Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тірі организмдерге ксенобиотиктердің улылық әсер ету механизмі





Ксенобиотиктер (грекше xenos — бөтен, жат, bios — тіршілік, өмір) — тірі организмдерге жат химиялық заттектер. Ксенобиотиктер биоталық айналымға кірмейді, әдетте, адамның шаруашылық іс-әрекетінен тікелей немесе жанама пайда болады. Оларға пестицидтер, минерал тыңайтқыштар, жуғыш заттектер (детергенттер), радионуклидтер, синтетикалық бояғыш заттектер және т.б. жатады. Қоршаған табиғи ортаға түскен соң олар аллергиялық реакция туғызуы, организмдерді өлімге душар етуі, тұқым қуалайтын белгілерді өзгертуі, иммунитеті төмендетуі, зат алмасуды бұзуы, табиғи экожүйедегі процестердің барысын биосфера деңгейіне дейін тұтастай өзгертуі мүмкін. Сыртқы ортадағы және тірі организмдердегі ксенобиотиктердің айналымын детоксикация және деградация арқылы зерттеу табиғатты қорғау жөніндегі санитариялық-гигиеналык шараларды ұйымдастыруда өте маңызды.

Барлық ксенобиотиктер мынадай 3 топқа бөлінеді:

1)ауылшаруашылық әрекет өнімдері (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік);

2) тұмыстық химия заттары(жуғыш заттар,паразиттермен күресу құралдары, парфюмерия);

3) көптеген дәрі-дәрмектер.

Ауыр металдар организмге тән болғандықтан, олар ксенобиотиктер тобына жатпайды. Алайда организмдегі мөлшері көбейгенде олар да уытты әсер етеді.

Бірқатар ғалымдардың зерттеуінше,ксенобиотиктердің организмге түсуі, бір жағынан,олардың мембранамен берік байланыс түзу, әдеттегі метоболиттермен бәсекелесу қабілетінеғ екінші жағынанғ организмнің өзінің қасиеттеріне байланысты. Мұнда организмнің айқындаушы қасиеттері ретінде мыналарды атауға болады:

· Организнің иммундық жүйесінің жай-күйі

· Организмнің жасы

· Соматикалық аурулардың кездесуі

Организмнің иммундық жүйесі организмді бірнеше түрлі макромолекулалардан қорғайды, олардың ішіндегі ең маңыздысы белоктер болып табылады. Солай бола тұрса да, иммундық жүйе шағын бөгде молекулаларға жауап қайтармайды, ал олар организмге енген соң химиялық қорғаныштың басқа жүйелерінің (жемтігіне) айналады.ал ауру организмде шағын молекулалардың өзіне, мысалы, пенциллиннің өзіне емес, оның басқа макромолекуламен, мысалы, белокпен комбинациясына жауап қайтарады. Осы комбинацияның нәтижесінде организм белогы иммундық жүйе үшін бөгде зат болып шығады. Организмнің өзінде бөгзе белоктардан кейбір амин қышқылдарының реттілігімен ғана өзгешеленетін мыңдаған белоктер кездесетіндіктен, оларды «өзіндік» және «жат» белоктарға сұрыптау асқан сақтықпен жүргізіледі. Сонымен, организмнің иммундық жүйесі ірі бөгде денелермен күреседі. Ал мұнда әңгіме патогендік организмдердің тіршілік әрекетінің өнімдері болып табылмайтын(ксенобиотиктер) кіші молекулалы қосылыстар туралы болып отыр.

Date: 2016-06-09; view: 1381; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию