Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК





Қазақ халқы педагогикасында эстетикалық және ақыл-ой тәрбиесінің жүргізілуі айрықша мәнге ие. Қалықтық тәрбиеде жас ұрпақтың ақыл-ойын жетілдірудің иаптырмас құралы-ұлттық дүниетаным, ұлттық ойындар. Мәселен, халық күнтізбесінің өзі біздің ата-бабаларымыздың ақыл-ой қызметінің жемісі деуге болады. [10]

Адам баласының болмысына тән ерекше қасиетінің бірі - ақылдылық. Оның негізгі тұрағы – қарапайым қоғам болғандакемеңгерлік іс-әрекеттерін жалпы тәлім етіп көрсетерәділетті орта екені белгілі. Ақыл тек осындайжағдайда ғана өзінің шарықтау биігіне шығып, айналасына шапағатын дарытады. Сонда оның жарқырай көрінетін алып тұлғасынан бүкіл ақымақтық атаулы жаны қалмай қорқатын болады. Ақылдың сүйенетіні - қайырымдылық, сыйлайтыны - талант, ал жағымсыз қылықтардың жасқанатыны – оның талаптылығы мен шешімділігі.[14]

Күнделікті тіршілігіміздегі оның мақсаты: «... бүгін нендей жақсылық жасап, қандай жаманшылықтарды түзедім», - деп өзіне-өзі есеп беруі. Ақыл-бүкіл бір халықтың иелігі деуге болады. Сондықтанда ол үнемі өркен жайып, жетіліп отыруға тиісті. Табиғи, тума ақылды ұштай түсетіні тек білім ғана.

Шынай ілім ғана өмірдің астыңғы астарындағы «тас кесек» тәрізді кедергілерден сақтандыра алады. Білім биіктігіне жеткен адамдардың тіршілікке көзқарастарын қатаң тәртіпке түсіріп, оның ой мен мақсаттары айқындалумен қоса, шым-шытырық сезімдері де сарабдалдық пен сабырлылықққа ауысады. Білімдері таяз адамдардың көбінесе армандарыазаға ауысып, орындалмайтын істермен әуре-сарсаң күй кешетіндіктен, көңіл-күйлерін селқостық басып жүдетумен тынады. Бұл жайында тағы да жүгінетініміз – халық педагогикасы, немесе халықтың ежелден келе жатқан тәлімі мен тәрбиесінің арқауларына сүйенеміз. Оған халқымыздың асыл перзенттерінің бірі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты әмбебап еңбегінен мысалдар келтіруімізге болады. Бұл кітап жүйеге түскен халық педагогикасы.

6-бапта Адам баласының қадір-қасиеті біліммен, ақылмен екендігі айтылады:

Адамды Хақ жаратты да ескертті,

Ақыл оған білім, өнер ес берді.

Көңіл берді, әрі тілін тербетті,

Ұят берді, берді құлық, келбетті.

Білік берді - адам бүгін жетілді,

Ақыл берді – талай түйін шешілді.

Кімге құдай берсе білім, ақылды,

Қолы жетіп, алар ол мол асылды.

Ақылды – Ұлы, біл, Білімді – білікті,

Қонса екеуі – Ұлы етер жігітті – десе,

оны түсінген қазақ халқы жастарға:

«Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады»,

«Ақыл азбайды, білім тозбайды»... деп, білімнің өмірдегі мәнін ұғындыруы көздеген. Білімнің биігіне шығу үшін еңбек сүйгіштік, аса төзімділіктің қажеттігін мақал-мәтелдер арқылы топшылау жасаған. Бала күнделікті өмірде айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағлұматтар мен дағды, білім игереді. [6]

Ақыл- ойдың дамуы дегеніміз- оқушының жасына байланысты білім мен тәрбиенің әсерінен, тәжірибе жинақтауынан оның ақыл- ой әрекетінде болатын сандық және сапалық жағынан жетілуі, психиканың, ой- сананың өсуі. Ақыл- ойды дамытудың шарты- жастардың сан қилы іс- әрекетінің тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, адамдардың қарым- қатынасы, тілді меңгеруі, қабылдауы мен түйсінуі, берілетін ғылым, білім сапасы.

Ақыл- ой тәрбиесі дегеніміз- жастарға мақсатты көздей ықпал етіп, оның айналадағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін, ғылым негіздерін игеруін қамтамасыз ету, табиғатқа, қоғамға, адамдарға дұрыс қарым- қатынасын қалыптастыру.

Жас ұрпақтың түйсік, қабылдау, ес,қиял,ой және тіл сияқты танымдық- психикалық процестерін дамыту- ақыл- ой тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі.[13]

Айналадағы дүниені түйсік пен қабылдаудың дамуы неғұрлым жоғары болса, дүниені танып білуі соғұрлым бай болады.

Жас ұрпақтың ақыл- ойының дамуы еңбек пен ғылым- білімнің ұштасуына байланысты. Қоғамдағы барлық байлық- адамның ақыл- ойымен, екі қолымен жасалатын еңбектің нәтижесі, ғылым мен техника, бүкіл өнер туындылары, еңбек пен ақыл- ой қызметінің жетістіктері. Халықтық педагогикада “Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ”, ”Оқу білім бұлағы, білім- өмір шырағы”, ”Ақыл озбайды, білім тозбайды”, “Оқу түбі- тоқу”,- деп қарапайым өмір тәжірибесінен туындаған қағидаларды жас ұрпақтың ақыл-ойын тәрбиелеу үшін пайдаланылған. Халық бар дүниенің тетігі ғылымда, оны төзімді еңбекпен аласың деп, заңғар ойлы, парасатты, әділдік жолында алыса білген адамдарды үлгі - өнеге еткен.

Балалардың мінез - құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман - жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары - ең алдымен өздерінің ата - аналары. [9]

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты — балалардың ақыл-он күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
— танымдық қызығушьшықты дамьпу;
— танымдық белсенділікті қалыптастыру;
— белгілі білім көлемін меңгеру;
— ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
— ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;
— ғьшыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.

Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.
Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі — басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі.[9]

Ақыл-ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жннақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады. Ақыл-ой тәрбиесі — адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау — сана-сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырьш жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ақыл-ой қызметінің тәсілі — ол белгілі бір топтағы мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған қисынды операция немесе операциялар жиынтығы. Абстрактылы ойлау елеулі емес екінші дәрежелі белгілерден аулақтануға, жалпы және елеулілерін бөліп алуға, сөйтіп, осы негізде абстрактылы ұғымдарды тұжырымдауға адамның іскерлігін көздеуде өз маңыздылығымен ерекшеленеді. Абстрактылы ойлауға қабілеттілік, сөз жоқ, оқушылардың жасына байланысты. Алайда, абстрактылы ойлаудың дамуы мектеп жасында мейлінше интенсивті етеді. Жүйелі оқыту оның дамуын жеңілдетіп тездетеді. Осы қабілеттіліктердің көріну уақыты оқытудың мазмұны мен сабақ беру әдістеріне байланысты болып келеді. Сондай-ақ негізгі ой әрекеттері мен операцияларды игеру ісінде арнаулы машықтануды керек етеді. Талдай, жинақтай білу және пәндер мен құбылыстарды жіктей алу, шешімдер қабылдауды, қорытындылар шығаруды, баға беруді, ұғымға келтіруді, құбылыстың немесе пәннің белгілі бір қажеттілікпен анықталуын қажетсінеді.[5]

Date: 2016-01-20; view: 6053; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию