Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар





 

  № Тақырыбы   Тапсыру түрі Бақы лау кесте сі Сағат саны  
1 7- семестр  
Тағам гигиенасы пәні мен тарихы.   Презентация, реферат, тест және жағдайлық есептер құрастыру, баяндама дайындау, «G-global» платформасында жұмыс жасау (қарап шығу, оқытушымен бірге комментарий беру)     1-2 апта    
Казақстан халқы үшін белоктық тағамдық проблемаларын шешудің негізгі жолдары. Тамақтануда белоктардың маңызы, тағам өнімдердегі белоктарды есептеу сызба нұсқасы.  
Тамақтануда липидтердің маңызы, тағам өнімдердегі майларды есептеу сызба нұсқасы. 2- апта  
Тамақтануда көмірсулардың маңызы, тағам өнімдердегі көмірсуларды есептеу сызба нұсқасы.  
Тамақтануда витаминдер мен минералды заттардың маңызы, оларды тағам өнімдердегі мөлшерін есептеу сызба нұсқасы. 3- апта  
Балалар мен жасөспірімдердің, студенттің, ата-аналардың тамақтану күнделігін құрастыру.  
Белокты қорек жетіспеушілік аурулары. Тағамның стериндері мен талшықтық құрамы. 4- апта          
Халықты витаминдердің, йод пен фтордың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар. Витамин тәрізді заттар. Макро және микроэлементтер.  
Емізетін аналарды тамақтануының теориялық негіздері. 5-апта    
Егде және кәрия жастағы тамақтанудың липотропты және антиоксидантты белсенділігі.  
Ой-өрісті еңбек пен операторлық іс атқарудағы тамақтану. Дала қосындағы ерекше жағдайларда тамақтану. Экспедицияда жүргенде және тұрақты базадан ұзақ уақытқа алыстап кеткен жағдайдағы тамақтанудың проблемалары. 6- апта  
Жүкті әйелдердің тамақтануы. Босанған әйелдердің тамақтануы.  
Қазақстан халқы тамақтануының ұлттық ерекшеліктері. 7- апта    
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жүйесіндегі емдік тамақтану.  
Студенттің медициналық бақылауын өткізу. Белоктық-энергетикалық жетіспеушілік. Студенттің витаминдік статусын анықтау. 8- апта      
Аралық бақылау Тестілеу, жағдайлық есептер шығару, жазбаша бақылау.  
Азық-түлік сапасын анықтау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу тәртібі. Презентация, реферат, тест және жағдайлық есептер құрастыру, баяндама дайындау, «G-global» платформасында жұмыс жасау (қарап шығу, оқытушымен бірге комментарий беру)   9- апта      
Бидай және бидай өнімдерінің тамақтық және биологиялық құндылығы. Нанның тамақтық және биологиялық құндылығы. Нан кеселдері және оларды алдын алу.  
Сүт және сүт өнімдерінің тамақтық және биологиялық құндылығы. Сүт қышқылды өнімдер ішек микрофлорасын қалпына келтіруші өнім ретінде. 10- апта      
Сүт және дәнді өнімдерде ГМӨ анықтау әдістемесі.  
Дәннің микотоксиндермен, пестицидтермен және басқа да химиялық заттармен ластануы. Қамба зиянкестері және олармен күресу шаралары. 11- апта      
Ұлттық сүт қышқылды өнімдер (айран, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат). Сүт және сүт өнімдерінің эпидемиологиялық ролі.  
Майлардың гигиеналық сараптамасы. Майларды сақтау процесіндегі өзгерістер (тотығу, қышқылдану, тұздану). Тамақтық майлардың және майдың тамақтық және биологиялық құндылығы. 12- апта      
Ет және шұжық өнімдерінің тамақтық және биологиялық құндылығы.  
Балықтың тамақтық және биологиялық құндылығы. Қабырдағы консервілердің тамақтық және биологиялық құндылығы. 13- апта      
Алкогольсіз сусындардың тамақтық және биологиялық құндылығы. Алкогольсіз сусындарға қойылатын гигиеналық талаптар.ГМӨ  
Суда жүзетін құстар жұмыртқасының эпидемиологиялық ролі. 14- апта      
Көкөністер мен жемістердің пестицидтермен, нитраттармен және басқа да бөгде заттармен ластануы. ГМӨ  
Тамақтық концентраттардың сапасына қойылатын гигиеналық талаптар. Дәмдік заттар. Тамақтық қоспалар. Азық-түліктердің денатураты мен фальсификациялануы. 15-апта  
Аралық бақылау Тестілеу, жағдайлық есептер шығару, жазбаша бақылау.  
Жалпы:  
2 8- cеместр  
Тамақ обьектілеріне ескертпелі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу кезіндегі әкімшілік-құқықтық актілер. Тамақ обьектілерінің жобасын сараптау әдістемесі. Презентация, реферат, тест және жағдайлық есептер құрастыру, баяндама дайындау, «G-global» платформасында жұмыс жасау (қарап шығу, оқытушымен бірге комментарий беру)   1-апта  
Тамақ обьектілері жобасына берілетін түсініктеме хатты оқу. Тағам гигиенасы саласында сызбалар (чертеж) бойынша жоба бөлімдерін бағалау.  
Учаскенің жағдайлық және бас жоспарын сараптау. 2- апта    
Тамақ обьектілері жобасының архитектуралы-құрылыстық және технологиялық бөлімдерін сараптау.  
Тамақ обьектілері жобасының санитариялық-техникалық бөлімін сараптау. Тағам гигиенасы саласындағы жобаны санитариялық-эпидемиологиялық сараптау бойынша қорытындыны толтыру. 3- апта  
Металлдан, эмальданған жасалынған, керамикалық ыдысқа қойылатын гигиеналық талаптар.  
Тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың құқықтық және ұйымдастыру негіздері. 4- апта  
Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарындағы жабдықтарға, мүкәммалға, азық-түліктерді салатын материалдар мен бұйымдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарындағы технологиялық процеске қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.  
Азық-түлікті қыздырып тазартуға қойылатын талаптар. Дайын тағамдардың таратылуына және бағалауына қойылатын талаптар. 5- апта  
Тамақтандыру ұйымдарын санитариялық-эпидемиологиялық тексеру схемасы.  
Тамақ кәсіпорындары персоналдың денсаулығына және жеке бас гигиенасына қойылатын талаптар. Қоғамдық тамақтандыру ұйымы жұмысшыларының санитариялық сауаттылығы және жеке бас гигиенасы. Транспортқа (жуылу, дезинфекция) қойылатын талаптар. Тез бұзылатын азық-түліктің (ет, балық, жартылай фабрикаттар) тасымалдануы. 6-апта      
Қазақстанда тағамнан уланудың өріс алуы. G-global  
Тамақтық токсикоинфекциялар (этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы), тексеру алгоритмі. 7-апта  
Тамақтық бактериялық токсикоздар (этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы), тексеру алгоритмі.  
8- апта  
Тамақтық микотоксикоздар (этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы), тексеру алгоритмі.  
Аралық бақылау Тестілеу, жағдайлық есептер шығару, жазбаша бақылау.  
Этиологиясы микробты емес тамақтан улану (этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы), тексеру алгоритмі. Тамақтан улану сырқатын жоюға бағытталған жедел шараларды құрастыру. Презентация, реферат, тест және жағдайлық есептер құрастыру, баяндама дайындау, «G-global» платформасында жұмыс жасау (қарап шығу, оқытушымен бірге комментарий беру)   9-апта  
Тамақтан улануды алдын алу бойынша шараларды құрастыру. Vibrio parahaemolyticus басқа да аз зерттелген микроорганизмдер қоздыратын тамақтық токсикоинфекциялар.  
Пестицидтерден улану. Нитриттар және басқа да тамақтық қоспалармен улану. 10-апта    
Азық-түлікке арналған құрал-жабдықтар, ыдыстар, орауыш материалдары арқылы тамаққа енетін қоспалармен улану.  
Генді модифицирленген өнімдер (ГМӨ) улану, тексеру алгоритмі. 11- апта    
Тағам өнімдерімен жанасатын полимерлі және синтетика заттарына гигиеналық сараптама жүргізу.  
Нитраттармен ластанған тағамдардың адам денсаулығына әсерін бағалау. 12-апта    
Ауыл шаруашылығында пайдаланатын дәрімен ластанған тағамдарды анықтау әдістемесі.  
Азық-түліктерді қауіпсіздігі мен сапасының және халық денсаулығының мониторингі (әлеуметтік-гигиеналық монито­ринг). 13-апта  
Тұтынушыларға арналған азық-түліктердің, материалдардың және тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы ақпаратты бағалау.      
Халықтың арасында тамақ гигиенасы жөнінде білімді насихаттау әдістері мен құралдары 14-апта  
Тамақ объектісі жұмысшыларын гигиеналық оқыту.  
Тамақ объектісі жұмысшыларын гигиеналық оқытуының әдістері мен құралдары. Санитариялық минимум және оны өткізу әдістері. 15-апта      
Аралық бақылау Тестілеу, жағдайлық есептер шығару, жазбаша бақылау  
  Жалпы:  
  Барлығы:  
             

2.9 2.9. Негізгі және қосымша әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Сералиева М.Ш. Илакбаева У.С. «Тағам гигиенасы» Шымкент, 2009ж,300 бет.

2. Шарманов Т.Ш. «Тағам гигиенасы» Алматы:Эверо,2011ж,284 бет.

3.Терехин С.П., Ахметова С.В., Амреева К.Е. «Қәзіргі таңда нутрициологияның өзекті сұрақтары кесте және схема түрінде»:оқу-әдістемелік құрал.-Алматы:Эверо.2012 ж,324 бет.

Қосымша:

1.Тель Л.З., Даленов Е.Д., Абдулдаева А.А., Коман И.Э. «Нутрициология» Алматы:Эверо,2012 ж,588 бет.

2.Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитариялық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативті-әдістемелік құжаттар.

Орыс тілінде:

Негізгі:

1.Королев А.А. Гигиена питания: учебник для студентов ВУЗ/ М.: Издательский центр «Академия», 2008ж,528 бет.

2.Тель З.Т. «Нутрициология».-Алматы:Эверо,2012ж,588 бет.

4.Терехин С.П. «Актуальные вопросы современной нутрициологии в таблицах и схемах:учебное-методическое пособие».-Алматы:Эверо,2012ж,334 бет.

Қосымша:

1.Шарманов Т.Ш. «Йодный дефицит в Казахстане:состояние проблемы и пути ее решения » монография,Астана:Б,2008 ж,54 бет.

 

2.10 Оқытудың және сабақ берудің әдістері

Дәрістер: кіріспе, мәселелік, шолу.

Тәжірибелік сабақтар: TBL, PBL, пікірталас, сауалнама толтыру, тәуліктік энергия шығынын есептеу, негізгі заттардағы нутриенттердің индивидуальды қажеттілігін есептеу, тесттік бақылау, ас мәзірін құрау, ауызша сұрау, рационның химиялық құрамын және энергиялық құндылығын анықтау, жұппен жұмыс, тағам статусын анықтау алгоритмінің сызба нұсқасын дайындау, тағамдық азық-түлікке гигиеналық сараптама жүргізудің сызба нұсқасын жасау, сынама алғаны жөнінде акт толтыру, зертханалық сабақ, жағдайлық есептерді шешу, дөңгелек үстел, жобаны қарау, пресс-конференция,тағамдық кәсіпорындарды тексерудің сызба нұсқасын жасау,тексеру алгоритмін құрастыру, тағамдық азық-түліктердегі пестицидтерді анықтаудың алгоритмін жазу, қорытынды жазу. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): ОСӨЖ жалпы оқу кестесінде көрсетілмейтін, жеке кесте түрінде берілетін, оқытушымен бірге орындалатын, студенттің аудиториядан тыс жұмысы болып табылады. ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасының күрделі сұрақтары бойынша, үй тапсырмасын, жобаларды, тәжірибелік сабақтарды орындау, семестірлік жұмыстарды қадағалау, есеп жасау және тағы басқа СӨЖ тапсырмаларының түрлерінде туындайтын сұрақтары, аралық бақылауды өткізу бойынша кеңестер беріледі.  

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): Презентация, реферат, тест және жағдайлық есептер құрастыру, баяндама дайындау, «G-global» платформасында жұмыс жасау (қарап шығу, оқытушымен бірге комментарий беру).

1.Реферат жазу:студенттердің таңдауы бойынша дайындалады. Топпен орындауға болады, топтың әр мүшесі бір бөлімді дайындайды. Реферат тақырып сұрағының мәнін ашуы тиіс, толық мағлұматты және өзіндік қорытындысы болуы тиіс. Реферат ұқыптылықпен, өз бетінше 5 әдебиет көздерін қолдана отырып жазылуы тиіс. Реферат тақырыбына сай сызба, кесте және суреттер келтіріледі. Рефератты қорғау кезінде мәтінді оқып беру емес, айтып беруі керек. Қойылған барлық сұрақтарға сенімді әрі қатесіз жауап береді.

2.Баяндама дайындау: баяндама таңдап алынған тақырып бойынша дайындалады, онда тақырыптың ұзақтығы 5 минут болатын қысқаша мазмұны беріледі. Тақырыпқа сай сызбалар, кестелер және суреттер келтіріледі. Баяндау барысында мәтін оқылмайды, өз сөзімен айтылады.

3.Презентация: өз бетінше дайындайды. Дайындауда 5 кем емес әдебиет көздері пайдаланылады. Слайдтар мазмұнды және орамды болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша өзінің терең білімін көрсетуі қажет, сұраққа жауап беруде, талқылау барысында қате жібермеуі тиіс.

4.Тест сұрағын құрастыру: 20 тест сұрағы болуы керек. Белгіленген күнде тапсырылуы тиіс. Тест негізі мазмұнды, тапсырмалары нақты, анық, дұрыс құрастырылған. Жауап нұсқалары бір текті және адекватты. Жауаптың алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары нақты белгіленген.

5.Жағдайлық есептерді құрастыру: өз бетінше орындалады, есептер адекватты, қарапайым, тапсырма түсінікті болуы тиіс. Қойылған сұрақтар нақты (3-4), тақырыпқа сай болуы керек. Жағдайдың баяндалуы, берілген сандар мен дәлелдер жалпы түсінікті, нақты, шынайы болғаны жөн. Есептің саны 5-тен кем болмауы тиіс.

СӨЖ- орындалуына қойылатын талаптар:

1. Реферат -тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, мазмұны, өзектілігі, сұрақтар, кортынды мен ұсыныстан тұрады. Реферат көлемі 5-8 бет, Мазмұны - кіріспе, нөмер тізбесі және бөлімдер атаулары, қорытынды, ұсыныс, қолданылған әдебиеттер беріледі. Кіріспе 1-2 беттен тұрады, онда тақырып, мақсаты, міндеттері, өзектілігі көрсетіледі.Әдебиетке шолу 3-5 бет, онда студент авторлар айтқан ой пікір, ұсыныстарды өзі бағалайды. Қорытынды міндеттерге сәйкес 2-5 пункттен жасалады. Реферат жазуға қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, материалды баяндауда логикалық ойлау реттілігі, фактілер келтіріліп, нұсқа әрі дәлділік болу керек. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см; Реферат бағалау баяндаудың нұсқалығы, нақтылығы, реттілігі, мәселені жақсы білуі, кәсіби дайындығы, сұрақтарға жауап беруі бағаланады.

2.Презентация -оған қойылатын талаптар: Стиль - безендірудің бір тұтас стилі, презентациядан көңіл аударатын стиль болмау керек және қосымша ақпарат мәтін мен суреттен көп болмау керек; Фон - салқын тон таңдалу керек (жасыл, қара көк); Түсті қолдану- бір слайдта үштен артық түс қолданылмау қажет; Анимациялық эффектілер - мүмкіндігінше компьютерлік анимацияны қолданыңыз, бірақ ол слайдтан көңіл аудармайтын болу керек; Ақпараттың мазмұны - қысқа сөз бен сөйлем қолдану, тарау аттары аудиторияның көңілін аудартатындай болуы керек; Бетте орналасу тәртібі -ақпарат көлденеңінен орналасу керек, негізгі ақпарат экранның ортасында орналасуы керек, атаулар суреттердің астында орналасуы керек; Шрифтер- тараудың атаулары үшін – 24 кем емес; Ақпараттар үшін – 18 кем емес, Ақпаратты бөлу үшін қалың шрифт, курсив қолданылады; Бөлу әдістері - Рамкалар, шекаралар қолданылады: Әртүрлі түсті шрифтер, белгі, сурет, диаграмма, сызбалар қолданылады; Ақпарат көлемі - бір слайдты көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ; Слайд түрлері - әртүрлі слайд жасау үшін мәтін, кесте, диаграммалар қолдану қажет.

Бір тақырыпқа 15 слайд дайындау керек.

3.Тест сұрағын құрастыру:адекваттылық,мәтіні түсінікті, қарапайым, күрделілігі бірінші деңгейдегі, бір дұрыс жауап болуы қажет. Тест сұрақтар түрінде құрастырылмайды. Тақырып бойынша 20 тест тапсырмасын құрастыру керек.

4.Жағдайлық есептерді құрастыру:жағдайлық есеп берілген тақырыпқа сай, қосымша материалдарды қолдануға мүмкіндік беретін, өзекті, қойылған сұрақтар (3-4) нақты әрі толық болуы шарт. Жағдайды сипаттау, берілген сандар мен фактілер түсінікті, нақты болуы керек. Құрастырылатын жағдайлық есептің саны 5-тен кем емес. . Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;

5. Баяндама:Баяндама құрылымы: титул беті, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет тізімі.Сызба- тақырып, мақсаты және міндеттері, өзектілігі, берілген тақырып бойынша зерттелген нақты сұрақтар тізімі. Қорытынды және ұсыныстар. Есеп беру көлемі 5-8 бет. Мазмұнына кіріспе, негізгі бөлім, тараулар мен тармақшалар, қорытынды, әдебиеттер тізімі кіреді. Кіріспе 1 беттен тұрады, онда тақырыптың қысқаша негіздемесі, мақсаты және міндеттері, өзектілігі беріледі. Тақырыптағы сілтеме әдебиет тізіміндегі реттік нөмірге сәйкес болатындай, жақшада санмен белгіленеді. Қорытынды 2-3 тармақшадан тұрады. Қойылатын талап:сауаттылық, нақтылық, дәлдік және материалды берудің логикалық кезеңділігі; аргументтің сенімділігі; формурлировканың қысқалығы және дәлділігі.

Форматы: А4 шрифт Times New Roman, шрифт көлемі 14, үстінгі жағы, оң жағы, төменгі жағы 2 см-ден, сол жағы 3 см-ден.

2.11 Білімдерін бағалау белгілері мен ережелері:

Студенттердің оқу үлгерімін және білімдерін бағалау «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында білімді бақылау және бағалау» 25.08.2006ж. ҚР МЖМБС 5.03.006-2006 негізінде, ОҚМФА қабылданған унифицирленген рейтинг әдістемесіне сәйкес.

Бақылаудың келесі түрлері қолданылады: ағымдық, аралық және қорытынды

Ағымдық бақылау: тестілеу, ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шешу, орындалған тапсырманың нәтижесін тексеру және т.с.с, шағын топтармен жұмыс кезінде өзін - өзі және топтық бағалау.

Аралық бақылау: коллоквиум. Аралық бақылау семестрдің 8 және 15 апталарында тестілеу, ауызша сұрау және жағдайлық есептер шығару түрінде тапсырады.








Date: 2016-01-20; view: 635; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.009 sec.) - Пожаловаться на публикацию