Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурак отв Мемлекеттік меншік қоғамдық игіліктер мен қызметтердің өндірісі негізінде





Меншік қоғамдық өмір мен өндірістің негізі болды, болып отыр және бола береді. Меншік формаларынан тек өндірістік қатынастар ғана емес, сонымен қатар қоғам­дық өмір, қоғамның әлеуметтік және мәдени тетік­тері мен мемлекеттік институттар пайда болады. Кез-келген меншік екі қасиетпен көрінеді: заңдық - иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену, мүліктік құ­қық­тық, экономикалық неғұрлым өспелі ауқымдарда­ жалпылылық, қайталанушы-лық, ұдайы өндірістік қатынас­тар.

Қоғамдық-өндірістік қатынастар - меншік формала-ры­ның түрлі мазмұндарымен және ерекшеліктерімен айқындалады; ал жеке меншіктік қатынастар – жеке қоғамдық, кооперативтік, ұжымдық, корпора­тивтік, мемлекеттік т.б. тұрады.

Меншіктің екі анықтаушы формалары: (жеке және қоғамдық) жеке меншік - тікелей, ал қоғамдық жанама болады.

Меншік формаларын өзгертуде жүргізілетін экономи-калық реформа, мемлекет иелігінен алу және Қазақстан-дағы меншікті жекешелендіруде маңызды орын алады.

Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қол­данбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды.

Экономика ретінде өндірістік қатынастар меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана пайда болады, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсат­тар­да өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық жүзеге асыру болып табылады.

Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл:

- өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;

- өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;

- қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.

Меншік формасының құрылымын үш сөзбен сипаттауға болады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.

Сәйкесінше, өндіріс - бұл түрлі меншік иелері, экономикалық субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс - бұл өзара араласуымен өз қажеттерін қанағаттанды­ра­тын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің қызметі.

Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі.

Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі үлгілері жатады.

Қатынастар жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жал­пы ұлт мүдделерін есепке ала отырып,барлық экономи­ка­лық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.

Жеке меншік ерекшелігі меншік иесінің иеленуі, билеуі, басқаруы, пайдалануы және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелі­мен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық, көп пайдалы­лық, белгілі бір саладағы қызмет, осының барлығы - жеке меншік иесінің еңбек нәтижесі, ұтуы, ұтылуы

 

 

Date: 2016-01-20; view: 720; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию