Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шығармашылық әңгімелеуге мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту





Әңгімелеп бере білу қабілеті бала үшін дүниетануын, өз білімін, түсінігін тексеру, бағалау білу құралы болып келеді.

Баланың әңгімелеп беру қабілетіне қалыптастыруға балабақшада үлкен көңіл аударады. Балаларды өз ойларын жүйелеп, әр бөлігін бір-бірімен байланыстырып жеткізе білуге үйрету. Мектепке дейінгі жаста ауызша монологтік тілдің екі типі қалыптасады: мәтінді қайталап айтып беру және әңгімелеу.

Бала әңгімесінде шығармашылық элементтеріде болады. Баланың мәтінді түсініп жеткізе білуі, бірақ автордың негізгі лексикасынан алыстамай, кейіпкерлерге жаны ашуы өте маңызды.

Әңгімелеу - өз бетімен бір фактыны, оқиғаны айтып бере білу. Бала тақырыпқа байланысты мазмұнын және айтып беру тілдік формасын анықтау қажет. Материалды жүйелеу, ретімен немесе жоспар бойынша айтып беру (тәрбиешінің немесе өзінің). Бала оның әңгімесі қажет екенін сезінуі маңызды және әңгімелей білу қабілетін қостау қажет. Балаларда өздерінің әңгімелерінен қанағаттану, қуаныш сезімдері болуына жағдай жасау. Шығармашылықпен әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарын («Қыс қызығы», «Менің сүйікті күшігім», «Қыс келбеті», «Менің атам», «Жарқын жаз» және т.б.) бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табуға, сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, эпитеттер, салыстырулар қолдануға үйрету.

Бақылау - мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі әдісі ретінде. Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылуы. Бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

Бақылау– мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі.
Бақылаудың мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын - алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.
Бақылаудың міндеті:
Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру;
Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру;
Баланың қимыл белсенділігін арттыру;
Баланың танымдық, көркем - эстетикалық, әлеуметтік - тұлғалық дамуына ықпал ету.
Бақылау түрлері (өтілу орнына қарай):
1.Балабақша аумағында;
2. МДМ - нің территориясынан аулаққа жаяу серуен (ересек топтар 2 километрге дейін)
Бақылауға қойылатын талаптар
Баланың киімі жыл мезгіліне сай және баланың ыссылап немесе тоңуына жол бермейтіндей, ауа - райына сәйкес болуы керек;
Температура +3 тен - 3°С аралығында болған жағдайда баланың киімі (іш киімді қосқанда) 3 қабаттан тұруы қажет. Сырт киім жылы күртеше, шалбар немесе гамаж; аяқтарында жылы бәтеңке;
Температура - 4 пен - 10°С аралығында болған жағдайда балаларға қысқы қалың күртеше мен 3 қабатты киім болуы шарт.
Температура одан төмен болған жағдайда киім қабаттарын 4 - 5 - ке дейін, киім жылылығына қарай көбейту қажет.
Жазғы маусымда күн тимеу үшін жазғы жеңіл күнқағар бас киім қажет

Date: 2016-05-14; view: 1822; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию