Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Социологияның қоғамдық ғылымдарға қатысы, оның атқаратын қызметі





 

Социология ғылымының қоғамдық ғылымдардың арасында алатын өзіндік орны, атқаратын рөлі бар. Бұл жағдай оның ғылым ретіндегі ерекшелігімен байланысты.

Социология өз алдына жеке - дара дамымайды, ол қоғамдық ғылымдармен үздіксіз тығыз байланыста дамып отырады.

Әлеуметтік философия мен социологияның объектісін зерттеуде ұқсастық бар. Ал, пәні жағынан екеуі де қоғамдық өмірді зерттейді. Бірақ әлеуметтік философия қоғамды бүкіл дүниеғаламының ерекше, құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны жалпы философиялық ұғымдардың, категориялар мен заңдардың көмегімен түсіндіреді. Ал социология ол проблемаларды әлеуметтік заңдар мен категориялар арқылы зерттейді. Өйткені, социология қоғамдық өмірге нақтылы талдау жасағанда, әлеуметтік философияның қағидалары мен қорытындыларын анықтау, нақтылау арқылы өзінің өмір шындығымен, практикамен байланысын кеңейтіп, тереңдете түседі.

Социология мен тарих өзара бір-біріне әсерін тигізеді. Социологиялық қорытындылар тарихи тәжірибеге, фактілерге сүйенеді, сөйтіп оның табыстарына себепші болады, өмірдің алшақтауына, шамадан тыс абстракциялық жалпылауларға жол бермейді. Социологиялық зерттеулер тарихшыларға тарихи процестерді терең талдауға көмектеседі.

Социология мен саясаттану тығыз байланысты. Өйткені, әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар саясаттың субъектісі және объектісі болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге тікелей әсер ететіндер - жеке адамдар және олардың бірлестіктерінің саяси қызметі. Социология әлеуметтік болмысты, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді, ал саясаттану қоғамның саяси болмысын, саяси өмірін зерттейді. Өздерінің пәні мен тәсіліне сәйкес бұлардың әрқайсысы біртұтас қоғамдық құбылыстарды өз тұрғысынан ерекше зерттейді. Политологиялық зерттеулер теориялық және эмпириктік материалдарды жинауды қамтамасыз ете отырып, кең көлемді социологиялық қорытындыларға жол ашады.

Экономикалық және басқа қоғамдық ғылымдар да қоғамның жеке салаларын, бөліктерін зерттейді. Бұлардың социологиядан айырмасы осында. Ал, социология қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе деп қарайтыны белгілі. Экономикалық ғылым материалдық өндірісті, экономикалық қатынастарды зерттейді. Ал, бұлардың өзгерісі әлеуметтік процестерге әсер етеді. Сондықтан социология экономикалық теорияға сүйенеді. Социология экономикалық процестердің өзі керісінше, әлеуметтік жағдайлар мен факторлардың әсерінен, олардың өндірісте өнімді бөлісуде, айырбас пен тұтынуда пайдалануынан тәуелді екенін өмірдің өзі дәлелдеуде.

Социологияның дербес ғылым есебінде дамуы статистика, демография, психология басқа да пәндердің қоғамды және адамды зерттейтін жетістігіне сүйенеді. Өз теориясын қоғамдық өмірдің тәжірибесін зерттеу тәсілі, оларды қорыту арқылы дамытады.

Социология ғылым ретінде қоғамда белгілі қызметтер атқарады. Оларды екі топқа бөлуге болады: теориялық - танымдық және басқару - басқарушылық. Жалпы алғанда оның мынандай қызмет түрлері бар: теориялық - зерттеушілер, қолданбалы, ізгілік, болжамдық, идеологиялық, дүниетанымдық т.б. Теориялық, зерттеу қызметі зерттелген проблема туралы түрлі ұсыныстар дайындау, оларды ғылыми зерттеу ретінде әртүрлі формаларда жариялау арқылы іске асырады. Ол зерттеудің бағдарламасы болады, оның құрылымы, мақсаты және міндеті ажыратылады. Сонымен бірге зерттеудің тәсілдері де көрсетіледі.

Социологияның танымдық қызметі әлеуметтік дамудың заңдылықтарын және әлеуметтік құбылыстар мен процестерді өзгерту бағытында болды, зерттеу де соған бағытталады.

Социология әлеуметтік өмірді және оның әр саладағы көріністерін зерттеп қана қоймайды, гуманизм, жалпы адамзат прогресі тұрғысынан белгілі бір баға береді. Теорияны дамыту адамдардың еркін және жан-жақты жетілуіне не сәйкес әлеуметтік өмірді өзгертудің алғы шарты. Осы тұрғыдан алғанда, социология саясат пен практикалық теориялық негіздерінің бірі болып табылады.

Социология шеңберінде іргелі теориялық зерттеулермен қатар эмпирикалық (тәжірибелік) зерттеулердің жүргізілуі әртүрлі әлеуметтік процестердің тиімділігін арттыруға байланысты ұсыныстарды дайындау дәрежесімен анықталады.

Қоғамның әлеуметтік дамуының заңдылықтарын және болашағын анықтауда социология теориясына аса зор маңыз беріледі. Дүниені әлеуметтік өзгертудің нақтылы жолдары мен әдістері көрсетіледі.

Әлеуметтік теориямен тікелей байланысты дамыған қолданбалы зерттеу әлеуметтік дамудың заңдылықтарын тануға тікелей қатынасады. Қолданбалы әлеуметтік зерттеу танымдық қызметті атқарады, теория мен жаңа бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Танымдық қызметінің жалғасы болжамдық көрінеді. Зерттеуші проблеманы зерттей отырып, оны шешудің тиімді жолын алуға, болашағын және түпкілікті нәтижесін көрсетуге ұмтылады.

Социология қолданбалы қызметті басқару және басқарушылық қатынастарды жетілдірумен байланысты. Аталған барлық қызметтердің іске асуы қоғамдық заңдылықтар мен әлеуметтік жағдайлардың сипатына байланысты. Социологиялық зерттеулерде объективті - ғылыми тұрғыдан түсіндіру мен идеологиялық мүдделердің ара салмағын анықтауда сынаржақ пен бұрмалаушылық жасауға болмайды.

90-жылдардың басында күрделі қоғамдық проблемаларды шешуде социологияның алатын рөлін арттыруға күрт көңіл бөлінеді. Жоғары оқу орындарында социология пәні оқытыла бастады, бірталай социологиялық зерттеулер жарық көрді, әсіресе қоғамдық пікірді анықтаудағы мағлұматтар радио, теледидар, ақпарат құралдары арқылы кең жариялана бастады. Қазіргі дүниежүзілік тарихи даму барысында социологияның рөлі мен маңызы барған сайын күшейе түсуде. Бұған бірталай жағдайлар өз әсерін тигізуде.

Көптеген елдерде маңызды әлеуметтік-саяси өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістер ағынынан Қазақстан Республикасы да сырт қалып отырған жоқ. Елімізде өмірдің барлық жақтарын терең реформалау жүріп жатыр. Қоғамның біртұтас организм ретінде байланысының механизмін тыңғылықты зерттеудің теориялық, саяси және практикалық маңызы зор. Мұның барлығы ең алдымен социологиялық зерттеулерге байланысты екені белгілі. Егер де жүргізіліп жатқан реформалық өзгерістер ғылыми тұрғыда терең негізделсе, оны іске асыру жолдары жан-жақты жоспарланған болса, онда реформаның нәтижелері халық көңілінен шыққан болар еді.

Қоғам өмірін тығырықтан шығарып, қайта құру мәселелері социология ғылымына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Сондай күрделі де маңызды міндеттердің бірі - азаматтық қоғам қалыптастыру. Мұнсыз экономиканы терең дағдарыстан құтқарып, оны сенімді түрде ілгері дамыту, азаматтық қоғам қалыптастыру мүмкін емес. Мұның бәрі жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қоғамдағы әлеуметтік орны мен рөлін, жеке адам мен қоғамның қарым-қатынасы проблемаларын т.б. жан-жақты зерттеуді бірінші қатардағы міндет етіп қойып отыр. Ал, бұлар социологияның ең басты зерттеу пәні болып табылады.

Сонымен қорыта айтқанда, қоғамдық өмірдің өзі әсіресе оның дағдарысқа ұшырап, қайта құруды талап еткен кездері, cоциологияның алдына жаңа әлеуметтік проблемалар мен міндеттер қояды, ескі проблемаларды жаңаша шешуді ұсынады.

 

Date: 2016-05-16; view: 1319; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию