Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып: Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп





Дәріс сұрақтары:

1.Дақылдар бойынша өсімдік өнімдерін өсірудің құжаттық рәсімдеу және есебі.

2. Өсімдік өнімдерінің есебі және калькуляция.

 

1. Экономиканың ауыл шаруашылығы саласы жөнінде айта отырып, бұл саланың ерекшеліктері туралы атап өтпеу мүмкін емес. Ол адамның тамақ және күнделікті тұтыну (астық, картоп, ет, сүт, тері, жүн, мәндір, мүйіз және т.б.) заттарымен қамтамасыз ету үшін қажетті шикізат пен өнімді жеткізіп беруші басты сала болып саналады.

Оның басты ерекшеліктері:

1) ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағалар шектеулі болады;

2) барлық ауыл шаруашылық мәселелерінің шешімдері жер мәселесімен тікелей байланысты болады;

3) ауыл шаруашылығы көбінесе табиғи және ауа райына байланысты болады;

4) өсімдік шаруашылығында суды пайдалану;

5) ауыл шаруашылық өндірісінің бытырап орналасуы және т.б.

Өндіріске әсерін тигізетін бұл факторларды есепке ала отырып, мемлекет ауыл шаруашылығындағы корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін 10%-ға дейін төмендетті.

Өсімдік шаруашылығы – ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі салаларының бірі ол егін шаруашылығын, көкөніс шаруашылығын, жеміс шаруашылығын, жайылым және орман шаруашылығын қамтиды.

Өсімдік шаруашылығында өндірістік процесс көп айларға созылатындықтан шығындар параллельді түрде екі жақын жылдарға (егінге) астыққа жүргізіледі, бухгалтерлік есеп жылдары бойынша шығынды шектеуі керек.

Бухгалтерлік есепте өсімдік шаруашылығында ағымдағы жылдық және алдағы жылдардың астығына бөледі.

Өсімдік шаруашылығында өндірістік технологиялық процесі жұмыстың келесідей негізгі жүйелерін қосады: топырақты егіндік алдында дайындау, егін топырақты егіндік алдында дайындау, егін салу (егу); өсімдіктерді күту, егінді жинау.

Дәнді тұқымдық өнімдер есебі. Алынған тұқымдық өнімдердің алынған есебін бірнеше әдістермен жүзеге асыруға болады. Шаруашылық субъектінің есеп саясатында олардың нақты жағдайларына сәйкес келетін әдіс таңдалу керек.

1 әдіс. Егістіктен тұқымды және басқа өнімдерді жөнелтуде реестрлер қолданылады. Жинау жұмыстарының алдында бухгалтерия әрбір комбайншыға қолхат жазу арқылы алдын-ала толтырылған реквизиттері мен реестрлер блокнотын береді, онда комбайншының табельдік номері, аты-жөні, агрегат номері болады. Блокноттағы барлық реестрлер номерленген, шаруашылықтың басшысы және бас бухгалтер мен расталған және мөрмен мөрленген болуы керек. Реестрлер блокнотын арнайы ведомостта тіркейді.

Смена басында әрбір автомашинаға оны бірінші тиеуде комбайншы егістіктен дәнді және басқа өнімдерді жөнелтуге 3 данада реестр жазады, онда күні, бөлім номері, жүргізуші аты-жөні егістіктен жиналған өнім аты жазылады. Реестрдің 1 данасы комбайншыда, 2 данасы жүргізушіде, 3 данасы өлшеуші меңгерушісіне жіберіледі.

Сонымен қатар дәнді және басқа өнімдерді қабылдау реестрін қолданады. Ол 2 данада жасалады. өлшеуші жүргізуші әкелген реестрге нетто массасын жазып, дән алынған жүргізуші мен комбайншының аты жөндерін жазады. Жүргізушідегі жөнелту реестріне өлшеуші дәнді өнімдерді қабылдап алғандағы туралы қол қояды. Реестрлер күнделікті бухгалтерияға арқарай өңдеу үшін өткізіледі.

2 әдіс.Егістіктен өнімдерді әкелтуге (тасуға) путевка толтырады. Комбайншы мен путевка блокнотын алуы реестрлер блокноты сияқты. Путевканы комбайншы 3 данада жазады, 3-сі комбайншыда қалады да, 1,2 жүргізушіге машинаға дәнді тиегеннен кейін беріледі. Жүргізушіден ддәнді қабылдағаннан кейін өлшеуші дәннің нақты дән массасын анықтап путевкада көрсетеді. 1 дана өлшеушіде болады, ай соңында барлық путевкалар бухгалтерияға беріледі.

3 әдіс. Дәнді егістіктен қырманға жөнелтуді бейнелеу үшін шофер талоны және комбайншы талоны пайдаланылады, оның түрлері әртүрлі болады. Алдын-ала толтырылған сәйкес (талондарды) қол қойылған, мөрленген талондарды олардың түрлері бойынша берілген талондардың есебі журналында тіркейді және қолхат беру негізінде жүргізушіге және комбайншыға береді.

Қырманға түскен дәндер өлшенеді. Одан кейін жүргізуші өлшеушіге талонды комбайншыдан алынағн және жүргізушіден дәнді қабылдау реестрін береді. Реестрді 1 данада толтырады және ол үнемі жүргізушіде болады. Қырманда дән тиелген машинаны өлшеп, жүргізушіден қабылданған комбайншы талонына номерлерін жазады, оның аты-жөнін және автомашина номерін кейіннен толтырылатын реестрге өлшеуші жазады.

Дәнді қабылдау реестрі мәліметтері негізінде қырман меңгерушісі дәннің қозғалысы ведомосында және қойма есебінің кітабына жазулар жүргізеді.

Шаруашылық бухгалтериясында күнделікті реестрлер мәліметтерін және комбайншы, жүргізуші талоны мәліметтерін комбайннан қырманға қабылданған дәннің әрбір бункері бойынша салыстырылады. Қырманға түскен дәндерді қосымша кептіру және сұрыптау керек. әрбір партиясын өлшеп отырады. Сорттау және тазалау аяқталғаннан кейін алынған өнімдердің саны мен сапасын анықтайды және кептірумен пайдаланылмаған қалдықтар мөлшерін белгілейді. өңделген дақыл сапасын лабораториялық талдау көмегімен анықталады. Сорттау нәтижесінде өсімдік өнімдерінің сорттауға және келтіруге Актісін бейнелейді.

Егістіктен дәндердің бір бөлігі нан дайындау бөлімдеріне, қалғаны шаруашылық қоймасына жөнелтіледі. Босатылған әрбір партияға товарлы-транспорттық накладной жазады. Дәнді өнімдердің қырманға түсуі және шығындалуы туралы жиынтық құжат дәнді және басқа өнімдерді ведомосты болып табылады, ол әрбір дақыл байынша жұмыс күнінің аяғында қырман меңгерушісімен жасалады. Бұл ведомость алынған құжаттар мен бірге бухгалтерияға жіберіледі.

Жеміс шаруашылығы, бақша шаруашылығы өнімдерінің, картоп және бақша дақылдары есебі. Жеміс, бақша шаруашылығы өнімдерін, картоп және бақша дақылдарын шығару есебі бойынша алынған құжат ауылшаруашылық өнімдерінің түсуі күнделігі болып табылады. өнімдердің түсу шамасы бойынша қабылдаушы жиналған өнімдерді санап, күнделікке жазады. Жемістерді жинаудың жекелеген кезеңдерінде өлшем бірліктің – дана, пучка қолданылады, сонымен олар міндетті түрде масса өлшем бірлігі – килограмм айналдыруы керек. Жұмысшылар мен өткізілген өнімдердің өлшеміне қабылдаушы талон береді, оның негізінде еңбекақы сомасын анықтау үшін әрбір жұмысшыға өндірудің есеп бетіне жазбалар жүргізіледі.

Өнімдердің әрбір жиналған партиясына (егістіктен) жинау орнына жібергенде ере жүретін құжат - өнімді әкетуге жолдама немесе накладной жазады.

Ауылшаруашылығы өнімдерінің түсуі күнделігін қосымша накладнойлар, жолдамалар, актілерімен бірге бухгалтерияға күнделікті өткізіледі.

Сорттау кептіру, өңдеу пункттерінде, сонымен қатар сақтау орындарында барлық өнімдерді өлшеп, қойма есебінің кітабына жазады. Сорттауға, қайта өңдеуге сәйкес Акт толтырады.

Сорттаудан кейін өнімдердің бір бөлігі дайындау өнімдеріне жіберіледі, сонымен жөнелтудің әрбір партиясына товарлы-транспорттық накладной жазады.

Арнайы шаруашылықта бақша өнімдерін кірістеу үшін арнайы құжат – бақша өнімдерінің түсу күнделігі қолданылады.

Тұқымдық өнімдердің түсуін жеке құжаттармен рәсімдейді. Дақылдарды сақтауға, салуға, тұқымды материалды салуға Акт жасалады.

Тұқымдарды және егу материалдарын шығындауда Акт жасалады, ол осы бағалықтарды зерттеумен шығаруға қажетсіздендіру болып табылады.

Сорттық тұқымдарды нан қабылдау және дайындау бөлімдеріне өткізуде келесідей құжаттарды толтырады:

- барлық дақылдардың суперэлитті және элитті тұқымдарына - тұқымға аттестат;

- сорттық тұқымдарға – тұқымға куәлік;

- егу стандарты талаптарына сәйкес емес тұқымдарға – сорттық куәлік;

- жүгерінің сорттық тұқымдарына – жүгерінің гибридтік тұқымдарына куәлік.

Жайылымдық жем-шөпті кірістеуде Акт жасалады. Күн соңында бригадир өлшеуші өлшемі бойынша жем-шөпті шығындау ведомосында көк массасының санын жазады. Дайындалған шөпті үнемі сақталатын орынға орналастырғаннан кейін 3 күн ішінде кірістеу керек.

Жем-шөпті дайындау бойынша нәтижелерді комиссия қатқыл және шырынды жем-шөпті қабылдаудың арнайы Актісінде толтырады. Барлық акт бойынша қабылданған жем-шөпті материалдық жауапты тұлғаға бекітеді. Жем-шөпті ішкі орын ауыстыруда жалпы тәртіптегі ішкі шаруашылық белгілеудің накладнойы мен рәсімдейді.

Қоймадан жем-шөпті жануарларға бухгалтерияда жазылған жем-шөп шығындары ведомосты бойынша босатады.

Жем-шөп қозғалысы бойынша барлық құжаттар тексерілгеннен кейін және оның мәліметтерінің қойма есебі кітабына және шығындар есебі журналындағы жазбаларды белгіленген мерзімде шаруашылық бухгалтериясына өткізеді.

 

2.Өсімдік шаруашылығы өнімдері шығындары есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды дұрыс ұйымдастыру калькуляция объектілерімен есеп объектілерін дәл бөлуді талап етеді.

Өсімдік шаруашылығында шығындар есебінің объектілері жеке дәнді дақылдар; біртекті дақылдардың топтары, жұмыс түрлері болып табылады.

Шығындар есебінің объектілері бөлігінде өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығару және шығындарының аналитикалық есебін құрады.

Шығындарды тек жылдар бойынша жеке ғана емес сонымен бірге өнім бірлігін және аяқталған өндірістің өзіндік құнын дұрыс есептеу керек. Есепте шығындардың кезеңдер бойынша 3 жеке экономикалық топтарын бөледі:

-Осы жылда астық алу үшін (өткен) ағымдағы жыл шығындары – көктемдегі жер жұту, тырмалау, майдалау, астық жинау.

-Алдағы жылдар астығының ағымдағы жыл шығындары – судіге (зияб), күздік егу, көп жылдық шөптер егу, т.б.

-Алдағы жыл және кейінгі жылдар астығына ауысатын өткен жыл шығындары – көп жылдық шөптер, петомниктер, дақылдық жер жырту және шөп шабу, топырақты ақбалшықтау, және гипстеу т.б.

Өсімдік шаруашылығының сипатты негізділігі оның жылына 1 немесе 2 рет өнім береді, ал өндірістік шығындары барлық жыл ағымына есептеледі. Есепті кезең ағымында өсімдік шаруашылығы өнімдерін есепті бағасы бойынша кірістейді, есепті кезеңге жататын барлық шығындар кезең соңында жиналғанда іс-жүзінде өзіндік құнның есебінде жүргізіледі. Егер есепті баға іс-жүзінде өзіндік құнны жоғары болса, онда айырма сомасы сторно жазбасын жасайды. Егер есепті құн өзіндік құннан төмен болса, жетпейтін соманы жеткізеді.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығаруда шығындар есебі бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспары 8 бөлім "Өндірістік есеп шоттары" бухгалтерлік шоттарында жүргізіледі. өндірістік шығындар есебі үшін 8110 "Негізгі өндіріс", 8310 "Көмекші өндіріс ", 8410 "Үстеме шығындар", бөлімшелерінің бухгалтерлік есебіне кіретін шоттардың кешенді жүйесін қолданады.

Сонымен, ауылшаруашылық өндірістің әрбір саласына сәйкес субшоттар ашуды ұсынады. өндіріс шығындардың синтетикалық есебі №10 жүзеге асырылады.

Шығындардың аналитикалық есебі дақылдардың әрбір аты бойынша топтары және аяқталған өндіріс түрлері бойынша жүргізіледі.

Аналитикалық есеп дақылдардың келесі топтары бойынша жүргізуді ұсынады:

- дәнді: бидай, сұлы, арпа, жарма дақылдары, горох, фасоль, атбас бұршақ;

- техникалық: мақта, темекі, соя, зығыр, қыша;

- бақшалық: қарбыз, діңке, асқабақ;

- ашық топыраққа егілетін көкөніс дақылдары: қияр, баклажан, помидор, бұрыш;

- жем-шөптік: сүрленген жүгері, жеміс-тамыр, бір жылдық және көпжылдық шөптер;

- жабық жер астындағы шөптер: теплица, парник;

- жеміс-жидек: алма, алмұрт, абрикос, малина, қарақат;

- петомниктер: көшеттер, отырғызулар, орманға егу, орман, орманға егу;

- орман шаруашылығ және қорғау.

Ауылшаруашылық жұмыстардың жекелеген түрлері бойынша шығындар есебі олардың өзіндік құнын айқындауды ғана емес, оларды дақылдарға, дақыл топтарына жатқызуды ұсынады. Мысалы, шаруа қожалығы көктемдік жер жырту 500 га аланға жүргізеді, қара бидай – 205 га, бір жылдық шөп – 20 га, сұлы 90 га, картоп 50 га, сүрленген жүгері 90 га, кесу көктемдік жер жыртуға шығындардың жалпы сомасы 450000 тг құрайды. Жер жыртудың 1 гектары өзіндік құны 900 тг құрайды (450000/800).

Анықталған дақылдарды орындау үшін арналған көктемдік жер жырту көлемін жер жыртудың өзіндік құнына көбейту арқылы жекелеген дақылдар бойынша жырту шығындарының сомасын анықтаймыз:

- қара бидайға (900*250) – 225000 тг.

- бір жылдық шөпке (900*20) – 18000 тг

- сұлыға (900*90) – 81000 тг

- картопқа (900*50) – 45000 тг

- сүрлемге қолданатын жүгеріге (900*90) – 81000 тг.

Өсімдік шаруашылығынан алынған өнімдер негізгі; (сопряженную) қосылған және қосалқы.

Негізгіге берілген дақылды жасау және алу үшін өнімдер жатады, мысалы, бидай, картоп, капуста, мақта т.б.

Қосылған өнімдер – 1 дақылдан алынған негізгі өнімнің бірнеше түрлері. Мысалы, егілген шөптен – шөп, жасыл масса, тұқым. Қосалқы өнімдер – бұл негізгі өніммен бірге дақылдарды жасаудан биологиялық және өндірістік жағдайлар күшімен алынған өнімдер.

Өсімдік шаруашылығында калькуляция объектісі негізгі және қосылған өнімдер болып табылады. Бір дақылдан алынған өнімнің әртүрлі түрлері арасында шығындарды бөлу үшін шартты коэффициенттер қолданылады.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялауды есепке басқа жаққа сатылатын немесе ары қарай өндіріске іс жүзінде қолданатын қосалқы өнімдер қатысады.

Негізгі, қосылған және қосалқы өнімдер арасында өндірістік шығындарды тарату есепті калькуляция құруда келесідей тәсілдердің бәрінде жүзеге асырылады:

- дайындалған баға бойынша қосалқы өнімдер құнының шығындарының жалпы сомасынан шығару;

- тағайындалған коэффициенттерді қолдану, мұнда қосылған өнімнің бір түрі шартты бірлігі ретінде ал өнімнің басқа түрлері техника экономика есптеу негізінде оған теңестіріледі. Бұл тәсілде өнімнің барлық түрлері шартты өнімге санайды, өнімнің әрбір түрінің үлес салмағын анықтайды, содан кейін өнім әрбір өнімнің түріне шығындардың жалпы сомасын таратады;

- есепті немесе сатып алу бағасы бойынша бағалауда өнімнің қосылған түрлерінің құнын пропорционалды шығындардың жалпы сомасына тарату.

Дәнді және бұршақты дақылдар. Дәнді дақылдар өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялаудың объектісі негізгі өнім дән және қосымша сабағы болып табылады.

Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдар топтары бойынша келесідей аналитикалық шоттар ашуды ұсынады:

- күздік дәнді дақылдар: бидай, арпа, қара бидай;

- жаздық бидай;

- басқа жаздық дәнді дақылдар;

- жаздық дәнді бұршақ дақылдары: ас бұршақ, үрме бұршақ, жемдік бұршақ, жасымық т.б.

дәнді және сабаның өз құнын есептеуді қарастырамыз. Мысалы, қожалығы қайта өңдеуден кейін (62300 ц. дән) (яғни кептіру және қолданылмаған қалдықтар массасын шегерумен) күздік дақылдардың астық алды – 62300 ц. дән, 3140 ц. Дәндік қалдықтар дәнмен бірге, лабараториялық талдау мәліметтері бойынша 35% және 81400 ц. сабан. Күздік дақылдарды өсіру бойынша шығару 37250000 тг. дәндік қалдықтар және сабынды қолданумен бір центнер дәннің өз құнын анықтаймыз. Есептеу тәртібі келесідей: Толық дәннің саны анықталады. Дәнді қалдықтардың лабораториялық талдауы негізінде толық дәндік қалтарындағы тағайындалған %-і 35% тең, ол дәнді қалдықтарын алынған санына көбейтіледі. Толық дәндік қалдығы табылған санына оны өңдеуде алынған толық дәннің санын қосады. (35%*3140/100=1099; 62000-3140=59160; 1099+59160=60259). Толық дәннің барлық алынғаны 60259 ц.

Ары қарай толық дән калькуляцияланады. Толық дәннен және сабаннан алынған жиынды шартты өнімге ауыстыруда тағайындалған коэффициенттерге көбейтеді. Одан кейін көбейтінді нәтижелерін қосады және шартты өнімге қайта есептеуде дән мен сабанды алады (60259*1+81400*0,08=66771). Шартты өнім саны 66771 ц. құрайды.

Негізгі және қосалқы өнімнің %-к қатынасын анықтайды, дән 90,25%; сабанға – 9,75%, 60259*100/66771=9025; 6512*100/66771=9,75.

Проценттік қатынастан жеке негізгі және қосалқы өнімдерге жататын шығындар сомасын есептейді.

Дәнге шығындар 33618125 тг., сабанға – 3631875 теңгені құрайды (90,25*37250000/100=33618125; 9,75*37250000/100=3631875).

Өндіріс шығындарының жалпы сомасын өнімдердің шығуына центнерде бөліп толық дәннің, дән қалдықтарының және сабанның 1 ц. өзіндік құнын есептейді.

Негізгі өнімнің өзіндік құнын анықтауда пайдаланылмаған қосалқы өнім калькуляциялық есептеуде есепке алынбайды.

Осы келтірілген мысал мәліметтерімен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын құрады.

 

  Көрсеткіш аты Саны Сомасы,тг
  Жалпы жиын: - дән (о.і. дән қалдықтары-3140 ц.) - сабан    
  Дәнді дақылдар бойынша өндірістік шығындар    
  Лабораториялық талдаудың тағайындалған %-і, %    
  Дәндік қалдықтағы толық дән (3140*35/100)    
  Барлық толық дән (62300-3140+1099)    
  Шартты өнімге келтірілген толық дән және сабан (шартты бірлік): Дән (60259*1) Сабан (6512*100/66771)      
  Барлық шартты толық өнім (60259+6512)    
  Шартты өнімге ауыстырғандағы дән мен сабанның үлес салмағы, % - дән (60259*100/66771) - сабан (6512*100/66771)     90,25 9,75  
  өндіріске жататын шығындар: - дән (90,25*37250000/100) - сабан (9,75*3725000/100)    
  өндірістік шығындар жиыны    
  Бірлік өнімнің іс жүзіндегі өзіндік құны - толық дән (33618125/60259) - сабан (3631875/81400)    

 

әртүрлі оқу топтарының өзіндік құнын анықтауда дақылдар тобына жататын дақылдың 1 ц. дәніне өзіндік құнды есептеу қажеттілігі туады. Осы есептеу үшін әртүрлі дақылдардан алынған дән арасындағы шығындарды сатып алу бағасы бойынша немесе 1 ц. есепті бағасы бойынша оның құнына пропорционалды бөлінеді.

Дәндік жүгері. Жүгеріні өсіруден өнімнің бірнеше түрлерін алады: толық піскен дән, жасыл масса және қосалқы өнім – кепкен сабақ.

Жүгері дәнінің 1 ц. өзіндік құды анықтауда кепкен дәнге есептеудегі масса алынады. Жүгерінің толық пісуінде дәнге есептеуі базистік ылғалдылық есебімен сабақтан дәннің іс жүзіндегі шығуы бойынша жүргізіледі. (22%)

Мысалы, сабақтағы түрлері дәнінің массасы 17000 ц., сабақтан дәннің шығуы - 78%, ылғалдылық - 25% (базистік 22%).

Картоп бақша дақылдары және ашық топыраққа егілетін көкөніс дақылдары. Картоптың негізгі өнімі домалақ жеміс болып табылады, қосалқы-сабақ болып табылады. Картоп стандартты және стандартты емес болып бөлінуімен калькуляцияланады. Сабақты және стандартты емес болып бөлінуімен калькуляцияланады. Сабақты және стандартты емес картопты малдарға азық ретінде қолданады, оны шаруашылықта қабылданған есепті баға бойынша бағалайды. Картоптың өзіндік құнын шығындардың жалпы сомасын өнімнің осы тобының есепті бағасы бойынша олардың құнын пропорционалды тарату жолымен есептейді.

  Тарату жолы
  Есепті кезеңде картоп бойынша шығындар жинақталды
  Малдарға азыққа орта өзіндік құны бағасымен стандартты емес картоп және сабақ кірістелді - стандартты емес домалақ жемістер (310ц.*245 тг) - сабақ (610ц*160)
  Есепті кезеңде дайын өнім кірістеледі: - 1ц (420ц) 273 тг-ден есеп құны бағасымен стандартты емес жемістер - 1ц (1200ц) 1197 тг есепті құнымен стандартты домалақ жемістер
  Есепті кезең соңында іс жүзінде шығындар сомасы белгілі болғанда стандартты және стандартты емес картоп арасында олардың есепті құнына пропорционалды бөлінеді және есепте сәйкес корректировка жасайды: стандартты емес картоп сторно (1270000-173550)* (114680/1622880)-114660 стандартты картоп –сторно (1270000-173550)*(1508220/1622880)-1508220

 

Ашық топыраққа егілетін көкөністердің өзіндік құны калькуляциясы. Ашық топыраққа егілетін көкөністерді көктем-жаз және күз кезеңдерінде өсіреді.

Көкөніс дақылдарының негізгі 6 тобын бөледі:

Жапырақты: капуста салат, укроп, петрушка

Жемісті: томат, баклажан, қияр, горох, бұрыш

Тамыртүйнекті: морковь, сельдерей, т.б.

Тамырла: қызылша, редиска, редька

Сарымсақты; чеснок, сарымсақ, жуа

Эфирлі-майлы: анес, кориандр, тмин, т.ю.

Арнайы мамандандырылмаған шаруашылықта ашық топыраққа егілетін және шығуын "Ашық топыраққа егілетін көкөністер" аналитикалық шотында жүргізіледі. Көкөністің жеке түрлеріне жататын өндіріс шығындарын есепті баға сапасында қабылданған сату бағасымен алынған өнімнің құнына пропорционалды бөлу жолымен анықтайды. Бұдан кейін ашық топыраққа егілетін стандартты және стандартты емес көкөністердің өзіндік құнын жеке есептейді.

Мысалы, мамандандырылған шаруашылықта томаттың өзіндік құнын калькуляциялау.

  Томат көрсеткіштерінің аты Саны,ц Сомасы,тг
  1 жылдағы томат өндірісінің шығындары    
  Томат шығуы: - стандартты - стандартты емес - мал азығына стандартты емес - мал азығына сабақ    
  1ц томаттың есепті бағасы: - стандартты - стандартты емес    
  Есепті баға бойынша бағалаудағы товарлы томат құны: - Стандартты (820*400) - стандартты емес (320*280)    
Жиыны  
  Тұқымдық тамыртүйнекті дақылдардың орта құны бойынша бағалауда товарлы емес томаттың өзіндік құны: - стандартты емес томат (140*160) - малға азық ретінде пайдаланылатын сабақ (340*105)    
  Товарлы томатқа жатқызылатын шығындар (385000-58100)    
  Товарлы томаттың жеке түрлерінің үлес салмағы, % - стандартты (328000*100/417600) - стандартты емес (89000*100/417600)   78,55 21,45  
Жиыны    
  Олардың үлес салмағынан шығатын томаттың жеке түрлеріне жататын шығындар: - стандартты (326900*78,55/100) - стандартты емес (326900*21,45/100)      
Жиыны  
  1ц томаттың өзіндік құны: - стандартты (256780/820) - стандартты емес (70120/320)    

 

Қорғалған топыраққа егілген көкөніс өнімдерінің өзіндік құны калькуляциясы. Қорғалған топыраққа егілетін көкөністер маусымдық емес уақытта, ашық топыраққа егуге мүмкін емес жағдайларда өсіреді. Онда сол сияқты ашық топыраққа егу үшін рассаданы да өсіреді.

өсімдік шаруашылығында шығындар есебі үшін қорғалған топыраққа егілетін көкөністерде келесідей аналитикалық шоттарда жүргізу ұсынылады: "Қыстық теплица", "Парниктер", "Көктемдік теплица", "Кленка астындағы жеміс шаруашылығы". өнімдердің өзіндік құнын келесідей түрде анықтайды: есепті жылдың астығына жататын шығындардың жалпы сомасынан тұқымға және отырғызылатын материалдарға тура шығындарды бөледі және сәйкес дақылға тікелей жатқызылады. Барлық басқа шығындарды жабық жерлерде өсірілетін дақылдар арасында таратады.

Әрбір дақыл бойынша өнім бірлігінің өзіндік құнын дақылға жатқызылатын шығындардың жалпы сомасын өнімнің жалпы шығарылымына бөлу арқылы анықталады. Көкөністерді қоймаға стандартты, стандартты емес және пайдалы қалдықтарға бөліп кірістейді.

Теплицадағы қорғалған топыраққа егілетін көкөніс өнімдерінің өзіндік құнын есептеу.

  Көрсеткіштер аты томат қияр жуа редис Барл.
  Көлемі, м2          
  өсіру ұзақтығы, күн          
  Кв.метр – күн саны (1гр*2гр)          
  Тұқым және отырғызылатын материалдар құны, тг          
  Тұқым отырғызылатын материалдар құнысыз көкөніс өсіру шығындары,тг          
  Квадрат метр-күн өзіндік құны, (412800/344000),тг         1,2
  Дақыл түрлеріне жататын шығындар (стр.3*стр.6)          
  Тұқым және отырғызылатын материалдар құнымен шығындар барлығы (7+4),тг          
  өнім шығуы, ц         -
  1 ц. өнім өзіндік құны (стр.8/стр.9),тг         -

 

Бақша шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын мамандандырылмаған үлкен емес егілген алаңдарда түрлері бойынша бөлмей шығындардың жалпы сомасынан және өнімнің жалпы шығуынан есептейді.

Дақылдардың түрлері немесе жеке дақылдар бойынша 1 ц. өнімдердің өзіндік құны отырғызылатын өнімдер алаңына жататын шығындар сомасын тағайындалған коэффициенттер бойынша шартты негізгі және қосалқы өнімдерге ауыстыру жолымен алынған өнімдер санына бөлу арқылы анықтайды.

Келесі мысал негізінде бақша шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын есептеуді қарастырамыз. Мысалы, мамандардырылған бақша шаруашылығында алманы өндіру шығындары 1445600 теңгені құрайды. Есепті кезең ағымында 800 ц. алма алынды, оның 90ц. бұзылған, оны малдарға азыққа арнады. Бұзылған өнімдердің құнын өнімдердің сапасы есебімен тұқымдық тамыртүйекті дақылдардың орта өзіндік құны бойынша есепті бағамен анықтайды, ол 1ц. 450 теңгені құрайды.

Сорттауда дайын өнім стандарты 540ц. және стандартты емес – 170ц. бөлінді. Стандартты өнім үлес салмағы жалпы көлемде 76% (540/(800-90)*100), стандартты емес 24% (170/(800-90)*100).

 

  Операция мазмұны Сомасы,тг
  Есепті кезең ағымында өндірістік шығындар жиналды  
  Малға азыққа бұзылған алмалар кірістелді (90*450)  
  Есепті кезең ағымында есепті кезең бойынша дайын өнім кірістеледі: - стандартты алмалар - стандартты емес алмалар    
  Есепті кезең нәтижесі бойынша есепті құн іс жүргізуге дейін корректировкаланады – сторно: - стандартты алмалар (1445600-40500)*76%-1100000 - стандартты емес алмалар (1445600-40500)*24%-347000    

 

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Егін шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы?

2. Өсімдік шаруашылығында шығындар есебінің құрылымы қандай?

3. Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп қалай жүргізіледі?

 

Date: 2015-12-12; view: 3450; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию