Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тұнбаға түсіре титрлеу





Тұнбаға түсіре титрлеу тұнбаға түсетін аз еритін заттар түзетін реакцияға негізделген. Реакцияның аяқталған кезі эквиваленттік нүктеде жұмыс ерітіндісімен әрекеттесіп белгілі бір сипаттағы белгі беретін индикатормен көп жағдайда анықталады. Тұнбаға түсіргішті тұндырғыш тұнба түзілу тоқтағанша қосады немесе оны артық мөлшерде қосып тұнбаға түсіргіштің артық мөлшерін содан соң титрлеумен анықтайды. Жұмыс ерітіндісі ретінде көп жағдайда күміс нитраты ерітіндісі қолданылады және әдіс аргентометриялық деп аталады. Аргенометрия негізіне галоген иондарын өздерінің тұзында анықтау жатады [33,35,29].

Индикатор ретінде натрий хроматы (K2CrO4) (Мора әдісі) қолданылады. Индикатор реакция аяқталған кезде күміс ионымен боялған тұнба Ag2CrO4 түседі

Ag+ + Г- = AgГ

2Ag+ + K2CrO4= Ag2CrO4 + 2K+

Бұл әдіс тек бейтарап немесе әлсіз негіз (рН 7-10) ортада қолданылады. Қышқыл және негіз ортада Ag2CrO4 ыдырап H2CrO4 және Ag2O түзеді. ыдырайды. Әдісті қолдануға ерітіндіде басқа катиондардың Ba2+, Pb2+ және т.б. болуы кедергі келтіреді.

Фольгард әдісінде зерттелінетін ерітіндіге күміс нитратының артық мөлшерін қосады және оның қалғанын квасц железоаммониді NH4Fe(SO4)2 индикаторы қатысында аммония роданидімен титрлейді. Эквиваленттік нүктеде Fe(CNS)3 түзуіне себеп болатын алқызыл түске боялады.

Аталған әдіс бойынша галогендерді анықтау келесі реакциялармен жүзеге асады:

Ag+(артық мөлшерде) + Г- = AgГ+ Ag+(қалдық)

Ag+(қалдық) + CNS- = AgCNS

Fe2(SO4)3 + 6NH4CNS=2Fe(CNS)3+3(NH4)2SO4

Аргенометрияда 0,1 - 0,05н күміс нитратының ерітіндісі мен аммония роданиді ерітіндісі қолданылады. Мэкв олардың молярлық массасына тең. AgNO3 және NH4CNS ерітіндісі жуықтатылып дайындалады. Күміс нитратының дұрыс концентрациясы (титр) натрия хлоридінің химиялық тазалығы бойынша белгіленеді. AgNO3 өз кезегінде бастапқы ерітінді болып саналады және аммония роданиді титрін анықтау үшін қолданылады. Индикатор K2CrO4 10% ерітінді түрінде дайындалады және жұмыста 1-2 тамшы мөлшерінде қолданылады. NH4Fe(SO4)2 азот қышқылымен қышқылданатын қанық сулы ерітінді күйінде дайындалады. Оны әрбір титрлеу кезінде 2-3 мл мөлшерінде қолданады.

Date: 2016-05-15; view: 1261; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию