Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бес қаруы бойында





 

 

«Көшпенділер әлемде отты қару шыққанша тарихтың дөңгелегін шыр айналдырған дырау қамшысы болды» деп Геродот айтпақшы, өзге жұрт орманда терімшілікпен айналысып, алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегідей жалаң бұт жүрген кезде, біздің батыр бабаларымыз ұлан-ғайыр кеңістіктерді игеріп, ұлы империялар құрып алған болатын. Сайын даланың төсін дүбірлеткен сайыпқыран ұландардың ат тұяғының үні тұтас Еуропа мен Азияны, Қырым мен Қытайды, Африка мен Үндістанды дүрліктіріп, түн ұйқысын төрт бөлді. Мойыны бардың мойынын игізді, тізесі бардың тізесін бүктірді (Күлтегін ескерткішінен). алыпты. Мына шағын мақалада көшпенді көк түріктің кейінгі ұрпағы – қазақ халқының XVIII-XIX ғасырлардағы дәстүрлі қару-жарақтарына шолу жасауды жөн көрдік. Төменде тілге тиек етілген жәдігерлердің бәрі Астана қаласындағы «Назарбаев орталығының» мұражай үйінде орналасқан.
Батырлар ер қаруын қастерлеп II-VIII ғасыр аралығындағы дәуір тарихта «Әлем халықтарының ұлы көші» деген атаумен белгілі. Еділ патша бастаған түркілердің батысты бағындыратын заманы осы кезеңге келеді. Ежелгі грек аңызы – адам басты ат денелі белгісіз хайуан – Кентаврдың пайда болуы осы шақ. Салт аттылы адамды өмірінде тұңғыш рет көріп тұрған Кәрі құрылықтың тұрғындары көшпенділерге қарсы шығып, қайрат қылмақ түгілі, қорыққаннан қолдарындағы қаруларын көтере алмай жер бауырлап жатып, қасиетті санап, оған сыйынған, әр қарудың жекелеген атаулары болған.Қазақ ертегілерінен ертеде қаруда батырдың жаны болады деп сенгенін көруге болады. Сондықтан ер қаруын қадірсіз іске жұмсамаған. Батырлар шеберлігіне, күшіне қарай әр қаруды орнымен асынған.
Дулыға – жорыққа аттанарда киген бас киім. Дулығаның екі жағы мен артқы етегіне темір тор ілініп адамның мойны мен иығын тымақ тәрізді жауып тұрады. Дулыға батырдың басын сойыл, шоқпар не қылыш пен садақ оғынан сақтауға арналған. Дулыға металлдан жасалып, ою-өрнектермен безендіріледі. Дулыға қорғаныс функциясымен қоса, адамның дәрежесін белгілеу функциясын да атқарады. Көне космогониялық түсініктер бойынша адам басының аспан әлемімен байланысын білдіретін дәреже белгісі ретінде қолданылатын зат – аспанды мекен ететін құстың қанаты, қауырсыны.
Ерекше атап өтерлігі, адамның әлеуметтік орнына қарай дуылға төбесіне орнатылатын бұйым да әртүрлі болып келеді. Мәселен, айырма белгі ретінде хандардың дуылғасының төбесіне құс қауырсыны, батырлардың дуылғасына аттың қылы, сарбаздардың дуылғасына кішкене жалауша орнатылады.
Семсер – кесу қаруы. Көшпелілер көне заманда екі жүзді, түзу семсерлер қолданған. Семсерлер кесумен бірге шабу функциясын да атқарған. Біздің дәуірімізге дейінгі VII ғ. мен ІІІ ғ.aрасында өмір сүрген скиф, сақ, сарматтардың семсерлері алғашқыда қысқа болып, оны «ақинақ» деп атайды, кейін ұзын семсерлер пайда болады.
Қылыш – шабуға, шаншуға лайықталған өткір жүзді, имек, үшкір қару. Ол ағаштан, мүйізден жасалып, ұшы алтындалып, асыл тастармен әшекейленеді. Қоянқолтық айқасқа ыңғайлы. Алғашқы қылыштар VII — VIII ғасырларда пайда болған. Сондықтан қазақта «Қылыш міндеті – кесу» деген мақал бар. Қылыш бөліктерінің атаулары мынадай. Кесетін темірі – «болат», қолға ұстайтын бөлігі – «сабы». Әулетті адамдардың қылышы ағаштан, мүйізден жасалып, ұшы алтындалып, асыл тастармен әшекейленеді. Сабына қолға іліп алу үшін тағатын жібі – «бүлдіргі». Бүлдіргінің ұшы кішкентай шашақпен бітеді. Қылыштың балдағы да қолға тіреу, қылыштасқанда басқа қаруды тіреп ұстауға арналған. Ер қаруы – бес қару. Осы бес қарудың бірі – қылыш. Әр қарудың жорыққа шыққанда сарбаз бойына ілінетін қалыптасқан орны бар. Қылыш белге ілінеді. Ерлер қаруы төменде емес, жоғарыда т ұруы тиіс.
Қанжар – екі жүзді, ұшы үшкір, пышақ сияқты қысқа сапты қару. Көбінесе болаттан соғылады. Археологиялық қазба деректерде Қазақстанды ертеде мекендеген тайпалардың қанжарларды қоладан, мыстан, бертін келе темірден, тіпті болаттан соққандығын дәлелдейді.VI-XII ғасырларда металл бұйымдарын өңдеумен шұғылданатын темір ұсталарының шығуына байланысты қанжар жасау Түрік қағандығының Қашғар, Баласұғын, Шаш, Отырар т.б. қалаларында едәуір өріс алды. Олар қанжарлардың сабы мен қынына әшекейлі өрнектер салғызып, күміс, алтын жалататын болған. Қазақ хандықтары тұсында қанжарларды халық жасақтары ықшамды қару ретінде пайдаланды.
Қалқан –батырлардың майданда қарсы жақтан найза, қылыш соққысынан, садақ оғынан өзін қорғау үшін қолға ұстайтын қорғаныс құралы. Металл қалқандарды алғаш рет б.з.д. 2-мыңыншы жылдарда пайдаланған.

 

Date: 2016-01-20; view: 702; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию