Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Р түрлі ортадағы элетр тогы тарауында өтілетін тақырыптардың сабақ жоспары





Оқушының жеке тұлғасы,оқуға деген ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Осы аталған қасиеттерді жетілдіру арқылы олардың білім көкжиегін кеңейтіп,дамыта аламыз.Сонымен қоса физика курсынан алған білімдерінің практикалық пайдаланылуы мен күнделікті өмірде қолданылуын көрсете білуіміз керек.Төменде «Электролиттердегі электр тогы»тақырыбын өтуге арналған сабақ жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша жаңа сабақты «Презентация» тақырыбын қолдана отырып бекіту.

Сабақтың мақсаты: Компьютер мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып оқушылардың «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша білімдерін бекіту, пысықтау.

Дамытушылық міндеті: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін арттыру, эстетикалық танымын дамыту, болашақта алған теориялық білімдерін практикада ұштастыра білу.

Тәрбиелік міндеті: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа, Office қосымшаларын басқа пәндерді оқығанда тиімді қолдана отырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың типі: Презентация-сабақ.

Сабақтың түрі: Жаңа тарауды бекіту.

Сабақтың әдісі: Баяндама, түсіндіру, қорғау, диалог, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер. Электрондық оқулық, оқушылардың дайындап әкелген презентациялары. MS PowerPoint бағдарламасы. Интерактиті тақта.

Жаңа технология: Электрондық оқулық, М.Жампейсованың «Модульдік оқыту» технологиясы. Ақпараттық технология.

Пән аралық байланысы: информатика, физика, химия.

Сабақтың жоспары:

І кезең. Ұйымдастыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі. (5 минут)

ІІ кезең. Үй тапсырмасы:

1. Металдардағы электр тогы. (1 топ – 7 минут)

2. Жартылайөткізгіштердегі электр тогы. (2 топ – 7 минут)

3. Электролиттердегі электр тогы. (3 топ – 7 минут)

4. Газдардағы электр тогы. (4 топ – 7 минут)

5. Вакуумдегі электр тогы. (5 топ – 7 минут)

ІІІ кезең. Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма беру. (5 минут)

Сабақтың жүру барысы:

I кезең. Ұйымдастыру: Келген қонақтармен, оқушылармен амандасып, сабақтың мақсатымен, жоспарымен таңыстыру. Оқушылардың көңіл күйін, дайындығын қарап, сабақты бастау.

II-кезең: Үй тапсырмасы. «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша сынып 5 топқа бөлініп, әр топқа өз тақырыбы бойынша презентация жасап әкелу тапсырылған. Баяндамашылар кезек-кезек шығып үй тапсырмасы бойынша жұмыстарын қорғайды. Баяндамаға 4-5 минут уақыт беріледі. Болған соң басқа топ мүшелері, мұғалім (1-2 минут) баяндама жасап тұрған топқа сұрақ қойып, білімдерін тексере алады.

1 топ. Металдардағы электр тогы. Топ жетекшісі – Рахимбеков Орынхан. Топ мүшелері: Сейтханова Гүлсая, Зейнелов Ерболат.

 

 

Слайд 1 Слайд 2

Слайд 3 Слайд 4

Слайд 5 Слайд 6

Сұрақ-жауап: Металл өткізгіштің кедергісінің температураға тәуелділігі қандай формуламен анықталады?

2 топ. Жартылайөткізгіштердегі электр тогы. Топ жетекшісі – Жеңіс Тұңғат. Топ мүшелері: Тоқтарханова Аяулым, Биахметов Ерасыл.

Слайд 1 Слайд 2

Слайд 3 Слайд 4

Сұрақ-жауап: Жартылайөткізгішті қыздырғанда оның кедергісі қалай өзгереді?

3 топ. Электролиттердегі электр тогы. Топ жетекшісі – Мүбараков Қыдырбай. Топ мүшелері: Төлеутаев Төлеген, Амантаева Құндыз.

Слайд 1 Слайд 2

Слайд 3 Слайд 4

Слайд 5 Слайд 6

Сұрақ-жауап: электролиз қайда қолданылады?

4 топ. Газдардағы электр тогы. Топ жетекшісі – Абдыкаримов Думан. Топ мүшелері: Бағдатқызы Фариза, Нурмухамбетова Анар, Мұқаштегі Бауыржан.

Слайд 1 Слайд 2

Слайд 3 Слайд 4

Слайд 5 Слайд 6

Слайд 7

Сұрақ-жауап: Газдарда қандай бөлшектер ток тасушы бола алады?

 

5 топ. Вакуумдегі электр тогы. Топ жетекшісі – Саменов Саят. Топ мүшелері: Яғыбаева Сымбат, Бағдарбеков Айдос, Түсіпбаев Дастан.

Слайд 1 Слайд 2

Слайд 3 Слайд 4

Сұрақ-жауап: диод деген не? Оның жұмыс істеу принципі қандай?

 

ІII-кезең: Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма: тест жұмысына дайындық.

Қорыта келгенде интеграцияның практика жүзінде қолданыстағы бұл бір ғана мысалы. Мұндай тәсілдер сабақтың бірсарынды болып өтуінен сақтайды. Білім сапасы жоғарылап, оқушының жаңа жағдайда өзіне деген сенімінің артып, білімінің нақты, жан-жақты болары сөзсіз. Сондықтан «ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» демекші, сіздер де өз пәндеріңізді басқа пәндермен біріктіріп, үйлестіріп жұмыс атқаруға болады. Соған ат салысуларыңызға, және де шығармашылық табысқа жетулеріңізге тілектеспіз.

 

«Әр түрлі ортадағы электр тоғы» тарауы бойынша «Бақытты сәт» ойын сабағы.

Сабақтың негізгі мақсаты: Электр тоғының әртүрлі ортадағы, яғни металдардағы, сұйықтардағы, газдардағы табиғаты туралы ұғымды оқушыларға ойын элементтері арқылы түсіндіру.

Сынып окушылары екі топқа бөлініп жарыс ұйымдастырылды.

Құрал жабдықтар:

1) Қоржын

2) Секундомер

3) Бағалау парағы

4) Фишкалар

5) Үй тапсырмасы (әр командаға 2 сұрақ)

6) Конкурстық тапсырмалар

7) Жауап үлгілері

Ойын барысы

Әр командаға ат қойылады өз капитандарын тағайындайды.

І-гейм «Сергіту».

Әр топқа тарау бойынша қайталау ретінде 10 сұрақтан қойылады. Ал қарсылас топ сұрақтың дұрыстығын жазып бағалау парағындағы үлгі бойынша анықтайды. Сұраққа жауап іздестіруге 5 минут уақыт беріледі. Ең көп сұракқа жауап берген топ жеңеді.

ІІ-гейм «Теңге алу».

Ойынға қатысушылар қоржыннан нөмірленген шарлар алады. Жүргізуші әр нөмірге сәйкес сұрақты оқиды. Өзара талдаудан кейін капитандар жауап берді.

ІІІ-гейм «Жорга».

Жүргізушінің сұрағына бұрын жауап берген топ озады. 3 сұрақ қойылды.

ІV-гейм «Сен-маган, мен- саган».

Үй тапсырмасы бойынша әр топқа 2 сұрақтан қойып, жауаптары тындалады.

V-гейм «Көшбасшыны қуу».

Сұраққа барлық қатысушылар жауап береді. Көбірек дұрыс жауап берген топ жеңеді (4-7 сұраққа жауап берген оқушылар топқа қосымша ұпай әкеледі) 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші геймдерге әр біреуіне 1 минут уақыт берілді. Сұраққа тез жауап берсе уақыт үнемдейді, оны баска сұрақтарға пайдаланады. Әрбір дұрыс жауапқа топ 1 ұпай немесе 1 фишкадан алады (барлық фишкалар бір түсті).

4 сабақ

Жеке - топтық жұмыс формасы (45 мин)

Бұл сабақта картачкалар, суреттер бойынша деңгейлік тапсырмалар орындайды.

Дидактикалық материалдардан.

5 сабақ

Реле сынық тест орындайды. (15мин)

Өздік жұмыс. Есептер жинағынан. (30 мин)

Date: 2016-06-09; view: 1598; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию