Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Тақырып: Туристік компанияларда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру





Дәріс сұрақтары

1. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi

2. Халықаралық және ішкі туризм -туризмнің ұйымдық нысандары

3. Туристік қорлар

4. Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу құжаттары

1. Бүгінгі таңда туризм экономикамыздың дамуының әлеуеті мен болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Туризм деп жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын атаймыз. Атаулы қызмет көрсету түрі адамзаттың игілігіне арналған және экономиканы көтерудің бірден бір ыңғайлы құралдарының бірі болып танылады.

Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi

1. Туристiк қызмет субъектiлерiне:

1) туристiк операторлар (туроператорлар);

2) туристiк агенттер (турагенттер);

3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;

4) туристер және олардың бiрлестiктерi;

5) экскурсанттар;

6) туристiк қызмет саласындағы өзге де бiрлестiктер;

7) туристiк қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органдар жатады.

Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттық аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра алатын өзге де объектiлер.

Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.

Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi:

1) турлар ұсыну жөнiндегi қызмет көрсету;

2) тұратын орындар беру жөнiндегi қызмет көрсету;

3) тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсету;

4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;

5) көлiк қызметiн көрсету;

6) ойын-сауық;

7) өзге де туристiк қызмет көрсетулер.

Турисік индустрияда міндетті түрде туристік ресурстар (қорлар) қарастырылады. Осыған орай Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимі, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықтың жол берілетін шегін ескере отырып пайдалану мен туристік ресурстардың тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтіру жөніндегі шаралар арнайы заңдарда белгіленген тәртіппен айқындалады.

 

2. Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып танылады.

Халықаралық туризмге біз келесілерді жатқызамыз:

· келу туризмі - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Респубпикасы шегіндегі саяхаты;

· шығу туризмі — Қазақстан Республикасының азаматтары Республикасында тұрақты тұратын адамдардың саяхаты;

Ал ішкі туризм дегеніміз — Қазақстан Ресубликасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Ресубликасының шегіндегі саяхаты аталады. Сонымен қатар турфирмалардың бәсекелестіктетерінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайтын туризмнің келесі түрлері белгілі:

· әлеуметтік,

· экологиялық,

· шытырман спорттық,

· іскерлік,

· конгрестік,

· емдеу-сауықтыру,

· мәдени-танымдық,

· діни және басқа туризм.

Еліміздің аумағына келу туризмін ұйымдастырумен байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету экспорты болып табылса, басқа елге шығуға байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету импорты болып табылады.

Кез келген саланың дамуында мемлекет басты рөл ойнайды. Бұл оның құрылымы мен ерекшеліктеріне, атқаратын қызметіне, өндіретін өніміне, халыққа тигізетін пайдасына, басқа салармен байланысына қатысты болып келеді. Осы ретте турфирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі мен оларды ажырату факторларын туристік қызметті мемлекеттік реттеудің принциптері арқылы көрсетуге болады.

Жоғарыда аталғанға сай мемлекет тарапынан келесі реттегі жәрдем беріледі:

· туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

· туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;

· Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел деген түсінікті қалыптастыру;

· Қазақстан Республикасының туристері мен туристік ұйымдарының және олардың бірлестіктерінің қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделері мен мүлкін қорғау.

Сонымен қатар турфирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі мен олардың деңгейі мемлекеттік реттеу барысында қойылып, төменде берілген мақсаттардың орындалуынан танылады:

· азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;

· қоршаған ортаны қорғау;

· туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;

· саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;

· туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;

· халықаралық туристік байланыстарды дамыту;

· туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді саласы ретінде қалыптастыру;

· туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау;

· балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрісі төмен топтарының арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;

· туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;

· Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмімен және ішкі туризммен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;

· ішкі және халықаралық туризм қажеттерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін құру;

· туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі саясатты айқындау;

· туристік қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

· Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туристік қызметті лицензиялау туристік индустрияның қызмет көрсетулерін стандарттау және сертификаттау;

· бюджеттік заңдарға сәйкес туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;

· туристік қызметті кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

· отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;

· ішкі және дүниежүзілік туристік рыноктарда туристік өнімді ұсынуға жәрдемдесу;

· елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар атаулы салада мемлекет пен құзіретті органдар келесі қызметтерді атқарады:

· туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

· туристік қызметті лицензиялау ережелерін және туристік қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

· туристер аралауға тыйым салынған объектілер мен аумақтарды белгілейді;

· туристік қызмет саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты айқындайды;

· туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;

· туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқаруды асырады;

· Қазақстан Республикасында туризм саласын дамыту бағдарламасын әзірлейді;

· туристік қызмет мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық жобаларын әзірлеуге қатысады;

· өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңдарды қолдану практикасын жинақтап, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

· туристік рынокқа зерттеу жүргізеді, халықаралық туристік рынокта және мемлекет ішінде Қазақстан туралы және оның туристік мумкіндіктері туралы ақпаратты әзірлеп, таратады;

· өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралык туристік ұйымдарда және туризм жөніндегі халықаралық іс-шараларда Қазақстан атынан өкілдік етеді;

· атқарушы органдардың, меншік нысандарына қарамастан туристік және басқа да ұйымдардың туристік қызмет саласындағы қызметін үйлестіреді;

· туристік қызмет көрсету рыногында бәсекені дамытуға жәрдемдеседі, онда меншік нысанына қарамастан барлық туристік қызмет субъектілері үшін тең жағдайлар жасайды;

· стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп сертификаттау мен стандарттауды реттейді;

· Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласындағы заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

· туристік қызмет субъектілеріне олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

· туристік қызмет саласында халықты жұмыспен қамту шарасы ретінде кәсіпкерлікті дамытып, қолдайды;

· туризмді дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеп, орындайды;

· жергілікті туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеп, енгізеді;

· әкімшілік-аумақтық бірліктердің туристік қызмет көрсету рыногына талдау жасайды;

· әкімшілік-аумақтық бірліктердегі туризмнің дамуы туралы талдау жасап, қажетті мәліметтерді уәкілетті органға береді;

· турагенттік, туроператорлық қызметті және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін лицензиялауды жүзеге асырады;

· туристік қызмет көрсетулерді және туризм объектілерін жарнамалайды, туристік ақпаратты береді, туристік ақпарат орталықтарын құрады;

· балалар мен жастар лагерьлерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;

Туристік ақпарат орталығы өз қызметін уәкілетті орган бекіткен ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Туристік қорлар туристік өнім көздері қызметтерін атқарады. Ресурстық негіз туристік өнім ретінде келесі ретте беріледі:

- туристік қорлар

- материалдық және матеиалдық емес нысаналар;

- туристік өнімді тұтынуға бағытталған туристік қызмет көрсетулер.

Қолдағы бар қорлар туризм мақсатында пайдаланылуы үшін қорларды туристік өнім ретінде беретін технологиялар мен білім жиынтығының жүйесі қажет.

Туристік қызмет көрсетудің дәстүрлері, салттары, әдістері мен тәсілдері көне замандардан келе жатыр. Туризмнің негізін құраушы дәстүрлер мен салттар мыңжылдықтар бойы қалыптасып келе жатыр.

Сонымен қатар тек қана білім мен біліктілік жеткілікті емес. Туристік индустрия мен көршілес салаларды құру үшін ұйымдастырушылық және құқықтық орта мен жақсы дайындығы бар қызметкерлер тобы қажет. Олардың дайындалуы, қайта оқытылуы, мамандандырылуы да біраз шығындар мен уақытты қажет етеді. Маманды кәсіби дайындау 2 ден 5 жылға дейін уақыт алады, ал кәсіби дағды иеленуші үшін тағы біраз жылдар қажет. Сонымен, туристік өнім үш көзін иеленген.

1. табиғи ресурстар;

2. туристік қызмет көрсету мен туризмнің технологиялары мен білімінің тәртіпке келтірілген жүйесі;

3. кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық құрылымы мен дайындалған мамандар тобы.

Өзінің құрылымы бойынша туристік өнім бірнеше деңгейлерді иеленген:

1) қызмет көрсету, жұмыс немесе тауарлардың бір ғана өндірушісінің өнімі – тұтыну өнімі;

2) өнімді өндірушілердің біртекті немес әртекті топтары;

3) туристік сала өнімі;

4) дестинация өнімі (бірнеше салалар мен қор көздерінің жиынтық өнімі)

5) жоғарыға ұқсас мемлекет немесе аймақ өнімі.

Туристік өнім – бұл заңдыға қаранда, экономикалық категорияға жақын келетін категория. Кез келген туристік өнім заттық бағытталған құрамдас бөлшекке ие болып келеді. соынмен қатар, априор туристік өнімі барлық тұтынушылар үшін жалпылыққа ие қор элементеріне негізделеді. Құрамдас бөліктер табиғи сипатта болуы мүмкін және де өндіруші мен тұтынушыға мүлдем тәуелді болмауы мүмкін. Мысалы, туристік қызығушылық тудыратын табиғи құбылыс: солтүстік нұр шашу, табиғи ландшафт, теңіз, тау және т.б. атаулы категорияларға тарихи-мәдени нысаналар мен кешендер, сәулетік және тарихи нысаналар, мұражай, ғибадатханалар жатады.

Туристік өнімге қатысты әр жеке құрамдас бөлік жиынтық құрамында қызмет етеді. Мысалы, дамыған инфрақұрылымның (байланыс, жолдар, коммуналды және тұрмыстық қызмет көрсетулер жүйесі, сауда) бар болуы міндетті шарт болып табылады. Табиғи қор туристік өнімнің әлеуетті құрамдас бөлігі болып табылғанымен, басқа элементтермен тіркесіп барып тұтынылуда іске асырылады. Егер де қолжетерлік пен басқа да қосымша жағдайлар қарастырылмаса, онда қор туристік өнімнің әлеуетті құрамдас бөлігі деп саналмайды.

Туристік өнім оны құраушы үш бөліктен тұрады:

1) Туристік қызмет көрсетулер (яғни туризмді ұйымдастырушылардың қызметттері: туроператорлар, туристік агенттер, қонақжайлылық жүйесінің қызметі, тасымалдау қызметі, қоғамдық тамақтану және туристік категориясына жататын басқа да қызмет көрсетулер);

2) Туристік қызметті тұтынумен қатар жүретін жұмыстар;

3) Турда тұтынылатын тауарлар мен турдан тыс тұтынылатын тауарлар.

Атаулы құрамдас бөліктердің өзара байланысы мен олардың туристік өнімдегі пайыздық арақатынасы туризм мақсаты мен ұйымдастырушылардың дайындығы мен ауқаттылығына байланысты. Соынмен қатар туристердің белгілі өнімді тұтынуға деген уәжі мен дайындығының да рөлі баршылық.

Туристік өнім турдың негізін құрайды да, оның жеке элементтері тур бағдарламасына еніп, ваучерге жазылуы мүмкін.

Сонымен, қарапайым өнім бір ғана қызмет көрсетуден, қызмет көрсетудің бір кешенінен немесе бір топ шаралардан тұруы мүмкін. Бұл типтік немес жеке тури құраушы күрделі қызмет көрсету кешеніне негізделген жиынтық өнім болуы мүмкін. Соынмен қатар, жоғары деңгейде ірі тур операторларына ұсынылатын бірнеше турлардан тұратын туристік өнім да бар. Ең жоғарыда туристік орталықтың, аймақтың туристік жиынтық өнімі тұрады. Қор құраушылардың басым бөлігі тур құнына енгізілмейді, дегенмен де олар қалғандарымен тікелей байланыста болып, өнім құнына ықпал етеді.

Туристік өнімнің тұтынушысы ретінде туристер, экскурсанттар және туристік орталықтың басқа да қатысушылары танылуы мүмкін.

Тур – орналастыру, тасымалдау, туристерді тамақтандыру бойынша қызмет кешенін құрайды. Бұл ереже ұйымдастырылған туризмге қатысты болып келеді. Сонымен қатар тур - тек бір ғана қызмет көрсетулер кешені емес, ол бір бірімен тығыз өзара байланысқан қызмет көрсетулер кешендерінің жиынтығын құрайды. Сонымен турды келісім-шарт нысанасы деп таниды.

Турды іске асырумен немесе сатумен турагент пен туроператор айналысады. Олрадың екеуі де туристік өнеркәсіп кәсінорындары мен туристер арасындағы делдалдық қызмет атқарады.

4. Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

· белгіленген нысан бойынша өтініш;

· лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

· жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

· кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

· меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

· білімі және жұмыс өтілі туралы қужаттардың көшірмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;

· туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;

· тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;

· туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;

· экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарттың көшірмесі немесе оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер тізімі;

· жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);

· туристік бағыттардың тізілімі;

· туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;

· "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

· туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.

Турагенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

· белгіленген нысан бойынша өтініш;

· лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

· жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

· кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

· меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендіпн растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

· білімі және жұмыс етілі туралы құжаттардың көшірмесін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;

· туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;

· тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;

· туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;

· жарнамалық-ақпараттық материалдар (женсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);

· "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-ба-бының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

· туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.

Экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

· белгіленген нысан бойынша өтініш;

· лицензиялық алым телегенін растайтын құжат;

· жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңцы тұлғалар үшін);

· кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

· штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адам-дар: оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер тізімі;

· әзірленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары;

· туристерге қызмет көрсетуге арналған меншікті немесе жалға алынған көлігі бар екендігін растайтын құжат.

Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

· белгіленген нысан бойынша өтініш;

· лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

· тиісті кәсіптік дайындығын, біліктілігін және туристік бағыттармен жүріп ету тәжірибесін растайтын құжаттар;

· әзірленген туристік бағыттардың карта-сызбалары және сипаттамалары;

· денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтама.

Өтінуші ұсынылған құжаттардың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауаптылықта болады. Өтінушінің өткізген құжаттарында қамтылған мәліметтерді тексеру қажет болған ретте, лицензия беру туралы шешім тексеруден соң қабылданады. Тексерудің нәтижелері бойынша туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді, сондай-ақ туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы қорытынды шығарылады.

Сонымен қатар стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіру кезінде талаптар қамтылуы тиіс:

· жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту;

· кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

· туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты;

· туристік білімі немесе туризм саласында кемінде бір жыл нақты жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер;

· туристік бағыттардың тізілімі;

· туристерге қызмет көрсету бағдарламалары;

· меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды;

· туристік жарақтар;

· көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты;

· экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарт немесе оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер;

· тасымалдаушымен шарттар;

· туристік жолдама, турист жаднамасы;

· туристке арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат;

· жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).

Турагенттік қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

· жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту (заңды тұлғалар үшін);

· кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

· туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты;

· туристік білімі немесе туризм саласында кемінде бір жыл нақты жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер;

· меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін не туристерді орналастыру орындары;

· туристік жарақтар;

· көлікті ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты;

· тасымалдаушымен шарттар;

· туристік жолдама, турист жаднамасы;

· туристке арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат;

· жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).

Экскурсиялық қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

· кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

· штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адам-дар: оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер;

· әзірленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары;

· туристерге қызмет көрсету үшін меншікті немесе жалға алынған көлік.

Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады, егер:

· туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;

· лицензия алу үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептерді өтінуші жойған ретте, өтініш оны алу үшін көзделген жалпы негіздерде қаралады;

· лицензиялық алым енгізілмесе;

· өтінуші біліктілік талаптарына сай келмесе;

· өтінушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салынған сот шешімі бар болса.

Турагенттік, туроператорлық, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартылған жағдайда, өтінушіге бас тарту себептері көрсетілген жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Егер заңнамамен белгіленген мерзімде лицензия берілмеген жағдайда немесе лицензия беруден бас тартуды етінуші негізсіз деп тапса, ол бір ай мерзімде лицензиардың іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе өтінушінің құқығын бұзудан туындаған шығындарды өтеу заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Лицензияны басқа заңды және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынады.

Лицензия өз күшін мына жағдайларда тоқтады:

· лицензияның қайтарып алынуы;

· азаматтың кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi қандай?

2. Халықаралық және ішкі туризм -туризмнің ұйымдық нысандарын атаңыз?

3. Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу құжаттары қандай?

 








Date: 2015-12-12; view: 486; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.037 sec.) - Пожаловаться на публикацию