Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Математика 6-сынып 14.10.2015 ж





Сабақтың тақырыбы:

Бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың пропорция тарауынан білімдерін және оқу материалын игеру деңгейін анықтау және қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін тексеру.

Оқушылардың жауапкершілік сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілік:

Үлесітрме сынақ жұмыстары. Картотека № 7

Сабақтың типі:

Оқушылардың білімін, білігін есепке алу және бағалау.

Сабақтың түрі:

Бақылау жұмысы.

Қолданылған

әдебиеттер:

« Математикадан тақырыптық үлгі жоспар және бақылау жұмыстарының жинағы.»

А.Т Алдамұратова

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

 

 

II. Мұғалімнің кіріспе нұсқауы:

· Оқушыларды бақылау жұмысының тапсырмаларымен таныстырып,шығару жолына нұсқау беру.

· а) 1-нұсқа есептері, б) 2-нұсқа есептері.

бақылау жұмысы.

1.Қатнастың белгісіз мүшесін табыңдар:

а) х: 3= 8; 6,8: x = 4; 2/3: x =8/9.

б) х: 6= 7; 9,2: x = 4; 4/5: x =8/15.

2. Қатнастардан пропорция құрыңыз:

 

 

3. х-ті табыңдар:

4. а) Тік төртбұрыштың ауданы 120 см2, ұзындығы 15 см. Тік төртбұрыштың енін өзгертпей ұзындығын 20% -ке кеміткендегі оның ауданын табыңыз.

б) Тік төртбұрыштың ауданы 204 см2, ені 12 см. Тік төртбұрыштың ұзындығын өзгертпей енін 25% -ке кеміткендегі оның ауданын табыңыз.

5. а) Үш санның қатнасы 2: 5: 7 қатнасындай. Ең кіші сан мен ең үлкен санның қосындысы 63-ке тең. Осы сандардың қосындысын табыңдар.

б) Үш санның қатнасы 2: 3: 7 қатнасындай. Ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы 30-ға тең. Осы сандардың қосындысын табыңдар.

 

IV. Бақылау жұмысының қортындысын келесі сабақта қортындылау.

Математика 6-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Жиын және оның элементтері. Ішкі жиын.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жиын ұғымын беру, жиын түрлері және ішкі жиын туралы білім беру.

Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.

Көрнекілік:

Үлесітрме материалдар. Картотека №9.

Сабақтың типі:

Жаңа материалды оқыту.

Сабақтың түрі:

Теориялық білім беру.

Қолданылған

әдебиеттер:

«Анықтама» А.В. Гусеев.

«Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық

Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

III. Жаңа материалдарды игеру кезеңі:

1. Жиын ұғымының пайда болуы: XIX ғасырдың екінші жартысында математика трихында жиын ұғымы пайда болды.

2. Жиын теорясының негізін қалаушы неміс математигі Георг Кантор (1845-1918)

Анықтама: Белгілі бір ортақ қасиеттерге ие болып, белгі бір заңдылықпен біріккен нәрселер,обьектілер жиын құрайды.

Мысалы: - аспандағы жұлдыздар жиыны.

- кітап бетіндегі әріптер жиыны.

- бөлімі 6 болатын дұрыс бөлшектер жиыны:

1/6;2/6; 3/6; 4/6;5/6. т.с.с.

Жиындар құрылымы: жиындыр элементтерден құралады. Жиындардың элементтері аталып беріледі немесе сол жиын элементтеріне ғана тән қасиет көрсетіледі.

Мысалы: «планета» сөзіндегі әріптержиынын Р әрпімен белгілесек Р={а,п,н,л,е,т} немесе Р={т,п,н,л,е,а}

Жиындар түрлері: Жиындар шектеулі жиын, шектеусіз жиын болып бөлінеді.

Мысалы: цифрлар жиыны А={0,1,2,3,4,5,6,7,8,9} жиынынң элементтер санын көрсететін болсақ n(A)=10.

Натурал сандар жиыны N-шектеусіз жиын.

Анықтама: Егер жиында бірде-бір элемент болмаса, оны бос жиын деп атайды. Бос жиынынң белгіленуі: Ø.

Мысалы: 74 пен 79 сандарының арасындағы жай сандар жиыны бос жиын.

Анықтама: Егер В жиынының әрбір элементі А жиынына тиісті болса, онда В жиыны А жиынының ішкі жиыны деп аталады.

Мысалы: А={1,2,3,4,5,6,7} жиынындағы жұп сандар жиыны В={2,4,6} В жиыны А жиынының ішкі жиыны. Белгіленуі: В А. Ø А. Бос жиын кез-келген жиынның ішкі жиыны.

Жиындар мен олардың арасындағы байланыстарды Эйлер –Вен дөңгелектері арқылы кескінделеді.

В А.

Егер екі жиын бірдей элементтерден тұрса, онда олар тең жиындар деп аталады.

Мысалы: А={а,в,с}, В={с,а,в}, онда А=В.

IV Оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін анықтау:

1. Жиын дегенді қалай түсінесің, оған мысал келтіріңдер.

2. Жиындар қалай бөлінеді?

3. Ішкі жиын дегеніміз не?

V Жаңа материалды № 225,№226,№227,№229 есептерін шығару арқылы бекіту.

VI Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.

1) Үйге № 232,№233,№234,№235,№236.

2) Сабақты қортындылау.

 

Математика 6-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Жиындардың қилысуы. Жиындардың бірігуі.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жиындардың қилысуы, жиындардың бірігуі жөнінде білім беру.

Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.

Көрнекілік:

Үлесітрме материалдар. Картотека №10.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ.

Сабақтың түрі:

Теориялық, практикалық жұмыс сабақ.

Қолданылған

әдебиеттер:

«Анықтама» А.В. Гусеев.

«Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

 

.

II. Үйге берілген: № 232,№233,№234,№235,№236 есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою.

III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру:

1.Жиындар дегеніміз не?

2. Жиындардың түрлері, мысал келтір.

3. Бос жиын дегеніміз не?

4. Ішкі жиын дегеніміз не?

IV.Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық

Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалдарды игеру кезеңі:

1- Есеп. Сыныпта 16 ұлбала бар. Олардың14-і бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады, 9-ы шахмат ойнағанды ұнатады. Бұл ойындарға сыныптағы барлықұл балалар қатысады. Сыныптағы неше оқушы бос уақытында футбол ойнағанды да,шахмат ойнағанды да ұнатады.

Шешуі: Футбол ойнайтындар жиынын А делік. n(A)=14. Шахмат ойнайтындар жиынын В делік n(B)=9.

1) 124+9=23. Футболда, шахмат та ойнайтындар.

2) 23-16=7 бос уақытында Футболда, шахмат та

ойнағанды ұнататындар, оларды С-жиыны десек, онда n(С)=7.

А∩В=С жиындарының қилысуы.

Эйлер-Венн дөңгелегінде кескіндеп көрсету.

Анықтама: А жиынында да, В жиынында да тиісті элементтерден ғана тұратын жиындарды А және В жиындарының қилысуы деп аталады.

Мысалы: А={4,9,7,13}, В={2,6,7,10,13}, А∩В= {7,13} немесе А∩В=С, С= {7,13}, n(С)=2.

17- суреттегі А∩В=Ø.

Есеп- 2: Бір топтағы туристердің 10-ы қазақ тілін біледі. 8-і орыс тілін біледі, олардың 3-еуі қазақ тілін де, орыс тілінде біледі.Топта барлығы неше турист бар?

Шешуі: Қазақ тілін білетіндер жиынын А делік. n(A)=10. Орыс тілін білетіндер жиынын В делік n(B)=8.

10+8=18 қазақ тілін де, орыс тілінде білетіндер.

18-3=15 топ ішіндегі туристер саны, оны Д жиыны делік, n(Д)=15.

Д жиыны А және В жиындарының бірігуі. АUВ =Д.

Анықтама: Әрбір элементі А немесе В жиындарыныңкем дегенде біреуіне тиісті болатын жиын А және В жиындарының бірігуі деп аталады.

Мысалы: А={3,5,8,14}, В={7,10,12}, АUВ= {3,5,7,8,10,12,14} немесе АUВ=Д, Д= {3,5,7,8,10,12,14}, n(Д)=7.

V. Жаңа материалды оқушылардың игеру деңгейін анықтау:

1. Жиындардың қилысуы дегеніміз не?

2. Жиындардың бірігуі дегеніміз не?

VII. Жаңа материалды: № 244,№246,№248 есептерін шығару арқылы бекіту.

VIII. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.

1) Үйге №245,№247,№249,№251.

2) Сабақты қортындылау.

Математика 6-сынып Тексерген: ----------------------------

Күні:--------------------- Сабақтың №--------------

Сабақтың тақырыбы:

Жиындардың қилысуы. Жиындардың бірігуі.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жиындардың қилысуы, жиындардың бірігуі тақырыбынан білімдерін жетілдіру, тиянақтау.

Ойлау қаблеттерін дамыта отырып есептер шығару.

Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.

Көрнекілік:

Үлесітрме материалдар. Картотека №10.

Сабақтың типі:

Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын жетілдіру

Сабақтың түрі:

Практикалық (есеп шығару) жұмыс сабақ.

Қолданылған

әдебиеттер:

«Анықтама» А.В. Гусеев.

«Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

II. Үйге берілген: №245,№247,№249,№251 есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою.

III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру:

· Жиындардың қилысуы дегеніміз не?

· Жиындардың бірігуі дегеніміз не?

IV Сынып жұмысында: №254,№256,№258,№260,№262 есептерді шығару.

V Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.

1) Үйге №255,№257,№259.

2) Сабақты қортындылау.

 

 

Математика 6-сынып

Тексерген: ----------------------------

Күні:--------------------- Сабақтың №--------------

Сабақтың тақырыбы:

Оң сандар және теріс сандар.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға оң сан және теріс сандардың қолданылуы, теріс санның жазылуы жөнінде білім беру.

Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.

Көрнекілік:

Үлесітрме материалдар. Картотека №11.

Сабақтың типі:

Жаңа материалды оқыту.

Сабақтың түрі:

Теориялық білім беру.

Қолданылған

әдебиеттер:

«Анықтама» А.В. Гусеев.

«Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

 

.

II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық

Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

III. Жаңа материалдарды игеру кезеңі:

1. Тура мағнадағы шама «+» таңбасымен, қарама-қарсы мағнадағы шама «-» таңбасымен өрнектеледі.

2. Мысал-1: Іле Алатауындағы Талғар шыңы теңіз деңгейінен 4973 м биіктікте жатыр. Қара теңіздің ең терең жері теңіз деңгейінен 2210 м төмен. +4973; -2210; -2210 теріс сан.

3. Мысал-2: Таңертең ауа темперетурасы 30С суықтықты көрсетті;

Түсте 20С жылылықты көрсетті; -30С; +20С. Термометр 00С –тан төмен көрсетілсе -30С делінеді, ал 00С –тан жоғары көрсетілсе +20С делінеді.

4. -2210; -3 сандары теріс сандар.+4973;+2 сандар оң сандар көбіне оң сандар алдына + таңбасы қойылмайды.

Мысал-3: 2,7;4;3/5; 19 оң сандар, -8,9; -5/9; -15; 107 теріс сандар.

5. Егер берілген өрнекте оң сан бірінші орында тұрса немесе өрнекте бір ғана сан (мүше) болып және ол оң сан болса, оның алдына «+» таңбасы қойылмайды.

Мысалы: +3а-7,5в+8в өрнегі 3а-7,5в+8в түрінде жазылады.

6. Өрнектерде теріс санның тікелей алдында қосу көбейту, бөлу,азайту, таңбалары тұрса, ондаонда теріс сан жақшаға алынып жазылады.

Мысалы: 9+(-7); 8:(-2); 6·(-5); 7-(-3).

7. Егер теріс сан өрнектің бірінші мүшесі болса,ол жақшасыз жазылады.

Мысалы: (-8)+3а өрнегін -8+3а түрінде жазуға болады.

0 (нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды 0 (нөл) саны шамалардың сан мәндерін айқындауда санақ басы ретінде алынады.

IV Жаңа материалды оқушылардың игеру деңгейін анықтау:

1. Қандай жағдайда оң сан қолданылады?

2. Қандай жағдайда теріс сан қолданылады?

3. Теріс сан қалай жазылады?

4. 0 саны нені білдіреді?

V. Жаңа материалды: № 263,№264,№265,№266,№267,268 есептерін шығару арқылы бекіту.

VI. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.

1) Үйге №271,№272,№273,№274.

2) Сабақты қортындылау.

 

Математика 6-сынып Тексерген: ----------------------------

Күні:--------------------- Сабақтың №--------------

Сабақтың тақырыбы:

Оң сандар және теріс сандар.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға оң сан және теріс сандар тақырыбын еспетер шығару арқылы жетілдіру.

Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, есептер шығару.

Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.

Көрнекілік:

Үлесітрме материалдар. Картотека №11.

Сабақтың типі:

Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын жетілдіру.

Сабақтың түрі:

Практикалық (есептер шығару) жұмыс сабақ.

Қолданылған

әдебиеттер:

«Анықтама» А.В. Гусеев.

«Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

 

II. Үйге берілген: №271,№272,№273,№274. есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою.

III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру:

· Қандай жағдайда оң сандар қолданылады?

· Қандай жағдайда теріс сандар қолданылады?

· Теріс сан қалай жазылады?

· 0 саны нені білдіреді?

IV Сынып жұмысында: №275,№277,№279,№281 есептерді шығару.

V Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.

1) Үйге №276,№278,№280,№282.

2) Сабақты қорытындылау.

 

Date: 2016-06-09; view: 2124; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию