Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бақылаудың биологиялық әдістері





токсинді заттар –ағзаға туа біткен немесе жүре пайда болған қасиеттеріне сәйкес келмейтін мөлшерде (сирек –сапада) түсетін тіршілік ортасының химиялық компоненті, сондықтан да өмір сүру үшін үйлеспейді.

Өндіріс жағдайларында ТОКСИНДІ әсер ететін заттар адам ағзасына тыныс алу жолдары, тері, асқорыту жолы арқылы түседі. Заттардың ағзаға түсу жолдары заттың агрегаттық күйіне (аэрозольдер, булар, газдар, сұйықтар) және технологиялық үрдістің сипатына байланысты.

Токсинің биологиялық әсері оның биологиялық рецепторлармен химиялық өзара әсерлесу нәтижесі болып табылады. Бұл өзара әсерлесуі заттың ағзада ұсталыну дәрежесін, оның биотрансформациялану үрдісін, ағзада жиналу және одан шығарылу дәрежесін анықтайды. Ингаляциялық жолмен түскен кезде өкпеден қанға сіңу дәрежесі әр түрлі заттар үшін бірдей емес, ол ең алдымен биологиялық сұйықтарда ерігіштігіне альвеола, қан тамырлары мен жасуша мембраналары арқылы ену қабілетіне байланысты. Қанға сіңгеннен және мүшелерге таралғаннан кейін улар ағзада айналымға түседі (биотрансформацияланады) және жиналады. Бейорганикалық заттардың барлығы дерлік және көптеген органикалық заттар әр түрлі мүшелер мен тіндерде жиналып, ағзада ұзақ уақыт ұсталынады. Ағзадағы металдардың айналымға түсуі май қышқылдарымен және амин қышқылдарымен (глутамин және аспаргинқышқылдарымен, цистеинмен, метионинмен және басқаларымен) биокешендер түзуімен жүреді. Аминқышқылдарымен сынап, қорғасын, мыс, мырыш, кадмий, кобальт, марганец және басқалары кешендер түзеді. Металдардың белоктармен түзетін кешені аса тұрақты болып келеді, ол олардың ұзақ уақыт ағзада айналуын және жұмсақ тіндермен паренхиматозды мүшелерде қорға жиналуын қамтамасыз етеді.

Металдар, олар өздері микроэлементтер түрінде кездесетін тіндерде, және де зат алмасуы қарқынды жүретін мүшелерде (бауыр, бүйрек, эндокриндік бездер) қорға жиналады. Қорғасын, уран, берилий нашар еритін фосфаттар түзеді де сүйектерде жиналады. Сынап пен кадмий белоктармен мықты байланыс түзетіндіктен паренхиматозды мүшелерде жиналады. Хром эритроциттердің мембраналарында жиналады. Элементорганикалық және органикалық заттар жасуша мембраналарының липидтік құрам бөліктерімен өзара әрекеттесіп, ол олардың жасушаға енуін және одан кейін ары қарай биотрансформациялануына себепші болады.

Бөгде органикалық қосылыстардың биотрансформациялануы, әдетте, екі фазаға бөлінеді. Бірінші фазасындағы реакцияларда негізгі жүктеме гепотациттердің тегіс эндоплазмалық ретикулумында орналасқан микросомалық ферменттер тобының Р-450 цитохромына түседі. Бұдан басқа, ксенобиотиктердің айналымын паренхималы мүшелердің митохондриялары мен цитозолда, қан плазмасы құрамында болатын ферменттер де катализдейді. Бірінші фазада токсиннің молекуласы тотықсыздану, тотығу, гидролиздену, гидратациялану, галогенсіздену және басқа реакциялар нәтижесінде, екінші фазасы - коньюгациялану үшін қажетті функционалдық топтарды қосып алады. Зат алмасудың аралық өнімдерінің түзілуі кейде улылық әсердің төмендеуімен емес, керсінше оның жоғарылауымен бірге жүреді. Мысалы, тиофос ағзада улылық әсері күштірек параоксон түзеді.

Екінші сатысында интермедиаттар немесе ағзаға түскен токсиндердің эндогенді қосылыстармен - глюкурон, күкірт, сірке қышқылдарымен, аминқышқылдарымен, глутатионмен синтезделу (коньюгация), сондай-ақ метилдеу реакцияларына түседі. Нәтижесінде ксенобиотиктер полярлығы жоғарылау (ерігіштеу),әдетте токсинді әсері төмендеу заттарға айналады, ксенобиотиктер молекулалық массасы және молекулаларының өлшемі ұлғаяды, олардың бүйрек, асқазан-ішек жолы, тері, өкпе арқылы шығуы жақсарады. Өкпе арқылы ұшқыш қосылыстар шығады, қанға сіңген және қанда айналымда жүрген токсиндер бүйректер шумақшасынан пассивті сүзілу, пассивті өзекшелік диффузия жолымен және белсенді тасымалданумен бүйрек арқылы бөлініп шығады. Токсиндердің тер бездерімен, тері арқылы, май бездерімен бөлініп шығуы да мүмкін. Бауырда пайда болатын алмасу өнімдері (метаболиттер), көптеген улар сияқты өтпен ішекке шығарылады. Бөлініп шығуының мұндай жолдары металлдарға (сынап, қорғасын, марганец және басқаларға) тән. Ішектен металдардың қанға қайта сіңуі және қаннан бауырға өтуі металдардың ішектен-бүйректік айналымын қамтамасыз етеді, ол ең соңында ішек арқылы бөлініп шығатын металдың үлесін анықтайды.

Date: 2016-06-09; view: 1515; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию