Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сімдіктерге әсер ететін антропогендік факторлар





Антропогендік фактор деп адамның қызмет әрекетінен жаңа түрде туындайтын фактор. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарынан қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгергені соншалық, табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.Дүние жүзіндегі шөлдердің шығу тегі негізінде антропогендік болып саналады. Қазіргі уақытта шөл аумағы 10 миллион шаршы километрге жетті, бұл бүкіл құрлық аумағының 7 пайызына жуық. Көптеген жер көлемінің өзгеруі шаруашылықтың, мысалы, eгіc алқаптарының тым үлкен болуы, олардың дұрыс күтілмеуі, қорғаныш орман-тоғай белделері мен ықтырма белдеулердің болмауы, құрылыс салу, пайдалы қазбалар өндіру кезінде үстіңгі қабаттың жалаңаштануы, малдың тым көп жайылуы тағы да басқа жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан орын алды.Қазіргі кезде антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар: көшетхана эффектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон кабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену, т. б. туындады. Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау-кен өндіріс салалары, т. б. жатады.АҚШ-ның Вашингтон қаласында орналасқан бүкіл әлемдік бақылау институтының мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан жылға нашарлауда. Институт жариялаған мәліметтерге сүйенсек жылына 16,8 млн. га тропикті ылғалды орман жойылып, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан 6 млн. га шөл пайда болып, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орман зақымдалып, планетадағы жыртылатын жердің 26 млрд, т. кұнарлы қабаты мен өсімдіктердің 25-30 мың түрінен айырылып қалатын жағдай туып отырғаны анықталған.Жоғарыда карастырылған абиоталық, биоталык, және антропогендік факторлардың табиғи ресурстарды пайдалану процестеріне ықпал ететін кез келген әсерлерін табиғи пайдаланудағы фактор деп атайды. Табиғи пайдаланудағы фактор объектілер түрлеріне байланысты үш топқа бөлінеді:• табиғи ресурстарға ықпал жасайтындар;• өндірістің өзіне әсер ететіндер (мысалы, ортаның ластануы);• табиғат пайдаланушы ретінде адамға әсер тигізетіндер.Сонымен экологиялық факторлардың топтастырылуын талқылауды аяқтай келе, олардың барлығының жиынтығы экожүйенің қасиеттеріне ғана емес, оның даму процесіне де басшылық жасайтындығына ерекше назар аудару қажеттігі сөзсіз. Қоршаған ортаны корғау мен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдаланудың бірде-бір мәселелерін табиғаттың жанды және жансыз компоненттері арасындағы байланыстардың ғылыми негіздерін ескермей шешуге болмайды.Антропогендік өндірістік фактор (АӨФ) деп тікелей өндіріс процесіне қатысатын қызметкердің денсаулығын өте-мөте қолайсыз зардаптарға ұшырататын және белгілі өндіріс процесінің нәтижесінде қоршаған ортаны антропогенді өзгерістерге итеруге қабілеті бар факторды айтады. Бұл жерде тағы да еңбектік, өндірістік әрекетке байланысты фактор туралы анықтамаға ерекше көңіл бөлініп отырғанын еске саламыз.АӨФ әр-түрлі нышанмен топтастырылады. Өзінің табиғатына байланысты антропогендік өндірістік факторлар физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді.АӨФ тигізетін әсеріне байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады

18. Судың негізгі маңызы. Гидробионттардағы су-тұздың ауысуы. Кез келген организмнін еніп-өсіп, көбеюіне, ұрпактарьш жал-ғастыруына қолайлы табиғи-тарихи қалыптаскан ортаны тіршілік ортасы дейміз. Қазіргі кезде жер шарында су, құрлық-ауа, топырақ және организмдердін өзі.Су тіршілік ортасы. Гидросфера ғаламшарымыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су — жер шарының барлық көлемінің 71%-ынқамтиды. Судың негізгі қорын, яғни 98%-ын мұхиттар мен теңіздер құрайды. қалған 2%-ы мәңгі мүздықтар, езендер мен көлдердін үлесіне тиеді. Суда жануарлардын 150 мың, өсімдіктердің 10 мыңнан астам түрі тіршілік етеді.Судың, өзіне тән ерекшеліктері: Оған судың тұтқырлығы, тұз концентрациясы, қысым, оттек мөлшері, су қабатының Теңіздер мен мұхиттардағы организмдердін дене формасының ерекшеліктері: қозғалыстары мен ағыстары, айналымдар, қорек қоры, судың тұщылығы жатады.Судағы барлық организмдерге тән қасиет — жүзу. көптеген балдырлар, кейбір организмдер бекініп тіршілік етуге бейімделген. Жүзуге немесе баяу козғалуға байланысты гидробионттарда құрлык организмдерінде болмайтын ерекше морфологиялык ескіншелер, жүзу немесе ескек аяктары мен жүзбе-қанаттары, су жұқтырмайтын заттар, т.б.Мыс, тау өзендерінде тіршілік ететін балықтардың денесі жұмыр әрі ықшамды, ағыска карсы жүзуге бейімді болса, жазык жердегі көлдердегі балықтар, керісінше, ірі әрі жалпақ болып табылады.Ал мүхиттардың әр түрлі тереңдіктеріндегі организмдердің морфологиялық құрылысы, дене пішіні мен қозғалуы мүлдем баскаша болады.Жануарлардың суға бейімделуі де әр түрлі. Олардың анато-мияльщ, морфологиялык, физиологиялык, мінез-күлыктык, т.б. бейімділіктерін байкауға болады- Мысалы, судың терең кабатында тіршілік ететін организмдердің денесіндегі жүзбеканаттары жаксы жетілген өрі жүзуге икемді болса, бентос топтарында, керісінше, жүзуге икемсіз жөне су түбіндегі заттарға жабысып калуға бейімді мүшелері жаксы жетілген.Су организмдерінің ітттінде медузалар, қосжактаулы былқыл-дакденелілер өз денесінен аткылаған су кысымы күшімен тез жүзуге бейімделген. Бүл күбылыс, өсіресе басаякты былкыл-дақденелілерде жаксы байкалады. Ал осы әдіспен козғалатын кальмардың жылдамдығы сағатына 40—50 інакъірымға жуьщ. Ірі киттердің жаксы жетілген әрі куатты жүзбеканаттары мен ескек аяқтары болады.Тұщы су гидробионттарының кейбіреулері су бетінде кәдімгі құрлыктағыдай сырғанап та жүреді.. Олар — көдімгі су кандалалары мен су коңыздарының өкілдері.Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Құрлык-ауа — организмдер үшін күрделі өзгерістер үздіксіз жүріп жататын, табиғат орта. Мұнда атмосфераның газдық кұрамы, ылғалдылық, тығыздық, қысым, т.б. факторлар жиынтығы литосфера қабатымен байланысып жатады. Жануарлар мен өсімдіктер құрлык-ауа кеңіс-тігінде тірпшгік етуге бейімделіл, оны толықтыра түседі. Тіршілік ортасына тен көптеген ерекшіліктерді (жарықтың мол түсуі, температура ауытңуының күшті байкалуы, ауа райының маусым мен тәулік бойынша өзгеруі, т.б.) байқауға болады. Аталған факторлардың күрделілігіне байла-нысты организмдер дүниесі эволюциялык даму жолында анато-миялык- морфологиялык, фи­зиологиялык, экологиялык, т.б. тұрғыда бейімдеді.Оттекпен тыныс алу мү-шелері (лептесік, өкпе, кеңірдек), тірек қаңқасы, қолайсыз жағдайларға бейімделу әдістері (орын ауыстыру, ін қазу) жетіле түсті. Жануарлар мен құстардың ұшуға бейім жаңа түрлері пайда болды Құрлық-ауа факторларының ішінде ауа, жауын-шашын, топырақ ылғалы, эко-ж\е микроклимат пен геогра-фиялык белдеулер организмдер үшін үлкен рөл атқарады.Топырақ Тіршілік процесі — ұзақка созылған биогеохимиялык айналымның жемісі. Топырақтын түзілуімен байланысты жер бетін жасыл өсімдіктер әлемі басады. Одан соң топырактың микро- және макрофаунасы қалыптасты. Өсімдіктер мен жануарлар жене өлі табиғат арасындағы қоректік қарым-қатынастар топырақ түзілу процесін, оның физикалык, химиялык жөне механикалық құрылымын жақсарта түсті. Мысалы, топырактын жоғары бөлігшде өсімдіктерге қажетті азот, калий, кальций, фосфор жене т.б. химиялык элементтер жинакталады. Ал топырак ылғалы оттекті, еріген түздар мен минералды заттарды сіңіріп, сілтілік немесе қышкылдық ортаны қалыптастырады.Су экожүйесінде қалқып тіршілік ететін (планктон, нектон) формалардан басқа жануарлар үшін төсемік тірек, қорек көзі, Қозғалыс беті, құрлық-әуе тіршілік ортасы. Төсемік сипаты жануарлардың қозғалысын, дене пішінін және реңін анықтайды. Құрлық жануарлары үшін төсемік-топырақ немесе анайы жыныс, қар және мұзды жабын, өлі және тірі өсімдік, ал паразиттер үшін- иесінің дене беті немесе ұлпа-мүшелері. Су жануарлары үшін- су түбі немесе су заттары, тіпті судың беткі жарғақшасы.Топырақ-топырақ фаунасының тіршілік ортасы, құрлық формаларының төсемігі және фоны. Топырақ түрлері, құрылымы, механикалық және химиялық құрамы, су және ауа режимі. Су қоймаларының төсемігі- тіршілік орта, қорек көзі, қозғалыс беті.Қар жамылғысы-құрлық жануарларының эволюциясында және тіршілігінде топыраққа жақын. Қар жамылғысы-жануарлардың қозғалысына, қорек табуына кедергі. Оған жануарлардың бейімділігі.Мәңгі тоң, мұздықтар мен мұз жабындысы қар жамылғысы аз, климаты қатаң аймақтарда кездеседі. Олар топырақ фаунасының тіршілігін шектейді. Мұз жабындысы уақытша және тұрақты болады. Қоңыржай белдеуде қыста су қоймаларының мұз жабындысы су және құрлық жануарлары үшін үлкен қиыншылық туғызады.Мәңгі тоң, мұздықтар мен мұз жабындысына жануарлардың бейімділіктері және осы аудан жануарлары. Биологиялық цикл. Климаттың жануарлардың тіршілік цикліне әсері.Тәуліктік, маусымдық және көпжылдық циклдер. Экологиялық қуыс. Жануарлардың тіршілік формалары және оның классификациясы.

19. Ауа экологиялық фактор ретінде. Жасыл өсімдіктің ауамен қоректенуі – фотосинтез ауа газдарының бірі СО2-ні қолданылуымен жүреді. Ауаның келесі компоненті О2 өсімдіктерге тыныс алу үшін қажет. Сондықтан ауаның қажетті компоненттерінен тұратын газды орта өсімдіктер үшін бірінші дәрежелі маңызы бар тікелей әсерлі экологиялық фактор болып табылады. Ауа қозғалысы. Өсімдіктер үшін экологиялық маңызы бар ауалы орта қасиеттерінің ішінде ауа қозғалысын атаған жөн. Бұл ауаның тік (вертикальді) бағыттағы ауа ағынының конвекциялы тоғы және ауа массасының горизонтальді қозғалысы – жел болу мүмкін. Алғашқысы ең бірінші жылу ырғағына (араластыру, депрессияда суық массаның ағуы, дала ормандарына т.б.) әсер етеді және өсімдіктер тозаңының немесе өте ұсақ тұқымдарының тасымалдануы үшін маңызды. Өсімдік тіршілігі үшін ауаның горизонтальді қозғалысы – жел аса маңызды рөл атқарады.Өсімдіктерге желдің тікелей әсер етуі әртүрлі. Бұл ең алдымен механикалық әсерлер: өте қатты желдерде – сыну, тамырымен жұлыну, әсіресе үлкен парусты ірі ағаштар. Өте күшті желдерден, көбінесе бұталы породалылар зақымданады - мысалы шыршалар, ал жапырақты породалылардан – қайың мен шамшат.Жел өсімдік тіршілігінде жағымды рөлдерді де атқарады. Желсіз анемофильді өсімдіктердің тозаңдануы жүрмес еді. Олардың қатарына шөптесін өсімдіктер, барлық астық дақылдар, қияқтар т.б. жатады. Анемофильдердің тозаңы жеңіл, құрғақ, кейбіреуінде өте көп көлемде. Мысалы, жүгерінің аталық себетінде 50 млн.-ға дейін. Анемефильдердің тозаң дәндерінің экзинасы қатпарлы түзіліссіз жұқа. Тозаңдары он немесе жүздеген километрлерге дейін таралады. Жел анемохорлы өсімдіктердің тұқымдары мен ұрықтарын таратады. Осылай тасымалдануға олардың өте кішкене мөлшерлі болғандары мүмкіндік береді (мысалы: орхидеялар, шырмауықтар, верескалар АУАНЫҢ ГАЗДЫ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОТТЕГІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ Атмосфера - жердің ауа қабығы, жер қабықтарының ішіндегі ең сыртқысы. Ол Грекше atmos – бу, sphaira – шар дегенді білдіреді. Теңіз деңгейіндегі таза және құрғақ ауа бірнеше газдардың қосындысынан тұрады. Олардың ішіндегі негізгілері азот – 78,09%, оттегі – 20,95%, аргон – 0,93%, көмірқышқыл газы – 0,03%. Басқа газдар: неон, гелий, метан, криптон, ксенон, сутегі, озон, йодтың болмысы өте аз (0,1%-тен кем). Атмосфераның басты құрамдас бөліктері – азот пен оттегінің арасалмағы тұрақты болады.100-200 км биіктікке дейін ауа түгелдей сапырылысып жататындықтан атмосфераның құрамы біртектес болып келеді. Бұл қабат гомосфера, ал оның үстіңгі қабаты гетеросфера деп аталады. Су буы, озон мен көмірқышқыл газы сияқты атмосфераның маңызды құрамдас бөліктерінің мөлшері мерзім бойынша да, кеңістікте де кең көлемде өзгеріп тұрады.Температураның өзгеруіне қарай атмосфераны – тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфераға бөледі. Сфералар бір-бірімен өтпелі қабаттар - паузалармен; тропо-, мезо-, страто-, термопаузалармен бөлінген.

.

.

23.Зоогенді факторлардың өсімдіктерге әсері. Жануарлардың өсімдіктерге тура және өте көрнекті әсерінің түрі - өсімдік массасының жануарлармен тамаққа қорек ретінде пайдалануы. Әрбір тропикалық тізбектің басында органикалық заттарды жасаушы жасыл өсімдіктер – автотрофтар тұрады. Жасыл өсімдіктер бірінші трофикалық деңгейді – алғашқы органикалық заттардың продуценттері, оның есебінен басқа екінші трофикалық деңгейдегі ағзалар – фитофагтар (жануарлар, микроағзалар, ал кейбір кездерде өсімдіктер). Өсімдікпен қоректенетін жануарлар белгілі өсімдіктер түрімен қоректенеді: немесе бір түрмен (монофагтар), немесе жақын түрлер тобымен (олигофагтар). Кейде фитофагтардың көпжейтіндері (полифагтар) кездеседі. Фитофагтардың ішінде өсімдік массасын көп пайдаланатын ірі жануарлар бар. Ірі бұлан тәулік бойында жаз айларында әртүрлі өсімдіктермен 30-40 кг қоректенеді. Қыста шамамен 10 кг өсімдік сабақтары мен қабықтарын, күн сайын шамамен 300-400 ағаш және бұталарды жейді. Оның қоректік өсімдіктерінің тізімінде – көктерек, шетен, қайың, әртүрлі талдар, арша, сұр қандыағаш және т.б. Өсімдік тағамдарын және тағы басқа да ірі жануарлар – бұғы, аюлар, қабандар, қояндар және т.б. пайдаланады. Олар жас ағаштармен бұталардың сабақтарымен ең тез табылатын және қоректік бағасы көбірек болады. Өсімдіктер үшін бұл жарақаттар аса маңызды өсетін бөліктерін жоғалту, басқаша айтқанда, жануарлар өсімдіктерге және де форматүзетін фактор ретінде әсер етеді. Фитомассаны көптеген өсімдіктер де пайдаланады. Біздің елімізде құстар 270 ағаштар мен бұталар түрлерінің тұқымдарын жейді. Тұқымды ең интенсивті жейтіндер – қашыауыз-клесты, балқарағай торғайы-кедровка, үлкен шұбар тоқылдақ, сайрауық-дрозды және т.б. Зоологтардың бағалаулары бойынша, кейбір оңтүстік тайга типтерінде тұқым шашар кезде ағаштарда алғашқы өнімнің үштен бір бөлігі қалады, қалғандарын клестар мен тоқылдақтар тасиды немесе түсіріп (кейде тиіндер) құртады. Құстар өсімдіктердің жасыл бөліктерімен де қоректенеді. Бұлар да өсімдіктердің бұтақтану сипатына және діңінің архитектоникасының түзуілуіне әсер етеді. Ұсақ жануарлар-фитофагтары, мысалы, кеміруші тышқантәрізділер, салыстырмалы түрде дарақ басына шаққанда аздаған мөлшерде фитомассаны жейді, бірақ өсімдіктер жамылғысы үшін толығымен олардың көп популяцияларының әрекеттері сезіледі. Эксперименттік деректерге қарағанда, тышқандар тәулік бойында шырша тұқымын 470-тен 1400-ге дейін жеуге қабілетті екені анықталған. Осы деректерге қарап және тышқандардың санының өте жоғарылығын ескере келе жыл бойында қаншама тұқымды құртатынын елестетуге болады. Олардың бұл әрекеттері өсімдіктердің жаңаруына да зор әсерін тигізеді. Көптеген, кеңінен таралған және әртүрлі өсімдіктерді тұтынушылар – жәндіктер. Ағаш өсімдіктері әрқилы маманданған жәндіктер топтарымен: жапырақкемірушілер, ағашжеушілер, шырын сорушылар және т.б. жәндіктер мен кенелер – галлотүзушілер деген ерекше топты құрайды: қоректене отырып, олар өсімдік денесінде ұлпаларының галло тәрізді және басқа да тератологиялық түзілістердің өсуіне әкеліп соғады. Өсімдік массасын көп мөлшерде тұтынуға және басқа да омыртқасыз фитофагтар (кенелер, нематодтар, қарапайымдылар және т.б.) үлкен үлес қосады. Фитопланктонның көп мөлшерде киттермен желінетіні белгілі. Өзен, тұщы су қоймалары ның, теңіздер мен мұхиттар өсімдіктерінің су жануарларымен тұтынуының маңызы зор болып табылады. Жиі жануарлар-фитофагымен зақымдалатын өсімдіктер түрлері белгілі қорғаныш реакциялары және бейімделушілік қасиетіне ие болады. Жеуден қорғанысқа мықты жабындық және механикалық ұлпалары, әртүрлі өскіндер, тікенектер және т.б. жатады. Бұл белгілер аталған өсімдіктер үшін тұқымдарын сақтаудың сенімді қорғанышы болып, олардың тіршілік етуін жалғастырады. Аталған белгілердің барлығы да өсімдіктердің жануарлармен желінуіне төзімді болуын қамтамасыз етеді. Өсімдіктер популяциясы жануарлармен желінудің аса тұрақты қорымен қамтамасыз етіледі. Жануарлар- өзінің тіршілігінің қажетті көзі болып табылатын өсімдік түрін жоймайды. Өсімдіктер массасының жойылуы мен зақымдалуы тек жануарлармен олардың қорек ретінде қолданылуында ғана емес, басқа да жағдайларда болады. Оның бірі - өсімдіктердің тұратын орын ретінде қолданылуы. Мысалы, орман тышқандарының шөптесін өсімдіктерді індерінің ішіне төсеніш үшін қолданады. Жапырақкескіш-аралар және басқалары личинкаларын жасыру үшін жапырақ алақанынан дөңгелек және эллипс кеседі, түтікораушы-жәндіктер личинкалары даму үшін жапырақты түтіктеп орайды. Жануарлармен өсімдік массасының желінуі және де басқадай пайдаланылуы механикалық әсерлермен - өсімдіктердің жарақаттануымен де (басылуы, сынуы және т.б.) қоса жүреді. Барлық сынған немесе жұлып алынған өсімдік бөліктері қорекке қолданылмайды. Өсімдіктерге жануарлардың (қабан, тышқантәрізді кемірушілер, топырақ омыртқасыздары) қазу әрекеттері де үлкен әсер етеді. Ормандарда тек қана тышқантәрізді кемірушілердің індерінің өзі бір гектерда бірнеше жүзге жетуі мүмкін. Жануарлардың өсімдіктер үшін маңызды әсерінің бір түріне топырақтың беткі қабаттарын бекіту, жабындықтарды бұзу және органикалық қалдықтармен қамтамасыз ету және т.б. жатады. Өсімдіктердің тозаңдануында жануарлардың алатын орыны бөлек екені мәлім. Жәндіктермен тозаңдану – энтомофилия - өсімдіктер мен жәндіктерде ерекше бір бейімделушіліктің жасалуына әкеліп соққаны белгілі. Өсімдіктердің тозаңдануына құстар да қатысады, бұл құбылыс – орнитофилия деп аталады. Оңтүстік жартышардың тропикалық және субтропикалық облыстарында құстардың шамамен 2000 түрі күлтелерде жасырынған шірнелік іздеп немесе жәндіктерді аулап гүлдерді тозаңдандырады. Орнитофильді өсімдіктердің гүлдері ірі, ашық түсті, құрамында шірнелігі көп болып келеді. Кейбір орнитофильді гүлдерде арнайы қорғаныш құрылысы болады, ол гүлдің қозғалысы кезінде шірненің сыртқа төгілмеуіне ықпал етеді. Өте сирек жағдай зоогамия – (жануарлар арқылы) – сүтқоректілер арқылы тозаңдану. Австралиялық Driandra бұта туысы кенгурудің көмегімен гүлден гүлге өтіп, мол шірнесін ішкен кезде тозаңданады.

24. Топырақ тұздылығының өсімдіктерге әсері. Біздің планетамыздың топырағының шамамен 25% тұздыланған болып келеді. Топырақ ерітіндісінде болатын тұздылықтың артықшылығы өсімдіктерге токсинді болады. Әсіресе тез ерігіш тұздар зиянды, олар цитоплазмаға оңайлықпен енеді: NaCl, MgCl, CaCl2; ақырын еритін тұздар: CaSO4, MgSO4, CaSO3 аз токсинді. Көптеген тәжірибелерде көрсетілгедей өсімдіктерге сульфаттарға қарағанда хлоридті тұздылық қатты әсер етеді. Тұздылықтың асқан концентрациясы осматикалық әрекет ретінде болып, өсімдіктердің қалыпты сумен қоректенуінің бұзылуына әкеліп, улануға әкелетін токсинді әсер етеді. Көбінесе, улану азот айналымының лезде бұзылуы нәтижесінде және ақуыз ыдырауынан түзілетіндердің жиналуынан пайда болады. Қатты тұздылық ақуыздың ыдырауын ақырындатып, өсу үрдісін басады. Топырақтың тұзды болуы топырақ микроағзаларының өлуіне әсер етеді. Ыстық және құрғақ климатта жер асты сулары болатын жерлердің басым болуынан үлкен аймақтарда (дала және жартылай дала, шөл аймақтарда) тұздылану жиі кездеседі. Бұл жерлерде тұздылану басым болып жер асты суларының тұздары ғана емес сонымен қатар минералды тұздар аз мөлшерде болатын атмосфералық жауын-шашын болып табылады. Бұл жерлерде тұздылану суландырудың дұрыс жүргізілмегенінен де болады. Ылғалды климатта топырақ үнемі шайылатындықтан тұздар жиналмайды және олардың топырақ тұнбасындағы құрамы жүздік немесе мыңдық пайыз бөлігінен аспайды. Әр түрлі типті тұзды топырақтың ішінен негізгісі - тұзды және сулы реттелуі бірдей емес болып келетін сор және сортаңдар. Сор – жоғары деңгейіне дейін тұзды сулармен үнемі және қатты ылғалданған топырақтар. мысалы, өзендердің ащы-тұзды айналасы. Жазда солончактар беті кеуіп, тұз қабыршығымен жамылады да топырақ ерітіндісінде концентрациясы бірнеше ондық пайызға жетеді. Сортаңдар - беті тұздаланбаған, беткі қабаты сілтілі, құрамсызСу ырғағы лезде өзгерулермен сипатталады (көктемде су өткізбеушілік әсерінен ылғалдылық беткейде тұрақтануы жиі байқалады, ал жазда- қатты құрғақшылық). Топырақ түрлерінің аралық қатарында солончакты, солонецты топырақ. Жиі олар арасында кішірек жерлерде, солончакты-солонецты комлексін құрайды (Каспий маңы, Қазақстан т.б.). Тұзды топырақтарда жоғары тұздылыққа бейімделген өсімдіктер тіршілік етеді – галофиттер. Олар спецификалық түрлермен ерекшеленеді. Осылайша толық галофитті тұқымдастар кездеседі (алаботалылар, свинчактылар, иттабандылар, жыңғылдылар). Галофиттер флорасы аридті зоналарда әртүрлі және бай болады. Галофиттерден басқа тұзды емес жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер – гликофит деп аталады. Морфофизиологиялық ерекшеліктеріне және тұздылануға адаптациясына байланысты бірнеше галофит топтарын бөлуге болады. (Генгель П.А.) Эугалофиттер (солянки). Бұл басым көпшілігі солончак пен тұздалған комплексті сор жерлерде өсетіндер. Мысалы: Европалық бұзаубас, бүршікті сарсазан, Salsola, Petrosimonia, Suaeda, Obione туыс түрлері т.б. Осы өсімдіктердің сырт пішіндері сәйкес келеді. Кейбіреулерінде суккулент ерекшеліктері байқалады: жапырақтар редукциясы, ассимиляциялық ұлпа болатын - 2 қабатты бағаналы паренхима. Цитоплазманың тұздылыққа жоғары тұрақтылығына байланысты эугалофиттер тұздардың көп мөлшерде сіңіріп және жинауға қабілетті (күлінің массасының 45-50%). Қазіргі көзқарастар бойынша тұздар тек цитоплазмада ғана емес, тұздар жиналатын орын ретінде алынатын жасушарардың «инертті» құрамында жиналады. Топырақ қаншалықты тұзды болса, тұз жинаушы өсімдіктер соғұрлым құрамында тұз көп болады. Криногалофиттер (тұз шығарушылар). Бұл өсімдіктер тұзда ерітінді ретінде арнайы жапырақтарындағы бездері арқылы артық тұзды сыртқа шығаруға қабілетті. Бұларға жыңғылдылар, иттабандылар, кермектердің көпшілігі жатады. (ботаниктер жақсы біледі, кеппе шөп (гербарий) жинауда жыңғылды тұзды жамылғысы бар болғандықтан қағазда сорғалаушы жапырағын кептіру қиынға түседі). Тұздың құрғақ ұнтағы жел көмегімен жапырақтан ұшып кетеді, жерге түседі немесе жауын арқылы шайылады. Жапырақ құрылысына қарай көптеген криногалофиттер мезофиттерге жақын келеді. Гликогалофиттер бұған ксерофильді өсімдіктер жатады (мысалы, дала мен жартылай далада тіршілік ететін көпшілігі ермендер). Гликогалофиттер тұқым жүйесі тұздарды өткізбейді. Сондықтан қатты тұзды топырақта өсетін өсімдіктер ұлпаларында тұз жиналмайды. Бұл «тамыр кедергісі (барьері)» жұмысы белгісіз. Бір авторлар тамыр жасушаларының қабырғаларының жуандауына мән береді, басқалары – зиянды тұздың тоқталуын қамтамассыз ететін биохимиялық үрдістер, үшіншілері - өсімдіктердің су режимі аз кезде тіршілік ету және «бласты» иондарды аз сіңіру қабілеттілігіне ие болады. Галофиттерде зиянды тұздарды «зиянсыздандыру» және басты айналымнан шығару биохимиялық ерекшеліктері болады. Бұл цитоплазма және органикалық қышқылдар ақуызымен иондарды таңдаулы байланысы және де қорғаныш функциясын атқаратын заттардың жиналуы қамтамасыз етіледі. Көптеген галофиттерде тұздар үшін цитоплазма өткізгіштігі төмен, ол көбінесе гидрофильді тұзды аз сіңіріп, су мөлшерін аз жұмсауға әкелетін коллоидты –байланысқан суы көп болады. Көптеген галофиттерге топырақта тұздардың концентрациясының жоғарылығы – қажетті әрі жағымды фактор болып табылады. Солерос және теңіз жолжелкені өсімдіктерімен әртүрлі топырақ ерітінділерінде жүргізген тәжірибелер олардың өсуіне тұздардың 2-3% концентрациясы қолайлы, ал осы өсімдіктерді тұрақты суға өсіргенде солуы байқалған. Осындай жағымды «тұзды әсер» сарсазан, алабота өсімдіктерінде байқалған. Ол ересек өсімдіктерде де өсіп келе жатқан тұқымдарда да байқалады. Тіршілік ету ортасының тағы бір түрі белгілі, тұздылыққа өсімдіктердің бейімделуінің қажеттілігі – ол мұхиттар мен теңіздер сулары. Әлемдік мұхиттардың сулары 3-4 % тұзды сақтайды. Ол біздің планетамыздың шамамен 97% құрайтынын еске саламыз. Бірақ теңіз өсімдіктерінің тұздылыққа бейімделуі әлі де аз кездеседі. Тұздыланған топырақты арнайы мелиорация арқылы жақсартады. (дренажбен, шаюмен, сіңген натрийді химиялық жолмен кетіру). Өсімдіктерді қолдануға да болады, ол фитоелиорация оның әсерінен жер асты суларының тұздылығы азайып, топырақ тұзсызданады.

26.Фитогенді факторлар мен өсімдіктердің өзара байланыстары. Әртүрлі күрделі ұйымдастырылған өсімдіктер қауымдастықтарына кіре отырып, өсімдіктер көрші өсімдіктерден көптеген әсерлер алады және қауымдастықтағыларға өздері де әрекет етеді. Олардың өзара әсерлерінің түрлері де алуан түрлі және өсімдіктердің қарым-қатынас дәрежесі мен тәсілдеріне байланысты болады. Осыған байланысты әртүрлі жүйелеу қолданылады, кең тарағаны В. Н. Сукачевтікі.
Өсімдіктер арасындағы тура, немесе түйіспелі (контактылы) қарым-қатынастар. Бірігіп немесе жақын өсу кезінде механикалық әсерлер болады. Мысалы, қылқанжапырақтыларды жапырақты басқа ағаш өсімдіктерінің түрлері орап өседі (әсіресе қайыңдар), олар желмен теңселіп қылқандарды, бүршіктері мен жас бұтақтарды жарақаттайды.
Ағаш діңдерінің бірін-бірі қысып және тіркесуі - өте сирек кездесетін жағдай, бұндай жағдайлар топырақтың аз көлемінде өсімдіктердің тамырларының көп массасының жерасты сферасында тығыз айқасқан байланыстары жиі болады. Контактының да бірнеше типтері кездеседі: қарапайым жабысқаннан нығыздалып өскенге дейін. Бұл әсер ету түрі лиан ағаштар (немесе шармалып өсетін шөптесін өсімдіктер түрлері) және оларға тірек болатын өсімдіктерге тән. Тағы бір механикалық әсерлердің формасы – бір өсімдіктің келесі бір өсімдікті субстрат ретінде пайдалануы. Топырақпен байланыспай және басқа өсімдіктің бұтағында, діңінде тіршілік ететін өсімдіктерді эпифиттер, ал жапырақта бекінгендерді эпифиллдер деп атайды. Паразиттерден айырмашылығы өсімдік-субстраттармен тура байланысқа шықпайды, автотрофты ағзалар сияқты өздігінен тіршілік етеді. Шамамен барлық өсімдік түрлерінің 10% эпифитті тіршілік етеді деп есептейді. Тропикалық ормандар эпифиттерге бай болып келеді. Ылғалды және аздаған жылы облыстарды эпифитті мүктер, қыналар, папоротниктер, ал қоңыржай және суық климатта эпифитті мүктер мен қыналардан басқа балдырлар таралған. Су өсімдіктерінің ішінде су гүлдерінің және өте ірі балдырлардың денесінде мекендеген эпифитті балдырлар және саңырауқұлақтар бар.Нағыз эпифитті және эпифитті емес өсімдіктердің арасында өтпелілік болады.ағаштарда өсе бастаған жартылай эпифиттер өтпелі тип болып табылады. Олардан кейінірек топыраққа жететін ұзын жанама тамырлар дамиды және өздігінен топырақтан қоректенуге өтеді. Мысалы, кейбір ароидтар және фикустар. Топырақпен байланыссыз, жер үсті эпифиттердің ерекшеліктерінің бірі - минералдық заттар және сумен қамтамасыз етілудің өсімдіктер үшін қиынырақ болуы. Тамыры жоқ эпифиттерде ылғал түкті жапырақ беті арқылы сіңіріледі. Эпифиттердің суды үнемді пайдалануы кейбір ксерофильді белгілеріне байланысты: орхидеялардың көпшілігінде жапырақтары қалың, етжемді, кутикуласы тығыз, жапырағы кейде жайылған немесе қатты редукцияға ұшыраған.Эпифиттердің морфологиялық ерекшеліктерінің бірі – жеңіл тіпті ауа ағынымен де тез тарайтын, мен тұқымы өте ұсақ спорасы.Эпифитизмнің экологиялық мәні қалың тропикалық ормандарда өзгеше жарық ырғақтарына бейімделуі: орманның жоғарғы ярустарына өсу заттарын көп жұмсамай шығу мүмкіншілігінің болуы. Өсімдіктердің жарық үшін күресінің өзі эпифитті тіршілік етудің шығуымен байланыстырады.Өсімдіктер арасындағы физиологиялық байланыстарға симбиоз, паразитизм, сапрофитизм жатады. Өсімдіктердің арасындағы симбиоздың мысалы ретінде балдырлар мен саңырауқұлақтардың бірлесіп тіршілік етуінен ерекше бүтін ағза – қына түзіледі. Қынада фотосинтезге қатысатын балдырлар саңырауқұлақтарды көмірсулармен және басқа да органикалық заттармен (нуклеин қышқылдарымен, протеиндермен, өсу белсенділермен) қамтамасыз етеді. Ал саңырауқұлақтар балдырларға ылғал мен минералды заттарды жеткізеді. Дегенмен, фотосинтезді әлсірететін жарық жетіспеу және басқа да қолайсыз жағдайларда балдырлар саңырауқұлақтардан субстраттан сіңірілетін органикалық заттарды алу мүмкіншілігі болады. Басқа жағынан, ең қолайсыз жағдайларда саңырауқұлақтың біржақты балдырлардағы паразитизмі болуы мүмкін.
Келесі жоғары сатыдағы өсімдіктердің бактериялармен селбесіп өмір сүруінің мысалы – бактериотрофия. Түйнек бактерияларымен – азотжинағыштардың (азотфиксаторлар) селбесуі бұршақтар тұқымдасында кеңінен таралғаны белгілі.Саңырауқұлақ жіпшумағының (мицелийінің) жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырымен селбесуі – микориза түзуі жиі кездеседі. Ондай өсімдіктерді микотрофты немесе микотрофалар деп атайды. Зерттеулер жүргізілген 3425 түтікті өсімдіктер түрінің 79%-да микориза табылған.Микотрофты және бактериотрофты түрлерден басқа да дисимбиотрофтылар – саңырауқұлақтармен де, бактериялармен-азотжинағыштармен селбесетіндер белгілі (кейбір бұршақтар). Микотрофты өсімдіктердің микоризасы эктотрофты және эндотрофты болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, көптеген ағаштарда – емен, шырша, қарағай, қайың, талдардың жас тамырларының ұштарын саңырауқұлақ жіпшелері торлайды және жабындық ұлпаларының сыртқы қабатының жасуша аралығына енеді. Эндотрофты микоризаның дамуында саңырауқұлақ жіпшелері (гифтері) тамыр паренхимасының жасушаларының ішіне енеді. Аралық тип эндоэктотрофты микориза деп аталады.Паразитизм - өсімдіктер арасындағы тура физиологиялық әсерлердің көрнекі мысалы – партнерларының біреуінің гетеротрофты қоректену түріне алмасуы және иесінің-ағзасы есебінде тіршілік етуі болып табылады. Басқа түрге жататын дарақтар арқылы өмір сүретін ағзалар паразит делінеді. Паразиттер факультативті және облигатты болып бөлінеді. Факультативті түрлері иесінсіз де өмір сүре алады. Облигатты, яғни нағыз паразиттер өзінше эктопаразит (сыртқы) және эндопаразит (ішкі) болып екіге бөлінеді. Паразиттер әр түрлі систематикалық топтарда – микроағзаларда (бактериялар, вирустар), өсімдіктерде (тат және қара күйе саңырауқұлақтары, сүңғыла, арам сояу т.б.) және жануарларда (жалпақ және жұмыр құрттар, насекомдар, кенелер т.б.) болады.Өсімдіктердің жанама трансабиотикалық өзара қатынастары қоршаған ортаны өсімдіктердің өзгеріске келтіруі арқылы жүреді, бұл қатынастар құрамдас бөліктеріне де әсер етеді. Бұндай өзарақатынастар өсімдіктердің бірлесіп тіршілік етуіндегі қатынастарының арасындағы кеңінен тараған және өте әмбебап тип болып табылады.
Егерде қандайда бір түр немесе өсімдіктер түрлерінің топтары өздерінің тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде негізгі экологиялық факторларды сандық және сапалық жағынан қатты өзгертетін болса, бірлестіктің басқа түрлеріне ортаның физикалық факторларының зональды комплекстерінен ерекше жағдайларда тіршілік етуге тура келеді. Алғашқы түрдің басқа түрлерге қарағанда орта түзудегі әсері мен рөлі жайлы айтады. Орта түзуші әсерлер әртүрлі жолдармен жүреді. Оның бірі – микроклимат факторларының өзара әсерлерінің өзгерістері арқылы жүреді. Микроклиматты текке ерекше термин фитоклимат немесе фитоорта деп атамайды, ол өсімдіктер бірлестіктерінің ішіндегі өсімдіктердің болуы мен тіршілік әрекеттерімен байланысты.Өсімдіктердің топырақ арқылы қарым-қатынастары күрделі және алуан түрлі. Өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері өзгереді. Басқа сөзбен айтқанда, өсімдік-қауымдастықтары үшін бәрібір емес, орта түзетін эдафикалық әсерлер жинақталады. Орман шаруашылығында «топырақты жақсартатын» және «топырақты нашарлататын» ағаш түрлері жайлы ұғым ертеден белгілі болған. Біріншісіне топырақ горизонттарының терең қабаттарынан беткі қабатқа минералдық қорек элементтерін тартып алуға қабілетті, сонымен қатар тез минералданатын және ыдырайтын көптеген жапырақты өсімдіктер (қылқандылар) жатады. Екіншісіне, әлсіз ыдырайтын қышқылды реакциялы қалдықты жинауға қабілеті бар және топырақтың сулы-физикалық қасиеттерін әлсірететін қарағай мен шыршаны жатқызады.
Бір биоценозда тіршілік ететін өсімдіктер, осы биоценоздың басқа да өсімдіктеріне әсер етеді. Әсер етудің түрлері өте көп. Оларды тура және жанама деп ажыратуға болады.Тура әсер етуге: паразиттердің шабуылы, симбионттардың әсері, көршілес өсімдіктердің өте жақын орналасуы (механикалық әсер) жатады.Өсімдік - иесі және өсімдік арасында, өсімдік-иесі паразитке қарсы ауыруды жұқтыртпауға тырысса, ал паразит керісінше ауыруға шалдықтыруға тырысады. Мысалы: бидайдың және астық тұқымдастарының кейбір сорттары тат басқан саңырауқұлақтарға қарсы иммунитеттері қалыптасқан. Қорғаныш белгісін жасуша шырынының реакциясы, ферметтер, плазмамен бөлінгендер, жабындық ұлпалардың ерекшелігі, паразитті саңырауқұлақтардың жіп шумақтарының (гифтерінің) өтуіне қарсы тұра алатыны (қалың кутикула, балауызды өңез және т.б.) белгілі.Улану кезінде, уланған өсімдік паразит үшін қоректік орта болып табылады және ол өсіп, көбейген сайын өсімдік оның әсерін сезінеді. Паразиттің көбеюі, осы өсімдіктің паразиті үшін қолайлы болуына: біріншіден, қоректік орта, өсімдік иесінің ұлпасындағы жасушалардың болуына; екішіден, сыртқы жағдайларға байланысты.ТМД елдерінің жоғарғы сатыдағы өсімдіктерінің ішінде Cuscutа және Orobanche, hatharaea Sguamaria осы және т.б. түрлері паразитті болып табылады. ТМД флорасының жартылай паразитті түрлері Alectorolophus, Euphrasia, Odontites, thesium Viscum, бір жаздық Pedicularis.Сибионтты қатынастардың ішінде ең көп кездесетін формалары жоғары сатыдағы өсімдіктер және микориза-саңырауқұлақтары.Эндотрофты және эктротофты микоризалар саңырауқұлақтармен жоғарғы сатыдағы өсімдіктің қатынасында айырмашылық бар.Эндротофты микрозизаның екі симбионты да бір-біріне қажет, паразитті тіршілік етеді. Сондықтан да эндотрофты өсімдіктер саңырауқұлақсыз өсе алмайды, ал саңырауқұлақ өсімдіктің көмегінсіз тіршілік ете алмайды.Орхидея тұқымдастары, вереск тұқымдастары, кейбір көпжылдық астық дақылдары (Narolys Stricta, Festyca Ovina және т.б) эндротофты микрозизаның көмегімен, олар азоты аз топырақтарда да тіршілік ете алады. Саңырауқұлақтар арқылы қоректенуде, редукцияға ұшырағандықтан, тамыр толық жағалауына және өз бетімен минералды заттарды топырақтан ала алмайды.Кейбір орхидея мен вереск тұқымдастары толық саңырауқұлақтар арқылы қоректенуге көшкендіктен, хлорофилдерін де жоғалтқан. Осындай сопрофитті хлорофилсіз орхидеялар тұқымдастары (Neottia niocus avis Corallorhiza innata, Epipogon aphyllus және т.б.) және Monotropa. Экзотрофты микоризалар симбиоз паразитизм элементтерінен жартылай айырылған. Саңырауқұлақ жіпшелері тек ұсақ тамыршаларды жіпшелі жіпшумақтармен қоршап жатады. Жіпшелер тамыр жасушаларының ішіне енбейді. Жіпшелердің сопақшаланған ұштары тамыр жасушаларының сыртынан тығыз бекиді, кейде олардың бүйір қабырғаларының ортасынан өтеді. Экзотрофты микоризалар ағаш және бұталарда кездеседі (ақ қарағандарда, қайыңда, бересклетте және басқаларда табылмайды). Бұл микотрофтылар мүлде тіршілік ете алмайды (облигатты микотрофтылар) қысқа тіршілік етеді, (факультативті микотрофтылар). Перитрофты және жалған микоризалар сиректеу орналасқан және олар тамырға тығыз бекімейді, саңырауқұлақ жіпшумағы іс-жүзінде ризосфераның саңырауқұлақты бөлімін ұсынады. Өсімдіктер арасындағы симбионтты қатынастардың мысалы ретінде - қыналарды айтуға болады. Олардың симбиозында паразитизмнің де және бірігіп өмір сүрудің элементтері бар.Өсімдіктер арасындағы негізгі форманы эпифиттілік көрсетеді. Эпифиттер басқа өсімдіктердің денесінде тіршілік етеді. Ағаштарда осындай эпифитті балдырлар кездеседі: Pleurococcys, Trentepholia.Pleurococcys, Trentepholia.Pleurococcys, Trentepholia. Эпифиттер үшін басқа өсімдіктің беті қоныстану үшін азды-көпті оған керекті территория болып табылады. Беті (тегіс, кедір бұдырдан жаратылған) және жабындық ұлпаларының химимизімі бойынша діңі эпифиттерге қолайлы, басқаларына қолайсыз немесе бәріне қолайсыз және тағы басқа мысалы, қыналар Xanthoria parietina көк терек пен қандыағашта, бірақ шырша мен ақ қайында емес.Эпифитті қыналар мен мүктер ылғалдың көп немесе аз болуына бейімделген, ылғалды тез сіңіреді, ал құрғақшылық кезінде, ұзақ уақытқа дейін анабиозға батады. Қыналардың құрылысында ксероморфоздың белгілері бар (жіпшелердің қалың қабаттылығы, қабық қабаттыңтүзілуі). Фитоценозда өсімдіктердің бір-біріне жанама әсерлері әртүрлі және күрделірек. Бірігіп тіршілік ететін өсімдіктер бір-бірінен су мен минералды қоректі тартып алады. Өсімдік толық қоректің орнына жартылай қоректеніп тамақ ішсе, бұл оған кері әсерін тигізбей қоймайды. Жақын өсетін ағаштар бірін-бірі көлеңкелетіп тұрады және олардан да төмен бойлы өсімдіктер олардың ішінде, ауаның жетіспеуіне әсерін тигізеді. Жақындағы өсімдіктердің көлеңкеленуінен ауаның ылғалдылығын көбейтеді және жарық ырғағын өзгертеді: бұдан шығатын қорытынды, топырақтың су ырғағына, топырақтың микробиологиясына, көлеңкеленген өсімдіктердің транспирациясына және су шаруашылығына әсер етеді.Бірігіп тіршілік ететіндер топырақты өзгертеді, байытады, мысалы, гумус топырақты қоректік элементтермен байытып, басқаларын кемітеді, топырақ ылғалдылығын көбейтеді немесе төмендетеді, яғни ылғалдылығын және т.б. өзгертеді.Тағы да бір өсімдіктердің өзара қатынастарының маңызды түрлерінің бірі – химиялық бөлінділер арқылы әсер ету. Тірі өсімдіктер қоршаған ортаға (ауаға, суға, топыраққа) гутация үрдісі кезінде әртүрлі заттар, шірнеліктер секрециясын, эфир майларын, шайыр және т.б. бөліп шығарады. Жаңбыр суларымен минералды тұздар шайылады. Ағаш өсімдіктерінің жапырақтарынан калий, натрий, магний және басқа иондардың шайылатыны жайлы деректер белгілі. Өсімдіктер ұлпаларының және мүшелерінің бүтіндігі бұзылғанда және өсімдіктің өлген бөліктерінен ұшқыш заттар – фитонцидтер деп аталатын бөлінділер шығарады.Өсімдіктердің химиялық бөлінділері құрамдастары үшін және бірлестіктегі өсімдіктер арасындағы өзара қатынас тәсілі болады. Бұндай химиялық өзара әсерлер аллелопатия деп аталады. Зертханалық тәжірибелерде бір өсімдіктің екінші бір өсімдікке әсері химиялық жолмен дәлелденген, әсер ететін агент ретінде өсімдік ұлпасының, тамыр бөлінділерінің және т.б. сұйықтығының тұнбасы, ал тест ретінде – мәдени немесе жабайы өсімдіктердің өскіншелері (мысалы, күріш, редис, қыша, сұлының колеоптилийлері) қолданылады.дегенмен де, осы экспериментальды деректер арқылы табиғи жағдайлардағы өсімдіктер бірлестіктерінің бөліп шығаратын заттарының рөлі жөнінде айту жеткіліксіз. Себебі, бұл заттар сұйытылады, химиялық қосылыстармен байланысқа түседі немесе ыдырайды. Зертханалық тәжірибенің нысаны есебінен көрі, олардың жабайы түрлердің флорасына әсері басқадай болуы мүмкін. Осыған қарамастан, көптеген авторлар – физиологтар мен геоботаниктер - өсімдіктердің өзара химиялық қарым-қатынасына зор мән береді. Өйткені, сол немесе басқа өсімдіктер түрлерінің бірлесіп тіршілік ету мүмкіндіктері мен өсімдіктер қауымдастықтары мен бірлестіктерінің қалыптасуына ықпал етеді.Қазіргі кездегі химиялық әсерлердің мүмкіншіліктерін өте жақын өсетін өсімдіктердің бойындағы белгіленген атомның екінші бір өсімдіктің ағзасына заттардың миграциясының көмегімен анықтайды. Өсімдіктердің жанама трансбиотикалық қатынастарының нәтижесінде, физиологиялық үрдістердің өзара өзгерістерінің дәрежесіне дейін жетеді.Әртүрлі өсімдіктердің түрлерінің ортаға әсер етуінің дәрежесі де біркелкі болмайды, олардың морфологиялық, биологиялық, маусымдық дамуы және т.б.ерекшеліктерімен байланысты болады. Аса белсенді және ортаны қатты өзгертетін өсімдіктер және басқа бірге тіршілік ететіндердің жағдайларын анықтайтындарды эдификаторлар деп атайды. Әлсіз және мықты эдификаторлар (немесе әлсіз және мықты эдификаторлық рөлді) деп бөледі. Мысалы, шыршалар, басқа өсімдіктердің тіршілік жағдайлары мен экологиялық факторлардың ырғағын анықтайды. Керісінше, өрнекті діңдері бар жапырақты өсімдіктер (қайың, қандыағаш), орманның шөптесін жамылғысы салыстырмалы түрде әлсіз эдификатор болып табылады.Осымен қатар, ерекше ортатүзетін әсерлердің ерекше трансабиотикалық қатынастардың бір формасы ретінде бәсекелестікті ажыратады. Н.В. Дылистың айтуы бойынша, тіршілік ету ортасындағы энергетикалық және қоректік қордың негізінде туындайтын, өзара немесе бірбағыттағы теріс әсерлер деп анықтаған. Ылғалдылыққа тапшы облыстардағы өсімдіктерде топырақ ылғалдылығына және топырағы кедей жерлерде қоректік заттар үшін бәсекелестік өсімдіктердің тіршілігіне өте қатты әсер етеді.Бір-біріне трансбиотикалық әсер ету - деп өсімдіктердің бір түрлерінің басқа түрлеріне басқа бір ағзалар арқылы ықпал жасауын айтады. Екі түрдің бір-біріне трансбиотикалық әсері айналма жолмен, үшінші бір түрге әсер ету арқылы болады. Мысалы, фитоценоздағы күрделі өсімдіктің біреуінің паразитті саңырауқұлақтың зақымынан нашарлап тіпті өліп кетуі мүмкін. Оны көршілес өсімдік пайдаланып босаған орынға орналасын алады.Жайылымда өсімдіктің бір түрін малдың жеп қоюы қалған түрлердің көбеюіне мүмкінщілік туғызады. Демек, мал жейтін өсімдіктермен желінбейтін өсімдіктердің бір-біріне әсері бұл жағдайда жануарлар арқылы болады. Бір өсімдіктің екінші бір өсімдікке аралық өсімдік арқылы жанама әсерін әртүрлі маусымдық экологиялық нишаларда болғанда көруге болады. Ағзалардың кеңістікте таралуы өсімдіктер мен олардың қоректік және де басқа байланыстарымен, белгілі заңдылықтармен өте тығыз байланысты. Биогеоценозда белгілі топшаларды бөлуге болады – консорция, яғни әртүрлі ағзалардың өз тіршілігк ету барысындағы байланысы арқылы топтасуы. Мысалы, өзіне тән фитофагтары және жануарлар әлемінен паразиттерімен еменді, өсімдіктер және микроағзаларды, эпифиттер (мүктер, қыналар), симбионттарды (микориза) алуға болады.

.

 

31. Өсімдік тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар. Өсімдік тіршілігінің ең басты белгілерінің бірі - өсімдіктердегі маусымдық құбылыстар. Үнемі суық немесе құрғақ климаттағы өсімдіктерде маусымдық құбылыстар морфологиялық және анатомиялық өзгерістер түрінде көрінеді. Ең бір көзге түсетін маусымдық үрдіс – ағаш өсімдіктеріндегі жапырақ түсіру, шөлдегі жапырақсыз ксерофиттерде «бұтақтүсіру» мен алмасады, мысалы сексеуіл. Шөптесін өсімдіктерде жапырақ түсіру сирек байқалады. Оларда жерүстіндегі вертикальды ұзын бұтақтары толығымен өледі, ал жер бауырлаған және розеткалы бұтақтарда жапырақтары біртіндеп түспей тұрып бүлінеді және өледі. Шөптердің де өлген сабақтары біртіндеп бүлініп, қардың немесе көтерілгендей қар жамылғысының астында қалады (күрделі гүлділердің және т.б. жемістерінде қалған тұқымдарын шашады).Көктемде барлық көпжылдық өсімдіктерде, ағаш және шөптесіндерде бүршік атып, жаңа жылдық немесе сабақтар өседі. Көпжылдық сабақтар және тамырларда біруақытта камбийдің жұмысы жаңарып, артады. Қор жинайтын паренхималық ұлпалардағы қор заттары да белсенді жиналады (ағаш өсімдіктерінде көктемдегі шырын қозғалысының болуы). Барлық вегетациялық кезеңде көпжылдық шөптесін өсімдіктерде жаңару бүршіктері түзіліп, жетіледі. Оларда жаңа вегетативтік және генеративтік мүшелердің бастамасы болады. Қыстың немесе құрғақшылықтың басталуымен өсімдіктерде қор заттарының жиналуы көбейеді. Маманданған қор жинаушы мүше түзіледі – түйнек, пиязшық және т.б. Жаңа вегетациялық кезең басталғанда бұл заттардың қоры толығымен жаңа сабақтар мен тамыр және камбийдің жұмысының жаңаруына жұмсалады.

 

 

33.Жарыққа байланысты өсімдіктердің анатомиялық-морфологиялық бейімделушіліктері. Әртүрлi жарық түсу жағдайындағы өсiмдiктердiң ең көрнектi айырмашылығы болып, олардың жапырақ алақандарының айырмашылығы табылады. Бұл белгi түрдiң тұқымқуалаушылық морфологиялық ерекшелiктерiне байланысты болғанымен, өсiмдiк қабылдайтын радиацияның мөлшерiне де байланысты. Жарықксүйгiш өсiмдiктердiң жапырақтары көлеңкесүйгiш өсiмдiктерге қарағанда кiшiрек. Мысалы бiр туысқа жататын, бiрақ әртүрлi жарық жағдайларында өсетiн өсiмдiктердiң жапырақ алақандары әртүрлi болып келеді.Жапырақ алақандарының кеңiстiкте орналасуы жарықтың көп, не аз болуына байланысты өзгередi, гелиофит өсiмдiктердiң жапырақтары қауiптi күндiзгi сағаттарда радиация мөлшерiн азайту үшiн бағытталып орналасады, жапырақ алақандары вертикальдi немесе горизонтальдi бетке қатысты үлкен бұрышпен орналасады. Ағаштардың iшiнде жапырақтардың мұндай орналасуы эвкалипт, мимоза, акация тектес өсiмдiктерде байқалады. Алынған радиацияның әсерiн азайту үшiн «бағыттық - компастық» өсiмдiктердiң жапырақтары солтүстiктен оңтүстiкке бағытталып орналасады, сондықтан түс кезiндегi радиацияның әсерi минимальдi болады. Гелиофит өсiмдiктердiң жапырақтары артық жарықтан «тығылса», көлеңкеленген жапырақтар мол жарық алуға қолайлы етiп орналасқан. Тығыз орналасқан орман а

Date: 2016-01-20; view: 3232; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию