Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Атомдардың биологиялық айналымы (БИК) – анықтама беріңіз. БИК қандай көрсеткіштермен өлшенеді





Жер эволюциясының биологиялық және химиялық үрдістері

Экологиялық мониторингтің электрохимиялық әдістері

Атомдардың биологиялық айналымы (БИК) – анықтама беріңіз. БИК қандай көрсеткіштермен өлшенеді.

Жер эволюциясының биологиялық және химиялық үрдістері

Экологиялық мониторингтің электрохимиялық әдістері

Күкірт айналымы-табиғатта күкірттің үздіксіз айналу құбылысы. Күкірт өзінің оксидтері SO3пен SO2 күкіртсутек H2S және бос күйінде жанартаулардың атқылауы кезінде сырты ортаға шығарылады. Адам мен жануарлардың организмінде күкірт аминқышқылдары мен белоктың құрамында болады, ал өсімдіктерде эфир майларының,т.б. ұүрамына кіреді.Оттегі айналымы-фотосинтез процесінен басталады. Оның биологиялық айналымы250т жыл, ал биосферадағы (салмақтық%0) мөлшері -23,1%(288м,л) литосферада -47,2% гидросферада-86,9%. Гидросферадағы бос оттегінің мөлшері шамамен 4,5мг,л осы оттегіні су организмдері өздерінің тіршілігіне жұмсайды.Фосфор айналымының ерекшелігі –редуценттердің фосфорды органикалық түрден бейорганикалық түрде тотықтармай көшіретіндігінде. Фосфор айналымын тұйықталған депесептеуге болмайды, себебі фосфаттардың басым көпшілігі мұхит шөгінділерінде қалып отырады.

2. А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған “Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория бойынша тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған.Жер бетіндегі тіршілік жоғары саналы жануарлар, қарапайым жалғыз клеткалы организмдерден бастап, түрлі вирустар болып табылатын жалғыз белокты молекулалардан құралған нысандардан құралған. Вирустар инертті кристалдық нысанда немесе қозғалмалы жағдайда өмір сүреді. Белоктық молекуланың өзі болса, оларға қарағанда қарапайым бөліктерден – бір-бірімен түрлі химиялық байланыстар арқылы байланысып, амин қышқылдарын құрайтын көміртегінің, сутегінің, азоттың, оттегінің, қосылыстарынан тұрады.

3. Электрохимиялық анализ әдістері химия, биология, медицина саласына және қоршаған орта объектілерін зерттеу мен олардың мониторингінде көптен бері және өте тиімді қолданылуда. Бұл электрохимиялық әдістердің жоғары сезімталдығы мен таңдамалығына, оларды жеңіл автоматтандыру және анализ нәтижесін белгілі арақашықтықтан тіркеу мүмкіндігінің болуына тікелей байланысты. Электрохимиялық әдістердің басқалардан ерекшелігі, олардың ішінде эталонсыз (кулонометрия) және көп элементтілері (вольтамперометрия) де бар. Электрохимиялық әдістерге универсалдылық тән, оларды әртүрлі табиғи және техникалық объектілердегі бейорганикалық және органикалық заттарды анықтауда көп жағдайда еш қиындықсыз жүзеге асыруға болады және алдын-ала сынама дайындаудың да қажеттігі болмайды. Электрохимиялық анализ әдістері электрод бетінде немесе электрод аралық қабатта жүретін процестерді қолдануға және оларды зерттеуге негізделген. Анықталатын компоненттің концентрациясына тәуелді болатын және тікелей өлшеуге болатын электрлік параметр (потенциал, ток күші, кернеу және т.б.) аналитикалық сигнал бола алады. Электрохимиялық әдістерді тура және жанама деп бөлуге болады. Тура әдістерде ток күшінің (потенциалдың және т.б.) анықталатын компонент концентрациясына тәуелділігін қолданады. Жанама әдістерде ток күшін (потенциалды және т.б.) анықталатын компонентті қолайлы титрантпен титрлеу кезіндегі соңғы нүктені табу үшін өлшейді, яғни бұнда өлшенетін параметрдің титранттың көлеміне тәуелділігін қолданады.

Электрохимиялық анықтаулардың кез-келгені үшін электрохимиялық тізбек немесе электрохимиялық ұяшық қажет, оның негізін анықталатын ерітінді құрайды.

Сонымен, электрохимиялық әдістер – анықталатын заттардың электрохимиялық қасиеттерін анықтауға негізделген әдіс, яғни, электрохимия электр тогының әсерінен жүретін реакцияларды зерттейтін ғылым саласы. Бұндай реакцияларды электрохимиялық реакциялар деп атайды. Электрохимиялық реакциялардың жүруі нәтижесінде химиялық энергия электр энергиясына, немесе керісінше электр энергиясы химиялық энергияға ауысады.

Электрохимиялық әдістерге: потенциометрия, вольтамперо­метрия (полярография), кондуктометрия, кулонометрия және электрогравиметрия әдістері жатады.

Билет

Date: 2016-06-09; view: 1179; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию