Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Йелдер консультациясы жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету





Мақсаты- әйелдер консультациясы жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету бойынша студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау.

Көрсетулері –преэклампсия кезінде құрысқақ ұстамасы.

Қарсы көрсетулері – жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары – құрысқақ ұстамасының қайталануы,

эклампсиялық кома және т.б.

Ресурстары - әйелдің нақпішіні (муляжы), сульфат магнийдің 25% ерітіндісі, қалақша (шпатель) немесе қасық, тілұстағыш, 20 мл шприц, 500 мл физиологиялық ерітінді, көктамырға құю үшін система, спирт, мақта, бұрау, тақтай төсек, АҚ өлшеу үшін тонометр, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Жүкті әйелдің қасынан кетпей әйелдер консультациясының барлық бос персоналдарын және жедел реанимациялық бригаданы шақырыңыз.

2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

4. Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:

· жүкті әйелді тақтай төсекке, зақымданудан сақтандырып, жатқызыңыз және оның басын сол бүйіріне бұрыңыз;

· дәкеге оралған қалақшаның немесе қасықтың көмегімен ауызды ашып дем алу жолын босатыңыз, тілұстағышпен тілді шығарыңыз;

· түкірікті (сілекейді) ауыз қуысынан шығарыңыз, тек қалай дем алысы пайда болған кезде, ауаның еркін кіруін қамтамасыз етіңіз;

· құрысқақты қойғызғаннан кейін, көктамырға сульфат магнийдің 5 г құрғақ заттарының (20 мл, 25% ерітіндісінің) жүктемелік немесе бастапқы (старттық) дозасын жайлап 10-15минут бойы енгізіңіз.

5. Жалғастырушы дозаны бастаңыз:

· инфузоматтың көмегімен 1 сағат ішінде 1-2г сульфат магнийді, ұзақтығы 12-24 сағат бойы үзбей көктамырға енгізіңіз;

· инфузоматтың болмауы кезінде, 320мл физиологиялық ерітіндіге 80мл, 25% сульфат магнийдің ерітіндісін қосып енгізіңіз, ал енгізудің жылдамдығы: ІІ тамшы/минутына -1г құрғақ затты/сағатына;

22 тамшы/минутына- 2г құрғақ затты/сағатына. Сульфат магнийді ұзақтығы 12-24 сағат бойы (1-2г сағатына) үзбей көктамырға енгізіңіз немесе (көктамырға енгізудің мүмкіндігі болмаған кезде, аса қажет жағдайда) 10г құрғақ затты 5г-нан әр бөксеге 1мл 2% новокаинмен немесе 1мл 1% лидокаинмен бір шприцте бұлшықетке енгізіңіз.

6. Артериялық қысымды бақылаумен бірге магнезиялық терапияны жалғастыра отырып, жүкті әйелді зембілге салып, тез босандырып алу үшін стационардың ІІІ-деңгейінің анестезиология және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызыңыз.

7. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

8. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

 

Ескерту. Магнийдің уыттылығының (гипокальциемия, дем алу орталығының тежелуі, артериялық гипотензия) белгілерінің пайда болуы кезінде 1г глюконат кальцийдің (10мл 10% ерітіндіні) көктамырға енгізіңіз.

 

 

Date: 2016-06-09; view: 602; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию