Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ЙымныҢ кірістер есебі мен аудитініҢ теориялыҚ аспектілері





Мазмұны

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 ҰЙЫМНЫҢ КІРІСТЕР ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.............................................................................................................5

1.1 Ұйымда кірістер есебін ұйымдастыру.................................................................5

1.2 Кірістер есебінің аудит бағдарламасы...............................................................14

2 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕС АҚ «КАЗПОЧТА» АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ КІРІСТЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ.......................................................................21

2.1 АҚ «Казпочта» Алматы филиалының қысқаша сипаттамасы........................21

2.2 Кірістер есебін ұйымдастыру мен талдауы.......................................................24

3 КІРІСТЕР ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................................42

3.1 Кірістер есебі мен аудитінің проблемалары.....................................................42

3.2 Кірістер есебі және аудитінің жетілдіру жолдары...........................................53

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................64

 

КІРІСПЕ

 

Кәсіпорын өз өнімін шығара отырып, ол үшін ақшалай түсім алып отырады. Бірақта бұл пайда табуды білдірмейді. Қаржылық нәтижелерді шығару шін түсімді өнімді өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындармен, яғни өнімнің өзіндік құнымен сәйкестендіріліп қою қажет. Кәсіпорын пайда табады: егер түсім өзіндік құннан жоғары болса; егер түсім өзіндік құнға тең болса, тек өнім өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындарды өтесе; ал, егер шығындар түсімнен жоғары болса, кәсіпорын шығынға ұшырайды, яғни қиын қаржылық жағдайға, банкротқа әкелетін жағымсыз қаржылық нәтижелерді көрсетеді.

Пайда - дегеніміз кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі, жалпылай түрде, өнім бағасы мен өнімнің өзіндік құны арасындағы өзгешілікті көрсетсе, кәсіпорын тұрғысынан өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімді өткізудің өзіндік құны арасындағы өзгешелікті көрсетті.

Экономикалық категория ретіндегі пайда кәсіпкерлік қызметі процесіндегі материалды өндіріс аясында құрылған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын деңгейіндегі таза табысты пайда формасында болады. Кәсіпкерлік қызметтің басты нәтижесі ретіндегі пайда кәсіпорынның, жұмыскерлерінің және толықтай мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Пайда нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде бірқатар маңызды функцияларды атқарады:

- Кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіші болып пайда табылады, осыдан тиімді қызметтің пайдалылық факторларын көруге болады.

- Пайда ынталандырушы қызмет атқарады, ол меншік капиталдың өсуінің басты көзі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайындағы капитал иелері мен менеджлерлер пайда көлеміне бағыттала отырып, кәсіпорынның болашақ дамуына жүргізілетін дивиденттік және инвестициялық саясаты жөніндегі шешімдер қабылдай алады. Нарықтық экономикадағы пайда – шығарылатын өнім мен өндірістік қорлардың жаңару көзі мен қозғаушы күші болып табылады.

- Ұжым мүшелері үшін пайда әлеуметтік игіліктің көзі болып табылады. Дивиденттерге төленетін төлемдер, салықтар, сонымен қатар, басқада төлемдерден кейінгі кәсіпорындарда қалдық ретінде қалатын пайданың есебінен материалды сыйақылау жүргізіледі, жұмыскерлерге әлеуметтік жеңілдіктер және т.с.с. беріледі.

- Пайда түрлі деңгейлі бюждеттік кірістердің құрылуының көзі. Ол бюджетке салық түрінде, сонымен қатар, экономикалық санкция түрінде түсуі мүмкін және бюджеттен шығатын нақты түрлі мақсаттарға қолданылады.

Осындай сипаттағы кәсіпорын пайдасы - оның әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі факторы. Сондықтанда кәсіпорынға пайда әкелетін механизмді анықтау аса маңызды.

 

Бұларды терең түсіне біліп, зерттеу, дипломдық жұмыстың өзектілігін құрайды.

Зерттеудің жаңашылдығы -Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы келесі мәселелермен анықталады:

- кірістер есебі мен аудитінің проблемалары айқындалған;

- кірістер есебі және аудитінің жетілдіру жолдары ұсынылған.

Зерттеу нысаны ретінде «Казпочта» Акционерлік Қоғамының Алматы филиалы (ары қарай АҚ «Казпочта») алынды.

Зерттеу пәні ретінде ұйымның кіріс есептілік көрсеткіштерінің есебі, аудиті және талдауы қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – әр түрлі кезендегі қаржылық есептердің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында, есептік бағалардағы өзгерістерден бұрын кәдуәлігі кәсіпкерліктен түскен табыс есебіне, қосылған бағаларға әсері таза пайда құрамына енгізілуің анықтау, жәнеде түзетулер, соның ішінде кезкті кезендегі әдетте ағымдағы жылдағы таза табысты анытау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеті – ХҚЕС бойынша пайдалар мен залалдар туралы есепте көрсетілуге тиіс ақпаратын ашылуына қойылатын талаптар ХҚЕС бойынша кірістер туралы есепте көрсетілуге тиісті ақпараттың ашылуына қойылатын талаптардың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік беру жөніндегі заңдық және нормативтік актілер, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың халықаралық стандарттары мен әдістемелік нұсқаулары, сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен талдау мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың енбектері алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, және қолданыланған әдебиттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде ұйымның кірістер есебі мен аудитінің теориялық аспектілері қарастырылған.

Екінші бөлімде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес кәсіпорын мысалында кірістер есебін ұйымдастыру және талдау жасалған.

Үшінші бөлімде кірістер есебі мен аудитінің проблемалары және жетілдіру жолдары қарастырылған.

ЙЫМНЫҢ КІРІСТЕР ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Date: 2016-05-14; view: 657; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию