Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Б. Toxoplasma gondii

Кванттық мәтін және тест тапсырмаларын құрастыру

 

Тақырыбы: Токсоплазмоз

 

 

Орындаған: Нахаева Ұ.П

Тобы:ЖМ 12-014-02

Курс:4

Тексерген: Сулейменова И

 

 

Алматы-2016

 

Токсоплазмоз

Токсоплазмоз – іштен туа бітетін немесе жүре пайда болатын, айқын клиникасында ОНЖ, РЭС-ағзалардың, жүрек, көз зақымымен көбінесе латентты және созылмалы формада өтетін зоонозды жұқпалы ауру. Токсоплазмозды – Т.Гонди деген қарапайымдар тудыратын, көбінесе мысықтар арқылы тарайды. Негізінде бұл өте кең тараған ауру, бірақта әлі күнге дейін дәрігердің көбі оған көңіл аудырмай, тіпті клиникасы мен диагностикасында біліңкіремей қоймайды. Бұл инфенкцияның маңызы келесі жағдайларға байланысты:

  1. ауру қоздырғышы табиғатта кең тарауда
  2. көптеген адамдар осы қарапайымдармен инфекцияланған (дүние жүзінде 6-9% аралығында, бұрынғы КСРО-да 25-30%)
  3. осы инфекция анадан іштегі баласына жұғуы мүмкіндігі өте жоғары. Нәтижесінде баланың ОНЖ зақымданып, кемтар, жарымжан балалар туады
  4. осы инфекция көбінесе кезде нығаяды (әсресе СПИД көрінісі)
  5. бактериологиялық қарулар тобына кіреді

Токсоплазмоз – қоздырғышы бірнеше механиздер мен берілетін, клиникалық белгілері әр түрлі жасырын және созылмалы түрде дамыитын ауру. Қоздарғышы – апельсиннің бір бөлігіне ұқсас, бір шеті үшкірленген, екіншісі – жұмырланған, ұзындығы – 4-7 микрон. Токсоплазмалар барлық сүткөректілердің эритроциттерінен басқа жасаушалардың бәрінің ішінде өсіп-өніп көбейді. Қоздырғыштар бөліну жолымен көбееді және бірнеше жыл тіршілік етеді. Токсоплазмозмамен ластанғыш заттар құрғатылған кезде қоздырғыштар жылдам қырылады. Токсоплазмалар 40-50С температурада 15-20 мин, ал 60-80С-та 5-10 минуттан кейін өледі. 5-8С температуралық жағдайда токсоплазмалар суда бір тәулік, сутте – 2 тәулік тіршілігін сақтай алады. Ал, малдардың өлігінде 8 тәулікке дейін сақталады. Токсоплазмоз қоздырғыштары жыныстық және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныстық даму циклі-мысықтар мен мысық тұқымдастардың ішек жолында өтеді. Ауру мысықтарға тышқанды жеу арқылы жұғады. Жабайы кеміргіштермен қоректеген мысықтың нәжісінен адамға жұғады. Адам организмінде даму циклы 1-3 аптада аяқталады. Созылмалы процесе кезінде қоздырғыш бұлшық етте, мида және басқа органдарда түзіледі. Олардың даму циклы тоқтаусыз жүріп жатады. Мысықтар және мысық тұқымдастар – токсоплазмоз инвазия көзі және резервуары болып табылады. Сондай-ақ қоздырғыштары сүтқоректілер мен құстардан да табылады, олар паразиттің аралық иесі болып табылады. Әсіресе тышқан тектес кеміргіштер мен қояндар жиі зақымданады. Адам организмде болған токсоплазмоз қоздырғыштары құрсақтағы балаға өте зиян.

Этиологиясы

Т.Гонди (1908ж)-клеткалардың ішінде паразиттік тіршілік ететін қарапайым. Организмде 4 формада болуына тиісті:

  • вегетативті (жедел токсоплазмозды тудыратын)
  • негізгі циста түрінде (созылмалы жасырын формаларда)
  • жалған циста түрінде (көбінесе жедел формаларда)
  • оциста-тек қана негізгі иесінде-мысықта болатын түрі

Мысық бір аптаның ішінде 1,5 млрд ооцисталарды шығарады екен.

Эпидемиологиясы

Табиғат ошақтарды құратын зоонозды инфекия. Көптеген мал-хайуандарда, құстарда токсоплазмозды жұқтыру қабілеті зор болады. Сырқат көбінесе жылы жақтарда кең тараған. Айтып кеткендей, дүние жүзінде орташа алғанда 20-25% халық токсоплазмоздармен инфекцияланған. Ауру көзі ретінде мал мен құстар шығуы мүмкін. Иттер өздері ауруға мүмкіншіліктері бар, бірақта ауруды таратпайды. Адамнан сырқат жұқпайды, тек анадан-перзентке іштен бітуі мүмкін.

Берілу жолдары

1)алиментарлы-95-96% 2)тері және шырышты қабаттардың жарақаттарынан-3-4% 3)трансплацентарлы Бірақ та ойда сақтайтын жағдай: анадан балаға жұғу мүмкіншілігі тек анасы екі қабат кезінде жедел токсоплазмозбен ауырған кезде болады. Ал мұндай аса көп емес. Екі қабат әйелдер арасында жедел токсоплазмоз 0,5-1% ғана болады. Ал созылмалы формалармен ауырған немесе тасымалдаушылар осы инфекцияны тұқымға таратпайды.Қауіпті УІ айлар, ІХ ай латентті. – Қоздырғыш негізінде ауыз және нәжіс механизмімен таралады. Ол бірнеше жолмен атқарылуы мүмкін: 1. Ауыз арқылы шикі немесе жартылай шикі етті, фаршты пайдаланғанда; 2. Жанасу жолы-тұтас мал етін мүшелеу кезінде қасапшылардың және зарарлы заттармен жұмыс атқаратын лабораториялық қызметкелердің жарақаттанған қол терісі мен шырышты қабаттары арқылы; 3. Жүктіліктің бастапқы мерзімінде анасының құрсақ ішіндегі нәрестеге планцента арқылы жұғады. Токсоплазманың жұғуы барлық елдерде кең таралған. Жасы ұлғайған сайын токсоплазмаларды жұқтыру ықтималдығы ұлғая түседі. Токсоплазманың жұғушылығы Қазақстанда, сонын ішінде Алматы қаласында бірдей емес, көрсеткіш 4-70% дейін байқалады. Себебі диагностикалық жұмыстың деңгейімен және гигиеналық ережелерді дұрыс орындау жағдайлары түсіндірілмейді.

Патогенезі

Инфекциялық гранулемалар. Лимфа түйіндерінен қанға өтуі мүмкін –бауыр, көк бауыр ОНЖ, миокард, бет, көзге т.б. Цисталар көп жылдар латентты түріне өтнді, сақтылынады. Патогенезінде өте маңызды роль аллергиялық өзгерістер (ГЗБ) 95-98%-инфекцияланған адамдарда – латентті инфекция (ГЗТ+ZdJ) (алл.пр.) (Егерде инфекцияланған кезде әйел адам жүкті болса, ІІІ-УІ айларында қауіпті).

 

(СПИД)-инфекция генерализденіп-сепсис түрінде өтіп, ауыр энцефалит - өлімге әкеледі. Созылмалы ағымында-өршу кезеңдері болады: туа біткен токсоплазмозда

–ІІІ айларында инфекцияланса – 50% клиникасымен туады

  • ІІІ-УІ айларында -25%
  • УІ-ІХ айларында клиникалық көріністерсіз
  • түсік, өлу туу, кемтар бала жүре пайда болады да, өзгерістер көбінесе бауыр, көк бауыр, лимфа түйіндерінде, миокардта.
  • Туа біткен токсоплазмозда

Клиникасы

Жүре пайда болатын токсоплазмоз: инкубациялық мерзім 3-21 күн, бірнеше айларға дейін ауырлығына байланысты.

Температура 38-39С-продромальды кезеңде

  • бөртпе-дақты- папулезды
  • лимфаденит
  • гепатомегалия
  • спленомегалия
  • миокардит
  • энцефалит

ОНЖ- энцефалит, менингоэнцефалит белгілері табылады.

Көзі- хореоретинит, катаракта. Бала кейде өліп кетуі мүмкін. Кейде созылмалы формаға ауады – субфебрилитет, микроаденит, гепатоспленомегалия, баланың физикалық және ақыл-ойы дамуы төмен болады – олигофрения, эписиндром, микроцефалия, R-граммада – мида кальцификаттар табылады. Кейбір балаларда ең басынан баяу өтетін энцефалит түрінде болады. Онда бала 7-10-ға келгенде – көбінесе олигофрения деген диагноз қойды. Бірақта бәр олигофрендер – токсоплазмоздың нәтижесі деуге болмайды.

Диагностикасы

Диагнозы қою үшін келесі лабораториялық әдістерді қолдануға болады:

  1. паразитологиялық әдіс (табылуы қиян)
  2. иммуноресцентты әдіс
  3. гистологиялық тексеру (биопсия)
  4. серологиялық әдістер КБР
  5. РНГА, Сейбин-Фельдман реакциясы
  6. аллергиялық проба (токсоплазминмен)

Айтарлық жағдайлар: серологиялық реакциялар көп адамдарда оң болып шығуы мүмкін – бірақ та анықтаусыз диагноз қоюға болмайды. Серологиялық реакциялар кемінде қатарласып екеуі қойылуы керек. Нәтижесі – титр арқылы есептелу керек. Динамикада 3-4 аптадан кейін осы лабораторияда қайталап қойған дұрыс. Қосымша аллергилық пробасы. Содан кейін клиника белгілерімен салыстырып диагнозды қоюға болады.

Емі

этиотропты препараттар тек қана вегетативті формаларға әсер етеді, сондықтан көбінесе жедел формада қолданады:

  • тиндури (хлоридин)
  • делагил
  • аминохинел
  • бисептол
  • тетрациклин

Ұзақ курспен емдейді. Созылмалы формасы – этиотропты ем тек қана айқын клиникалық белгілерінде. Көбінесе десенсибилизация, иммуностимуляция әсер беретін препараттармен емдейді. Екі қабат әйелдерде – токсоплазмозға тексерген кезде реакциялар оң болса –«Д» бақылау (3 айда – тексеру). Реакциялардың титрі үдей түссе емдеу керек. Созылмалы формада – екі қабат кезінде емдеу қажеті жоқ. – Ең алдымен негізгі резервуар әрі инвазия көзі болып табылатын мысықтардан адамға, әсіресе балаларға жұғудың алдын алуға бағытталған.

 

 

Тест

1. Токсоплазмоз ауруының қоздырғышы болып табылады

а. Rickettsia provazerki

б. Toxoplasma gondii

с. Leptospira canicola

д. Listeria monocytogenes

е. Iersinia enterocolitica

2.Ие жасушасының ішінде орналасқан токсоплазмоздар қалай аталады?

а. Коноид

б. Псевдоциста

с. Циста

Д. Эндозоид

е. спора

 

3.Токсоплазмозға тән көз патологиясы анықтаңыз(2)

А. Ретинит

б. Коньюнктивит

С. Иридоциклит

д. Катаракта

е. Глаукома

 

4.Туа пайда болған токсоплазмозға тән клиникалық көріністер (3)

а. Қант диабеті

Б. Олигофрения

с. дисплазия

Д. Эпилепсия

Е. Гидроцефалия

 

5.Токсоплазмоздың берілу механизмдерін атаңыз (3)

а. Аэрогенді

Б. Фекальді-оральды

С. Контактілі

д. Трансмиссивті

Е. Вертикальді

6.Орталық жүйке жүйесі жағынан токсоплазмозға тін өзгерістер (2)

А. Канцерофобия

б. Паркинсон ауруы

с. Тиреотоксикоз

д. Апирексия

Е. Эпилепсия

7. Микроскопиялық әдіспен зерттеу үшін алынатын зерттеу материалы (2)

а. Нәжіс

б. Синовиальды сұйықтық


<== предыдущая | следующая ==>
 | Пояснительная записка. Учебно-методический комплекс

Date: 2016-06-09; view: 636; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию