Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экономикалық нарықтың өзгертілген түрлерін жасауға бағытталған саяси императивтер (1-4 императивтер





 

1. Экономикалық нарықтың өзгертілген түрлерін жасауға бағытталған 13 саяси императив бар. (Императив - талап, бұйрық, заң; мінез-құлықтың сөзсіз принциптері.)

1. ЕРІКТІ БІРЛЕСТІК ИМПЕРАТИВІ.

Әрбір экономикалық жүйе сәтсіздікке ұшырауы күмәнсіз. Ұйымдастыру теориясының ашың жүйесінен алынған ерікті бірлестік түсінігі, қаржы нарығын глобальді интеграциялауды тану мен кәдімгі келеңсіз жағдайлардағы шығын мөлшерін азайтудың құрылымдық механизмдерін қарастырған кезде жоғары деңгейде орынды болып табылады. Ерікті бірлестікті тұрақты жүйеге жатқызу түсінікті болу керек: экзогендік факторлар толық жүйе арқылы көрсетілмейді. Саяси шешімдер қаржы нарығын жасау мен қолдауға бағытталуы тиіс. Ондағы әрбір мемлекет өзінің даралығын сақтай отырып, қоршаған ортаға үйрене алуы керек.

Осы императивтің мысалы ретінде Біріккен Елдер Қоғамын келтіруге болады. Ол 1945 жылы 24 қазанда 51 мемлекет арқылы құрылды. Қазіргі таңда 185 мемлекет мүшесі болып табылады, яғни барлық дерік мемлекеттер деуге болады. БЕҚ (ООН) мүшелігіне енген мемлекеттер жарғыда жазылған міндеттерді қабылдайды.

Берілген императив мемлекеттердің, ұйымдардың, партиялардың және т.б., бірігуін қарастырады. Олардың басты принципі - келісім берілген негізде ұйымдасу.

2. ТАНЫМ ИМПЕРАТИВІ

Саясат қайраткерлері көбінесе екі қателіктен зардап шегеді: 1- жоқ жерден ағымдар, белгілер, модельдер көреді. 2- бар жерден оларды көруге бас тартады. Осы екі қателіктің бар екенін мойындау: көрсең-жаман, көрмесең де- жаман дегенді біз таным императиві дейміз.

1990 жылы біз көргеннен кейін үлкен өзгерістер болып жатыр: біріншіден, суық соғыстың аяқталуы; екіншіден, әрбір елде соғыстан гөрі экономиканы жоғары қою; үшіншіден, әлемдік сферада үштіктің қалыптасуы: АҚШ- Европа - Жапония; төртіншіден, саяси идеология орталығының экономикалық мақсаттарға жету үшін өзгеруі.

Әлемдік қаржылық ортада Европалық «кері айналу» туралы мазасыздық бар. Азияда сауда модельдерінің үш ағымы қалыптасуда:

- аймақ көлемінде.

- батыс жартышарында

- Еуропа мен Орталық Шығыста.

3. МҮМКІНДІКТЕР ИМПЕРАТИВІ

Қоршаған орта ағымдарының және қоршаған ортаға бейімделуді көздеген әр бір саясат екі пункт негізінде сәтсіздікке ұшырайды.

1) ағындар мен модельдер табиғатынан жасырын келеді;

2) бұл бағыт саясаттың маңызды бір мақсатының қоршаған ортаға бейімделуін қолдамайды.

Экономикасы нашар дамыған елдерге басқа күшті мемлекеттерге қарсы тұру үшін бірлескен дұрыс. Тағы бір аспект экономиканы глобализациялау болып табылады.

Экономика әлемдік деңгейде мемлекеттік нарықтарды өзіне қаратып, оларды үлкен глобальді нарыққа біріктіруге тырысады. Бұл императивтің басқа бір аймағы стандарттарды үндестіруге тырысады. Адамзаттың әр бір жұмыс істеу аумағында нормалар, ережелер мен стандарттарды ұйымдастыру ұйымдары болады.

4. ӘР ТҮРЛІЛІК ИМПЕРАТИВІ

Әр түрлілік императиві нарықтың әр түрлі формаларының болуын бағалауда үлкен бағаға үміткер.

Нарықтың екі қарама - қарсы формалары бар: Нарықтық және командалық экономика. Сонымен қатар, аралас экономика бар. Таза күйіндегі нарықтың болмайтынын есте сақтау керек.

5. НАҚТЫ СЕКТОР ИМПЕРАТИВІ

Қаржылық және нақты секторлардың арасында шекара бар. Қаржылық нарық әлемдік экономиканың күшті ерекшелігіне айналуы және ол теория жүзінде болса да, нақты проблеманың шешімін бере алмайды. Нақты императив секторының мақсаты - қауіп- қатерлерді анықтау.

6. ТҰРАҚТЫЛЫҚ ИМПЕРАТИВІ

Спекуляция - бұл бағалы қағаздар нарығындағы ойынның атауы. Спекуляцияның екі аспектісі бар, оларды өзіміздің мақсатымызға қолдануымыз керек. Біріншісі, қаржы құралы ретіндегі спекуляция; екіншісі- сауда қызметіндегі шарттарға спекуляция. Фьючерстер- бірінші спекуляцияға жақсы мысал бола алады. Спекуляцияның екінші аспектісі қаржы нарығы әлемінде қысқа мерзімді бағытта болады.

7. АДАМГЕРШІЛІК ИМПЕРАТИВІ

Жаңа әлемдік тәртіп туралы айқындылық,көтеріліп келе жатқан экономиканың интеграция толқыны.Әлемдік әділетілік, адамдардың жағдайы гуманизм императивіне жатады. Бұл императивтің маңызды нәтижесі үлкен кедейлік әкелетін қоршаған ортаны пайдалану арқылы өзін- өзі қамсыздандыратын елдерге әлеуметтік жауапкершілік тағайындау.

8. ЕКІ ЕСЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ИМПЕРАТИВ

Жауапкершілік - бұл екі ұшы бар таяқ. Жеке мемлекеттерге, әсіресе дамушы мемлекеттерге саясаттың тұрақты шешімін қабылдау керек: біз екі жауапкершілікті императивті айтамыз. Көп мемлекеттер шетел саясаты экономикалық саясатын төмен болу керек деген тезистен айырылуды қажетсінеді.

9. АУЫР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ИМПЕРАТИВ

Әлемдік қарым-қатынаста саяси өзгерістер жайдан-жай бола бермейді. Глобальдық бақылауға арналған құрылымдық органдар әділеттілік пен теңсіздік арсындағы қайшылықтардан зардап шегеді. Әлеуметтік жауапкершілікті саяси және экономикалық жауапкершіліктерден бөлу туралы әлемдік қажеттілік туып тұр. Бұл дамыған елдердің азаматтарына басқа елдердің қиыншылықтарына назар аудартады.

10. ЖАҚЫНДЫҚ ИМПЕРАТИВІ (ЖАҚЫНДАТУ)

Аймақтық сауда блоктары, Европа, Азия, Америка елдерінде пайда болған «ауырлық моделінің» концептуалды жаңғыруын тездетеді, ол екі жақты сауданың интенсивтілігіне жақындауына қатынасы бар.

11. ҚОРШАҒАН ОРТА ИМПЕРАТИВІ

Капитализм нәтижелерін үлкен аумақтық индустрилизациялаумен байланыстырады, ол жердің жұғынуы, қоршаған ортаның бұзылғандығы нәтижесінде болғандығын білдіреді. Бұл жерде экономикалық куштер зиян әкелуге құқығы бар болса, жөндей де алады деген тезиспен келіспеуге болады.

12. ЖЕҢІЛДЕТУ ИМПЕРАТИВІ

Нарықтық тиімділіктің өсу эволюциясының шарасыз бөлігі ретінде «Қаржылық инжирингтің» көз шағыстырарлық жарылысы бар. Қаржылық нарықтар ақпарат қабатында жарылысқа ұшырайды. Ол жақсы таныс «талдаудың салдығы» деп аталатын синдром нарықты жаулап алуына байланысты.

13. ИНКРЕМЕНТАЛИЗМ ИМПЕРАТИВІ

Командалық экономикаға бағытталған саяси сұрақ, өзгерту керек па дегенді емес, сонымен қатар, қалай өзгерту керек дегенді білдіреді. Әлемдік экономика мен қаржыландырудың проблемасына жақындағанда саяси қайраткерлер екі песпективага сүйенеді:

1) олар жауапкершілік перспективасын қолданып, саясат кімге экономикалық өсу мен дамуға аз таңдау көрсететінің пайдаланып, олардың жеңісіне септігін тигізеді.

2) Қауіпті жобаны негізге алған кезде кішкентай және тиімсіз экономика күші жетіспеуіне байланысты шайқалады.

 

Date: 2016-01-20; view: 679; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию