланады, ес әлсірейді, объективтік сылтаусыз-ақ көңіл-күй езгереді, дәлелденбеген іс-қылықтар жасалып, сана тұмандана түседі.

Психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметінің бұзылуы — негізгі ми процестеріндегі әр алуан зақымданудың ара салмақтарына — қозу мен тежелуге, бірінші және екінші сигнальдық жүйелердің, ми қыртысы мен қыртыс астының өзара қарым-қатынасына, мидың жүйелі қызметінің зақымдалуына байланысты екенін білдім.

Психикалық аурулар реактивті депрессиялардың даму ықтималдылығы әлеуметтік апаттар кезінде жоғарылайды. Кедейшілік, жұмыссыздық, әлеуметтік кепілсіздік, тұрғын үй мәселесі сияқты факторлардың да маңызы аз емес. Жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұяларда алкоголизм, асоциальді психопатиялар, ақыл-ой дамуындағы артта қалушылық кездеседі екен. Жалпы осының барлығы психикалық ауруға алып келеді екен. Сол себепті психикалық ауруға шалдықпас үшін адамдарға сабырлы, шыдамды болуға шақырар едім.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Психиатрия және наркология» Н. Н. Иванец, Ю. Г. Тюльпин, 2006 ж.
  2. «Психиатрия» Илешева Р. Г., 1995 ж.
  3. «Психиатрия» Коркина М. В., 1195ж
  4. "Әлеуметтік мәнді аурулардың терапиясы және алдын алуы" Бекмурзаева Э.К., Туртаева А.Е., 2013 жыл








 

 

 

Date: 2016-05-17; view: 1584; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию