Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оршаған ортаның радиациялық ластануы





Радиактивті ластану – қоршаған ортаға өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп туғызады. Ластанудың бұл түрі химиялық ластануданкейін екінші

орынға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі:

1) радиактивті заттрдың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа- (гелий ядросы), бета- (жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулелердің әсерінен болатын радияциялық ластану (физикалық ластану түрі);

2) қоршаған ортадағы радиактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі.

Ортаның радиактивті ластануына атом қаруына сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклеиттер жауын – шашынның түсуіне әкеледі. Радионуклеиттер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, олард басқа атомдарға оң және теріс иондар жұбын түзуімен қосуға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптар. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды.Гелий ядроларынан (альфа-сәулелену) немесе жлдам электрондардан (бета-сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену – бұл гамма-сәулелену мен оған жақын рентгендік -сәулелену. Альфа- және бета-сәулелену негізінен организмге түскен кезде оған әсер етеді, ал гамма-сәулелену организмнен тысқары тұрып та әсер ете алады.

Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабатындағы радиактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық қауіптің антропогендік әсерлеріне радиактивті затарды өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядролық қаруды сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс - әрекеттерімен тығыз баланысты:- атом өнеркәсібі;- ядролық жарылыстар;- ядролық энергетика;- медицина мен ғылым.

Бұлар қоршаған ортаны радиактивті элементтермен және радиациялық сәулеленмен ластады. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиактивті қалдықтрдың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіпті және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелерін алп келді.

 

31 Қазақстан Республикасындағы халыққа экологиялық білім және экологиялық тәрбие беру Әрбір саналы адамның экологиялық көзқарасын қалыптасыру – адамның мінез – құлқы мен іс - әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасау үшін бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда жеке ғылым болып жүйелі зерттеліп келе жатқан экология саласының өзіндік ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған 2050 Қазақстан-стратегиялық бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл болінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білімжәне Ғылым министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. Аталған құнды құжаттарды басшылыққа ала отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.

Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялықбілімсізқоғамдықэкологиялықсанақұрумүмкінемес.

Экологиялықбілімберу- балабақша, ортамектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғыоқуорындарындаүздіксізэкологиялықбілімберужүйесінжетілдіруменұйымдастырудыңмемлекеттікжүйесіне айналды.

Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.

Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.

Әрине табиғаттың сұлу көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу туралы қазақ халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Белгілі педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов балаға ең қымбат, ең жақын туған жері, туған жерінің табиғаты, оның құбылыстарын білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу мазмұнының берік, баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең көзбен қарауға үйретеді.

Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі адамдардың табиғатқа жасаған бір жақты қарым-қатынасымен табиғат заңдылықтарымен сипаттайды, салдарынан, табиғаттың экологиялық тепе-теңдікнің бұзылуы, экологиялық дағдарыстың болу себептерін Е.Мамбетқазиев, Е.Қонақбаев, Ю.Жданов т.б. өз еңбектерінде атап өткен.

Экологиялық тәрбие мен білім берудіңкешендікұстанымы бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі. Үздіксізұстанымы, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.

 

Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананыэкологияландыруболып табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау арқылы орнықты дамуды жүзеге асыру. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.

Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен кәсіби мамандардың жеткіліксіз болуына және қазақ тіліндегі оқу құралдары мен бағдарламалардың жеткіліксіз болуына байланысты экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі шет қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мекетептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатынэкология пәнібойынша арнайы оқулық пен оның кешендері (бағдарламасы, жұмыс дәптері, әдістемелік нұсқау, хрестоматия) 2005 жылдан бастап «Мектеп» баспасынан ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бекітіп ұсынуымен жарық көрді. Деседе, министрліктің ұйғарымын орындау орнына республиканың мектептері «Экология негіздері» пәнін сабақ кестесіне енгізген жоқ, тек факультатив есебінен жүргізіледі. Көрші Ресей Федерациясы 1994 жылдан бастап мектептерге экология пәнін енгізгені көпшілікке мәлім. Ал мектептегі химия, география, биология пәндерінде экологиялық білім толық берілмейді, кейбір оқулықтарда қарастырылған мәселелер Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуга болады.

Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айтакетерлігі, халықаралықталаптарбойыншаэколог-мамандардыдаярлаудатекжетекшіуниверситеттерғанаесепкеалынады

Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде М.Н.Сарыбеков, Н.Н. Нұғыманов, А.Б. Бигалиев, Ә.С. Бейсенова, А.Е.Манкеш, Х. Жүнісова, Ж.Б. Шілдебаев, Г.М. Сәбденалиева т.б. еңбектерінде жазылған. Табиғат қорғауға байланысты конференциялар ұйымдастырылып келеді. Онда алғашқы рет мектептер мен орта арнаулы жоғарғы оқу орындары үшін эколог мамандар дайындау туралы тұжырымдамалар пікірлер айтылып келеді. Осының нәтижесінде болар Алматы, Өскемен, Шымкент, Семей, Атырау, Ақтау, Қызылорда университетінде экологиядан мамандар дайындайтын бөлімдер ашылды. Елімізде тұңғыш рет (1987 жылы) эколог мамандар дайындау мәселесін көтеріп, экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасаған географ-ғалым Ә.С. Бейсенова мен Ж.Б.Шілдебаевтың еңбегі айрықша болды. Алғаш рет Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде география-экология факультеті ашылып эколог мамандарын даярлауга жол ашылды.

Қазір жоғарыда аталған университет экологиялық білім мен тәрбие беруде Қазақстанның жоғары оқу орындарының көшбасшысына айналды. Соңғы жылдары қызметке келген университеттің жаңа басшысы, академик С.Ж.Пірәлиев география-экология факультетінің оқу процесін күшейтіп «Экомониторинг» зертханасын ашуға көп көңіл бөлді. Зертхана жаңа заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Білім алушылар зертханада ауа, су, топырақ, өсімдік құрамындағы ауыр металдар, нитраттарды анықтай алатын практикалық білім ала бастады. Тек студенттер ғана емес осы университеттің Магистратура және PhD докторантура институтында оқитын білім алушыларда экология ғылымы бойынша іргелі ғылыми зерттеулерге қатысып білімдерін дамытуда. Яғни, «Жаратылыстану мамандықтары» кафедрасында «Биоэкомониторинг», «Химия және химия техникасы» зертханалары жұмыс істейді. Онда магистранттар мен докторанттар экологиялық зерттеу жұмыстарын жасап магистрлік және докторлық еңбектерін аяқтайды. Осының бәрі экологиялық білім берудің жаңа стратегиялық бағыттары деп білеміз.

32 Демографиялық дағдарыс және оның салдары Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу

Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау.

Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жлазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған.

Халықтың ахуалын, оның экономикамен байланысын У.Петти және Г.Кинг (Ұлыбритания), одан соң А.Депарсье (Франция) зерттеді. XVII ғасырдада мұндай зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану арқылы В.Керсеб (Голландия), П.В.Варгентин (Швеция), Л.Эйлер (Ресей) және т.б. жалғастырды. XIX ғасырдан бастап көптеген елдерде халықты тұрақты есепке алу жолға қойыла бастады және ол жөніндегі нақтылы талдаулар жасау мүмкіндіктеріне қол жеткізілді. А.Кетле (Бельгия), Ж.Бертильсон (Франция), У.Фарр (Ұлыбритания), В.Лексис, Г.Ф.Кнапп (Германия), т.б. көптеген статист-зерттеушілердің еңбектері нәтижесінде демографиялық процестерді сандық тұрғыдан екшеу мен талдаудың әдістері дами түсті. 1855 ж. француз ғалымы А.Гийардың еңбегінің тақырыбында «демография» термині тұңғыш рет қолданылып, автор оған «адамзаттың табиғи және әлеуметтік тарихы» деген анықтама береді. Қазақстандағы демографиялық процестерді тарихи-әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарында М.Шоқайдың шет ел баспасөзінде, М.Тынышбаевтың 1924 ж. «Сана» журналының 2–3-сандарында жарияланған деректерін, т.б. статистикалық еңбектерді атауға болады. Республикада бүгінгі таңдағы кәсіби демографтар М.Б.Тәтімов, Ұ.М.Ысқақов, Ә.Б.Ғали, М.Сембин, Е.Мұсабеков, С.Қарасаев, А.Елемесова, Н.Ермекова, А.Әлжанова, т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының, Қазақстан халқының өсу, даму заңдылықтары зерттелді

Демографиялық күрт өсу [өңдеу]Демографиялық күрт өсу (Демографический взрыв; грек, demos— халық, grapho — жазамын) — әлеуметтік- экономикалық немесе жалпы экологиялық жағдайлардың жақсаруымен байланысты халық санының күрт өсуі.

 

 

33Қоршаған ортаның ластануының генетикалық салдары.

Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады. Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі: шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді); пайда болу көзіне байланысты: а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.; ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін); әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті; қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары... Қоршаған ортаның бүлінуі — табиғи апаттардан, атап айтқанда, жер сілкінісі, су тасқыны, тағы басқа осындай себептерден орын алса, оны табиғи деп, ал адамзат баласының іс-қимылы әрекеті барысында ластанса, оны антропогендік деп атайды. Соңғысының адамға, қоршаған ортаға және биосфераға әсері бөлекше. Олар ауада әртүрлі күйде: қатты, бу, сұйық, газ түрінде кездеседі. Атмосфера мен биосфераға бірқатар белсенді әсер ететін химиялық қосылыстар да араласады.

 

Қазіргі кезде өндіріс орындары атмосфераға өте көп мөлшерде шаң-тозаңдар мен әртүрлі зиянды қоспаларды шығарып жүр. Тек осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде әлем бойынша атмосфераға жылына 150 млн. тонна күкірт тотығы ұшып шығады екен. Осыларды ауаға жібермеу мақсатында құрылған қондырғылар соның 15 млн.тоннасын ғана тұтып, одан күкірт қышқылын алады. Қоршаған ортаны қатты улайтын бұл газдың көпшілігі жылу электр станцияларынан және түсті металлургия өндірістерінен бөлінеді.

 

Химия және металлургия салаларындағы ірі кәсіпорындар біздің еліміздің Өскемен, Риддер, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Тараз қалаларында орналасқан. Бұл қалалардағы ауаның ластану деңгейі кеңес кезінде аса жоғары болды. Қазір бұл көрсеткіштің едәуір төмендегені байқалады. Әйтсе де проблемалар жеткілікті.

 

Біздің елімізде де қоршаған ортаның ластану салдарынан жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік, өкпе-тыныс жолдары сырқаттары көбейіп отыр. Ас қорыту жүйесінің және әртүрлі аллергиялық аурулардың көрсеткіштік деңгейінің өсуі де осының бір дәлелі. Экономиканы экологизациялау процесі ғана бұдан құтқарады. Елбасының әлдене рет атап көрсетіп жүргеніндей, қоршаған орта көздің қарашығындай сақталуы керек. Бұл ретте табысқа жетудің жолы — қоршаған ортаға жүктемені азайту болып табылады. Жаңа өндірістер ашу кезінде бұл мәселе қатаң ескерілуге тиіс. Экономикалық жағынан тиімсіз, экологиялық жағынан залалды өндіріс орындары жабылуы немесе шектелуі қажет. Оларға құрылымдық қайта өзгерту жүргізуге, жалпы айтқанда, өндірісті қайта салаландыруға тура келеді. Елбасының «Қазақстан — 2030» мемлекеттік даму бағдарламасында мұның бәрі айқын көрсетілген. Және осы бағытта елімізде үлкен жұмыстар жүріп жатқанын да ешкім жоққа шығара алмайды. Осы ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаның негізгі бағыттары да адамдардың денсаулығы мен тұрмысын жақсартуды көздейді.

 

 

Су ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Ағызынды суларды тазалаудың әдіс- тәсілдері Қазақстан су қорлары және оларды қорғау мәселелері

 

Экологиялық таза технологияға сай әр түрлі өнім өндіргенде төменгі жағдайларға көңіл бөлу керек:

-Жаңа өндіріс орындарында су ресурстарын экологиялық салмақты көтере алатын жерлерге орналастыру.

- Су ресурстарын ысырапсыз қолдануды қысқарту;

- Пайдаланған суды тазалап, қайта қолдану әдістемелерін қолдану;

- Қолданған суларды басқа өндірістерде пайдалану;

- Өндіріс өнімдерді сумен тұтынуды тыю, ауа менбуды суытуды іске асыру;

- Өндіріс қалдықтарын және ағызынды сарқынды сулар құрамынан жарамды заттарды бөліп алу технологиясын қолдану.

- Экономикалық талаптарды күшейту және су көздерінен құйылған сарқынды сулар үшін құн төлеуді ретке келтіру.

Табиғи су ресурстарының сарқылуының алдын алуда оларды ластанудан қорғау проблемаларын шешуде кешенді суландыру жұмыстарын жүргізудің маңызды зор.

Мелиорацияның басты шараларға

1) Әрбір облыстың биоклиматтық мүмкіндігін пайдаланып тұрақты өнім алу

2) Тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдаланғанда олардың жаңбыр суымен су қоймаларына ағып түспеуін қадағалау

3) Жер суару жұмыстарына су шығыны мөлшерін азайту

4) Толпырақты ылғалдандырудың жаңа технологияларын пайдалану

5) Су қоймаларын тиімді және ұтымды пайдалану олардағы судың сапасын жақсарту.

6) Табиғаттың көркем алқаптарын, ормандарды қорғау

7) Рекультивация – шара жасау

8) Өзен көлдердің ластанудан қорғау мәселесін жоғарғы дәрежеге жеткізу.

Су ресурстарын жақсартудың негізгі әдістемелері:

1) Су ресурстарын жақсарту мен су тазалау құрылыстарының құрамы пайдаланатын суға тұтынушылардың қоятын талаптарына және табиғи сулардың сапасына байланысты.Ауыз судың шаруашылыққа қолданатын су сапасы мемлекеттік стандартпен реттеледі.Бұл талаптар судың иісі мен дәмі 20 С температурасы 2 балдан аспау керек.Мөлдірлігі шрифт бойынша 30 см кем болмауы керек.Лайлылығы 2 мг/л көп болмауы тиіс, судың жалпы кермектілігі 7 мг/экв/л аспау керек.Ауыз суда қорғасын 0,1, мышьяк 0,05, фтор 1,5, мыс 3, цинк 5 мг/л аспау керек.1 мг суда 24 сағ.өсірген өзінде бактериялар саны 100, ал ішек таяқшалары 1 л судан үштен, Fe, Mg 0.3, PH 6.5-9.5 дейін аспауы шарт. Суда хлорофенол иісі болмауы керек.

Ауыз судың жылулығының көрсеткіші 7-10 градус, ал 35 шектеуші мөлшері. Ауыз су минералдығы 10 мг/1000, хлоридтер 350, сульфат 500.Ауыз су шаруашылыққа қолданатын су сапасын жақсарту әдістері:мөлдірлендіру, түссіздендіру, залалсыздандыру.

Суды мөлдірлендіру – судағы жүзіп, қалқып жүрген заттарды алып тастау арқылы мөлдірлену деңгейіне қойылған талапқа сай төмендегі мөлдірлендіру әдістемелері қолданылады.

1) суды тұндырғышта тұндыру

2) гидроциклонда тұндыру

3) таза құм қабатынан өткізу, мөлдірлеу

4) әр түрлі сүзгілерден өткізіп, тазарту.

Судың тұйықталған шығыны экстенсивті және қарқынды шараларды ескеретін. Суға деген қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша барлық баламалы нұсқалардың салыстыруын ұйғаратын оңтайлы су шаруашылығы балансы негізінде анықтауы мүмкін.

Тұтынылатын судың мөлшерін ұлғайтуға бағытталған, ол үшін ШБУ кіріс бөлігін арттыруды қажет ететін шара экстенсивті шара деп аталады. Ал интенсивтілігі баланстардың шығыс бөлігін көрсететін тұтынылатын судың мөлшерін азайтумен байланысты шара. Экстенсивті шара өндірісте суды аз қажет ететін немесе сусыз қолданылатын технологияға, айналымды және қайталанатын сумен қамтамсыз етуге көшіруді ұйғарады, оған барлық шара судың шығымын үнемдеуге бағытталған. Су ресурстары көздерінің нақты айтқанда, өзенр суы жүйесінде қалыптасады. ӨСЖ-ң су ресурстарын реттеп, территорияға бөлуді жүзеге асыратын барлық су шаруашылығы обьектілерін қоса ескеретін, өзен тараптарынан су жинайтын бөген.

Ағызынды суларды тазарту сызбасы.

Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.

Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады.

Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ …соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді.

Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді.

Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.

Суды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді.

Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активті көбейе бастап, массалары ұлғая түседі. Бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялардан басқа балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады.

 

 

Date: 2016-06-09; view: 2673; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию