Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лекция №7. Фреймдармен жұмыс. Тік және көлденең фреймдар, HTML құжатындағы мультимедиалық объекттер





Фреймдер

Арнайы тегтер көмегімен экранды көлденеңінен де, тігінен де бірнеше бөліктерге бөлуге болады. Бұндай бөліктер фреймдер деп аталады. әрбір фреймге басқа фреймдерден тәуелсіз жеке (бөлек) URL-адрестер жазып, жеке айналдыру сызықтарын алуға болады. Фреймдерді құрудың екі тәсілі бар- олардың екеуі де <frameset>…</frameset> тегтерін қолданады, бірақ оларды не <body> тегінің орнына, не <body> тегі бар кезінде <head> тегтерінің арасына орнату керек.

<frameset> тегінің негізгі атрибуттары: rows= және cols=. олар жеке фреймдегі көлденең қатар (rows) мен тік бағандардың (cols) өлшемдерін білдіреді. Пикселмен немесе процентпен өлшенеді. Мысалы 40% / 60% пропорциямен екі фреймге тігінен бөлу былай жүргізіледі: <frameset cols= “40%, 60%”>

Үш фреймге бөлу: <frameset cols= “26%,34%,*”> мұндағы *-үшінші тік фреймнің экранның қалған бөлігін алатынын, яғни 40% білдіреді.

Экранды бөлу пропорциясын көрсеткеннен кейін, әрбір фреймге жүктелетін құжаттардың URL –адресін беру қажет. Мысалы,

<frameset cols= “40%, 60%”>

<frame src= “Dame.jpg”>

<frame src= “http://duesseldorf.ru”>

</frameset>

Бұл жағдайда сол жақтағы фреймге компьютердегі Dame.jpg файлы, ал оң жақтағы фреймге интернеттегі сайт жүктеледі. Фреймнің ішіне фреймді, яғни экранды бір уақытта көлденеңінен де, тігінен де бөлуге болады. Мысалы:

<frameset cols= “60%, 40%”>

<frameset rows= “35%, 25%, *”>

<frame src= “http://www.azon.ru/context/detail/id/1454360/”>

<frame src= “http://www.zevel.ru/”>

<frame src= “http://dvor.de”>

</frameset>

<frameset rows= “35%, 65%”>

<frame src= “http://www.litera.usluga.info/public.php”>

<frame src= “http://www.suche.ru/ru/catalog/31/60/index.php”>

</frameset>

</frameset>

<frameset border= “”> атрибуты көмегімен фреймдерді бөліп тұратын жолақтың енін өзгертуге болады және <frameset bordercolor= “#”> атрибуты арқылы оның түсін береді.

Ені 20 пиксел болатын жасыл түсті жолақты құру мысалы:

<frameset border= “20” bordercolor= “#00FF00”>

Сонымен бірге әрбір фреймге ат беруге болады:

<frame src= “index.htm” name= “main”>

<frame src= “http://www.osan-koeln.net” name= “slave”>

Фреймдерге ат қою бір фреймдегі құжатты екіншісіне жүктеуге, фреймдер арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Бұл былай жазылады:

<a href= “http://www.kolesnik.ru/2005/blog/” target= “slave”> what is it “blog”? </a> түріндегі жазуды main аты бар бірінші фреймге жүктелетін index.htm құжатына жазайық. target= “slave” нұсқауы гиперсілтеме бойынша тышқанмен түрткенде оның екінші фреймге жүктелуін қамтамасыз етеді. Фреймдерді құру кезінде басқа да атрибуттарды пайдалануға болады. Сол және оң бағандардың шамаларын реттеу <frame marginwidth= “ ”>, жоғарғы және төменгі қатарлардың шамаларын реттеу <frame marginheight= “ ”> атрибуттары арқылы жүргізіледі.

<frameset cols= “40%,*”>

<frame src= “porzellan.jpg”><frame marginwidth= “150” marginheight= “300” src=“http://newskijprospekt.de” name= “prauij”></frameset>

 

 

Date: 2016-05-15; view: 1154; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию