Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экономика ұғымына түсініктеме беріңіз? Экономикадағы туристік бизнестің орны қандай





Экономика (грек. oikonomia – шаруашылықты жүргізу өнері) ұғымы алғашында үй шаруашылығын жүргізу туралы заң дегенді білдірген. Қазіргі кезде бұл ұғым одан әлдеқайда кең мағынада: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналысы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз. Экономика ұғымы материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың базисі болып табылады [4,53б].

Экономика ғылымы ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғаш рет экономия термині III ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксинофонд және Аристотель еңбекреінде пайда болды. Көп ғасырлар бойы “экономия” (ойканомия) сөзі үй шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты экономия ұғымы жаңа мәнге ие болып, саяси экономияға айналды.Ол грек тілінде “полис”-мемлекет, “ойкос”- үй шаруашылығы, “номос”- заң дегенді білдірді. Саяси экономия ұғымын алғаш енгізген Антуан де Монкретьен болатын. 1615жылы оның “Саяси экономия трактаты” деген еңбегі жарық көрді. Мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері мазмұнданған. Саяси экономия ғылым ретінде XVI-XVII ғасырларда пайда болған. Бұл кезеңнің алғашқы ілімі Меркантелизм (итальян сөзі – саудагер, көпес) болды. Осы ілімнің негізгі мазмұны байлық көзі тауар мен ақша айналымы саласында болды деп есептелінді. Меркантелизм екі кезеңнен тұрды: алғашқы кезең – ақша балансы теориясын ұсынды, оған сәйкес олар елден ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салу қажеттілігін ұсынды; соңғы кезең – меркантелистер тауар айырбастау сферасын зерттеуге көшті. Алғашқы меркантелистерден айырмашылығы олар ақшаны шетке шығаруға тыйым салмады, өндірістік тауарлардың экспортын көбейтіп, протекционизм саясатын жүзеге асыруды ұсынды. Протекционизм – ұлттық экономиканы қорғау. Меркантелистер өкілдеріне Монкретьен, Стафорд, Мен, Фосашков жатады. Айналыс аясындағы бағыттарды жаулап алып, буржуазия аясына өтеді. Оның мәні байлықтың көзі өндірілген игіліктер тек айырбасталатын сауда сапасы емес, өндіріс болып табылатыны дәлелденген. Шынайы байлық - ақша емес, тауар. Ол идея алғашқы рет физиократтар (физио-табиғат, кратос-билік) еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы – Франсуа Кене. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығы еңбегі деп есептетеді. Кейінен бұл сұрақтар Уильям Петти, Давид Рикардо, Адам Смит еңбектерінде қарастырылады. Олар ұлттық байлық тек ауыл шаруашылығы ғана емес, барлық өндіріс саласындағы еңбектен көрінетінін айғақ етті.

ТУРИСТІК БИЗНЕС ЭКОНОМИКАСЫ – ЭКОНОМИКА САЛАСЫ РЕТІНДЕ

Туристік бизнес тарихының негізі 1841 жылы ағылшын мұғалімі Томас Куктың Мидленд округіндегі теміржол компаниясын Лейстер-Лафборо деген 18 км трассада пойыздық саяхат ұйымдастыруға үгіттеуінен басталған.

Томас Кук алғашқы болып 1872 жылы қалағандарға жерді айналып өтетін саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Оған 20 саяхатшы қатысып, жерді 220 күнде айналып өтті.

1892 жылы Т. Кук өмірден өтіп, оның еңбегін ұлы және ұжымдастары жалғастырады. Осылайша, «Томас Кук» туристік компаниясы дүниеге келеді.

Ал 1885 жылы Ресей жерінде алғашқы туристік фирманың негізі болып Петербургте Леопольд Липсонның кәсіпорны саналды.

XX ғасырда турбизнестің дамуы ерекшелене бастады. Сұраныс өскен сайын олардың талаптары да арта түсті. Сол себептен қызмет көрсету деңгейі көтеріліп, талаптарға сай қызмет көрсету маңызды шаруалардың бірі болды. Мұндай сапалы қызмет көрсету ғылыми түрде зерттеліп, мамандық ретінде оқытылды. 1901 жылы Lasell College оқу орнында туристік бизнес мамандығы енгізіліп, студенттерді қабылдай бастады.

Туристік бизнестің дамуы көптеген мемлекеттерге қолдау көрсетті. Экономикасы әлсіз, құрып кету қаупінде тұрған мемлекеттер туристік бизнеске бет бұрып, оны дамытуға барлық жағдайды жасауға кірісті.

1913 жылы Крит Грекия құрамына қосылып, өз экономикасын теңіз жағалау туризмін дамытудан бастады.

1914 жылы Германия қонақ үй, мейрамхана, туристік кешендерді дамытуды көздеді.

1922 жылы Корея халқы қосымша күн көріс ретінде туристік бизнеспен айналысты. Олар шағын демалыс орындарын ашты.

Ресей жерінде 1929 жылы Интурист компания тобы құрылды. Ол өз тарабынан бизнестің дамуына жол ашты. Сонымен қатар 4 бизнестің бағытын қарастырды. Олар: туроператор, қонақ үй, турөнімді сату және көлік қызметін көрсететін бизнес түрлерін ұсынды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс туристік бизнестің дамуын тежеді.

 

Осы уақытқа дейін жұмыс істеп келе жатқан орындар жабылып қалды. Тек 1950-1960 жылдары ел экономикасын көтеруге байланысты туристік бизнеске назар аударылып, оның қыр-сырларын дамыта бастады. Туристік бизнес соғыстан дағдарысқа ұшырап шыққан елдердің экономикасын көтеретін бір бағыт ретінде қарастырылды. Туристік бизнес жүйесі күрделене түсті. Жаңа бағыттар ашылып, бизнестің сферасы кеңи бастады. Жаңа тараптан қызығушылар көбейіп, туристік бизнестің тарихын тағы бір сатыға көтерілді.

Қазақстан – Еуразияның кіндігінде орналасқан шығыс пен батыс дәстүрін байланыстырушы дәнекер ел. Елдің көне мәдениеті мен көрікті табиғаты әркімді де өзіне тартып тұрады. Бүгінде Қазақстан туризмнің барлық түрі, нақтырақ айтсақ, танымдық, сауықтық, этникалық, экологиялық, шипажай-сауықтыру, орнитологиялық, балалар, аңшылық және тағы басқа да түрлері бойынша қызмет ете алатындай дәрежеде.

Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқан Қазақстан көне замандардан бүкіл түркі әлеміне танылған тарихи мекен. Сол себептен бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік су көздері, археологиялық және тарихи ескерткіштер, қалалар әу бастан саяхат пен туризм көздері саналған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар XX ғасырдың 20-30 жылдары пайда болды. Тарихқа қарап елімізде туризм саласының тамыры тым тереңде жатқанын байқаймыз.

Қазіргі таңда туристік бизнес даму бағыты халықаралық нарықта ерекше орын алатын, ел экономикасы үшін маңызды іс болып табылады

Туристік бизнеске экономика салаларының әсері

Туристік бизнес – шаруашылық салалардың ішінде ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Туристік бизнес әлемнің ең ірі саласының бірі болып есептеле отырып, экономиканың дамуына, әлеуметтік прогреске, қосымша жұмыс орындар санының көбеюіне үлесін қосты, туристерге қызмет көрсететін қосымша салаларды қалыптастырды.

Туристік ұйымдар жұмыстарының нәтижесінде миллиондаған адамдар демалуға, білім алуға, емделуге, мәселелерді шешуге халықаралық деңгейде мүмкіншілікке ие болады. Алдымыздағы курсты оқыту нәтижесінде студент өз мамандығының негізгі пәндері, жалпы теориялық және тәжірибелік дағдыларды, дүниежүзілік туризм индустриясы, туризмнің негізгі түрлері бойынша білім алу қажет.

Туристік бизнестің экономика салаларына әсері

 

Date: 2016-01-20; view: 1347; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию