Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Р түрлі ортадағы элетр тогы тарауы бойынша есептердің шығарылуы





 

Физикалық есептердің алгоритмі мына элементтерден құралады:

1. есептің шартын оқу;

2. шартты қысқаша жазу және оны қайталау;

3. суретін, схемасын немесе чертежін салу;

4. есептің физикалық мазмұнын анализдеу және оны шығару жолдарын

(тәсілдерін) айқындау;

5. шешу жоспарын құру және жалпы түрдегі шешуін орындау;

6. шамалау және есептеулер;

7. нәтиже анализі және шешуін тексеру.

Есеп 1. Мыс хлориды (CuCl2) ерiтiндiсiн токпен электролиздегенде қанша уақытта массасы m = 4,74г мыс катодта бөлiнiп шығады.

Шешуi. Мыс хлориды суда ерiгенде электролиттiк диссоциалану нәтижесiнде оның молекулалары Cu2+ және Cl - иондарына ыдырайды.

Мыс хлориды ерiтiндiсiн электролиздегенде массасы m мыс катодта бөлiнiп шығатын уақыт Фарадей заңы бойынша мынаған тең:

.

Сандық шамаларын қойып, уақытты табамыз:

τ = 2 сағат.

Есеп 2. Электрондық шоқ жазық конденсаторға ұзындығы 50 мм пластиналарға параллель ұшып кiрдi. Егер конденсатордың пластиналарының арасындағы өрiстiң кернеулiгi 15 кВ/м болса, электрондардың жылдамдығы қандай болады?

Шешуi.

Рис. 1

Электрондар конденсаторда қозғалғанда оның абциссасы бiрқалыпты қозғалыс заңымен өзгередi x=vt, өйткенi x өсiнiң бағытында оған күш әсер етпейдi, ал y өсiнiң бағытында электр күшi әсер еткендiктен, оның ординатасы бiрқалыпты үдемелi қозғалыс заңымен өзгередi: y = .

Электрондар конденсатордан ұшып шыққан сәтте оның координаталары

x = l = vt,

тең болады. Осыдан уақытты жойып:

(1)

табамыз. Үдеудi Ньютонның екiншi заңынан табамыз: , мұндағы F=eE.

Оны (1) өрнекке қойып,

табамыз.

Есеп 3. Қимасы 0,2 мм2 тең өткiзгiштегi ток күшi тең. Өткiзгiштегi еркiн электрондардың концентрациясы равна 51028м3 тең. Электрондардың осы өткiзгiштегi реттелген қозғалысының орташа жылдамдығын табыңдар.

Шешуi. Өткiзгiштегi ток күшiнiң еркiн электрондардың концентрациясы және электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдығымен байланысын анықтайтын (5.2, §5.1) теңдеуiн пайдаланамыз. Осы теңдеуден электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдығы үшiн келесi өрнектi аламыз:

V=I/qnS.

Есептеп алатынымыз:

V=1A/1,6·10-19Кл·5·1028м-3·0,2·10-6м2≈6,25·10-4 м/с

Есеп 4. Электр шамының 23° С қызған кездегi вольфрам қылының кедергiсi 4 Ом. 0° С температурадағы кедергiнi табыңдар. Вольфрам кедергiсiнiң температуралық коэффициентi 4,8·10-3 К-1 тең.

Шешуi. Кедергiнiң температураға тәуелдiлiгiн сипаттайты теңдеудi есептеймiз:

R=R0(1+αΔt).

Одан:

R0=R/(1+αΔt)=4 Ом/(1+4,8·10-3 К-1·296 К)=3,6 Ом

Есеп 5. Егер кремний диодтан өтетiн күш I=5,5 мА, ал кернеу U=0,7 В тең болса, оның керi бағыттағы тұрақты токқа кедергiсiн табыңдар.

Шешуi. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңын қолданамыз:

I=U/R.

Демек:

R=U/R=0,7 В/5.5·10-3А1,3·10-3А

 

Орытынды

 

Физика – қазіргі заманғы техниканың ғылыми негізі. Физиканы оқыту процесінде оқушыларды физиканың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы, транспорт пен медицинадағы аса маңызды қолданыстармен таныстыруға, автоматика туралы түсінік беруге, практикада кеңінен қолданылатын өлшеу приборларымен және құрал-саймандармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау үшін мұның үлкен маңызы бар.

10- кластардағы физика бағдарламасы әр түрлі ортадағы элетр тогы жөнінде толық қамтиды. Әр парагрофта білімдер жүйесін қалыптастыруға қажетті негізгі ұғымдар, физикалық шамалар туралы мағлұматтар, бірліктер мен оларды өлшеу тәсілдері туралы мәліметтер ендірілген. Физиканы оқытудың негізінде эксперимент алынған.

Физикалық практикум - лабораториялық сабақтардың жоғарырақ басқышы, оның мынадай ерекшеліктері бар: оқушылардың әр түрлі тобы түрлі жұмыстар орындайды; физикалық практикум жұмысы мазмұны жағынан фронталь жұмыстарға қарағанда күрделірек және оны орындау үшін, әдетте, көбірек уақыт керек болады.

Физиканың «Әр түрлі ортадағы элетр тогы» тарауы ең негізгі және оқушылардың қиын меңгеретін бөлімі. Оның негізгі түсініктері– элетрондық өткізгіштік, диэлетриктер, жартылай өткізгіштер, кедергінің температураға тәуелділік коэфиценті, асқын өткізгіштік, қоспалық өткізгіштер, диод, транзистор, разрядтар. Оқушылар осы негізгі түсінктерді мұқият даярланған тәжірибелер жүйесінің көмегімен терең түсінуі мүмкін.

Әр түрлі ортадағы элетр тогы – әр түрлі ортада ток өткендегі қабаттасатын физикалық процестерді қарастыратын тарау.

Әр түрлі ортадағы элетр тогы бойынша қойылатын тәжірибелерді қарапайым қондырғылардың көмегімен көрсетуге болады. Оларды орындау техникасы қиын емес.

Орта мектептерде физиканы оқытудың алдында төмендегі негізгі міндеттер тұр:

• оқушыларға физика бойынша бастапқы білімдер жүйесін беру;

• физика жөніндегі ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістер туралы түсінік беру, бұл әдістерді меңгеруге жәрдемдесу;

• мектеп оқушыларының ойлауын дамытуға, олардың бойында дидактикалық-материалистік көзқарастың қалыптасуына көмектесу;

• оқушыларға политехникалық білім беруді, оларды қоғамдық пайдалы еңбекке және мамандық таңдауға әзірлеуді жүзеге асыру; Физиканың бастауыш курсы өзінің оңайлығына қарамастан, жүйелі білім беруге тиіс. Бұл жағдайда ол оқушылардың физикалық білімдерге деген қажетін толығырақ қанағаттандырады және олардың жоғарғы сыныптарда физика мен басқа да пәндерді оқып үйренуге дайындығын жақсартады.

Әр түрлі ортадағы элетр тогын оқып үйренуде дамыта оқытудың мәселелері: логикалық, теориялық, ғылыми-техникалық, диалектикалық ойлау қабілеттерін дамыта оқыту қолданылады.Қорытындысында оқушылардың зердесі және шығармашылық қабілеттері дамып жетіледі. Әр түрлі ортадағы элетр тогында оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін, логикалық ойлау қабілетін дамытатын жалпы танымдық әдістерді қолданып түсіндіретін материалдар көп. Әр түрлі ортадағы элетр тогында теориялық ойлаудың қалыптасуы жалпылауға және идеялауға мүмкіндік туғызады. Оқушылар құбылысты оқып үйрену кезінде ең маңыздыларын бөліп алады,абстракциялайды,одан ары керекті қорытындылар жасайды, жалпыдан жекеге көшу дағдысы қалыптасады.

Лабораториялық практикум сабақтарында компьютерлік модельдерді қолданған өте пайдалы, өйткені оқушылар тәжірибе жүру процесіне белсенді қатысуын жақсартады. Сонымен қатар көз көре алмайтын құбылыстарды жақсы көріп ойлау қабілеттілігін дамытады. Компьютермен өткізген практикум сабақтар өте ұзақ жүргізілетін және кей жағдайларда сол тәжірибелерге арналған қондырғылардың болмағанда күрделі құбылыстарды зерттеу өте эффективті әдіс болып табьілады. Сонымен қатар тәжірибені бір емес, бірнеше оқушылар жасауға болады

Ғылыми-әдістемелік журналдардан үзінділер келтіріліп, қолданылған әдебиеттердің құрамына енді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Кронгарт В.Кем Н.Қойшыбаев Физика 10-сынып, жаратылыстану –математика бағыты, Алматы «Мектеп»2006ж

2.Г.Я. Мякишев, Б.Б. Буховцев, Физика 10 класс, Алматы, «Рауан» 1996

3.Шахмаев Н.А., Каменцкий С.Е. Демонстрационные опыты по электродинамике. М. 1973

4.В.П.Орехов А.В.Усова Физиканы оқыту методикасы,Алматы «Мектеп»1987

5.Б.Е.Акитай Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері,Алматы 2006

6.М.Құдайқұлов Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі,Алматы «Рауан» 1988

7. Методика преподавание физики в средней школе: Молекулярная физика. Электродинамика, М. «Просвещение», 1985

8. «Математика және физика»ғылыми-әдістемелік журналы,№6,2011

9.«Математика және физика»ғылыми-әдістемелік журналы,№4,2008

10.«Физика» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы,№6,2011

11.Шамаш С.Я. Физический практикум в восмилетней школе. М., «Просвещение», 1964

12.Т.Д.Бердалиева Г.Қ.Қоңырбаева Б.Қ.Бекмұрзаева Физиканы оқыту әдістемесі пәнінен лабораториялық жұмыстар жинағы,Шымкент 2010

13. В.А.Буров Ю.И.Дик Практикум по физике с средней школе,Москва «Просвещение»1982г

14.Н.Ілиясов, Е.Көшеков - Оқушыларды физика есептерін шығаруға үйрету әдістемесі. «Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журнал, Алматы, «Әдіскер-мұғалім» редакциясы, №2, 2004

15. Р.Башарұлы, Т. Нұрбатырова «Физикадағы есептер мен оқу

экспериментінің жүйесі». «Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журнал, №4,2003.

16.С. Даулетқұлов «Есептер мен демонстрациялық тәжірибенің мәні».«Математика және физика», ғылыми-әдістемелік журнал, №6, 2003

17.WWW.Physe.kz.

 

Date: 2016-06-09; view: 1413; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию