Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жж. Отызжылдық соғыс және оның қортындыларын сипаттаңыз





Халықаралық қатынастардың Вестфальдық жүйесінің қалыптасуы және дамуына баға беріңіз

Отыз жылдық соғысты қорытындалаған 1648 жылғы Вестфаль бітімі, Еуропадағы мемлекет аралық қатынастың жаңа тәртібін ала келген келісім болды.Алайда, Вестфаль бітімі Германияның шашыраңқылық жағдайын сақтап қалды.Жеңуші елдер Франция, Швеция- австриялық және испандық Габсбургтер иелігі есебінен өз территорияларын ұлғайта бастайды. Пруссияның да көлемі кеңейе, Голландия мен Швецарияның ресми тәуелсіздіктері мақұлданады.

Осылайша, Вестфаль жүйесін жасау барысында мемлекеттер арасында қатынас ұлғаяды. Отыз жылдық соғыстың жеңушісі Франция мен Швеция сол уақыттағы құдіретті мемлекет ұғымына толық сәйкес келеді. Олар аумағы жағынан ауқымды, күшті әскер иеленген, көптеген сауда және әскери кемелері бар тұрпатты мемлекеттер сипатында болды. Еуропаның көптеген билеушілері француз короліне еліктегіш келетін.

Франция үнемі соғыстарға қатысып отырды. Испандық Нидерландыны, Голландия мен Солтүстік Италияны, Рейн өзенінің сол жағалауларын мекендеген неміс княздіктерін, барлық отарларымен қоса Испанияны жаулап негізделген дақпырт жоспарымен танымал король ХІV Людовик өзін «күн королі» дегізсе, өз билігін елдің ішінде ғана емес, оның сыртындағы шалғай аймақтарды билеуді көздейді. Француз корольдары мен оның Ришелье, Мазарин секілді атақты дипломаттары бас қосуларда, өкілеттіктер мен халықаралық этиттерде Францияның халықаралық қатынастағы мәртебесін асыру жолында жасап бағады.

Вестфальдық жүйе тұрақсыздығының басты себебі- жетекші державалардың статус және гегемондық үшін күресінен ұшқындай, конфессиялық және этникалық қақтығыстармен ұласқан Солтүстік, Шығыс, және Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекеттеріндегі қалыптасулар мен экспансиялық ұстанымдардың тереңдеуі болды.

жж. Отызжылдық соғыс және оның қортындыларын сипаттаңыз

ХVІІ ғасырдың басында Еуропада тағы да соғыс өрті тұтанып, шын мағынасында бірінші жалпыеуропалық деп атауға болатын қырғын соғыс басталды. Континенттегі саяси күштердің орнын айқындап берген жалпыеуропалық оқиға ретінде Қасиетті Рим империясы және оның жақтастары мен Франция-Швеция коалициясы және оның жақтастары арасындағы соғысты атауға болады. Бұл соғыс діни сипатқа ие болды. Соғыс 30 жылға (1618-1648) созылды, сондықтан оны тарихта Отызжылдық соғыс деп атайды. Соғыстың себептерінің түп тамыры сонау Германиядағы реформация мен шаруалар соғысы заманында жатқан болатын. Испан және австриялық Габсбургтер 1519-1556 жж Карл V тұсындағыдай өз иеліктерін біріктіргісі келді. Оның үстіне католиктік діншілдер, лютеран - княздерден оларға Аусбург бітімі (1555) берілген Герман жерлерін қайтарып алғылары келді.

Соғыс басталмас бұрын немістің протестант – князьдері өзара әскери-саяси одақ – Евангиялық уния (1608) жасасқанды. Бұған жауап ретінде католик – князьдер өздерінің католиктік лигасын құрып, (1609) оны Максимилиан Баварский басқарды. Жалпы 30ж соғыс жалпыеуропалық конфликтердің ең ірісі болды. Соғыс сонымен қатар протестанттар мен католиктер арасында, кейіннен Еуропадағы Габсбургтердің гегемониясынан бастау алды. Бұл соғыстың басталуына діни күрестерден басқа да фактілер әсер етті. Еуропадағы гегемония үшін испан-француз соғысының тоқталмауы, Нидерланд жөніндегі мәселелерде ағылшын-испан-голланд қайшылықтарының бір келісімге келе алмауы, Балтықтағы Польша, Швед, Дат, орыс бақталастығының жалғасуы. Ресейдің айырылған жерлерін қайтару әрекеттері, бытыраңқы Венгр королдігіне иелік ету үшін күрес т.б соғыстың басталуына негіз болды. Соғыстың соңғы фазаларында мем-р әскери күштерін тауыса бастады. Соның нәтижесінде 1638 ж өзінде Рим папасы мен Дат королі соғысты аяқтап, Вестфалия қаласында келіссөз келісімге келу туралы ұсыныс жасады. Нәтижесінде тек 1645-48жж ғана қарсыласу жақтар Весфаль бейбіт келісіміне қол қойды. Бұл соғыс Еуропадағы күштер позициясын өзгертіп, Еуропадағы үстемдік Бурбондар қолына көшті. 30ж соғыстың басты нәтижесі Рим империясының іс жүзінде ыдырауы болды.Ол осыған дейін де дербес мемлекеттердің бірлестігі болатын, бірақ Вестфаль бітімі бұл мәселені құжат жүзінде бекітіп, неміс князьдіктеріне бір-бірімен, керек десе шет елдермен де одақ жасасуға құқық берді.

30ж соғыс 4 кезеңге бөлінді:

· I кезең Чех н/е чех-пфальц кезеңі (1618-1623),

· II кезең Даттық кезең (1624-29)

· III кезең Шведтік кезең (1630-34), I

· V кезең Франко-швед кезеңі (1635-1648).

1648 жылдың 15 мамыр мен 24 қазанында Мюнстер мен Оснабрюктегі қабылданған екі бейбіт келісімшарт Отызжылдықты соғысты аяқтайды. Олардың негізінде Вестфаль бейбіт келсімшарты қабылданған.

Date: 2016-05-14; view: 3388; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию