Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зертханалық жұмыс № 10





Жұмыстың тақырыбы:А.В.Николаев әдісімен топырақтың максимумды гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау

Жұмыстың мақсаты: Топырақтың гигроскопиялық ылғалдылығын анықтап, оның консонанттарымен танысып, оның параметрлерін ұйғарып, зерттеу әдістерін игеру. Оның мөлшерін пайдалана біліп, топырақтың пайдасыз қорын анықтауға қолдана білу.

Қысқаша түсінік. Топырақтың ауадан сіңіретін бу тәрізді суының ең көп мөлшерін максимум гигроскопиялық деп түсінеді. Ол мүлде құрғақ топырақ массасына пайызбен (%) бейнеленеді.

Максимумды гигроскопиялық шамасы топырақтың механикалық құрамы мен органикалық заттардың мөлшеріне байланысты, Механикалық құрамы жөнінен топырақ ауыр және неғұрлым қарашірік мөлшері көп болса, оның максимумды гигроскопиялық ылғал шамасы сонша жоғары болады. Қарашірігі мол және ауыр топырақтың МГ -12-18% дейін ауытқиды, ал қарашірігі шамалы жеңіл топырақтын МГ -тек 1% шамасында ғана болады.

Жұмыс барысы.

Топырақ су буына қанығуы үшін ашық бюксті эксикаторға қояды. Эксикатордың қақпағын жауып, температурасы тұрақты қараңғы жерге қояды.

Эксикатордың түбіне алдын ала күкіртті қышқыл калийдің (К2SO4) қаныққан ерітіндісін құяды, ол ауаның салыстырмалы ылғалдылығын шамамен 96% жеткізеді.

Бюкстің массасы ішіндегі затымен қоса максимум шамаға жеткенше және өзгеріссіз қалғанша эксикатордағы топырақ қаныға береді. Қақпақпен жабылған бюксті оқтын-оқтын (3-4 күнде бір рст) өлшеп отыру арқылы оның барынша қаныққанын анықтайды.

Топырақ су тәрізді ылғалымен барынша қаныққан соң топырағы бар бюксті тұрақты масса күйіне жеткенше 105°С температурада құрғату шкафында құрғатады. Өлшеу алдында бюксті СаС12 ерітіндісі бар эксикаторда салқындатады.

Жазбаны жазу үлгісі:

Топырақтың аты....

Стаканның нөмірі мен массасы (а)

Қанықтыратын топырақ өлшемі бар бюкстің массасы (в)....

Қаныққан топырағы бар бюкстің массасы (в)

1 - өлшеу

2 - өлшеу

Құрғатылатын топырағы бар бюкстің массасы (в)

1 - өлшеу

2 - өлшеу

Буланған судың массасы (а = в - в); г

Мүлде құрғақ топырақтың массасы (в=в - а)

Топырақтың максимум гигроскопиялығын мынандай формуламен есептеп шығарады:

мұндағы Wmг - МГ, %; а - буланған судың массасы, г; в - мүлде құрғақ топырақтың массасы, г.

Date: 2016-06-09; view: 837; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию