Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






І-тарау Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауының қысқаша теориясы





М а з м ұ н ы

 

Кіріспе...................................................................................................................... 3

Негізгі бөлім

І-тарау Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауының қысқаша теориясы

1.1. Металдардың элетрондық өткізгіштігі ........................................................... 5

1.2. Жартылай өткізгіштердегі электр тогы .......................................................... 7

1.3. Вакуумдегі электр тогы ................................................................................. 11

1.4. Электролиттердегі элетр тогы ....................................................................... 12

1.5. Газдардағы электр тогы ................................................................................. 13

ІІ-тарау Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауын оқыту әдістемесі

2.1. Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауында өтілетін тақырыптардың сабақ жоспары ................................................................................................................. 15

2.2. Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауыбойынша есептер шығару ............ 22

Қорытынды.......................................................................................................... 26

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................... 27

Түсiнiктеме сөздiк................................................................................................ 28

 

 

 

Кіріспе

 

Физика материя қозғалысының неғұрлым жалпы қасиеттері мен заңдарын зерттейді. Ол осы заманға жаратылыс тануда жетекші роль атқарады. Мұның өзі физикалық заңдардың, теориялардың және зерттеу әдістерінің барлық жаратылыс ғылымдары үшін шешуші мәні барлығымен байланысты. Физика – қазіргі заманғы техниканың ғылыми негізі. Электротехника, автоматика, радиотелеметрия және техниканың басқа да көптеген салалары физиканың сәйкес бөлімдерінен дамып өрістеді. Ғылым мен техниканың әрі қарай дамуы физика жетістіктерінің техника мен өндірістерінің түрлі салаларына одан әрі неғұрлым терең етуіне алып келеді. Жаратылыстану үшін және техниканы дамыту үшін физиканың мәні арта беруіне байланысты, физиканы білу қазіргі қоғамның әрбір адамына қажетті бола түсуде.

Физиканы оқыту процесінде оқушыларды физиканың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы, транспорт пен медицинадағы аса маңызды қолданыстармен таныстыруға, автоматика туралы түсінік беруге, практикада кеңінен қолданылатын өлшеу приборларымен және құрал-саймандармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау үшін мұның үлкен маңызы бар.

Физиканы оқып үйрене отырып, оқушылар көптеген табиғат құбылыстарымен және оларға берілген ғылыми түсініктермен танысады, балалардың бойында дүниенің материалылығы туралы, қандай да болсын жаратылыстан тыс күштің жоқтығы, адамның қоршаған әлемді тану мүмкіндігінің шексіздігі туралы сенім қалыптасады. Физика мен техниканың даму тарихымен таныса келе, оқушылар адамның, ғылыми білімдерге сүйене отырып, айналадағы шындық болмысты қалай қайта өзгертетінін, өзінің табиғатқа билігін қалай арттыратынын түсіне бастайды.

Физикалық теориялар мен заңдарды оқып үйрену, құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, нақты физикалық есептерді шешуге теориялық білімдерді қолдану оқушылардың логикалық ойлануын, олардың танымдық қабілеттерін дамытуда үлкен роль атқарады.

Орта мектептерде физиканы оқытудың алдында төмендегі негізгі міндеттер тұр:

• оқушыларға физика бойынша бастапқы білімдер жүйесін беру;

• физика жөніндегі ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістер туралы түсінік беру, бұл әдістерді меңгеруге жәрдемдесу;

• мектеп оқушыларының ойлауын дамытуға, олардың бойында дидактикалық-материалистік көзқарастың қалыптасуына көмектесу;

• оқушыларға политехникалық білім беруді, оларды қоғамдық пайдалы еңбекке және мамандық таңдауға әзірлеуді жүзеге асыру; Физиканың бастауыш курсы өзінің оңайлығына қарамастан, жүйелі білім беруге тиіс. Бұл жағдайда ол оқушылардың физикалық білімдерге деген қажетін толығырақ қанағаттандырады және олардың жоғарғы сыныптарда физика мен басқа да пәндерді оқып үйренуге дайындығын жақсартады.

Физика - эксперименттік ғылым, сондықтан мектепте физиканы оқытудың негізінде де эксперимент қойылуға тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты: Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауына теориялық тұрғыдансипаттама бере отырып, мұндағы сабақтардың сабақ жоспары, физикалық практикум және есептердің шығарылуын талдап, Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауын оқыту әдістемесін қалыптастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

1.Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауының теориясын қарастыру, оның ішінде металдардың элетрондық өткізгіштігі, жартылай өткізгіштердегі электр тогы, вакуумдегі электр тогы, сұйықтардағы электр тогы, газдардағы электр тогын зерттеу.

2. Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауын оқыту әдістемесін қарастыру, оның ішінде:

Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауында өтілетін тақырыптардың сабақ жоспары мен әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауында қойылатын физикалық практикумдар;

3. Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауына берілген есептердің шығарылуын талдап көрсету.

 

І-тарау Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауының қысқаша теориясы

Date: 2016-06-09; view: 1141; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию