Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе. Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасы





Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасы

 

А.Т. Омаров

 

«Электрлік байланыс теориясы» пәнінен

Ателер ықтималдылығының минимумы критерий

бойынша квазиоптимальдік байланыс жүйесiн құрастыру»

 

тақырыбы бойынша

курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

 

Астана

Мазмұны

Кіріспе  
1 Нұсқаны таңдау  
2 Курстық жұмысына тапсырмасы  
3 Курстық жұмысты орындауға арналған әдiстемелiк нұсқау  
4 Модуляторлар мен демодуляторлардың құрылымдық сұлбалары  
4.1 ЦАМ және оптимальдік когеренттік қабылдауы  
4.2 ЦАМ және оптимальдік когерентсіз қабылдауы  
4.3 ЦАМ және оптимальдік емес қабылдауы  
4.4 ЦЖМ және оптимальдік когеренттік қабылдауы  
4.5 ЦЖМ және оптимальдік когерентсіз қабылдауы  
4.6 ЦЖМ және оптимальдік емес қабылдауы  
4.7 ЦФМ және оптимальдік когеренттік қабылдауы  
4.8 ЦСФМ және оптимальдік когеренттік қабылдауы (полярлықты салыстыру)  
4.9 ЦСФМ және оптимальдік когерентсіз қабылдауы (фазаларды салыстыру)  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  
А қосымшасы. Ықтималдылықтар интегралының мәндерін есептеу  

Кіріспе

 

Қазіргі байланыс жүйелері, әр түрлі функциональдіқ тәуелді элементтерден тұратын күрделі комплекс болып шығады. Жалпы жағдайда кез келген техникалық жүйенің тиімділігі шығарылатын өнімнің сапасы және санымен анықталады. Байланыс жүйелерiнде мұндай өнім болып берілетін ақпараты есептелінеді, оның саны болып ақпаратты тарату жылдамдығы, ал сапасы болып қатенiң ықтималдылығы болады. Байланыс жүйе тиімділігінiң ең маңызды көрсеткiшi болып, жүйе мен арнаның өткізу жолағының пайдалану дәрежесін анықтайтын, ақпараттық тиімділігі болып шығады.

Қазіргі кезіндегi инженер, нақты техникалық талаптарды қанағат-тандыратын байланыс жүйесін жобалай отырып, жобаланып тұрған жүй-еде қабылдауының, модуляцияның және кодтауының таңдалған әдістер-дің потенциальдік мүмкіндіктерін жүзеге асыруы жеткілікті толық па, соны бағалауын және жүйенiң сипаттамаларын потенциальдік сипаттамаларына жақындату жолдарын бiлу керек.

Байланыс жүйелердің тиiмдiлiгiн жоғарылату мiндетi берілген шарттар мен шектеулер кезінде тұтынушыға уақыттың бірлігiнде таратудың берілген дұрыстығы мен ақпараттың максимальдік санын жеткізе-тiн, жүйенің ең жақсы нұсқауын табу. Жүйелердің тиімділігін жоғары-лату үшін, шығу көзiнiң артықтылығын төмендетуi мен бөгеттерге ор-нықты (түзетуші) кодтауын және басқаларын пайдаланылады.

Курстық жұмысында, берілген модуляцияның түрі мен қабылдау әдісі кезiнде, қателер ықтималдылығының минимумы критерий бойынша квазиоптимальдік байланыс жүйенің құрылымы және оның параметрлерiн потенциальдік мүмкіндікті параметрлермен салыстыруы қарасты-рылады.

Курстық жұмысының мақсаты- бұл электрлiк байланыс теориясы (ЭБТ) пәнiн оқитын студенттерге көмек көрсету, ақпаратты тарату жүйе-лердің бөгеттерге орнықтылығы мен тиімділігiнiң талдау жасауына үй-рену, сонымен қатар үзiлiссiз хабарларды цифрлық түрiнде тарату әдiс-терiмен таныстыру.

Курстық жұмысын орындауы- студенттерге ЭБТ пәннiң ең маңыз-ды бөлімдеріне үйрену мен инженерлік тәжірибеде кездесетін есептерді шығаруға көмектеседі.

Курстық жұмысты қорғау кезiнде әрбір студент осы жұмысқа жататын есептердің шешімдеріне түсініктемелер беруге дайын болу керек. Жұмысты ойланып, шешімнің әрбір қадамын нақты қарастырып, алын-ған нәтижені негіздеп орындау керек.

Орындалған жұмысы оқытушыға тапсырылады. Тексеруден кейін, егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, студент ескертулерге сай түзетулерді енгiзiп, курстық жұмысын қайтадан тексеруге тапсырады.


Date: 2015-12-12; view: 1412; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию