Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Психофизиологиялық конституция





Психофизиологиялық конституцияның негізгі типтері

Дене бітімі Мінез түрі Келесі бұзылыстардың қаупі жоғары
Астеникалық (лептосомды) – арық, ұзынша келген, бұрышты Шизоидты: абстрактты ойлаудың сезімге қатысты артық болуы (екінші сигналды жүйенің артық болуы), тұйықтық, интроверттілік, арманшылдық, ренжігіштік, ұстамдылық, кейде құштарлыққа айналуы да мүмкін. Шизофрения, шизотиптік бұзылыстар, фобиялық невроз, ипохондриялық невроз, шизоидты және параноялық психопатия
Пикниктік – домалақтанған пропорциялардың артық болуы Циклоидты: эмоционалды-ашық, ашық, реалист, жерге жақын, көпшіл (экстраверт),көңіл-күйінің құбылуына бейім Монополярлы депрессия, маскіленген депрессия, депрессивті невроз
Атлетикалық – жақсы дамыған қаңқа-бұлшықеттік аппарат, бұлшықеті жақсы дамыған, конустық кеуде торы Эпилептоидты: стеникалық, өзін танытуға талпыну, өзін жоғары бағалау, айқын эмоция, агрессияға бейім, сонымен бірге бір жерде тұрып қалатын, тұтқыр. Қозғыш және параноялық психопатия, бас жарақаттары, алкоголизм, эпилепсия

Әлеуметтік факторлар психологиялық бұзылыстардың дамуына жағдай жасайды.

Реактивті депрессиялардың даму ықтималдылығы әлеуметтік апаттар кезінде жоғарылайды. Кедейшілік, жұмыссыздық, әлеуметтік кепілсіздік, тұрғын үй мәселесі сияқты факторлардың да маңызы аз емес. Жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұяларда алкоголизм, асоциальді психопатиялар, ақыл-ой дамуындағы артта қалушылық кездеседі. Дегенмен, жұмыс істемейтін үй шаруасымен айналысатын әйелдер әр түрлі невроздармен, психосоматикалық бұзылыстармен зардап шегеді, ал қамтамасыз етілген ата-аналардың балалары психопатиялық қылықтарға, алкогольді, психо активті заттарды қолдануға бейім.

Психикалық аурулардың көптеген симптомдары көбіне субьективтік кеселдің болуынан байқалады. Бұл аурудың бар екендігін және оның ерекшелігін білікті әңгімелесу көмегімен ғана анықтауға болады. Субьективті анамнез жинастыру кезінде қазіргі кездегі патологиялық жай – күй (өткенді сандырақ түсіндіру конфабуляция, ұмыту) ескеріледі, мұның өзі анамнезді емес, аурудың осы сәттегі жай – күйін, оның статусын сипаттайды.

Обьективті анамнез – аурудың жақын – жуықтарынан, олардың таныстарынан қызметтестерінен, көршілерден оны жақсы білетін адамдардан жинастырады. Сондай – ақ обьективті анамнезді жинау барысында да тұқым қуалаушылық жөніндегі мағлұмат алыс туыстардың арасында ерекше орын алады.

Клиникалық диагностика: Клиникалық әдіс психикалық аурулардың диагностикасында маңызды орынды алады, ол бірнеше кезеңдерге бөлінеді: симптомдар квалификациясы және анықталуы олардың байланысы, синдромдар квалификациясы синдромдардын жетілу динамикасының бағасы алдын ала диагноз қою дифференциальдік диагностика жіктелу бойынша диагноз қою Диагностиканың параклиникалық әдістері:

Инструментальдік және лабароторлық диагностика. Диагностиканың тәжірибелік-психологиялық әдістері. Компьютерлік диагностика. Психикалық ауыру кезінде психиатриялық зерттеу: Неврологиялық зерттеу; Бас – сүйекті шолу ренгенограммасы; Электроэнцефалография; Жоғарғы жүйке қызметін лабораториялық зерттеу;

Неврологиялық зерттеу – бірқатар психикалық ауру мидың дөрекі түрде органикалық зақымданудың нәтижесінде пайда болады, көптеген психикалық аурулар әртүрлі неврологиялық бұзылыстармен, вегетативтік кеселдермен қоса жүреді. Жүйке және вегетативтік жүйені зерттеу невропатология белгілеген ережеге сай орындауы тиіс. Дөрекі органикалық тұрғыдан ми зақымданғанда пайда болатын психикалық аурулар кезінде жұлыннан сұйықтық алып зерттеу қажет. Электроэнцефалография – ми биотоктарын жазып алу. Ми токтарының көзі оның клеткаларының метоболизмі, клетка мембраналарының белсенді қарсыласудағы өзгерісін, сеанс арқылы импульстардың жүргізілу және басқа да жете зерттелмеген факторлар болмақ. Ми биотоктарының қалыпты жағдайда екі түрде: альфа- және бетта- толқын түрінде байқалады. Психологиялық зерттеу Он сөзді есте сақтау. Бұл нұсқау қысқа мерзімде,ұзақ мерзімде және өндірілген,өндірігмеген есте сақтауға қолданылады.Науқасқа он сөз беріледі, яғни бұл сөздер арасында байланыс болмауы тиіс.(тау, ине, гул, мысық, сағат, шарап, пальто, кітап, терезе, ара темір). Содан кейін қайта оқылады.Қалыпты жағдайда 4-5 рет оқығаннан кейін 10 сөз дұрыс болады. Ассоциативті есте сақтау пробасы. Науқасқа 10-дана жеңіл жатталатын сөздер ұсынылады. Дәрігер бірінші сөзді айтады, науқас екіншісін айтуға тиіс. Мысалы: алма-алмұрт, өзен-көл, кеш-таңертең, аға-іні, кітап-дәптер, көгершін-қарға т.б. Пиктограмма – науқасқа 10-15 белгілі-бір тұжырымдама ой айтылып жатталады. Кейін науқас осы тұжырымдарды суретке бейнелеуі тиіс. Кейін 40-60 минут өткеннен кейін сол суреттерін өзіне кайта ұсынып берілген тұжырымдарды есіне түсіреді. Қабылдаудың бұзылыстары, сенсорлық бұзылысты тексеру. Науқас адамға әр түрлі ракурстағы қозғалыстағы фигураларды мүмкіндігінше есіне сақтауына ұсынады “қозғалыстағы тік төрт бұрыштар”, “толқынды фон” Науқас осы фигуралардың түсін,санын сипатын айтуы тиіс.

Психикалық ауруларға әкелетін негізгі факторлар: Экзогенді: Жұқпалы аурулар (тұмау, тонзилит, сепсис, сүзек, ревматизм, бруцеллез, энцефалиттер, менингоэнцефалиттер т.б.). Бас ми жарақаттары (мидың әр түрлі жарақаттары, соғып алу, шайқалу, жаралану мен жарылыс толқынынан зақымдану). Психикалық жарақаттар (күйзеліс жағдайлары, әлеуметтік факторлар (жанжалдар, тұрмыстық және жанұялық ұайымдар, жақын адамды жоғалту т.б. өте күшті эмоциялар). Уланулар (алкогольмен улану, нашақорлық, токсикомания, дәрімен улану, өндірістік улар). Физикалық фактор (температура (гипертермия, гипотермия), радиация, климат, географиялық орналасу, метеорологиялық өзгерістер т.б.).

Date: 2016-05-17; view: 1562; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию