Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Социологияның ғылым ретінде пайда болуы. О.Конт, Г.Спенсер - социологияның негізін салушылар





Социологияның алғаш негізін қалаушы француз ойшылы Огюст Конт (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары "Позитивті философияның курсы" деп аталатын алты томдық еңбегі жарық көрді. Осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Осы еңбегінен үшінші томында алғаш рет Кант "социология" деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын қойды. Ол социология фактыға негізделуі керек және ол әлеуметтік құбылыстарды жаратылыс ғылымындай тәжірибелік және аналитикалық зерттеу қажет деген.

О.Конт социологияның қажеттілігін қалай негіздейді? Бұл мәелені Конт философия саласындағы өзінің адам ақылы дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық және позитивтік (ғылыми) сатылар.

Бірінші, теологиялық сатыда адам құбылыстарды діни негізде түсіндіреді. Ал екінші, метафизикалық сатыда діни негіздерден бас тартады да, құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға негізделеді. Позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылады деп көрсетеді. Содан кейін, ойлаудың қорытындысы ретінде биология пайда болды дейді Конт. Ал, социологияны позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, социология биологиядан кейін, пайда болды. Конт өзінің қоғам дамуы жөніндегі көзқарастарын жүйелей келіп социологияны екі маңызды тарауға бөлді: әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика. Әлеуметтік статика қоғам құрылымының жұмыс істеу заңдарын қарастырады. Бұл бөлімінде негізінен әлеуметтік институттардың, әсіресе: жанұя, мемлекет, дін сияқты институттардың қоғамдық қызметі және қоғамдық бірлікті қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Ал әлеуметтік динамика әлеуметтік жүйенің өзгеру және даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, мұнда Конт қоғамдық прогресс теориясын дамытады. О.Конт қоғамдық прогрестің шешуші факторы ретінде адамның рухани дамуын, ақылының дамуын көрсетеді. Қоғамдық прогреске жетуде материалдық (өмірдің сыртқы жағдайын жақсарту), физикалық (адам табиғатын дамыту), интеллектуалдық (ақыл-ой, діни және метафизикалық дүниетанымнан позитивизмге көшу) және моральдық (адамгершілік пен ұжымдық сезімдердің артуы) алғышарттар ең маңызды болып есептелінеді. Конт қоғамды тірі организммен салыстыра отырып, оны әртүрлі органдар құрастырады және олардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады деп көрсетеді. Демек, бір органның қызметін бүкіл организм жүйесінен бөліп алып қарауға болмайтыны сияқты, қоғамдық жүйеде де оның бір құрылымдық элементінің қызметін қоғамдық бүтіннен тыс қарастыруға болмайтындығын айтады.

Конттың қоғам дамуын үйлестіру және оның тұрақтылы проблемалары жөніндегі көзқарастары да аса құнды. Қоғамдағы үйлесім "әлеуметтік жүйенің" тұтастығы мен бөлімдерінің арасындағы үйлесім болып саналады, сонымен қатар оған қоғам өмірінің барлық жақтарының келісімді өзара әрекеті - саяси, экономикалық, рухани, биологиялық т.б. жатады. Оның пікірі бойынша әлеуметтік үйлесімге ғылымның көмегімен жетуге болады.

Социология ғылымының негізін салып, оны дамытудағы Конттың рөлін анықтайтын болсақ, біріншіден, ол алғаш рет қоғамтануда ғылыми тәсілді қолданды. Социологияны әртүрлі эксперименттерге, бақылауларға негізделетін ерекше ғылым ретінде анықтады. Үшіншіден, социология ғылымында эмпирикалық зерттеулерді жүргізу мәселесін көтерді. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.

Англияда социология ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820-1903) есімімен байланысты. Жас кезінен ғылым жолында түскен (темір жол инженері) Г.Спенсер, Дарвинның эволюциялық теориясының ықпалымен, эволюция үрдісімен айналысады. Ол эволюция теориясын дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келді. Спенсердің социологиясының аса құнды жағы - "Әмбебап эволюция заңы". Ол қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат қоғамының тарихында да қолдануға болады деп мойындайды. Спенсердің пікірінше, биологиялық организм сияқты қоғам жай формадан күрделі формаға қарай дамиды. Осыған орай ол биологиялық организм мен әлеуметтік организм арасындағы бірнеше ұқсастықты анықтады. Ол ұқсастықтар мыналар: 1) қоғам биологиялық организм сияқты өзінің дамуы барысында көлемі жағынан өсіп ұлғаяды (мысалы, ұқсас мемлекеттердің ірі империяларға айналуы); 2) организм құрылымы биологиялық эволюция процесі барысында қалай күрделенетін болса, қоғамның да өсу деңгейіне сәйкес оның құрылымы күрделіленеді; 3) биологиялық іспетті әлеуметтік организм құрылымының жіктелуі функциялардың жіктелуімен қатар жүреді; 4) эволюция процесінде биологиялық және әлеуметтік организмдердің құрылымы мен функцияларындағы жіктеліс олардың өзара әрекетінің өсуімен қатар жүреді; 5) қоғам мен биологиялық организм ұқсастығын басқаша, өңін айналдырып қарасақ, онда әрбір организмнің өзі-қоғам, өйткені қоғамның өзі жеке адамдардан құралған. 6) организмдегі сияқты, қоғамның жекелеген құрамды бөлімдері өзінің өмір сүруін белгілі бір уақытқа дейін тоқтатпай жалғастыра береді. Спенсер осындай салыстырмалы ұқсастықтарды көрсетумен қатар қоғам мен организм арасындағы мәнді өзгешіліктерді де баяндады.

Адам дамуындағы бастапқы шарт болып есептелетін физикалық, эмоциялық және интеллектуалдық қасиеттерді неғұрлым төмен болған сайын, соғұрлым олар қауымдастыққа бірігуге мәжбүр бола береді деп есептейді.

Спенсер еңбектерінің қоғамды зерттеуде жемісті нәтижелері мол. Оның бірі - әлеуметтік институттардың 6 түрін көрсетуі (үкімет, кәсіби, саясат, дін, білім, отбасы). Сонымен бірге Спенсер социологиядағы құрылымдық - функциялық тәсілдің негізін салды. Ол қоғамды ерекше дискретті организм ретінде қарастырады (дискретті - лат. discretus) деген сөзінен шыққан "жеке бөліктерден құралған" деген мағынаны береді.

Қорыта келгенде, Спенсер социологиялық теорияның дамуына едәуір үлес қосты деп айтуға болады.

Date: 2016-05-16; view: 2472; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию