Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Биота жағдайын бағалау критериилері. Қоршаған орта жағдайының индикаторы есебінде өсімдіктерді зерттеу





Жауабы:

1. Биосфера(грекше bios-тіршілік және sphaira-шар)-Жердің сыртқы қабығы, Жер шарындағы тіршілік таралған аймақ, оған атмосфераның 25-30 км-ге (озон қабатына) дейінгі бөлігі, бүкіл геосфера дерлік және литосфераның 3км тереңдікке дейінгі жоғарғы бөлігі кіреді. Бұл бөліктердің ерекшелігі-оларда ғаламшардың тірі материясын құрайтын тірі ағзалар мекендейді. Биосфераның абиотикалық бөлігінің –ауа, су, тау жыныстары мен органикалық заттар-биотаның өзара әрекеттесуінен топырақ пен шөгінді жыныстар пайда болған.

Жер және оның қазіргі келбетіндегі қоршаған орта бүкіл Күн жүйесінің табиғи дамуы нәтижесінде шамамен бұдан 4,7 млрд жыл бұрын қалыптасқан деп жорамалданады. Күн сәулесінің жылуы- Жер ғаламшарының климатын қалыптастырған басты компоненттердің бірі, көптеген геологиялық процестер дамуының негізі. Ғаламшардың тұңғиық тереңінен шығатын тасқыны осы ойды дәлелдейді.

Соңғы кездегі деректер бойынша Жердің массасы 6*1021т, бетінің ауданы 510,2млн км² деп есептеледі. Ол ішкі және сыртқы кіндіктес қабықтардын –геосфералардан тұрады. Ішкі геосфераларға оның мантиясы мен ядросы, сыртқы қабықтарға-литосфера(жер қабығы),гидросфера(су қабығы),атмосфера(ауа қабығы) және Жердің күрделі қабығы-биосфераға жатады.

Литосфера- жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосфераменшектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның қалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.

Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жербетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. 2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м).

Атмосфера (гр. ατμός — «ауа» және гр. σφαῖρα — «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиатцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді. Атмосфераның орташа қалыңдығы - 150 км.Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен,аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді.

2. Жекелеген адамзат тіршілігінің дамуы (онтогенез) «жабулы» күйінде адамзат тегінің тарихын қайталайды (филогенез). Тұлғаның адамгершіліктік қалыптасуы процесінде табиғаттың басым күшінің рөлі адамдардың қол жеткізген, тәрбиеленген, дамыған әлеуметтік қасиеттеріне байланысты өзгеріп отырады. Қоршаған ортаға индустриалды араласудың күшеюін ғылыми-техникалық және ақпараттық революциямен байланыстыруға болады. Ол табиғат ресурстарын шектен тыс өндіруден және қоршаған ортаның қоқыстармен жан-жақты ластануынан көрінеді. Одан адамзат қоғамы үшін болжанбаған теріс құбылыстарға әкелетін биосферадағы қайтымсыз өзгерістердің қаупі туындайды.

«Табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.Н.Ф.Реймерс адамның өмір сүру ортасын 4 компонентке бөліп қарастырған. Оның үшеуі антропогенді факторлардың әсерінен белгілі бір дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі-тек адамзат қоғамына тән -әлеуметтік орта. 1. Табиғи орта-адамның әсерінен болмашы өзгеріске ұшыраған немесе өзгерістер оның өздігінен қалпына келу және өз-өзін реттеу қабілетін жоймаған орталар. 2. Квазитабиғи орта (квази-ұқсас) адамның әсерінен өзгерген табиғи орта. Оған егістік танаптары, баулар, жүзімдіктер, саябақтар т.б. жатады. Мұндай орта ұзақ уақыт барысында өзін-өзі ұстап тұруға қабілетсіз. 3. Артетабиғи орта (арте -жасанды) адамның қолымен жасалған орта. Оларға тұрғын және өндірістік ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер, қала және т.б. жатады. Индустриалды қоғамның халқының көп бөлігі нақ осындай жасанды немесе техногенді ортада тұрады. Адамның өзгерген және қолдан жасалған ортасы материалдық ортаны құрайды. 4. Әлеуметтік орта –адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық жағдайын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі, яғни социум.

3. Минералдық шикізаттарды ұтымды өңдеу шаралары олардың 1 бастапқы компоненттерін ьарынша толық пайдаланып, қалдықсыз өндіріске көшуді көздейді. Белгілі бір технологиялық процесте пайда болатын қалдықтардың мөлшеріне қарай шикізатты пайдаланудың тиімділігі туралы пікір айтуға болады. Солай бола тұрса да, қалдықтардың пайда болуы өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерінің көлемін анықтайтын негізгі факторлардың біріне жатады, демек, ол технологиялық процестің экологиялық көрсеткіші бола алады. Мұнда қалдықтарды сандық бағалаумен қатар, олардың компоненттерінің уыттылығын және қоршаған ортаға қауіптілігін анықтауға мүмкіндік беретін олардың сапасын ескеру қажеттігі туады. Бүгінде барлық қалдықтардың мөлшері бойынша технологияның жетістіктерін бағалауды қамтамасыз ететін нақты әдістеме қабылданған. Мұндай өндірістің нақты түрлерінде бағалау критерийлері-өлшемдері халық шаруашылығының бірқатар салаларында қолданылуда.

Биосфераның ластануын бағалаудың экологиялық критерийлер жүйесі өндіріс пен өнеркәсіп орындарына экологиялық төлқұжат беруді қажет етеді. Бұл-нысандардың немесе өнеркәсіп орындарының нормативтік-техникалық құжаттарының жаңа түрі. Онда көрсетілетін мағлұматтар:1)Кәсіпорында қолданылатын технологиялар,2) пайдаланылатын ресурстардың (шикізаттың, отынның, энергияның) сандық және сапалық сипаттамалары; 3) шығарылатын өнімнің сандық және сапалық сипаттамалары; 4) қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтардың сипаттамасы; 5) кәсіпорында қолданылатын технологияларды шетелдік және отандық озық технологиялармен салыстыру нәтижелері.

Иңдикациялық тәсілдің комегімен топырақтың типін ғана емес, сонымен бірге олардың қасиеттерін (құрамындағы тұздардың молшерін, механикалық құрамын және т.б.), топырақ түзетін аналық пародалардың типін, жер асты суларының қаншалықты тереңдікте жатқандығын және пайдалы қазбаларды анықтауға болады. Мысалы, шөлдің немесе шолейттің осімдіктер жабынында фреатофиттер қауымдастықтарының болуы, басқаша айтқаңда тамыр жүйелері тұрақты түрде жер асты суымен байланысты болатьш өсімдіктердің болуы осы жерде тұщы судың барлығының берік кепілі болып табылады. Қара сексеуіл (саксаул безлистый), көдімгі жантақ (верблюжья колючка ложная или обьжновенная шағыр жусан (полынь песчаная) және т.б. бірден-бір гидроиндикаторлар болып табылады. Ақ шидің (чий блестящий) болуы сол жерде жер асты суының жақындығын корсетеді. Алтайда мыстың иңдикаторы ретіңде Патрэн аққаңбағын (качим Патрэна мырштың иңдикаторы ретінде шегіргүл туысының (р.фиалка -) бірнеше түрлерін және ярутканы (р. ярутка — Тһіазрі) пайдаланады. Осімдіктерді индикатор ретінде, топырақтың және геологиялық карталар жасауға, әсіресе аэрофотосъемканы пайдалануға байланысты маңызы ерекше артып отыр. Ойткені фотоснимкеде коп жағдайда тек өсімдіктер мен рельеф корінеді, солар арқылы ландшафттың негізгі компоненттерін, топырақты, породаларды, жер асты суларьш ажыратады.

Билет

Date: 2016-06-09; view: 1436; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию