Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сур. 5.Омыртқалық қозғалтқыш сегмент кеуде деңгейінде

Азақстан- Ресей Медициналық Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Дорсопатиялар

Орындаған: Есболған Ж.

Тобы: 504 "Б"

Факультет: Жалпы медицина

Тексерген: Сахова Л.

Алматы 2016жыл.

Дорсопатиялар

Дорсопатиялар(лат.dorsum- арқа) - бұл омыртқа және омыртқааралық тіндердің дегенеративті - дистрофиялық ауруларының тобы. Олардың негізі ретінде кіретін омыртқа және тіндердің қоректенуінің бұзылысы (байламдар, омыртқааралық дискілер) және омытрқаға шектен тыс күштеменің түсуі("перегрузка" позвоночника). Бұл ауру көбінесе 35-40 жас аралығындағы адамдарда жиі кездеседі.

Себептері:

- омыртқа бағанындағы қоршап жатқан тіндер мен омыртқалардың қандануы және қоректенуінің бұзылысы(байламдар, омыртқааралық дискілер)

Омыртқа бағанасына түсетін жоғары күштеме (" перегрузка" позвоночника): ауыр заттарды көтеру, ұзақ уақытқа сақталған қозғалысы аз және ыңғайсыз позалар.

- Омыртқа бағанының жарақаттары: арқаға тиген қатты соққылар, жоғары дан құлау(арқамен немесе аяқпен).

- Омыртқа остеохондрозы- омыртқааралық дискілердің дегенеративті өзгерістері нәтижесінде омыртқа денесінің (спондилез), омыртқааралық буындардың(спондилоартроз) және омыртқаның байламдық аппаратының деформациясына әкеледі.

- миофасциальді синдром.

Дорсопатия дамуына және пайда болуына әсер ететін факторлар:

- гиподинамия (қоғалыстың ең төменгі белсенділігі);

- тұлғаның бұзылысы (сколиоз, кифосколиоз)

- жиі қабынулық аурулар, семіру, асқазан-ішек жолдарының аурулары, біртекті немесе құндылығы төмен тағамдарды пайдалану.

- алкогольді тұтыну, темекі тарту, сонымен қатар қуырылған, тұздалған тағамдарға әуестік.

- денсаулыққа жағымсыз әсер ететін температурасы төмен әрі ылғалдылығы жоғары ауа бар жерлерде үнемі жмыс жасау.

- вибрация;

- тұқымқуалаушылық

Көбінесе бел-сегізкөз аймағандағы зақымданулар бірінші орында (60-80 %), ал мойын аймағындағы зақымданулар(10%) екінші орында.

Түрлері:

Процесстің локализациясына байланысты дорсопатияның келесі түрлерін ажыратады:

- омыртқаның мойын бөлігіндегі дорсопатиясы

- омыртқаның кеуде бөлігіндегі дорсопатиясы

- омыртқаның бел- сегізкөз бөлігіндегі дорсопатиясы

· Патологиялық процестің дамыған тін түріне байланысты дорсопатияның келесі түрлерін ажыратады:

o - деформирленген дорсопатиялар — негізгі өзгерістер омыртқааралық дискімен байланысты, олар өз кезегінде омыртқа арасында қозғалысты қамтамасыз ететін амортизатор болып табылады.

o - спондилопатиялар — негізгі өзгерістер көбінесе омыртқа сүйегінде болады (омыртқаның үгітілуі, омыртқа шетіндегі сүйектік өсінділер)

o - басқа да дорсопатиялар - омыртқааралық дискилерді, сондай-ақ омыртқааралық жұлын сұйықтығын үдемелі түрде зақымдайды және қатты ауырсыну синдромымен (дорсальгия) көрініс береді.

- Дорсопатиялардың МКБ-10 бойынша жіктелуі:

Деформирленген дорсопатиялар (М40–М43):

· М40 Кифоз и лордоз (остеохондроз жоқ)

· М41 Сколиоз

· М41.1 Жасөспірімдік идиопатиялық сколиоз

· М41.4 Жүйке-бұлшықеттік сколиоз (полиомиелит және басқа да жүйке жүйесінің аурулары әсерінен)

· М42 Омыртқа остеохондрозы

· М42.0 Жасөспірімдік омыртқа остеохондрозы (Шейерман ауруы)

· М42.1 Ересектердегі омыртқа остеохондрозы

· М43 Басқа да деформирленген дорсопатиялар.

· М43.1 Спондилолистез

· М43.4 Атлантты-аксиальді буын таюлары

Сур. 1. Омыртқааралық диск құрылымы (Х. Люшк бойынша, 1858).

Сур. 2. Мойын омыртқааралық дискілерінің ауыр дегенерациясы. (Х. Люшк бойынша, 1858).

Сур. 3. Омыртқааралық дискілердің остеохондрозы МРТ (дегенеративті өзгерістер белгіленген).

Сур. 4. Идиопатиялық сколиоз.

Сур. 5.Омыртқалық қозғалтқыш сегмент кеуде деңгейінде.

Сур. 6. Мойындық дорсопатия.

Сур. 7. Рентгендік компьютерлі томограмма (КТ) бел дорсопатиясында.

Сур. 8.

 

Басқа дорсопатиялар (М50–М54)

· М50 Мойын бөлімі омыртқааралық дискілерінің дегенерациясы

· М50.0Мойын бөлімі омыртқааралық дискілерінің дегенерациясы миелопатиямен

· М50.1 Мойын бөлімі омыртқааралық дискілерінің дегенерациясы радикулопатиямен

· М50.3 Мойын бөлімі омыртқааралық дискілерініңбасқа да дегенерациясы (миелопатиясыз және радикулопатиясыз)

· М51 Басқа бөлімдердің омыртқааралық дискілерінің дегенерациясы

· М51.0 Бел бөлімі омыртқааралық дискілерінің дегенерациясы миелопатиямен

· М51.1Бел бөлімі омыртқааралық дискілерінің дегенерациясы радикулопатиямен

· М51.2 Омыртқааралық дискілердің люмбаго әсерінен қозғалып кетуі

· М51.3 Омыртқааралық дискілердің басқалай дегенерациясы

· М51.4 Шморля өрімдері

Сур. 10. Жұлындық өзек каналының топографиясы және омыртқааралық дискінің протрузиясы.

Сур. 11. Омыртқааралық дискілердің қозғалу варианттары.

Рис. 13. Шморль қалтасындағы МРТ.

Сур. 14. Мойындағы симпатикалық жүйкелер.

Симптомдары:

- Арқадағы ауыру сезімі (омыртқадағы), жиі түйіліп, шаншып сирек жағдайда оқ тиген сияқты ауырсыну сезімі. Омырқаның кез келген бөлігінде туындауы мүмкін (мойында, бел аймағында болмаса кеуде аймағында).

- Күштеме түскенде ауырсыну жиілігі жоғарылайды (ауыр зат көтергенде), ал жатқанда науқас өзін біршама жақсы сезінеді (яғни сол кезде "разгрузка" позвоночника болады).

- Арқадағы кез келген бұлшықеттің күштеме түсу сезімі " напряженный валик" (миотоникалық синдром): пальпация кезінде сол бұлшықеттің ауыруы жедел түрде жоғарылайды, кейде науқастың сол кезде айқайлап жіберуі де мүмкін.

- Омыртқаның зақымданған бөлігінің қозғалысының шектелуі: омыртқаның қозғалысы немесе оған күштеме түскен кездегі оны қоршаған бұлшықеттердегі қатты ауырсыну сезімінен пайда болады.

-Аяқ - қол терісінің жансыздануы (покалывание): қолда, мыс: иықтан білезікке дейін; ал аяқта шап аймағынан тізеге дейін. Сонымен қатар аяқ-қолдың сынғандай, шаншып ауыруы.

- Аяқ - қол бұлшықеттерінің әлсіздігі: жиі жағдайда белгілі бір бұлшықет топтары (мысалы: қолдың бүккіштері немесе қол саусақтарының жазғыштары, аяқтың үлкен саусақтары).

- Қол, аяқ бұлшықеттерінің күшінің болмауы (амиотрофия), білезік, табан аймағындағы терінің құрғауы.

Дорсопатия кезіндегі аяқ- қол ауырсынуы, мойын, арка, бел ауырсынулары - ішкі ағза ауруларына тән емес.

- Дорсопатия кезіндегі ауырсыну себебі: омыртқаның дистрофиялық патологиясы, сондай-ақ бұл жұмсақ тіндерінің бұзылысы болып табылады.

- Бел аймағындағы қатты ауырсыну, омыртқа қозғалысының шектелуі. Дорсопатияға ауру ағымының баяу және ұзақ үдемелі ауырсынуы тән.

Дорсопатияның пайда болу механизміне байланысты ауырсынудың келесі түрлерін ажыратамыз:

- локальді ауырсыну- әдетте үнемі болып тұратын, омыртқаның зақымдалған аймағына қарай локализацияланатын, дененің қозғалысына байланысты озгереді.

- проекциялық ауырсыну - локальді типке ұқсас, бірақ зақымдалған нерв арқылы таралады.

- невропатиялық ауырсыну- "атқылыма ауырсыну" мұндай ауырсыну тұйықталған, қақсап ауыратын, бірақ қозғалыс, жөтел, түшкіру кезінде одан ары үдеп күшейе түседі. сезімталдық, гипотрофия, гипотония,

Дорсопатияның клиникалық көрінісі

- рефлекторлық синдром (90 % жағдайда)

- компрессионды синдром (5-10 % жағдайда)

Дистопатия кезіндегі рефлекторлық синдром (бұлшықет-тоникалық, нейроқантамырлық және нейродистрофиялық) арқа бұлшықеттерінің қандай да бір патологиялық факторлар әсерінен ауырсыну рецепторларының тітіркенуінен пайда болады (қабыну болмаса тітіркену) және де бұлшықеттің рефлекторлы спазмымен көрініс береді. Бірақ та бұлшықеттік спазм қосымша ауыру импульсінің себебі болып табылады, нәтижесінде мынадай аймақ пайда болады " ауыру- бұлшықеттік спазм- ауыру".

Компрессионды синдром сүйектік өсінділердің немесе жұлынның немесе қандай да бір қантамырларының басқа патологиялық құрылымы механикалық түрде әсер еткеніне негізделеді.

Комперссионды синдромдары:

-радикулопатиялар.

-миелопатиялар.(көбінесе мойын, сирек жағдайда бел-сегізкөз аймағында)

- нейроқантамырлық.

Диагностикасы:

· Шағымы мен ауру анамнезі:

- арқадағы ауырсынудың пайда болу ұзақтығы, олардың мазалау жиілігі, омыртқа бағанының бөлігіндегі қозғалыс шектелуі, аяқ- қол саусақтарының жансыздануы және т.с.с.

- науқастың жұмысы немесе әлеуметтік жағдайы ауыр зат көтерумен немесе ұзақ уакыт сақталған ыңғайсыз позада тұрумен байланысты жағдайлар.

- ертеректе болған арқаның жарақаты.

· Неврологиялық қарау: неврологиялық бұзылыс белгілерін анықтау (аяқтың немесе қол терісінің сезімталдығының бұзылысы, омыртқа бағанасының қисаюы, арқа мен мойын аймағындағы бұлшықеттерін ұстау барысында ауырсынулар)

· Омыртқа бағанасының рентгенографиясы: бұл әдіс көмегімен омыртқааралық дискілердің өзгерістері мен бұзылысын, оларды бірнеше жағдайда қарап бақылауға, бағалауға көмектеседі..

· КТ (компьютерлік томография) және МРТ (магнитті -резонансті томография) омыртқа бағанасын және мойын, кеуде,бел бөліміндегі омыртқалардағы тіндерді ондағы өзгерістерді, (послойно) зерттеуге, (омыртқааралық дискілерді, байламдар), омыртқааралық дискілердің көлемін, бұзылыстарын, алталар пайда болған жағдайда олардың көлемін анықтауда маңызы біршама зор.

· Нейрохирург, ортопед консультациясы қажет болуы мүмкін.

Дорсопатия емі:

· Омыртқа бағанасына түсетін күштемені азайту (өте ауыр заттарды көтермеу).

· Омыртқа бағанасына түсетін күштемені дұрыс реттеу: мысалы, сөмкені бір қолдап емес екі қолдап көтеру ол омыртқа және оны қоршаған тіндерді біркелкі етеді.

· Мойын және мойын - йық аймақтарының массажы.

· Емдік физкультура: омыртқа бұлшықеттерін бекітетін жаттығулар кешені.

· Жүзу

· Иглорефлексотерапия: зақымдалған тіндерді қалпына келтіруге бағытталған жергілікті инемен әсер ету.

· Жансыздандыратын дәрілік заттар (анальгетиктер).

· Арқаның бұлшықеттеріне түсетін күшті азайтатын дәрілік заттар (миорелаксанттар).

· Егер де жұлында қалталар пайда болса онда – хирургиялық ем. (Омыртқааралық дискіні алып тастау, омыртқаның зақымданған бөлігінің фиксациясы)

· Дорсопатияны Нанопласт жапсырмасымен емдеу (ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы әсері бар)


 

Асқынуы:

· Арқадағы ем қонбайтын созылмалы ауырсынулар.

· Сал болып қалуы.

· Милық қанайналым бұзылысы (омыртқалық артерияның қысылуы).

Профилактикасы:

· Омыртқа бағанасына күш түсетіндей ауыр заттарды көтермеу(“ размять” позвоночник)

· Белсенді демалыс (жүзу, турникке асылып тұру).

· Гимнастика, таңғы жаттығу: омыртқа бағанасына әсер ететіндей күнделікті қиын емес бірнеше жаттығу түрлерін орындау.

 


<== предыдущая | следующая ==>
Требования к волонтерам | Режимы работы с компьютером

Date: 2016-05-16; view: 1442; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию