Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кайнозой дәуірі жіне антропоген. Негізгі процесстер мен уақытша период





Үштiк кезең. Кайнозой бiрдей емес екi кезеңге бөлiнедi: үштiк және төрттiк. Үштiк кезеңнiң өзiнде сүтқоректiлер құрлық, су, ауаның әртүлi жағдайларына бейiмделiп, мезазойдағы бауырымен жорғалаушылардың орнын басты. Палеоцен мен эоценда жәндiкқоректiлерден алғашқы жыртқыштар түзiледi, ал олигоценде олардан қазiргi кездегi үлкен жыртқыштар: аюлар, мысықтұқымдастары, иттұқымдастары бөлiнiп шықты. Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында жыртқыштар теңiзге өте бастады, олардың ұрпақтары – ескекаяқтылар мен киттәрiздiлер. Ежелгi палеоцендi жыртқыштардан алғашқы тұяқтылар шықты, кейiн олар: жұпаяқтылар, тақаяқтылар, пiлтұмсықтылар бұтақтарын бердi.

Төрттiк кезең; қазiргi кездегi ландшафтардың түзiлуi. Төрттiк кезең шамамен 1-1,5 млн жылға созылды. Уақыттың көп бөлiгi мұздық ғасырға- плейстоценге келедi. 12000- 20000 соңғы жылдарда соңғы ғасыр — голоцен болады. Плейстоценнiң басында Европа және СССР фаунасы жылу сүйгiш болды, көптеген субтропикалық түрлердi сақтады. Плейстоцен барысында Евразия және Солтүстiк Америка территориясы төрт рет мұздануға ұшырады. Мұздың тiлшесi Скандинавиядан басталып, Киевке, Харьковск және Воронежге жеттi. Антарктида, Исландия, Солтүстiк Жер, Франц-Иосиф Жерi, Памир және Тянь-Шянь мұздығы төрттiк мұзданудың қалдықтары.

Төрттiк кезең барысында мастодонттар (ежелгi пiлдер), мамонттар, қылыштiстi жолбарыс, үлкенмүйiздi бұғылар жойылды. Үлкен сүтқоректiлердiң жойылуына ежелгi аңшылар себеп болды. Олар мамонт пен Евразиядағы жүндi мүйiзтұмсықты, мастодонттарды, жылқыларды Америкадағы теңiз сиырларын құртып жiбердi. Үлкен жыртқыштардың жойылуы (үңгiр арыстаны, үңгiр аюы) адамның олардың жемтiгiн – үлкен тұяқтыларды жойып жiберуiмен байланысты.

Мұздану аймағындағы жылудың терiс балансы су буының қар түрiнде конденсациялануына әкеп соқтырды, ал мұздар мен қардың еруi жыл сайын түскен қардан аз су бердi. Құрлықта мұздың үлкен қорының жиналуы дүниежүзiлiк мұхиттың деңгейiнiң түсуiне әкеп соқтырды. Нәтижесiнде континентальдi Европа мен Британдық аралдар, Азия мен Солтүстiк Америка, Приамурье мен Сахалин арасында Үндi Қытай жартылай аралы мен Зонд архипелагының аралдары арасында құрлықтық көпiр түзiлдi. Құрлықтың бұл бөлiктерi арасында жануарлар мен өсiмдiктер арқылы алмасу жүрдi.

Құрлықтағы жануарлар мен өсiмдiктер арасындағы жолдар болатын құрлықтық көпiрлер бұрын араласатын теңiздер арасындағы фауна және флора алмасуына кедергi жасады. Азия мен Австралия арасында құрлықтық көпiрдiң болмауы, қарапайым сүтқоректiлер — клоакалы және қалталыларға өмiрiн сақтап қалды, олар үштiк кезеңде басқа континенттегi плацентарлы сүтқоректiлермен ығыстырылған.

Ескi дүниеде (Мадагаскардан басқа) адам 500 мың жыл бұрын мекендей бастады,. Соңғы мұзданудан бұрын (шамамен 35-40 мың жыл бұрын) қазiргi Беринг бұғазы арқылы өтетiн құрлықтық көпiр арқылы ежелгi аңшылар Азиядан Отты жерге дейiн қоныстанған Солтүстiк Америкаға өттi. Мұздықтардың еруi барысында мұздықтан босатылған территорияларға адамдардың екiншi қоныстануы жүрдi.

Шамамен 10000 жыл бұрын Жердiң жылы аудандарында (Орталық теңiз, Таяу Шығыс, Индия, Қытай) жануарларды үйге үйретiп, өсiмдiктердi мәдени түрге айналдыра бастады.

Адамның жинау мен аңшылықтан егiншiлiк пен мал бағуға өтуiмен байланысқан, «неолитикалық революция» басталды.

Адамның белсендi қызметi: жер жырту, ормандарды сиретiп, өртеу, жайылымдарды жасап, үй жануарларымен шөптердi таптау, тiкелей жою- көптеген дала жануарлар ареалының қысқаруы мен жойылуына (тур, тарлан), шөлдер ауданының кеңеюiне (Сахара, Қарақұм), қозғалғыш құмның пайда болуына әкеп соқтырды.

Ескi дүниедегi бүкiл төрттiк кезең адамның қатысуымен жүрдi. Бұл органикалық дүниенiң қазiргi кездегi түрлiк құрамын анықтады, организмдердiң қазiргi биогеоцендарды түздi және қазiргi аймақтылыққа әкеп соқтырды. Түртүзiлу мен таралуында құрлықтық көпiрлер, мұздықтармен изоляциялану үлкен роль атқарды. Төрттiк кезең бойы көптеген түрлер мен түрастылар дамыды.

3. Дистанционды мониторинг - бұл авиациялық және космостық мониторингтің жиынтығы. Кейде бұл ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды жинау орталығына беріліп отыратын, адам аяғы басуы қиын жерлердегі приборлар арқылы алыстан ақпараттарды беру әдістерін (радио, спутник) де жатқызады

Космостық фотосуреттер қазіргі картографияда кеңінен қолданылады. Жерді қашықтықтан (дистанциондық) зондылау және космостық түсірудің жаңа әдістер табиғи процестер мен құбылыстардың динамикасы, ландшафттың жағдайы, табиғи ресурстардың орналасуы мен бар болуы туралы ақпаратты үнемі тез және жан- жақты беруге көмектеседі. Алынған ақпараттың дұрыстығы жоғары.

Аэрофотосуреттер сияқты космостық суреттер де жергілікті объектілер туралы жалпы және жеке ақпараттар береді, бірақ аэрофотосуреттермен салыстырғанда бірнеше оң айырмашылықтары бар:

- жоғары түрде шолу(высокая обзорность) жербетіндегі құбылыстарды глобальді зерттеуге мүмкіндік береді, ұсақ масштабта әрбір деталды сүйене отырып негізгі белгілерді (оснобные черты) бақылауға болады

- уақыт интервалмен екіенші рет түсіру мүмкіндігі кезінде динамикалық процесті зерттеуге болады

- суреттің әрқашан белгілі масштабы оның автоматтың өңделуін жеңілдетеді

Сонымен қатар бірнеше теріс жақтары да бар:

- жердің сфералық болуына байланысты суреттің шеттерінде қатты бұрмаланудың болуы

- жарық жағдайының тез ауысуы

- ірі масштабты түсірісте ортаға түсіру жіңішке жолақ түрінде болады

Масштаб бірнеше космостық суреттерді 3 топқа бөледі:

- ұсақ масштаб (1:100 000 000- 1:10 000 000)

- орта масштаб (1:10 000 000-1:000 000)

- ірі масштаб (1:1000 000- 1:100 000)

Суретті 5-10 есе үлкейткен кезде зерттейді, ал жоғары ақпаратты 10-30 есе үлкейткен кезде алады. Жоғары ақпаратты суреттерді ұзын фокусты ақпаратты пайдалана отырып төменгі биіктіктен (100 метрге дейін) алуға болады.

Ұсақ масштабты суреттерді спутниктен 100 мың км биіктіктен алады. Оның айналу жылдамдығы жердің айналу жылдамдығымен сәйкескеледі, сондықтан спутник 1 нүктенін үстінде қалады. Мұндай суретті стационарлық деп атайды. Бес геостационарлық спутниктер планетаны түгелдей бақылайды. Әрбір 30 минуттен кейін жердің қабылдауыш геостацирнарлық суреттер беріледі, олар синоптикалық динамикалық карталар құрылуы үшін пайдаланады.

500- 200 км биіктікте орта масштабтағы космостық суреттерді біршама мұхиттық, метеорологиялық және картографиялық жұмыстарды қамтамасыздандыру үшін спутниктер ойланды.

200- 100 км биіктікте жоғары мүмкіндігі бар деталды ірі масштабты суреттер алады. Суреттердің мүмкінділігі (разрешающая способность)- суреттің масштабы үлкейту кезде жергілікті жердің бейнелеуінің сақталу мүмкіндігі бар. Фотосуретті бірнеше рет үлкейтуге болады. Әр үлкейткен кезде қосымша ақпараттар ала отырып, орбита биік болған сайын суреттің мүмкінділігі (разрешающая способность) төмен, түсіріс аппаратының фокусы ұзын болған сайын мүмкіндік жоғары (выше разрешение).Орташа мүмкіндігі бар суреттер (100м-ге дейін) геологиялық зерттеуде кеңінен қолданады.Олар қысқа фокусты камерамен алынған фотосуреттер мен «Ландсат», «Метеор» суреттері.

Билет №50

Date: 2016-06-09; view: 1582; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию