Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бекетті жаңа австриялық әдіспен салу





Бірінші желідегі метрополитеннің бекетін пайдалануға уақытылы қосу үшін «Алматыметроқұрылыс» АҚ мамандары заманауи жабдықты және құрылыстың жаңа технологиясын қолданды. ТМД елдерінің аумағында бірінші рет «Жібек жолы» пилонды типті бекетті салу кезінде жаңа австриялық тоннельдік әдіс (ЖАТӘ) енгізілді. Бұл технология қалған төрт терең қазылған бекет құрылысы кезінде де қолданылды​.

«Жібек жолы» пилонды типті бекет құрылымын жобалық әзірлеу кезінде станциялық тоннельдерді қаптаудың күштеліп деформацияланған жағдайына тексеріс жүргізілді, сондай-ақ физикалық модельдеудің анағұрлым анықталған және әмбебап әдісін – балама материалдарды қолдана отырып, құрылыстың әрбір кезеңінде оның топырақпен әрекет ету сипаттамасы жасалды. Эксперименталдық зерттеулер ПМКжҚУ (Санкт-Петербург қаласы) "Тоннельдер және метрополитендер" кафедрасында профессор Д.М. Голицынскийдің басшылығымен тоннельдерді модельдеу зертханасында жүргізілді. Бұл әрлеуде созатын және қысатын күштеулердің анағұрлым үлкен мәндерімен орындарды белгілеуге және мұны армирлеу кезінде ескеруге мүмкіндік туғызды​.

ЖАТӘ технологиясы қысқа мерзімде терең қазылған бекеттердегі негізгі көтергіш құрылымдарды құрылыстың дәстүрлі әдісімен салыстырғанда және күндізгі беттегі минимал шөгулермен көтеруге, сондай-ақ тесіп өтушілердің еңбегін барынша қауіпсіз етуге және механикаландыруға мүмкіндік туғызды​.

Осы технология кезінде айына 24 п.м астам уақытша бекітуде станциялық тоннельдердің өту жылдамдығына қол жетті, ал тұрақты қаптауды жасау айына кем дегенде 30 м орындалды​.

Atlas Copco Rocket Boomer 352 S қондырғысымен қорғаныс экранының құбырларын бұрғылау

 

Станциялық тоннельдің топырағын әзірлеу​ бетонды шашырату құрылғысы​

Liebherr R932 тоннельдік экскаватормен​ «Meyco Suprima» машинасымен бекіту

 

Өздігінен жүретін станциялық қалып және бүйірлік станциялық тоннельдерді тұрақты қаптау​

 

Жинақ және монолиттік темірбетон тоннельдік конструкциялар​

Метрополитен қауіпсіздігі ТМД аумағындағы жетекші институт ОҒЗИС «ҒЗО» «Тоннельдер және метрополитендер» ААҚ (Мәскеу қаласы) әзірлеген сейсмикалығы берік тоннельдік конструкцияларды қолданумен және станциялық тоннельдерді салу кезінде «Бетон унд Мониербау» (Австрия) фирмасының прогрессивтік әзірлемелерді енгізумен қамтамасыз етілген.

Тоннельді жоғары дәлдікте т/б төсеу​

 

Өздігінен жүретін көлік машиналарын қолдану​

Алматы қаласының метрополитені құрылысында рельстік көлікті қолданбай жүргізгендердің бірі. Топырақты шығару, материалдарды жеткізу бойынша барлық жұмыстар өздігінен жүретін техника - жүк көтергіштігі 12т КамАЗ автосамосвалдарымен, шағын габаритті ТСШ-4Б, PAUS автомобильдер-самосвалдармен және ПД-2, ЛК-1 тиеу-жеткізу машиналарымен жүргізілді. Бетонды жеткізу және төсеу ТСШ-4б базасында бетонкөлік машиналарымен жүзеге асырылды​

«PAUS» көлік машинасы ТСШб автосамосвалы​

 

Фронталды жүк тиегіш​ Бетонкөлік

«Daewoo Dasan» ТСШ-4б базасындағы машина​

 

Станциялық кешендерді салу барысында жаңа австриялық тоннельдік әдістің топырақты конвейерлік тасымалдаумен өнімділігі жоғары тоннельден шығатын кешенді қолдану Алматы қаласы метрополитенінің бірінші кезектегі құрылысын едәуір қысқартуға мүмкіндік туғызды​.

 

 

1.2.2 Эскалаторлық үңгірлермен мен бекеттер құрылысның

Технологиясы

Date: 2016-05-14; view: 900; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию