Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурак отв Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың құқықтық негіздері





Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі.

Кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардың барлығын жатқызады.

Кәсіпкерлік мемлекеттік секторды есепке алғанда барлық экономика сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорындарда және акционерлік компанияларда (мемлекеттік қалыптастырусыз) істі коммерциялық жүргізу. Шетелде шағын бизнес деп жеке кәсіпкерлікті түсінеді.

Кәсіпкерлік субъектілер жеке тұлғалар немесе әріптестердің бірігуі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілер ретінде жеке тұлғалар жеке және жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен шығады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы мүмкін.

Кәсіпкерлік субъектілері ретінде әріптестерді біріктіру әртүрлі шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы ұжымдар, ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер.

Кәсіпкерліктің маңызды белгілері:

- шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұрақ бойынша құқықтық норма шегінде шешім қабылдауға еркін.

- Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу.

- Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде де тәуекелді анықтау мүмкін емес.

Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағдайлар қажет:

- Экономикалық. Экономикалық жағдай тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері, тауарды ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмыс орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші, қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі.

- Құқықтық жағдай кәсіпкерлік қызметті реттейтін, кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасайтын заңдардың болуы.

- Әлеуметтік жағдай жеке тұлғаның жұмысқа қатынасына әсер етеді. Ол өз кезегінде бизнестің ұсынған еңбек ақы шамасына, еңбек жағдайларына қатынасына әсер етеді.

2. Кәсіпкерліктің түрлері:

1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадлай түрлері болады: өндірістік, коммерциялық қаржылық және кеңестік.

2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе ұжымның құрамы болуы керек.

4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық-құқықтық; 2) ұжымдық экономикалық.

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер.

1. Серіктестіктер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар: 1) жауапкершілігі шектелмеген серіктестік, 2) командитті (сенімге негізделген) жауапкершілігі шектелген серіктестік. Ұжымдар өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайдаларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.

2. Акционерлік қоғамдар: ашық және халықтық түрде болады.

Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары:

1. Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әртүрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алды.

2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

3. Консорциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

5. Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.

6. Қаржы-өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

3. Қазір Қазақсатнда мынадай ұжымдық-құқықтық формалы кәсіпкерліктер құрылуда.

1. Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.

2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен бір немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.

3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекелін өздерінің үлестерімен жауап береді.

4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам. Қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.

5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.

6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.

7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады.

 

 

Р экономикасының түрлі секторларында бизнестің дамуын қамтамасыз етуші орталық және жергілікті басқару органдарының функционалдық міндеттері.

Ұжымдық өндіріс шаруашылықты жүргізу типі ретінде тарихи жағынан таза күйінде алғашқы қауым құрылысының бастапқы кездерінде де болған жоқ. Ол туралы натуралды, одан кейін тауарлық өндірістің оқшауланған кезінен ғана айтуға болады. Капитал феодалдық қоғамның даму барысында укладтың бірі ретінде тек еңбекті қамтып қоймай, ұсақ қолөнер өндірісін өзгертіп, оны жоғары, өндірістің түрі- кооперация. Кооперативтік еңбектегі барлық артықшылық капиталистік өндірістің ұсаққа қарағанда артықшылығы болып көрінеді. Кооперацияның өзі капиталистік шаруашылыұтың ерекше түрі.
Кеңес үкіметі экономистерінің методологиялық қателіктерінің бірі- жаңа экономикалық жүйе тек әлеуметтік төңкерістің нәтижесі деп қарауы. Алайда мұндай көзқарас материалистік диалектика қисынына үйлеспейді, өйткені төңкеріс тек өндірістік қатынастары дамып келе жатқан өндіргіш күштерді сәйкестендіріп өзгертеді.
Екінші жағынан, жаңа өндірістік қатынастар бұрынғы, екі қатынастардан пайда болады. Айталық, буржуазиялық өндірістік қатынастар нәсілдік, тұқымы жағынан феодалдықпен еш қатынасы жоқ, себебі олар қарама-қарсы өндірістік әдістері.
К.Маркс алғашқы қауымдық қоғам- меншіктің азаматтық түрін қарастырғанда: «Адамдар жерге жай қарапайымдылықпен ұжымның меншігі ретінде қарады. Жанды еңбекте өзін өмірге келтіріп және ұдайы өндіріп отырады. Әрбір жеке -дара адам тек ұжымның жүйесі ретінде ғана оның иесі, меншіктеушісі бола алады». Қауым көлемінде еңбек процесі ұжымдық сипатта жүреді.
Еңбек бөлінісі нәтижесінде адамдардың бір-біріне жұмыс істеу қажеттілігі туған қоғамда еңбек процесінің қоғамдық реттелуі талап етіледі. Бұл процесс ұжымды құрайтын қоғам мүшелерінің мүмкіндігіне байланысты және осының негізінде еңбеккердің қабілеттілігі мен икемділігі ескеріледі.

 

 

Date: 2016-01-20; view: 899; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию