Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мыстың қасиеттері, технологиясы, ентаңбалануы және қолданылуы





Емтихан билеті

Мыс - қызыл-күлгін түсті (тығыздығы 8,94 г/см3) ауыр металл; Д.И.Менделеевтің периодтық элементтер жүйесінің 1 топ элементі; полиморфты түрленуі жоқ; кристалл торы - жағына шоғырланған куб; а=0,36074 нм. Мыстың физикалық қасиеті 10,1 кестеде келтірілген.

Мыстың бетінде тығыз тотық қабыршығы түзіледі, сондықтан мыс тотығының теңіз суында, атмосфералық ортада және әртүрлі химиялық орталарда: органикалық қышқылдарда, сілтілерде, құрғақ газдарда жегіделенуге төзімділігі жоғары. Бірақ мыс азотты және тұзды қышқылдарға, ыстық концентрацияланған күкірт қышқылына қарсы тұра алмайды.

Мыстың маркасы МОО МО М1 М2 М3 М4

Си, %.................... 99,99 99,95 99,9 99,7 99,5 99,0

Қоспалар, % 0,01 0,05 0,1 0,3 0,5 1,0

Мыстың және оның қорытпаларының мұнай, мұнайхимиялық және газ өнеркәсібінде қолданылуы. Мұнайқайтаөңдеу және мұнайхимиялық заводтарда мыс және оның қорытпалары жылуалмасу түтіктерін және конденсациялы-салқындату аппаратураларын, сонымен қатар мұнайгаздарынан майлайтын майлар және спирттерді өндіру үшін қолданылады. Жылуалмасу түтіктері мен конденсациялы-салқындату аппараттуралары жездерден жасалады. Мысалы, ЛО 70-1 ентаңбалы жез қолданады. Жезді түтіктерді мұнайқайтаөңдеу және мұнайхимиялық заводтарда қолдану олардың жемірілуге ұшырауы түтіктің бет қабатының технологиялық өніммен, сонымен қатар конденсациялы-салқындатқыш аппаратураларды салқындататын сумен әрекеттесуінің нәтижесінде байқалады.

Көпмөлшерде күкіртсутегінің болуымен қатар, оттегі, күкірттің екітотығы, көміртегінің екітотығы және аммиакта байқалды. Мұндай күрделі жебірлегіш ортаның әсерінен ЛО70-1 ентаңбасынан жасалған жез түтікшелері жылдам қирайды.

Төменде жезді түтікшелердің (ЛО70-1) мұнайқайтаөңдеу және мұнайхимиялық заводтарында жемірілуден қирау түрлері сипатталады:

1. Судың әсерінен салқындатқыш түтікшелердің беттерінде жырықтар және желінулер байқалады. Жез мырышсыздану нәтижесінде қирайды.

2. Түтікшелердің бет қабатында шөгіу түрінде біртекті жемірілу байқалады.

Мұнайқайтаөңдеу және мұнайхимиялық заводтарда конденсациялы-салқындатқыш түтіктері және жылуалмастырғыш жабдықтарының материалы ретінде қалыптастырылған жез қолданылады. Жемірілуге бейімділікті төмендету үшін тетіктің бетін алдын-ала тазарту, кептіру арқылы, сонымен қатар жемірілуді баяулатқыштар – ингибиторларды қолдануға болады.

Қалыптастырылған қалайылы жездерден жасалған вертикаль типті бензинді қаптама-түтікшелерінің заводтарда орташа қызмет ету уақыты 300-320 күнді құрайды. Түтікшелердің өлшемдері 19х1,5 мм. Түтікшелер дайындалатын қалайылы жездерді мышьякпен қалыптандырылған алюминийлі жезбен алмастыру түтікшелерді сол жағдайларда жұмыс уақытын 600 күнге дейін ұзартуға мүмкіндік береді.

Алюминийлі қалыптандырылған жездің құрамы: 76%Cu; 2%Al; 0,04%As.

Майлы қышқылдарды ысыту үшін қолданылатын ыдыстардағы иректүтікшелер, сонымен қатар мұнайгаздарынан спиртөндіретін аппаратуралар әдетте қызыл мыстан жасалады (М3 ентаңбалы). Конденсациалы-салқындатқыш жабдықтардың түтікшелерін жасау үшін биметалдар қолданылады: түтікшелердің ішкі жағы қалыптандырылған алюминийлі жезінен, ал сыртқы бөлігі азкөміртекті болаттан жасалады. Мұндай түтіктерді қолдану тапшы мыс қорытпаларының қолдануын қысқартады.

Мыс және оның қорытпалары мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау үшін қажет жабдықтарды жасауда қолданылады. Мойынтірек төлкелерінің, бұрғылау сорғыштарының, лебедкалардың және басқа да бұрғылау жабдықтарын жасауда қолалар қолданылады. Теңіз бұрғылау негіздерін жемірілуден қорғау үшін жұқа қабатты жезді гильзалар, сонымен қатар мыс-никельді қорытпалардан жасалған гильзалар қолданылады.

 

 

Date: 2016-06-09; view: 881; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию