Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тағамдық улар. Ауадағы улар. Судағы улар





Азық-түлік өнімдерінің сапасын жақсарту, сақталу мерзімін арттыру н/е оларға белгілі бір қасиет енгізу мақсатында олардың құрамына тағамдық қосымшалар мен консерванттар енгізеді. Консерванттар дегеніміз микроорганизмдерге стерильдендіре әсер ететін антисептикалық заттар (күкірт ангидридінің судағы ерітіндісі, бензой қышқылы, ас тұзы, антибиотиктер), тамақ өнеркәсібінде, медицинада, ғарышқа ұшуда қолданылады. Майларды орайтын қаптамаларға осындай заттар сіңіріледі. Әлемдік тәжірибеде тағамдық өнімдерге антитотықтырғыштар (шыжғырылған), кулинария, кондитер бұйымдарына өнімнің 1кг-ына 200мг мөлшерінде қосуға рұқсат етілген.

Кондитер өнімдеріне, атап айтқанда, балмұздақ тұрақтандырғыш ретінде агар, агароид, натрий альгинаты қосылады. Колбаса өндіруде натрий фосфаты, пирофосфорқышқыл натрий қолданылады. Тағамдық заттардың қоюландырғыш орнына осы аталғандардың басқа целлюлоза, желатин, метилцеллюлоза пайдаланылады.

Дәм бергіш заттар ретінде қантты алмастырғыштарды пайдалануға болады. Бізде оларды диеталық тағамдар үшін қолданады. Осы мақсатта сорбит пен ксилит, сахарин пайдаланылады. Бірқатар елдерде тәттілендіруші зат ретінде кальций мен натрий цикламаты ұсынылады.

Тағамдық өнімдерге хош иіс беретін заттардың барлығын 3 топқа бөлуге болады:

1) өсімдіктер мен жануарлардың сығындылары;

2) өсімдік текті эфир майлары;

3) жекелеген химиялық қосылыстар.

Табиғи бояғыштардың барлығы азық-түлік өнімдерін бояуға қолданылады. Ал синтетикалық бояғыштардың ішінде зиянсыз заттар жоқ. Мұндай бояғыштар күшті уытты болмағанымен, олардың көпшілігі канцерогендер, мутагендер, аллергендер болып табылады.

Мұндай препараттардың көпшілігі тазартылмаған биологиялық заттар болып есептеледі. Оларды мұқият тазарту мұндай препараттардың құнын арттырғанымен, қолдану тиімділігін кемітеді. Кейде препараттардың белсенділігі кемиді.

Ауадағы улар. Негізгі ластаушы заттар күкірт диоксиді (37 %), көміртек оксиді (24 %,) қаттылар (24%) болып табылады.Атмосфераның ауасын ластауда жылжымалы көздердің атқаратын рөлі елеулі, бұл сапасы төмен отынды пайдаланатын автомобиль парктерінің көбеюімен негізделеді.

Судағы улар.Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластауда.

Date: 2016-06-09; view: 1273; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию