Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зерттеу бағдарламасының ілімдік дайындығы





 

Біздің әрқайсысымыз әртүрлі деңгейде радио тыңдаушысы, газет, журнал, ғылыми әдебиет оқырманы ретінде бақылауларымыз әлеуметтік зерттеулермен ұштасады. Мүмкін, адамның өзі де бұл зерттеулерге респондент, яғни оқылатын процестер мен құбылыстар жөніндегі алғашқы ақпарат көзі ретінде тартылады. Бүгінде жоғары мектептің дипломы бар әрбір адам осындай зерттеулерді ұйымдастыра білуі керек. Берілген тақырыптың мақсаты-бақылау әлеуметтік зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі жөнінде түсінік беру, негізгі түсініктер мен процедуралармен таныстыру, ғылыми дүниетанымды кеңейту, сондай-ақ ақиқатты танып білудің меншікті моделін өңдеуге арналған пайдалы материал беру.

Әлеуметтік зерттеудің кәсіби қабылдауларын, дағдыларын және қабілеттерін өңдеуді іс жүзінде оқып-үйренуді күшейту әлеуметтануды инженерлік қызмет ретінде түсінуді қалыптастыруда аса қажет болып табылады. Әлеуметтік зерттеудің нақты түрі оған қойылған мақсат пен шарттардың сипатымен көрсетіледі. Осыған сәйкес әлеуметтік зерттеудің 3 негізгі түрін ажыратады:

1) бақылаулық;

2) суреттемелік;

3) сараптамалық.

Бақылаулық әлеуметтік зерттеу (пилотаждық) мазмұны бойынша шектелген мақсаттарды шешеді. Бақылаулық зерттеулер процесс немесе құбылысты алдын ала зерттеуге арналған, проблема аз ауқымды болғанда ол зат пен объект жөнінде толық ақпаратты анықтап береді, гипотезаны дұрыстайды. Сараптамалық зерттеулер-оқылатын құбылыстың элементтерін суреттеуді ғана мақсат етіп қоймай, сондай-ақ оның негізінде жатқан себептерді түсіндіруді де мақсат еткен әлеуметтік анализдің ең тереңдетілген түрі. Зерттеудің бұл түрінің іс жүзінде үлкен құндылығы бар (белгілі бір уақытты, аса сақтықпен өңделген бағдарламаны, құрылымдарды талап етеді).

Әлеуметтік зерттеулерде бақылаудың маңызды 3 негізгі типті процедураны бөліп айтуға болады:

1. дайындық сатысы (зерттеу бағдарламасын өңдеу);

2. негізгі (бақылау зерттеулерін жүргізу);

3. тәмамдайтын (мәліметтерді өңдеу мен талдау, қорытындылар мен нұсқауларды қалыптастыру).

Нақты әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтану мамандарын басқа да әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдарының өкілдері ішінен ерекшелеп тұратын өзіндік бір бөлігі. Бақылау әлеуметтік әдістерді меңгеру зерттеушіден тек қана әлеуметтік пәндерді ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік философия, психология, әсіресе математиканы, статистикалық әдістерді, информатиканы білуден тұратын байсалды кәсіби дайындықты талап етеді. Бақылау әлеуметтануында танымал жаратылыс мамандарды болуы бекер емес (мысалы, Галлей, Лаплас, Лавуады).

Әлеуметтік зерттеу жүргізу үшін бағдарлама жасалады. Бағдарлама - деп ғылыми ізденістің әдістемелік және әдістеме шарттарын қамтитын құжатты айтады. Бағдарлама әдістемелік, әдістеме және зерттеуді ұйымдастыру тарауларынан тұрады. Әдістемелік тарауда зерттелетін проблема және оның тұжырымы зерттеудің мақсаты анықталып, негізгі ұғымдары анықталады, көземел (гипотеза) құрылады. Әдістеме тарауында зерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды өңдеу мен талдау әдістері белгіленуі тиіс. Зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бөлінісі, зерттеудің мерзімі, реті т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндетін оның үш тарауы қамтыған мәселелер анықтайтын болады. Бағдарламаны әзірлеу зерттеу проблемасын анықтаудан басталады. Әлеуметтік проблема - деп шешім дайындау мақсатында арнайы талдауды талап ететін жағдайды айтады. Проблеманы дәл анықтау үшін ол туралы нені біліп, нені білмейтінімізді айқындауымыз керек. Проблемада бізді ойландырып отырған негізгі мәселе белгіленуі шарт.

Зерттеу жұмысына орай жасалынатын келесі адым оның мақсаттарын анықтау. Мақсат - деп зерттеудің жалпы бағытын, әрекет етудің жобасын және ғылыми нәтижеге қол жеткізуге талаптануды айтады1). Мақсат әлеуметтік зерттеудің қолданбалы және теориялық салаларын негіздейді. Мақсатқа жету үшін нақтылы не істеу керектігін дәлірек, айтқанда, зерттеудің міндеттерін белгілеу қажет. Бұдан соң зерттеудің объектісі мен пәнін анықтау жүзеге асырылады.

Мысалы, біздің суреттеуіміздің объектісі - студенттердің өмір сүру деңгейі, олардың өмірін қандай факторлар анықтайды (тамақтану, денсаулық, т.б., стипендия, ата-аналармен материалды - қаржылай байланыс, қосымша табыс). Қазіргі студенттік өмірдің өмір сүруі қызметінің әлеуметтік-экономикалық механизмін көрсету мақсаттағы мәселелерді монографты зерттеуге тартатын, тереңдетілген талдау қажет).

Көлемді суреттеу зерттеу ізденістердің маңызды элементі болып табылады, өйткені зерттеуші мәселені анықтайды, оны тереңдетеді мақсат-шарттарын анықтайды. Ең бастысы, ол:

А) оқылатын объект құрылымы;

Б) оқылатын әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыс сипаты;

В) әлеуметтік мәселелерді шешуге болатын мүмкін жағдайлар жөнінде негізделген тұжырымдар - гипотеза қоюға өзі жол табады. Зерттеуді ұйымдастыруда жорамал рөлі өте маңызды. Ол ғалымның шығармашылық ізденісінің басты аспабы болып табылады. Ғылыми гипотезаны мақұлдауға

 

(1) Как провести социологиическое исследование. - М., 1990. - С. 27.

немесе одан бас тартуға ұмтылыс ғылыми зерттеудің негізгі мәні, бағыт-бағдары болып табылады. Жорамалдар іздестірулерді ұйымдастырады, бастысын бөліп алады да, тұрлаусыздарын шетке шығарады.

Жорамал зерттеу жұмысының қорытындысын алдын ала анықтауы тиіс.

Жорамалсыз бәрі түсінікті болса, зерттеу жүргізудің қажеттігі болмас еді.

Ой жорамал жоқ кезде, зерттеу жақсы жағынан алғанда суреттемелік болады да, жаман жағынан алғанда ғылыми мағынасыз болады. Біздің жағдайда гипотезалар (сәйкесінше контргипотезалар) келесі типті болып келеді:

а) студенттерді материалды қамту жағынан бастаушы фактор, олардың ата-аналармен материалды-қаржы байланыстары. Салдары: студенттің өмір сүру деңгейі мемлекет бөлген қаржымен емес, ата-ананың материалдық жағдайымен, жұмыссыздықтың өсуімен анықталады т.с.с;

б) студенттердің қаржы-табыс табуы мен оқуы факторлары арасындағы анық байланыстың болмауы.

Контргипотеза: табыс табу студенттердің оқуына теріс әсер етеді.

Бағдарлама дайын болған соң кімдердің сауалнама жүргізілетіні анықталуы керек. Ол үшін сұрыптау мәселесі шешіледі. Өйткені зерттеудің объектісі, көп жағдайда, адамдардың үлкен жиынтығы болады. Ал олар әлеуметтік – демографиялық белгілеріне қарай жіктелген және үлкен территорияға орналасқан. Сондықтан олардың бәрімен сауалнама жүргізуді ұйымдастыру қиындықтарға соқтырады. Сонымен қатар 5000 адамнан немесе 250 адамнан сауалға алынған жауап бірдей ақпарат береді. Мәселе, бұл жерде 5000 адамнан 250 адамды қалай сұрыптап алу жайында болып отыр.

Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиынтықтың екі түрі бар: бас жиынтық және іріктелген жиынтық. Бас жиынтық деп проблемаға қатысты бақылауға алынатын бүкіл бөліктің жиынтығын айтады. Бас жиынтық территория, мерзім, өндіріс саласы немесе кәсіптік, функциялық шеңберді қамтумен шектелген. Іріктелген жиынтық бас жиынтықтың бір бөлігі болып табылады, әзірленген әдістемеге сәйкес зерттелінетін объектінің есебінде болады. Сұрыптаудың типтері көп. Ықтимал сұрыптауды қолданған кезде мынадай әдістер пайдаланылады:

1) стихиялық сұрыптау әдісі, бұл әдіс бойынша бірінші кездескенге сұрақ қойып жауап алынады;

2) механикалық сұрыптау әдісі, бұл жалпы адамдардың тізімінен белгілі бір интервалды сақтай отырып респонденттердің қажетті санын бөліп алу болып табылады;

3) сериялық сұрыптау, мұнда басты жиынтық белгілі бір белгілері бойынша біртектес бөліктерге бөлініп, сонан соң әрбір бөліктен респонденттердің нақты саны бөлініп алынады;

4) ұялы сұрыптау әдісі, жеке адамдарды іріктеумеу топтарды немесе ұжымдарды бөліп алу мақсатында қолданылады.

Әлеуметтік факт жөнінде айта отырып, бақылау әдістерін іске асыра отырып зерттеуші жұмыс істейтін барлық түсініктерін анық қылу керек. Бұған логикалық процедура - түсініктерді операционализациялау: осы жалпы түсініктердің мазмұнын бірге отырып суреттеуге қабілетті қарапайым, түсіндірмелі және бекітім құрамдарына дейін сатылы мүшелеу. (Бұл ойлаудың өзінше бір рационалдық тілі).

Маңызды бір мәселелердің бірі - материалды дайындау. Әлеуметтану маманының жылдары жиі мәселе, жалпы түсініктерді анық фактілерге бекітуге мүмкіндік беретін сәйкес аспап таңдауға кетеді.

Материал-әлеуметтік әдістерге ыңғайластырылған әдістемелік сипаттағы әлеуметтік мәліметтерді жинауға мүмкіндігі бар (анкета, бланк интервью, әлеуметкарта, бақылау карточкасы және т.б.).

Date: 2016-05-16; view: 2085; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию