Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Адамның жаратылуы





Бүгінгі таңда адам баласының жер бетінде пайда болуы жөнінде түрлі көзқарастар бар. Ондай көзқарастардың біріншісінде - діни түсінік бойынша бүкіл әлемді, соның ішінде адамды да құдай жаратты деген ұғым болса, екінші көзқарас бойынша адам баласы жер бетіне ғарыштан келген. Ал, үшінші пікір бойынша - адам баласы жер бетіндегі басқа да тіршілік иелері сияқты ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Әлемнің көпшілік ғалымдары осы көзқарасты жақтайды. Чарлз Дарвиннің ілімі бойынша адамның пайда болып, қалыптасуы мен дамуы қарапайымнан күрделіге қарай жүрген. Өйткені, алғашқы адамның қазіргі адамдардан көп айырмашылығы болды. Олар қолдары аяқтарынан ұзын, терісін қалың түк басқан ірі маймылдарға ұқсас келді. Жер бетіндегі ең алғашқы адам қалдығы 1959-1963 жылдардағы археологиялық қазба жұмыстары барысында Шығыс Африканың Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан табылды. Ғалымдар бұл ежелгі адамның түр-сипатына және қасынан табылған тас шапқыға қарап оны «епті адам» деп атады. «Епті адам» маймыл тәрізді төрт аяқпен емес, екі аяқпен жүрген. Оған табан сүйектерінің доғалданып келуі дәлел. Соңғы жылдары ғалымдар ашқан жаңалықтар жер бетінде адамның алғаш пайда болған отаны – Солтүстік-Шығыс Африка екенін дәлелдеді. Себебі ежелгі адамдардың қазынды қалдықтарының көбі осы аймақтан табылды. Адамзаттың келесі даму сатысындағы тіршілік иесі «тік жүретін адам» деп аталады. Олардың ғылымға белгілі өкілдері питекантроп пен синантроптар. Олар бұдан 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Бірінші питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралынан табылды. «Епті адаммен» салыстырғанда питекантроптың миының көлемі үлкейіп, бас және жақ сүйектері кішірейді, аяғы ұзарып, қолы қысқара бастаған. «Тік жүретін адамның» екінші бір түрі синантроп алғаш рет 1927 жылы Қытайдағы Чжоу-коу-дянь үңгірінен қазып алынды. Синантроп қаңқаларының жанынан түрлі пішіндегі тас құралдар мен күлдің, көмірдің, отқа күйген тастардың қалдықтары табылды. Адам дамуының келесі сатысы – неандерталь адамның пайда болуы. Бұл адам 1856 жылы тұңғыш рет Германияның Неандерталь жотасынан табылды. Неандерталь адамның өзінен бұрынғылармен салыстырғанда дене бітімі өзгеріп, қас үстіндегі дөңесі азайған және маңдайы жазылып, иек пайда болған. Қолдары күшті болғанымен, оларға қазіргі адамдарға тән икемділік пен шапшаң қимыл жетіспеді. 1938 жылы академик А.П.Окладников Өзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен 8-9 жастағы неандерталь баланың қаңқа сүйегін тапты. Ал, бұл баланың бет әлпетін танымал антрополог-ғалым М.М.Герасимов қалпына келтірді. Ежелгі дәуірде қоғамның дамуы өте баяу жүрген. Өйткені адамдар көп уақытын тамақ іздеумен өткізді. Дегенмен, адамзаттың жетілу құбылыстары да жүріп жатты. Олардың өмір сүру ортасына бейімделіп, денелерін тік ұстауы мен ойлау қабілеттерінің дамуы қазіргіге ұқсас адамдардың пайда болуына алып келді. Адам дамуының келесі сатысында неандерталь адамнан кейін дене бітімі қазіргіге ұқсас «саналы адам» қалыптасты. Мұндай адамның сүйегі алғаш рет 1868 жылы Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан, оны «кроманьон» адам деп атайды. Бұл адамның түр-сипатында қазіргі адамдарға ұқсас белгілер көп. Олардың маңдайы жазық, қабақ үсті аздап шығыңқы, мұрны кішірек, бас сүйегі қазіргі адамдарға ұқсас болып келеді. Сондай-ақ, кроманьон адамның дене бітімінде қазіргі адамдардан еш айырмашылық болмаған. Олардың бойы биік, аяқтары ұзын болған және тік жүрген. Осылайша, сырт бейнесі жағынан маймылға көп ұқсастығы болғанына қарамастан, алғашқы адамдар өзінің ежелгі туысынан анағұрлым биік тұрды. Өйткені оның ойлау қабілеті бар еді. Алайда, ежелгі адамдардың ой-өрісі алғашқыда тым шектеулі болып, ауыр да баяу қалыптасқанын ұмытпауымыз керек.

3. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық зиянды факторлар тірі ағзаларға əсер етеді. Ластаушы заттардың зиянын объективті бағалау жəне болжау экоанализдің арқасында ғана жүзеге асады. Экоанализ өзіне қоршаған орта объектілерінің химиялық жағдайын, биотестер арқылы эксперимент жасауды қарастырады. Табиғатты қоғау мақсатында биоиндикация ғылымына халықаралық деңгейде айтарлықтай көп көңіл бөліне бастады. Мониторинг жүйесінің жəне қоршаған ортаны қорғау биоиндикациялық бағытында жұмыстарды атқару мақсатында 1982 жылы Оттава қаласында биология ғылымдары халықаралық кеңесінің ассамблеясы өтті. Онда «биоиндикаторлар» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның басты принципі мынада: зерттеу əдістерінің стандарттарын жасау, аймақтық жəне ұлттық экологиялық мəселелерді шешу, биоиндикация саласында білікті мамандар дайындау системасын орнықтыру, қоршаған ортаның мониторингінде биоиндикациялық зерттеулерді кеңейту жатады. Қоршаған ортаның ластануы мен климаттың өзгеруін анықтау үшін биологиялық индикатор ретінде ағаштарды алу өте кең таралған. Жыл сақинасының санын есепке ала отыра: жауын – шашын мөлшері аз түскен уақытта немесе атмосферада ластаушы заттардың концентрациясы артқан жылдары тар сақиналар пайда болған. Дəл осылай, ағаш діңінде экологиялық жағдайдың динамикасын байқауға болады. Тірі биоиндикаторлар. Жануарларда биоиндикациялық зерттеудің нысаны бола алады. Осындай зерттеулер кезінде топырақ фаунасының өкілдері қолайлы, олар биомассаның 90-99% жəне 95% зооценозға кіретін барлық түрлерді құрайды. Биоиндикатор ретінде химиялық ластануға пайдаланылатын жануарларға келесі талап қойылады: санының көп болуы, интенсивті зат алмасу, өмір сүру ұзақтығы, интенсивті көбею, отырықшылық, мекен ету ортасының кіші болуы, зерттелетін антропогендік фактормен жиі байланыс, дала жағдайында ақпараттың жеңіл жиналуы, зерттелетін факторға жануардың сезімталдығы.

Биотестілеуде биоиндикация тəсілінің физико – химиялық тəсілден артықшылығы мынада: 1. Қорошаған ортадағы биологиялық маңызды ақпараттардың барлығы негізге алынып, оның бүтін жағдайын көрсетеді; 2. Қоршаған ортада ластаушы комплекстердің бар – жоғын анықтайды; 3. Тұрақты антропогендік салмақ нəтижесінде биоиндикаторлар өте əлсіз аккумуляция мөлшеріне жауап беруі мүмкін; 4. Қоршаған ортадағы өзгерістер жылдамдығын бекітеді; 5. Экологиялық жүйеде ластаушы заттардың шоғырлану жеріне жəне адам организмі əсеріне түсу жолдарына бағыттайды[5]. Қорытынды: Қазіргі жаһандану заманында адамдар əлі де болсын экологиялық проблемалардың алдын алу шараларының маңыздылығын жете түсінбейді. Қоршаған ортада адамның тіршілігі үшін маңызды көрсеткіштердің қайтымсыз өзгеріске ұшырауы үлкен қауіп төндіреді. Себебі адам биотикалық ортамен өте тығыз байланыста болады. Адамзат табиғаттағы биологиялық алуантүрлілікті сақтап, табиғаттағы тепе – теңдікті бұзбай болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыру үшін сақтауы қажет. Табиғат жəне адам бұл ажырамас ұғымдар. Өндіріс жүйесінде адам басты тұлға болғандықтан экология ғылыми бақылау, тəжірибе жасау, ғылыми зерттеулер арқылы адамның табиғатпен ара – қатынасын дұрыс ұйымдастыру, өндірісті табиғи ортаға заласыз етіп жүргізу туралы ұсыныстар дайындауға тиімді жолдар мен əдістер табуға міндетті. Экологиялық проблемаларды шешуді тек жалғыз мемлекет тарапынан қарастырмай, əлемдік деңгейде басты назарда ұстауымыз қажет. Себебі бір экологиялық проблема өз есебінен екінші бір глобальдық проблемаға əкеліп соқтырады. Адамзаттың экономикалық проблемаларға берілгендігі сонша, маңызды экологиялық ресурстарды ысырап етіп. Мысал ретінде, ормандарды, жасыл өсімдіктерді алсақ?! Көптеген мемлекеттер үшін олар тек қана импорт жəне экспорт көзі ретінде ғана бағаланады, ал олардың өмірге қажетті оттегіні өндіретіні қалай?! Болашақта оттегінің қоры таусылмайтынына кім кепілдік береді? Дегенмен біз бірте – бірте табиғатты қорғауға ат салысатын қадамды анық əрі ойланып жасауымыз керек.

Билет

Экотоксикологиядағы химиялық және биологиялық әдістердің ерекшелігі немен анықталады? Суда, ауада, топырақта экотоксиканттар концентрациясы қандай өлшем бірлікпен өлшенеді.

Date: 2016-06-09; view: 974; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию