Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Туроператор мен турагент арасындағы құқықтық үлгісі қандай





Туроператорда және турагентте азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жарамды шарты болған кезде туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыруға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес:
туроператорлық қызмет лицензияланатын қызмет түрі болып табылады;
турагенттік қызмет, сондай-ақ гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
Туроператор туристерге дербес немесе туристер алдындағы оның міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындау жүктелетін үшінші тұлғаларды тарту арқылы туристік өнімге кіретін барлық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Шығу туризмі саласындағы туроператор туристік өнімді ұсынуды және өткізуді тек турагенттер арқылы ғана жүзеге асырады.
Туроператорлық қызметке берілетін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туроператорлық қызмет көрсетуге тыйым салуға әкеп соғады.
Туроператорлық қызметке берілетін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, туроператорлық қызметке берілетін лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан (қайта жасасқан) кезден бастап бес жұмыс күні ішінде турагент жасалған (қайта жасалған) шарт туралы ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жіберуге міндетті.
Турагент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, туроператор қалыптастырған туристік өнімді ғана туристерге ұсынады және өткізеді.
Турагенттің туристік өнімді ұсынуы мен өткізуі туроператормен жазбаша нысанда жасалған, туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады.
Туроператор мен турагент арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы, туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары туралы, туроператор мен турагенттің жауапкершілігі туралы, сондай-ақ туристік өнім туралы ақпаратты ұсынбағаны немесе анық емес ақпарат ұсынғаны үшін, туристік өнімді өткізу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптардың әрқайсысының турист алдындағы жауапкершілігі туралы мәліметтер, туристік маршруттың сипаттамасы, туристік өнім туралы анық ақпарат міндетті түрде қамтылуға тиіс.

Date: 2016-01-20; view: 1291; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию