Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Рұқсат етілген шапағат





1. Рұқсат етілмеген шапағат дегеніміз, Аллаһтан басқа жәрдем бере алмайтын басқа біреуден шапағат сұрау.

«Әй, мүміндер! Сендерге берген несібемізден саудаласу, достық, болысушылық болмайтын бір күннің келуінен бұрын, Аллаһ жолында жұмсаңдар. Ал қарсы болушылар, олар залымдар». (Бақара 2:254)

2. Рұқсат етілген шапағат дегеніміз, Аллаһтан сұралынатын шапағат. Аллаһ Тағала сөзі мен амалдарына разы болған құлдарына Өзінің рұқсатымен шапағат ақысын береді.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Оның хұзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді?». (Бақара 2:255)

Үшіншісі: Аллаһ Тағала Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم ды әр түрлі құдайларға табынған адамдарға жіберді. Олардың кейбірі ай мен күнге және салих (әулие) адамдарға, ал енді кейбіреулері Пайғамбарларға, періштелерге, тағы кейбіреулері ағаштар мен тастарға табынатын еді. Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم ширк келтірушілердің барлығына қарсы соғыс ашты.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Олармен ешбір фитна қалмағанға дейін және дін бүтіндей Аллаһтікі болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, расында Аллаһ олардың істегендерін толық көруші». (Әнфал 8: 39)

Аллаһ Тағала ай мен күнге табынғандар жайында былай дейді:

«Түн мен күндіз және күн мен ай Аллаһтың дәлелдерінен. Күнге де, айға да сәжде қылмаңдар. Оларды жаратқан Аллаһқа сәжде қылыңдар; егер Оған құлшылық қылатын болсаңдар». (Фуссилат 41:37)

Періштелерді тәңір санағандар туралы Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Сондай-ақ олар сендерге: «Періштелерді, пайғамбарларды тәңір жасап алыңдар!» деп бұйырмайды. (Әли имран 3:80)

Пайғамбарларға ғибадат етушілер жайында Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Әй, Мариам ұлы Иса! Адамдарға Аллаһты қойып, мені әрі анамды екі тәңір етіп алыңдар, деп сен айттың ба?» дейді. (Иса عليه السلام): «Әй, Аллаһ! Сені пәктеймін. Тиісті болмаған нәрсені айту маған жараспайды. Егер деген болсам, сонда Сен, оны анық білесің. Сондай-ақ менің ішімдегіні Сен білесің, мен Сенікін білмеймін. Сен шынайы түрде көместерді толық білушісің» дейді. (Мәида 5:116)

Салих (әулие) адамдарға табынушылар туралы Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Олардың сиынғандары; (періштелер, пайғамбарлар, жындар). Раббыларына қайсылары жақын боламыз деп, құлшылық арқылы ізденеді. Рахметінен үміт етіп, азабынан қорқады. Негізінде Раббыңның азабы сескенуге тиісті». (Исра 17:57)

Ағашқа және тастарға табынғандар жайында Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Әл-Ләт пен әл-Ғұззаны көрдіңдер ме? Және тағы үшінші Мәнәтті ше? (үш пұттың аттары)». (Нәжім 53:19,20)

Әбу Уақид Әлләйси رضي الله عنه былай дейді:

«Біз Аллаһтың елшісі صلى الله عليه و سلم мен бірге Хунайын жорығына шыққан едік. Біз болсақ, сол кезде жаңадан кәпірліктен айрылған едік (мұсылман болдық). Көпқұдайшылардың лотос ағашы бар еді. Олар оның маңында оңашаланып (береке тілеп ұлықтайтын еді), оған қару жарақтарын (береке қонсын деп) іліп қоятын. Ол ағашты «ілгектері бар» атауымен атап кеткен. Біз бір лотос ағашының маңынан өтіп бара жатқанда былай дедік: Иә, Аллаһтың елшісі, бізге де олардың «ілгектері бар» сияқты бір ағаш істеп беріңіз. Сонда Аллаһтың елшісі صلى الله عليه و سلم бұны естіп: Аллаһу акбар (Аллаһ ұлық!). Бұл айтқандарың бұрынғылардың жолы. Жаным Оның қолында болғанмен ант етемін! Сендер Исраил ұлдары Мұса عليه السلام ға: «Бізге олардағы сияқты бір құдай істеп бер»-деп айтқандарындай айттыңдар. Мұса عليه السلام оларға: «Сендер надан болып жүрген қауымсыңдар»-деді. (Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم сөзін жалғастыра): Сендер міндетті түрде сендерден бұрын болғандардың (яһудилер мен християндардың) жолдарын қуасыңдар» деді. (Ат-Тирмизи бұл хадисті риуаят етіп, оны сахих деген).

Төртіншісі: Күмәнсіз қазіргі уақыттағы мүшриктердің ширк етулері (ортақ қосулары) бұрынғы мүшриктердің ширкінен де күштірек. Өйткені бұрынғы мүшриктер жандары қиналған кезде ширкті тастап, тек қана Аллаһқа ғана бет бұратын. Жан қиналысы кеткен соң, қайтадан Аллаһқа ортақ қосуды бастайтын еді. Ал қазіргі мушриктер болса, қиыншылық жағдайда Аллаһқа ғибадатта ортақ қосып, Аллаһтан басқа неше түрлі нәрселерге табынады.

АллаһТағала былай бұйырады:

«Қашан олар кемеге отырса, дінін Аллаһқа арнаған түрде жалбарынады да, оларды құтқарып қырға шығарса, сол уақытта олар; Аллаһқа серік қосады». (Анкабут 29:65)

 

Исламды бұзатын (діннен шығаратын) 10—нәрсе:

 

1—Теңі және ұқсасы болмаған Аллаһқа ғибадатта ортақ (ширк) қосу.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Негізінен Аллаһ, Өзіне ортақ қосуды жарылқамайды. Одан басқа кімді қаласа жарылқайды. Ал және кім Аллаһқа ортақ қосса, расында өте ұзаққа адасты». (Ниса 4:116)

2— Аллаһ пен өзінің арасында бір дәнекер қою, бұларды дұғамен шақырып, жәрдем сұрау.

3—Мүшриктерді кәпір деп санамау және бұлардың куфрінде күмәні болмау немесе бұлардың көзқарастарын дұрыс деп қабылдау.

4—Кімде-кім Пайғамбар صلى الله عليه و سلم ның әкелген тура жолынан басқа тура бір жол бар деп сенетін болса және оны жоғары ұстап, қошеметтеп және басқаларының шығарған үкімдерін, ислам үкімдерінен жақсы деген ниет болса, мысалы: тағутқа сенушілердің үкімдерін Пайғамбар صلى الله عليه و سلمның әкелген үкімдерінен жоғарырақ және абзал деп қабыл етсе, осылай істеп сенгендер кәпір болып саналады.

5—Кімде-кім Аллаһ Тағала пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم арқылы жіберген істерінен бір істі жек көрсе немесе оған қарсы іс істесе куфр еткен болып саналады. Бұған дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Шынында олар Аллаһтың түсірген нәрсесін жек көрді. Сондықтан Аллаһ олардың амалдарын жойды». (Мұхаммед 47:9)

6—Аллаһтың дінінен болған қандайда бір нәрсенің үкімін немесе бір сауапты істі немесе жазасымен мазақтау, яғни діннен бір нәрсені мазақ етсе, ол куфрге апарады, соған дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай деп бұйырады:

«Егер олардан сұрасаң: «Әрине біз әншейін сөзге кірісіп, ойнап едік» дейді. Оларға «Аллаһпен, аяттарымен және Елшісімен صلى الله عليه و سلم қылжақтаған болдыңдарма?»-де. Желеуретпеңдер! Сендер иман келтіргеннен кейін қарсы шықтыңдар (кәпір болдыңдар). Сендерден бір топты кешірім етсек те, бір бөлімін күнәһәр болғандықтарының салдарынан азапқа ұшыратамыз». (Тәуба 9:65,66)

7—Сиқыр, сиқырдың барлық түрлерін кім істесе немесе ризалық білдірсе, ол да куфрге кіреді. Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар» деп айтпайынша ешкімге үйретпеген. (Бақара 2:102)

8—Мұсылмандардың мушриктерге жәрдем беруі. Олардың қастарынан жер алу. Бұған дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Әй, мүміндер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір біреулерінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол олардан. Расында Аллаһ залым елді тура жолға салмайды». (Мәида 5:51)

9—Кейбір адамдар пайғамбарларға моиынсұнбай-ақ қойса болады десе, бұл кейбір адамдардың пайғамбар صلى الله عليه و سلم ның шариғатынан тыс шығуға болады деп, яғни Муса عليه السلام ның шариғатынан Хызыр عليه السلام да шықты ғой деп сенсе, бұлда куфрге алып барады.

10-Аллаһтың дінін үйренуден бас тартып және онымен амал қылмайтындар туралы Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Рабыңның аяттары арқылы үгіт берілгеннен кейін олардан бет бұрғаннан кім залымырақ? Әрине күнәһарлардың лайықты жазасын береміз». (Сәжда 32:22)

Осы аталған он бөлімдегінің барлығы исламмен байланысқан.

 

Date: 2016-05-15; view: 411; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию