Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экономикалық нарықтың өзгертілген түрлерін жасауға бағытталған саяси императивтер





Саяси мүдде - адамның, әлеуметтік топтың қандай да бір саяси құбылыстарға, үрдістерге өзінің дүниетанымдық қағидаттары, сенімдері, ұстанымдары негізіндегі ерекше қатынасы. Бұл саяси мінез-құлықтың саналы, ішкі көзі. Ол адамдардың саяси мақсаттар қоюын және оған қол жеткізу үшін нақты әрекеттерді жүзеге асыруын итермелейді. Саяси мүддені жүзеге асыру тетіктері: саяси қатысу және саяси қызмет.

Субъектілердің саяси қызметі олардың саяси қатынастары арқылы жүзеге асады. Бұл тәуелсіз объективтік сипатта болады. Жоғарыда айтылғандай, белгілі бір субъектілердің саяси кызметі жауап көзқарасты тудырады және бұл әрдайым олардың өзара әрекеттері шеңберінде көрінеді. Бұл өзара әрекеттер тұрақты қайталанып отырғандықтан тұрақты саяси қатынастар ретінде орнығады. Әлбетте, саяси қатынастар саналы түрде қалыптасады. Әрбір субъекті өзге субъектілермен саяси өзара әрекеттерге түсіп, өздерінің саяси мүдделерін саналы түрде жүзеге асыруға тырысады және сол үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарды қолданады. Бірақ, біріншіден, саяси мүдделер мен талаптар олардың санасы мен еркіне тәуелсіз тұрған объективтік әлеуметтік жағдайлармен дәйектелген; екіншіден, қалыптасқан саяси қатынастар объективтік саяси нақтылық сәттері ретінде көрінеді және өз кезегінде олар адамдардың саяси кызметіне мейлінше ықпал жасайды, оның мазмұны мен бағытын айқындауға себепші болады.

Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси билік үшін күресінің немесе езге де саяси кызметтерінің нәтижесінде қалыптасып, ездері осы қызметтің әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол кызметтің табысты болуының айғағы ретінде танылады. Әлбетте, саяси қатынастар тек саяси билікке деген қатынастармен шектеліп қалмайды, соңғысы олардың өзегін құраса да, олар қоғамның саяси өмірінің бүкіл салаларына сәйкес құралады, сонымен катар олар ұлттық және ұлтаралық проблемаларды шешумен, азаматтық құқық пен бостандықты жүзеге асырумен байланысты да қалыптасады.

Саяси қатынастар, сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы және рухани өміріндегі проблемаларға тікелей қатысты болады. Осыдан экономикалық саясат, әлеуметтік саясат немесе мемлекеттік саясат немесе қайсыбір саяси партиялардың рухани мәдениет саласындағы саясаты көрініс табады. Қоғамдық өмірдің барлық саласы бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне ықпал етеді.

Саяси қатынастарға қоғамның әлеуметтік-саяси уклады, сондай-ақ оның өміріндегі моральдық - психологиялық факторлар елеулі ықпал етеді.

Адамдар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси мүдделерінің тікелей ықпалымен қалыптасады. Алайда, қалыптасқан саяси қатынастардың өздері субъектілердің әр түрлі саяси мүдделерін тудырады. Бұл мүдделердің мазмұнын қоғамда нақтылы орын алып отырған саяси қарым-қатынастардың мазмұны анықтайды. Сондықтан адамдардың саяси қарым-қатынастары олардың саяси мүдделері ретінде көрініс табады. Адамдардың, әсіресе барлық таптардың, ұлттардың, және саяси партиялардың саяси мүдделерінің өзара әрекетіне талдау жасаудың қажеттігі саяси қатынастар мазмұнынан туындайтын субъектілер саяси мүдделерінің мазмұнын түсінуге және жаңадан пайда болған саяси мүдделердің ықпалымен саяси қатынастардың өзіндегі өзгерістің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл сөл сәтте орын алып отырған саяси шындық негізінде қоғамның бүкіл саяси өмірінің өзгерісі мен даму бағытын пайымдауға көмектеседі. Мұның басты буыны саяси қатынастар болып табылады. Сондықтан субъектілер саяси қатынастары мен саяси мүдделерінің өзара әрекеттестік проблемаларын зерттеу саяси қатынастар әлеуметтануының аса маңызды міндеттерінің қатарына жатады. Адамдардың саяси мүдделері олардың өмірлік әрекеттері, әлеуметтік жағдайлары және өмір сүріп отырған ортадағы саяси қатынастар жүйесіндегі объективтік жағдайларымен анықталады. Субъектілердің саяси мүдделері олардың саяси қатынастарының объективтік көрінісі болып табылады, сондықтан аталған мүдделер де объективті болады. Олар өмір сүріп отырған саяси қатынастар жүйесінде таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттық қауымдастықтардың және өзге де субъектілердің жағдайларын нығайту үшін, әсіресе саяси билікке катысты, сондай-ақ субъектілердің саяси құқықтары мен еркіндіктерін толық пайдалану үшін объективті түрде пайдалы әрі тиімді.

Осылайша субъектінің қайсыбір саяси мүддесінің мазмұны, саяси тұрғыдағы пайдасын түсінуі сол субъекті санасының жемісі болып саналмайды, оның нақтылы саяси ақиқатқа объективті қатынасының сәті ретінде өмір сүреді. Саяси ақиқатты субъект саналы түрде қабылдауы керек, оны, айталық, оған саяси тұрғыда ненің пайдалы, ненің пайдасыз екенін белгілі бір сәтке дейін түсінбеуі мүмкін. Сөйтіп, өл әзінің саяси мүддесіне объективті сәйкес келетінді немесе қарама-қайшы келетін құбылысты түсінбеуі мүмкін.

Саяси қатынастар әлеуметтануы әзінің алдына субъектілердің саяси мүдделерін айқындау мен зерттеу міндеттерін қояды, яғни олардың қайсыбір жағдайда саяси тұрғыда өзін-өзі анықтау үшін не нәрсе маңызды және пайдалы екенін қарастырады. Бұл орайда саяси қатынастар субъектілерінің өздерінің объективтік саяси мүдделерінің қаншалықты тереңдігін түсінуі де және осы негізде олардың саяси істе саналы түрде басшылыққа алатын саяси мүддесінің қаншалықты екенін және олардың объективті қалыптасқан саяси мүдделеріне сай келуін анықтау да маңызды.

Осыған орай аталған субъективтік мүдделіктің езі шынайы болуы мүмкін, яғни бірдей саяси жағдайларға субъектілердің әрекеті не жалған, немесе, тіптен, мифологиялық (қияли) та болуы мүмкін. Бүгінде саяси мифтер бұқаралық санадағы кең тараған құбылыс. Бұл проблемалар теориялық және қолданбалы әлеуметтану деңгейінде зерттеледі, сондай-ақ нақты әлеуметтануға қатысты зерттеулердің барысында қарастырылады.

Қазіргі кезде субъектілердің шынайы саяси мүдделерін түсіну, сонымен қатар олардың өз саяси мүдделерін түсінуі біздің қоғамымыздың дамуында аса маңызды болып отыр. Еліміз экономикасының, әлеуметтік және рухани өмірі дамуының негізіне алынатын мәселелерді шешу демократия принциптерін дамытумен тікелей байланысты екені белгілі. Олай болса, нағыз халықтық билік ретіндегі демократияны нығайту — бүкіл коғамның түбегейлі саяси мүддесі. Оны коғамның барлық мүшелері түсінуі тиіс. Бірақ ол көбінесе жалпылама тұрғысынан түсіндіріледі. Іс жүзінде демократияны қандай саяси әрекеттер дамытатынын, олар коғамның қандай жіктеріне көбірек кызмет ететінін, саяси әрекеттер басқа да әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың саяси мүдделеріне нұқсан келтіретінін анықтауға тырысқанда қиыншылықтар туындайды. Бұл проблемаларды шешуде демократияны дамытудың мәнісі зор. Алайда, бұлар көпшілік саяси және мемлекет қайраткерлері қабылдай алмайтын аса киын мәселелер болып табылады. Көбінесе мемлекет деңгейінде қоғам дамуы үшін қабылданған пайдалы шешімдер жүзеге асырылмайды немесе бұрын түсініксіз болған шешімдер, бүгінде қайсыбір әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың мүдделеріне қайшы келетіні белгілі болып отыр.

Саяси мүдде субъекті сипатына байланысты - мемлекеттік, партиялық, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар мүддесі; қызмет істеу саласына байланысты - ішкі саяси және сыртқы саяси; жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты - шынайы және мүмкін; қауымдар деңгейіне байланысты - жеке, топтық, тапық, ұлттық, қоғамдық болып бөлінеді

 

 

Date: 2016-01-20; view: 767; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию