Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ыздар оқыса не болады?

 

«Қыз баланы оқытқан дұрыс па, бұрыс па?» деген сауал көп қазақты мазалайтын болды. Расында да қыз баланың білім алып, қоғамдық жұмыстарға аралсып жүргені жақсы емес пе? Ертеректе қыз баланы оқытып, олардан ғалым шығаруға ешкім де талпынбайтын. Керісінше нәзік жанның кітап кеміріп, ер адаммен қатар отырып, ілім таластырғаны ерсі көрінетін. Көне заманның көзқарасы бойынша «қыз баласы күйеуін күтіп, бала-шағасын тәрбиелеп, от басы, ошақ қасын таза ұстап отыруға міндетті». ХХ ғасырдан бастап, қыз-келіншектер жаппай оқуға ұмтылып, әр түрлі мамандықтар меңгеріп, қоғамның барлық саласына араласатын мүмкіндікке қол жеткізді. Ә дегенде оқудың арқасында әйел заты үй ішіндегі күйбең тіршіліктен құтылып, әлемді жан-жақтан танып, мәдениетті жүріп-тұрумен жарқын өмірге жалғасқандай көрінді. Амал нешік уақыт деген керемет әр нәрсені өзінің орнына қоя бастады. Қыз баланы жаппай оқыту, әлем бойынша отбасы институтының құлдырып, құлауына әкеп соқты. Мейірімді ананың алақаны арқылы бала бойына сіңетін рухани тәрбиені қаладағы шүпірлеген бала-бақшалар ешқашан бере алмайды. Бере алмағаны сол, әке тәрбиесіне жарымаған, ананың мейірім сезімінен қанағат алмаған жүрегі қатты қатігез ұрпақ қалаларда қаптады. Келе-келе ауыл қазақтарының кеудесінде «қала қазағы тасжүректеу болады» деген көңілсіз пікір қалыптасты. Заман өзгерген сайын бұл өзгеріс ауылға да келіп жетті. Ауылдағы әйелдердің де жаппай жұмыс істеп, еріксіз саудаға тартылуынан тәрбие көрмеген әдепсіз ұл, қыздар ауылды да толтырды. Осы арада қыз баланы оқытуға деген құштарлық қайдан келіп шығады деген сұраққа талдау жасап көрелік. Әдетте, қыз баласы 11сыныпқа өткен соң-ақ оны міндетті түрде «дұрыс жерде оқыту керек» деген мәселе отбасында талқыға түседі. «Қызым оқымай құрбы-құрдастарынан қалып қойса көңіліне дық түсер» деген қорқыныш ата-ананың көңілін күпті қылады. Баласы тегін оқуға түсе алмаса амал жоқ, ата-ана мен табыс табуға қабілетті үйдің барлық мүшесі отбасы бюджетін қырнап, қыршып, қолда бар ірі-қара малдың бәрін сатып, қыздарын қалайда ақылы оқуға түсіреді. Кейбір кезде ұл мен қыз мектепті бірге бітіріп қалса онда міндетті түрде «қатарынан қалмау керек» деген принциппен қыз баласы оқуға түседі де, ер бала кезегін күтіп ауылда қалады. Не болмаса әскерге кетіп, әке-шешесі «есін жиғанша» екі жыл уақытты сол жақта «өлтіре» тұруы тиіс. Осындай жарымжан көзқарас барлық семьяға жұққан кезде үлкен оқуға негізінен қыз балалар топырлап түсе бастайды. Қазір кез келген университет пен институттың барлық факультетін қыздар «жаулап» алған. Кейбір мамандықтарға ат төбелеіндей аз еркек құжат тапсырмайды да. Кілең қыздар бір топты құрап, 4-5 жыл өз-өздерімен араласып, махаббат сезімінің не екенін білмеген күйі диплом алып, табылған жұмысқа жұтылып кете береді. Оқу орнындағы ұл мен қыз тепе-теңдігінің бұзылуы ер баланың табиғатты аз туылуынан емес. Демография бойынша ер бала мен қыз баланың саны тең. Білім алу кезегін әпкесіне не болмаса қарындасына беріп жіберген ер жігіттер ауылдың қараңғы көшесінде сенделіп жүріп, мәдениетсіз жабайы тұрмысқа әбден бейімделіп қалады. Ауылда жұмыс жоқ болғандықтан мал таппай ата-ананың зейнетақысына қарап аузын ашып жата беру олар үшін ұят нәрсе боп саналмайды. Ата-анасы «балам сен неге мал таппайсың?» деп баласын қыспаққа ала алмайды. Үйдің болашақ тірегі болатын ер баланы оқытпай алып қалған өздері. Терең білім алып, мамандық игермеген ер бала ешқашан жарытып мал таппайды. Соның кесірінен қазір қазақ ауылдарында жастары 30 дан асып кетсе де мақсатсыз, армансыз, қарсақ құсап түнімен жортып жүре беретін дөрекі мінез бойдақ жігіттерде есеп жоқ. «Бұл жастар не себепті үйленбей сабылып жүр?» деген келесі сұрақ туындайды. Себебі, қала көріп, оқу оқып, думанды өмір мен ешкімге тәуелсіз хәлде жүріп-тұрудың дәмін татқан білімді қыздар ауылдың жартылай жабайы, мал табуға мүлде қабілетсіз, сөйлесу мәдениетін меңгермеген, ақыл, ой-санасы мектеп деңгейінде қалып қойған инфантиль жігітке өлсе де тұрмысқа шықпайды. Ел болған соң әрине ішін-ара жоғары білімді қыздың ауыл жігітіне тұрмысқа шығып, тату-тәтті жарасып кететін кездері болады. Бірақ мұндай бақытты некелер өте-мөте сирек. Сондықтан ондай некен-саяқ кездесетін бақытты некелер қоғамға әсер етіп, шиленіскен мәселені реттей алмайды.

Оқу оқымаса да қалаға келіп, әр түрлі кәсіптерді үйреніп, өмір сүруге бейімделген азаматтар да баршылық. Дипломы бар жас қыздар ондай жігіттерге де онша үйір болмайды. Бірақ жасы өтіп, әкесінің оң жағында мәңгі бақи отырып қалудан қорыққан кейбір ақылды қыздар амалсыз тәуекел етіп, дипломсыз жігітке тұрмысқа шығады. Осы арада келіншектің ішінде кішкентай болсын «қыжыл» өмір бақи қалып қояды. Ол «қыжыл» ерінің жетілмей қалған ішкі мәдениеті мен сөйлеу мәнері. Көп жағдайда қара жұмыспен мал табатын қарабайыр жігіттерге қалай болса, солай боқтап сөйлеу тән. Әрі олардың араласатын жора-жолдастары «әйелді қорқытып, күшпен ұстау керек» дейтін ортағасырлық жабайы көзқараспен өмір сүреді. Әрине мұндай жабайы көзқарас орта көрген, мәдениет көрген қыз баланың көңіліне кетпес жара салып, жүйкесін жаралайды. Бағы ашылмаған сормаңдай қазақ келіншегінің дені дұрыс оқу оқып, рухани тәрбие алмаған дөрекі мінез ерінің арсын-күрсін жүрісі мен зіркілдеген зілді дауысына өмір бақи шыдаммен қарап, төзгеннен басқа амалы қалмайды. Көп жағдайда тәрбиесіз ерінің қатігез тепкісі мен боқтық сөгісіне төзе алмаған білімді қыздар дипломына арқа сүйеп, ажырасуға бел байлайды. Шынымен де ондайлар жұмыс тауып, екі баласын әжептеуір асырап, тәуелсіз тыныш өмір сүріп кете алады. Бірақ бұл қуаныш уақытша ғана. Жалғыз басты ана екі баланы асырау үшін кей кездері 2-3 жерде жұмыс істеп шапқылайды.Ал оның әкесі жоқ екі баласы жұмысбасты ананың мейірім сезіміне жарымай тәулік бойы теледидардар мен DVD-дің тәрбиесімен ер жетеді. Яғни қоғамға тағы да тәрбие көрмеген, ойсыз, мейірімсіз, ата-ана қадірін білмейтін, табанды оқуға бейімі жоқ, ынжық, еңбексіз табыс табуды армандайтын паразиттер қосылып бастайды. Осылайша отбасы берекесін кетірмей ұстап тұруға қабілетсіз, рухани мүгедек еркектердің шұбатылған шеруі жалғаса береді. Қазір көптеген ата-аналар: «Кезінде қызымды оқытып алғаным қандай жақсы болған. Жатыпішер күйеу баламыз қызымыздың мойнына біржола мініп алған соң ақыры қуып жібердім. Қазір рахат, қызымның бар тапқаны өзіне бұйырады» деп мақтанып отырады. Қазақ қоғамы «қыз баланы қалайда оқытқан дұрыс» деген сыңарезу біржақты көзқарастан арылмаса ұрпағы ұрыс-керіс, дау-жанжалдан өмір бақи көз ашпайтын болады. Проблема шешілу үшін сұрақ былайша қойылуы тиіс. «Ер баланы қайтіп тәрбиелейміз және оны қалай оқытамыз?». Ата-аналар отбасына Алла сыйлаған ер баласына жоғары білім беріп, керекті мамандықтың иесі етіп, рухани тәрбиелеп шыға алмаса ондай ата-ана басқа бір үйдің қызының бақытсыздығына себепкер. Өзіңіз ойлап қараңыз, жыл сайын институт пен университеттен диплом алып, жоғары біліммен мың-мыңдап қоғамға сіңіп жатқан қазақ қыздары қандай ер-азаматпен жұп құрып, шаңырақ көтере алады? Не болмаса мынадай сұрақ. Сіз ұл балаңызды оқытпай үйіңізде қара жұмысқа жегіп, мал бақтырып, егін еккізіп ақша таптырдыңыз. Оның табысымен қызыңыздың оқу шығынын жаптыңыз. Оқу бітірген соң қызыңыз дәл өзінің інісі секілді ауылда жұмыспен қалып қойған қарабайыр жігітке тұрмысқа шықпай оң жағыңызда отырып қалды. Ал ұлыңыз үйленетін қыз таппай жүр. Себебі ауылдағы жақсы қыздың бәрі қалаларда жарысып білім алып жатыр. Біздің сауатсыз, қала мәдениетін меңгермеген насыбайшы, боқтампаз, түнде жортып, күндіз өлік құсап түске шейін ұйықтайтын ініміз бен баламызға көзі ашық ақылды, мамандығы бар мәдениетті қазақ қызы өлсе де тұрмысқа шықпайды. Шыға қалса дипломсыз баланы қалаға сүйреп, сырттай болсын оқытып алудың шарасын жасайды. Мамандығының арқасында ақша табуға үйреніп алған келіннің сүйреуіне ілесе алмаса, амал жоқ ондай күйеу келген ізімен үйіне кері қайтады. Паразит күйеуді өмір бақи асырауға келіннің бәрі көне бермейді. Сонымен кесіп айтатын ақиқат мынау. «Қыз баланы оқытқан дұрыс емес не болмаса дұрыс» деп басталатын әңгіме дұрыс емес. Біз білуге тиісті шындық мынау. Ер баланы оқытпай ауылда алып қалу күнә не болмаса қылмыс. Ажырасу, әйелді сабау, жатапішерлікке бейімделу, бала-шағаны ойламай қаңғып жүре беру, карта ойнау, наша шегу, боқтап сөйлеу секілді толып жатқан әлеуметтік проблемалар ұл баланы әдепсіз өсіріп, мамандықсыз мал бақтырып, қала көрсетпей қауын еккізіп қойғаннан басталады. Сондықтан кез келген қазақ ата-анасы қызын емес ең бірінші ер баласын оқытып, күшті мамандық әперуге ұмтылғаннан басқа жолы жоқ. Қазақтың оқыған, мәдениетті, сауатты, кез келген кәсіппен мал табуға бейімді жігіттері көбеймейінше қазақ қыздарының бағы ашылып, бақытты болмайды. Енді әңгіме біршама түсінікті болса осы тақырыпты тағы да тереңірек талдайық. Кейбір діннен хабары бар кісілер: «Пайғамбардың өзі хадисінде ілім игеру мұсылманның еріне де әйеліне де парыз» деген деп қыз баланы оқытудың дұрыстығын дәлелдейді. Бұл көзқарас қате. Хазреті пайғамбар ілім ізде дегенде «қыз баласы ұшқыштың оқуын оқып, ғарыш кемесімен Марсқа ұшсын. Не болмаса әйел затының денсаулығына зиян тигізетін мамандықтарды ерлермен жағаласып меңгерсін» демеген. Пайғамбардың меңзегені рухани ілім. Мұсылманның ері де әйелі де ақжүректік ілімді оқып, жаттап, меңгеруге міндетті. Әйел баласы әдеп ғылымын бойына сіңіріп, арын сақтап, ибалы мінез құлық таппаса бақытын да таппайды. Жалпы әдеп ғылымы өз алдына бөлек оқытылатын күрделі оқу жүйесі. Бұрынғы өтке данышпандар айтады: «Оқу, білім мың саты. Оның тоғыз жүз тоқсан тоғызы әдеп ғылымынан тұрады. Бір сатысы ғана кәсіптік ілім». Бүкіл қасірет қыз балаға 999 сатыдан тұратын әдеп ғылымын үйретпей жалғыз сатыдан тұратын кәсіптік ілімді үйреткеннен басталады. (Кейбір кәрі әжесі бар үйлер мен педагог, қатал аналар ғана әдепке баса мән береді). Ерін күтіп, баланы мейіріммен бағып қағу, келген қонақты ашық қабақпен күтіп, таза дастарқанда тамақ беріп, ілтипатпен шығарып салу бақытты өмір сүрудің ең төте жолы. Бұл істерді орнымен істеп, отбасында ши шығармай ерінің келім-кетім туыстарын көркем мінез құлықпен ырза қылып отыратын әдеп ғылымын бірде бір зайырлы оқу орны бере алмайды. Бұл мәселе туралы орыс әулиесі Лев Толстойдың пікірін бере кетелік. «Әдетте әйел адам ер адам не істесе соның бәрін жасай алады. Әйел заты тамақ істейді, кір жуады, атқа шабады, керек десеңіз садақ тартып соғысқа да кіре береді. Есесіне ер адам әйел затының қолынан келетін ең маңызды шаруаны жасай алмайды. Ол-дүниеге бала әкеліп, бөпені мейіріммен тәрбиелеп өсіру. Ендеше солардың ғана қолынан келетін осы ең ұлы жұмыспен әйелдер өздері айналысса қоғам үшін өте пайдалы болар еді» Әулие Толстойдың осы пікірі талас тудырмайтын анық ақиқат. ХХІ ғасырда расында да ер адамның жасайтын жұмыстарын әйел баласы жасай беруге әбден үйреніп алды. Ғарышқа да ұшты, теңізге де түсті, тауды да бағындырды, билік пен бизнесте те жетістіктерге қол жеткізді. Қауіпті деп саналатын соғыс пен қорғаныс саласын да қару ұстап қызмет қылатын әйелдер жетіп артылады. Бірақ бәрібір ер адамдар дүниеге бала әкеліп, оны мейірім шапағатпен өсіре алмайды. Ер баланы қалайда болмасын тәрбиелеп, жоғары біліммен зиялы азамат етіп шығару отбасы институтындағы шиленіскен барлық түйінді шеше алады. Біріншіден: дипломы бар қыз бала оқуы жоқ жігітке тұрмысқа шыға алмай қиналады. Керісінше мектеп бітіріп, ауылында қалып қойған қыз балаға жоғары білімді жігіттер қуана-қуана үйлене береді. Көп жағдайда оқу бітірген ақылды жігіттер: «Маған оқу оқымаған қыз керек. Себебі қартайған анамды қолыма алуым керек. Жетілмеген іні, қарындастырым маған қарап отыр. Солардың жағдайын жасап, бала-шағамды күтіп, тәрбиелеп отыратын әдепті қыз керек. Ақша мәселесін өзім ақ қатырам» деп, жеңгелері арқылы қалыңдықты ауылдардан іздестіреді. «Дипломы жоқ жігітке тұрмысқа шыққым келеді» дейтін бір де бір бойжеткенді шаммен іздеп таба алмайсыз. Екіншіден: Қыз баласы ақша таппай үй-іші тіршілігімен отыра берсе айыпқа саналмайды. «Сен неге ақша таппайсың?» деп, қыз баланы жазғыруға ешкімнің де хақысы жоқ. Ер жігіт ерігіп, пұл таппай екі күн жатса күнә болады. Ақыл, есі бүтін ер-азамат есектің артын жуса да мал табуға міндетті. Кейбір келіншектер білімінің арқасында жақсы жұмыс тауып, үйге қомақты табыс кіргізгеннің өзінде бала табу үшін ақыры бір үзіліс жасауға мәжбүр. Жүктілікке байланысты декреттік демалысқа шыққан соң отбасы бюджеті бірден тарылады. Осы кезде үйдің бөрікті азамат жоқтың ізін білдірмей отыра беруі керек. Ұланымыз білім алып, жақсы бір мамандықтың иесіне айналса ешқашан декреттік демалысқа шықпайды. Денсаулығына байланысты кәсібінен кесілмесе ер азамат қартайғанша өзінің малтабарлық міндетінен айнымайды. Қадап айтқанда қатаң тәрбиемен, терең білімді қатар алып, өз ісінің нағыз маманы болған жігерлі жігіт қоғамдағы көп проблеманы сәтімен шешетін маңызды тетіктің бірі. Мынадай ақиқатты мойындауға тиіспіз. Пұлды уыстап табатын еркекке тұрмысқа шыққан көптеген келіншектер саналы түрде жұмыстарын тастап, бала бағып үйде отырғанды жақсы көреді. Себебі, жұмыстағы жауапгершілік пен ұжымдағы аңдыс, тартыс кез-келген келіншекті мезі қылып шаршатады. Сондықтан қазіргі дипломы бар қазақ қыздарының жоғары білімді һәм мәдениетті азаматтарға тұрмысқа шыға алмай тығырыққа тірелуі әбден заңды. Әйтеуір табылған ер жігітке тәуекелмен тұрмысқа шығып, берекелі өмір сүре алмай сорлауы қазақ үшін қалыпты құбылыс. Қазақ қоғамы, қазақ ата-анасы қыз балаға әдеп үйретіп, ер балаға малтабар мамандық оқытатын дәстүрлі жолынан адасты. Енді мал табуға қыры жоқ, қолында дипломы жоқ қазақ жігіттерін «қолыңнан түк келмейді» деп көзге шұқи беру дұрыс емес. Бәріне кінәлі ер баланы жұмысқа салып, қыз баланы керексіз мамандыққа оқытқан әке мен шеше. Алдағы уақытта да бұл дағдарыс шешілмей шиленісе береді. Себебі, оқымаса қатарынан қалып қоятындар қыздар емес ер жігіттер. Қыз баласы әдебі мен ибасы түгел болса кез келген сәтте ақылды бір азаматтың аяулы жары болып, бақытын тауып алуға дайын тұрады. Қазір де қыздарды жаппай институт пен колледжге тоғыту процесі қарқынды түрде жалғасып жатыр. Сол оқуды бітірген мәдениетті, білімді, сауатты қыздардың өмірде тірегі болатын ер азаматтары ауылдарда зеріккенннен насыбай атып, наша шегіп, мезгілсіз қартаю үстінде. Қысқасы қызыңызды оқытып, диплом әперумен бақытты ете алмайсыз. Қызыңыздың бағы да бақыты да басқа бір үйдің көзі ашық, оқыған, мәдениетті, сыпайы ер азаматына байлаулы тұр.

Ендеше болашақта «қыз баланың институт оқығаны дұрыс па?» деген қате сұрақты ұмыту керек. Қазақ қыздарының бағын ашып, бақытты шаңырақты көбейткісі келген зиялы болса бар күшін ер азамат тәрбиелеп, оқытып шығаруға салсын. Сонда ғана тепе теңдік орнына келіп, үйде отырған келіншектер ақшадан тарықпайды. Тағы да қайталап айтамыз. Әдеп, ұяты толысқан тәрбиелі бойжеткен өмірде ешқашан орнын тапай қалмайды. Ақылды азаматтар ар, ұяты артық, жатырына құт ұялаған әдепті қыздарды әманда жақсы көреді!

 

 


<== предыдущая | следующая ==>
Как метапредметный результат обучения в соответствии с ФГОС | Вопрос. Потребление, сбережение, инвестиции и их взаимосвязь с доходом

Date: 2016-05-15; view: 406; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию