Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі





Биосферадағы заттар айналымы. Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі.

Биосферадағы заттар айналымы Биосфера күнелтіп, өмір даму үшін заттар бір ағзалар пайдаланған соң басқа ағзалар сіңіре алатын түрге ауысып отыру керек.Айналымның екі түрі бар: үлкен (геологиялық) және кіші (биогендік немесе биохимиялық).Үлкен айналым жүздеген млн. жылға созылып, жер қыртысының қабаттарында жүреді.Кіші айналым биосфера шегінде биогеоценоз деңгейінде жүреді. Мүндай айналымды биогеохимиялық цикл деп атайды. Ол: 1) газдық (азот, оттегі, көмірқышқыл газы, бу) және 2) шөгу (фосфор, кальций, темір) болып бөлінеді.Су айналымы өсімдіктер мен жануарлардың өлі материямен байланысындағы маңызды көпір. Үлкен айналымда су литосфераны бұзып, теңіздерге алып кетеді.Көмірқышқыл газы айналымы – фотосинтез. Азот айналымы микроағзалар арқылы өңделіп, өсімдіктер сіңіретін түрге айналып отырады.

Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі.

Энергетикалық қызметіБиосфераның қалыпты тіршілігі үшін және оның дамуы үшін энергия қажет. Ондай негізгі энергия көзі — Күн. Жасыл өсімдіктерфотосинтез процесі кезінде Күн сәулесін өзіне сіңіріп, мүшелерінде органикалық заттардың қорын жинақтайды. Өсімдіктердегі органикалық заттарды басқа организмдер пайдаланады. Жасыл өсімдіктерде жинақталған энергияның есебінен бүкіл биосферадағы тіршілік қалыпты жүріп отырады.

Газдық қызметіГаздардың тасымалдануы және олардың бір күйден екінші күйге өзгеруі тірі организмдердің қатысуымен жүреді. Газдық қызмет арқылы биосфераның газдық құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Жер бетіндегі көптеген газдар биогенді жолмен пайда болған. Тірі организмдердің тіршілігі нәтижесінде оттек, азот, көмірқышқыл газы, күкіртті сутек, метан, т.б. газдар тасылмалданады. Жинақтау қызметі.Тірі организмдер коршаған ортадан алған, биогенді элементтерді өз мүшелерінде жинайды. Тірі организмдер құрамында болатын элементтердің коршаған ортада кездесетін элементтерден едәуір айырмашылығы болады. Тірі организмдердің құрамында сутек,көміртек, азот, оттек, натрий, магний, кремний, күкірт, т.б. элементтердің жеңіл атомдары көбірек кездеседі. Мұндай элементтердің тірі организмдерде жинақталуы қоршаған ортаға қарағанда жүздеген, мыңдаған есе көп болады. Осы арқылы биосфераның химиялық құрамының әр түрлі екендігі байқалады.Тотығу-тотықсыздану қызметі.Тірі организмдер топырақ арасында және гидросферада бұл қызметін үнемі атқарып отырады. Тірі организмдер заттарды тотықтыру арқылы оксидтер түзеді, ал кейбір заттарды (көмірсутек, күкіртті темір, т.б.) қалпына келтіреді. Кейбір ұсақ организмдер пайдалы қазбалар (әктәс, боксит, т.б.) түзуге де қатысады. Биохимиялық қызметі.ірі организмдердің биохимиялық қызметі қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және (өлген организмдердің) ыдырауы мен шіруі кезінде байқалады. Бұл кезде элементтер атомдар түрінде бір орыннан екінші орынға ауысады. Кейде адамның іс-әрекетінің нәтижесінде, биосфераға тән емес әрі биосфераға зиянды әсер ететін зат айналымы байкалады. Мысалы, өнеркәсіп орындарынан, көліктерден улы қоспалар бөлініп ауаны ластайды. Ал қышқыл жаңбырдың да табиғатка зияны мол. Сондықтан да табиғатты мұндай ластанудан корғау шараларына ерекше мән беру кажет.

№12Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты даму аспектілерінің бірі. Табиғи ресурстар және олардың жіктемесі.

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырықшашқан кезінде аулауға тыйым салды.

Ғылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынын шұғыл күшейтті. Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде қатаң реттеу қажеттігі туды. Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды. Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уақыт кезеңінде литосфера, гидросфера және атмосфераның терең де жан-жақты экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер мониторинг (бақылау) деп аталады. Белгілі уақыт аралықтары арқылы бақылау, зерттеулерін салыстыру қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық көрінісін береді.Мониторинг жүйесі үш деңгейге бөлінеді. Олар: санитарлық-улылық, экологиялық және биосфералық мониторинг.

Табиғи ресурстарАдамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Мысалы–су. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады

 

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесі. Қалдықсыз технологияларды өңдеу. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі

Табиғи қорларды тиімді пайдалану және қалдықсыз технология.Қазіргі кезде Менделеев таблицасындағы жүзден астам элементтің барлығы да жерден шығарылады. Қазақстан әлем бойынша қазба байлықтарды өндіруден алдыңғы қатарлы орындарда. Бұл минералды ресурстарды ауқамды түрде пайдалану қоршаған ортаның жаппай микроэлементтермен ластануға әкеп соқтырады. Элементер қоршаған ортада жинақталып, қоректік тізбек арқылы организмге түсіп, қауіптілікті тек қана қазіргі адамдарға ғана емес, сонымен қатар келешек ұрпаққа да тигізеді. Қоршаған ортаға тигізілетін күш белгілі бір экологиялық шектен аспауы керек. Табиғи ресурстарды пайдалану биосфераның өзгерісіне әкелуде. Орнына қайтып келмейтін ресурстарды тауысу қоршаған ортада, ландшафттардың өзгеруіне, табиғи экожүйелердің аймақтарын құртуға, топырақтың тозуына т.б. себеп болады. Ресурстарды қолдану тағы бір экологиялық мәселе – қалдықтар мәселесін ушықтырады. Қалдықтарға әр түрлі өнімдерді өндіру немесе қолдану кезінде пайда болатын және өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтқан, енді қолдануға келмейтін заттардың, материалдардың және т.б. қалып қойған бөлімдерін жатқызамыз. Барлық қалдықтарды мына топтарға бөлуге болады: тұрмыстық, өнеркәсіптік, өндіріс өнімдерінің қалдықтары, қауіпті қалдықтар, радиоактивті қалдықтар.

Табиғи ресурстарды қолдану барысында олардың көп бөлігі ресурстық цикл деп аталатын күрделі айналымға түседі. Ресурсты цикл дегеніміз адамның қорларды пайдалануының барлық кезеңдерінде белгілі бір заттың немесе бір топтың бір түрден екінші түрге ауысуының және кеңістіктегі орын алмасулары.

Қазіргі кезде барлық елдерде ең негізгі сұрақтың бірі – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

Табиғи қорларды тиімді пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттары:

- пайдалы қазбаларды өндіру технологияларын жетілдіру

- пайдалы қазбалары бар өңірлерді тиімді үнемді пайдалану

- дефицитті ресурстарды кең тараған қоры көп ресурстармен ауыстырып пайдалану

- өндіру жұмыстары жүргізілген таулы аймақтарда жер рекультивациясын кеңінен жүргізу.

Адамның биологиялық түр ретінде оның тіршілігінің шектеуші факторы ол қажетті табиғи ресурстарының тауысылуы. Қоршаған ортаны қорғау саласында ҚР халқаралық ынтымақтастықтар іске асырылады. Болып жатқан әр түрлі экологиялық мәселелер жаһандық сипат ала бастады. Осы жаһандық экологиялық мәселелерді болдырмау мақсатында әр түрлі табиғат қорғау қызметтері іске асырылуда. Қазіргі кезде экологиялық мәселелермен айналысатын 100-ден астам халқаралық ұйымдар жұмыс істейді. Мысалы, БДҰ, БАҰ, ЮНЕП, ЮНЕСКО және т.б

өзге елдер сияқты Қазақстан республикасы да қоршаған ортамен табиғи ресурстарды қорғау заңнамасына сүйенеді. ҚР Экологиялық кодексі, жарлықтар, нормативтік актілер т.б. жатады.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету– күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Елді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің қажетті шарты – ұлттық шаруашылықтың көптеген салаларымен қарым-қатынаста болатын, экономиканың ірі секторы – агроөнеркәсіптік кешен қамтамасыз ететін олардың өзін-өзі қамтамасыз етуі ( азық-түлік тәуелсіздігі) болып табылады.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз ауыл-шаруашылық өндірісінің дамуы үшін, сондай-ақ отандық өндірістер мен импорт арасындағы оптималды арақатынасты анықтау үшін азық-түліктің негізгі бөлігін материалдық, қаржылық, еңбек және әлеуметтік – экономикалық жағдайлар жасау есебінен ел ішінде өндіру. Кез келген елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасы ауыл шаруашылық жағдайы мен агроөнеркәсіптік кешенге байлынысты салалардың жағдайына тікелей байланысты болады. Зерттеулер көрсеткендей, ауыл-шаруашылық өндірісінің келесідегі жағдайы негізгі үрей туғызады: егістік өнімдері жағдайларының нашарлауы, ауыл-шаруашылық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базаларының жетіспеушілігі; жермен және малмен айналысудың өнімділігінің төмен деңгейі; кейінгі жылдардағы табиғи-климаттық факторлардың жағымсыз үйлесуі (құрғақшылық, су тасқыны және т.б.); астық мәдениетінің өнімділігінің қысқаруы және т.б..

 

 








Date: 2016-06-09; view: 893; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.008 sec.) - Пожаловаться на публикацию