Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зертханалық жұмыс № 8





Жұмыстың тақырыбы. Топырақтың құрылым түзу ылғалдылығын (физикалық пісіп жетілуін) анықтау әдісі

Жұмыстың мақсаты. Топырақтың агрономдық тиімді агрегаттары оның қандай ылғалдылықтылығында түзілетіндігін ұйғару

Қысқаша түсінік. Топырақтың құрылым түзу ылғалдылығының нормативтік мөлшерін анықтап, ол әдістермен танысу.

Ылғалдылық белгілі бір шамаға жеткенде топырақ агрегаттар түзе бастайды. Агрономиялық тұрғыдан бағалы диаметрі (0,25 — 7 мм) агрегаттардың ең көп мөлшері түзілетін топырақ ылғалдылығын құрылым түзу (агрегациялану) немесе физикалық пісіп жетілуі деп атайды.

Бұл жағдайда топырақ жақсы үгіледі және оны өңдеуге энергия да көп кетпейді. Агрегация ылғалдылығы топырақтың механикалық құрамы мен ондағы органикалық заттардың мөлшеріне байланысты. Механикалық құрамы жөнінен топырақ қаншама ауыр болса, оның агрегация ылғалдылығы соншама жоғары болмақ.

Құрылым тузу ылғалдылығын анықтау, топырақтың физикалық жетілу күйін белгілеуге мүмкіндік береді.

Жұмыс барысы. Ауадай құрғақ топырақ үлгісін резеңке ұштығы бар келсаппен келіде түйіп, тесіктерінің диаметрі 0,25 мм-лік елекпен елейді. Одан массасы 20 грамдай 4-5 үлгі алып, оларды фарфор табақшаларға салады. Әрбір табақшаға белгілі бір су мөлшерін құйып, оны үнемі арттырып отырады. Мысалы, біріншісіне 2 мл, екіншісіне 4 мл және т.с.с. Табақшалардың ішіндегі үлгіні қалақпен мұқият араластырады.Анықтау нәтижелері

 

Анықтау көрсеткіштері Анықтау мәліметтері
Күні, айы...  
Топырақтың аты...  
Ауадай құрғақ топырақтың массасы, г...  
Қосылған су, мл...    
Стаканның нөмірі жөне оның массасы, г...  
Ішінде топырағы бар стаканный қүрғатқанға дейінгі массасы, г...  
Ішінде топырағы бар стаканның қүрғатқаннан кейінгі массасы, г...  
Буланған судың массасы, г..  
Мүлде құрғақ топырақтың массасы, г...  
Ылғалдылық, %...  

 

Болмашы ылғалданғанда табақшадағы топырақ агрегацияланбайды, едәуір ылғалданғанда - табақшаларда өлшемдері 0,25 мм-ден 10 мм-ге дейін жететін әр түрлі көлемдегі топырақ агрегаттары пайда болады. Аса ылғалданған табақшаларда агрегаттар түзілуі тоқтайды да, топырақ жабыскақ немесе аққыш күйге етеді.

Түйіршікті немесе ұсақ кесекті құрылым түзілген үлгіден кұрылым түзу ылғалдылығын анықтауға арналған топырақ өлшемін алады. Ол үшін 10-15 г топырақты оның ылғалдылығын өлшеу әдісімен анықтау үшін құрғату шкафына қояды. Оны тұракты масса күйіне жеткенше 105°С температурада құрғатады. Топырағы бар стаканды өлшемес бұрын, ішінде СаС12 ерітіндісі бар эксикаторда салқындатады.

Date: 2016-06-09; view: 772; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию