Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






АҚЫЛ-ОЙ ТУРАЛЫ КӨЗ-ҚАРАСТАРДЫҢ МӘНІ





А.С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім - тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, ақыл-ой тәрбиесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан- жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысы жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.[4]

К.Д.Ушинский айтқандай. ”Ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі” екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай, сан- алуан дегенмен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан музыка пәні мұғалімі тарапынан ұйымдастырылып, түсіндірімеген, баланың өзінің тікелей өмір тәжірибесі арқылы меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты есептерін дәл анықтауға кедергі жасайды да нәтижесінде жалған түсініктерінің тууына негіз болады. Ақыл- ой тәрбиесі тек ойдың ғана емес, оның дамуы ойлау процесінің құбыслытарымен сипатталады. Даму- баланың сандық және сапалық жағынан жетілуі,психиканың , ой- сананың өсуі.

И.П.Павлов адамның сөзі барлық нақты тітіркендіргіштің орнына жүреді де, ол ми қабығында сан алуан тежеулер мен қозу тудырады. Сөз жеке зат туралы, толып жатқан біртектес заттар туралы мәліметтер беріп, сол арқылы ойлауға, ой қорытындысын жасауға, түрлі ұғымдар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сөз адамды тәрбиелеу, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибені сақтау, білімді ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу құралы болып табылатындығын айтқан болатын. Сөз өнерін дәріптеген халқымыз жастардың ақыл- ойын дамытуда ауыз әдебиетінің айтыс жанрын, музыкасының өнер жарысын (өлең жырмен айтысу, өнер сайыстыру, ән айту, би билеу, күй тарту,) пайдаланылған. Айтысарда ақындар қарсыласына - өнер , білім, өнер, еңбек, кәсіпкерлік туралы өлеңмен сұрақтар қойып, оған өлеңмен жауап алып, бір- бірін сынаған, сөйтіп ой- өрісін, білімін сарапқа салған. Көп оқу, білу керек екенін жастарға танытып, өнер- ғылымға бағыттап, сөз шеберлігіне тәрбиелеп отырған. Бұлар халықтың салт- дәстүріне байланысты мерекелерде ұйымдастырылатын, ойын- сауық кештерінде іске асырылып, жастардың ой- өрісін жетілдіріп, тапқырлыққа, шешендікке, өткірлікке , ой- қиялын дамытуға мүкіндік беретін. Халқымыз “Өнер алды- қызыл тіл”, “Шешеннің сөзі - мерген, шебердің көзі- мерген”, “Қаһарлы сөз- қамал бұзар”,- деп жастарға сөз құдіретін , оның мәнін түсіндіріп келген.



Н.Менчинская өз еңбегінде "Жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл-ой дамуына елеулі әсер береді" деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің рөлін анықтайды. Тасымалдауға қабілеттілік те ақыл-ойдың дамуыңда өте маңызды болып табылады. Тасымалдау немесе генерализациялау ғылымы ақпарат қауырт есіп отырған қазіргі кезде ерекше маңызға ие, себебі, жаңа білімдерді неғұрлым тез де үнемді игеру үшін негізгі құрал бола алады.

Құбылыстардың түпкі нәтижелерін немесе келіп жетуін алдын ала көре білу қабілеті, ой мен қорытынды шығару негізінде, ең алдымен, табиғат пен ғылымдағы заңдылықтардың рөлі мен маңызы туралы жалпы ұғымдарды игеруге негізделеді, әрі бақылау, талдау, салыстыру, құбылыстар арасындағы ерекшеліктерді табу, ұқсастықтарына қарай ой қорытындыларын жасауды, сондай-ақ индуктивтік және дедуктивтік ойлау әдістерін игере білуді қамтиды.



Абай Құнанбаев ақыл-тәрбиесі туралы. Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Әр түрлі құбылыстардың, сан алуан көріністердің себептерін, мәнісін дұрыс түсіну үшін, олардың ақыл таразысына салып, әбден өлшеу керек, - деген.

«Ақыл енбей сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз...

Ақыл-мизам, өлшеу қыл», - дей келе, Ақыл адамға ғана тән жоғарғы қасиет деп сипаттайды.

Халқымыз.«Ақылдылар шымыр келер, ақымақтар қыңыр келер», «Саналы адам сағыңды сындырмас, санасыз адам жағыңды тындырмас», «Ақымақтың ақылы білегінде, ақылдының ақылы жүрегінде», «Ақылды адам баптан – ақ, ақылсыз адам – сасқалақ» деп баға берген. Ақыл ерен еңбектің жемісі. Ақылды адам болу үшін көп үйреніп, көп білу керек. «Ақыл – дария, алсаң да таусылмас», « Есті ірілік көрсетпес» – деп ақылды, есті адамдарды халыққа үлгі етіп көрсетіп отырған.

Әл – Фараби. Әл–Фараби еңбектерінен ақыл – ой тәрбиесі туралы көптеген құнды пікірлерді кездестіруге болады. Оның мына бір ойын алып қаралық. «Әлемдегі жаман мен жақсыны адамның ақылы ғана ажыратады. Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет. Осы жолда өмір бойы еңбектеніп әрекеттенген абзал, мұның өзі адамға зор бақыт» деп тұжырымдаған.

В.В.Радлов: «Қазақтың ақыл – ой қабілетінің зор екенділігі соншалық, айтқысы келгеннің бәрін дәл түсіндіріп, тіпті қарсыласының да сөзіне шебер тойтарыс бере біледі. Балаларының ақыл – есі де адам таңғаларлық өте тез жетіледі» – деп баға берген.

Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.[6]

Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.

Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.

Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.

Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.

Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.

Балалардың ақыл-ойын тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, ақыл-ойын тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Ақыл-ой - адамның рухани арқауы.

Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы ақыл-ойымен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.

Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, ақыл-ой тәрбиесін беру кілті — халық педагогикасында деуге болады.[5]

 

 

 








Date: 2016-01-20; view: 791; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2018 year. (0.005 sec.) - Пожаловаться на публикацию