Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Корпоративтік басқару





Корпоративті басқарудың пайда болғанына, менеджмент саласына сияқты көп жыл бола қойған жоқ. Корпоративті басқару білім мен тəжірибенің жеке жүйесі ретінде 20 жыл бұрын қалыптаса бастады. Маңызды, əрі басты кезеңі деп 1999 жылдың мамыр айын санауға болады. Ол кезде бүкіл əлемдік масштабта бірлесіп басқару нормаларын бірыңғай стандартқа келтіру мақсатында Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының қеңесінде бүкіл əлем үшін шын мəнінде үлгіге айналған (ЭЫДҰ) ұжымдық басқарудың принциптері тұжырымдалды. Алайда меншіктің бірлескен формасы əлемнің дамыған елдерінде бұрыннан бері қалыптасқан. Иелік ету жəне басқаруды бөлуге байланысты қатынастар – ұжымдық қатынасты заңнамалық жəне əлеуметтік реттеу сияқты, ұжымдық басқару Қазақстанда салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болды. Бізде акционерлік қоғамдарға жетекшілік етуде, меншік иелері мен менеджерлер, минориторлық мен мажоритарлық акционерлердің түрлі мүдделерімен, тұтас алғанда акционерлердің құқықтары мен меншіктігімен байланысты мəселелерді шешуде өзіндік тəжірибе жинақталмаған. Əрине ұжымдық басқару бойынша əлемдік қауымдастықтың ұсынымдарын білдіретін тəсілдер мен ережелерді көшіре отырып, басқалардың тəжірибесін пайдалануға болады. Дегенмен, бүкіл əлемдегі компанияларға меншіктің акционерлік формасы ұсынатын айырмашылықтармен қоса ескеруді қажет ететін маңызды айырмашылықтар да бар.

Корпоративті басқару объективтік, есепберушілік, жауапкершілік жəне жариялылық сияқты демократиялық принциптердің негізі болып табылады. Ол коммерциялық қызметтің қалыптасқан нормаларын ұстануды қамтамасыз етеді, осылайша, демократиялық басшылықтың заңдылығы мен принциптерінің нығаюын қамтамасыз етеді. Ұжымдық басқару сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшті құрал болғандықтан, жеке меншіктің құқықтары мен қоғамдық мүдделерді нақты ажыратуға мүмкіндік береді, екі салада асыра пайдаланушылықтың алдын алады. Ұжымдық басқару əдетте, жеке сектордың дамуымен байланыстырылады. Алайда, сонымен қатар бұл мемлекеттік басқару институттарын күшейтуге мүмкіндік беретін демократияның маңызды даму құралы. Біріншіден, бизнес пен мемлекет арасындағы қатынастар реформаның шешуші кілті, өйткені ұжымдық басқару формалды емес, туысқандық, бармақ басты, көз қысты жасырын келіссөздердің алдын алады. Екіншіден, ұжымдық басқару мемлекеттік кəсіпорындарда қолданылса, қоғамдық ресурстарды ұқыпты түрде пайдалануға, сонымен қатар басқару шешімдерін саяси емес, экономикалық мақсатта қабылдауға мəжбүрлейді. Үшіншіден, ұжымдық басқару парақорлыққа тосқауыл қойып, сыбайлас жемқорлықпен күресуге мүмкіндік береді. Оған қоса, ұжымдық басқару өзін өтпелі кезеңдегі маңызды реформаларда сыбайлас жемқорлықпен күресудің сəтті құралы ретінде көрсете білді, əсіресе бұл жекешелендіруге қатысты, өйткені мемлекеттік меншікті жеке тұлғаларға беріп, кейін жеке иелік ету құқығын беру айқын жағдайға көз жеткізуге мүмкіндік берді.

 

 

Date: 2016-01-20; view: 1148; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию