Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шағын және орта бизнестің дамуын ынталандырудың экономикалық механизмдері





Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда қойып отырған міндеттерінің бірі- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Әсіресе жеке меншіктің нақты өмірге жүзеге асуы және орта таптың қалыптасуының материалдық негізі. Демек, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады.

Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес тіптен мешеу қалып отыр деп көрсету шынайы экономикалық жағдайға сай келмейді. Үстіміздегі жылда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей [1], бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар, онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті және 8,3 млрд. теңгені құрап отыр. Қазақстан 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 12 орынға алға жылжып Дүниежүзілік Банк нұсқасы бойынша бизнесті ашу мен жүргізудің оңайлығы рейтингінде 183 елдің арасынан 47 орынға ие болды.

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ЖІӨ-де алатын үлесі-20%. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметтеріне сүйенсек, әлемдік экономикада тек шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады. Олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға дейін жетеді. Дамыған мемлекетердегі шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі мысалы, Жапонияда 55%, Ұлыбританияда-52%, Германияда-57%, Италияда-55%. Салыстырмалы сараптама Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің макроэкономикалық көрсеткіште үлесенің өте аз екенін көрсетеді. Оны 50 пайызға жеткізу үстіміздегі ғасырдың елуінші жылдарында қол жеткізу болжанып отырғаны белгілі. Сол мақсатқа жету үшін мәңгілік сұрақ - не істеу қажет? Шағын және кәсіпкерлікті дамытудың қандай жолдары мен тетіктері бар? Қандай экономикалық, әлеуметтік, саяси және психологиялық кедергілері бар?

Бірінші кезекте шағын және орта бизнестегі кәсіпкердің кім екенін, оның қоғамда атқаратын қызметі мен маңызын жалпы халыққа түсінікті тілмен насихат түсініктеме жүргізу қажет. Экономика теориясында келтірілетін кәсіпкерге берілетін анықтамаларға қысқа шолу жасайық. Кәсіпкерліктің негізін қалаған экономист және банкир Р.Кантильон кәсіпкер бұл анықталмаған жағдайда, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында шешім қабылдайтын адам, саяси экономия классигі А. Смит кәсіпкер-өнеркәсіпті меншіктенуші және коммерциялық тәуекелділікпен байланысты іс-әрекет деп анықтама берсе [2], Ф.Уокер, И.фон Тюнен, А.Азрилян ж.т.б экономистер кәсіпкерлікті пайда табумен байланыстырады [3]. Аты экономика тарихында белгілі көптеген экономистер кәсіпкерді тиімділік және үнемділікпен (М.Вебер), инновациялық іс-әрекетпен (И.Шумпетер), менеджментпен (Ф.Найт), адамның психологиясымен (Дж. Кейнс) байланыстырып қарастырады[4]. Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік - бұл дербес, өзінің мүлігін пайдаланып жүйелі пайда алу мақсатында жүргізілетін тәуекелділікпен байланысты қызмет екені айтылса, экономистеріміз оның тәуекелділігі мен алатын табысына байланысты анықтама береді

Біздің пікіріміз бойынша, келтірілген және басқа анықтамаларда кәсіпкердің басты қызметі - тауар өндіру мен оны сату арқылы халыққа көрсететін қызметін елемей немесе көп көңіл бөлмей отырған сияқтымыз. Бүгінгі таңда кез келген тәулік уақытында қалаған тауар мен қызметті пайдаланып қажеттілігімізді қанағаттандыра аламыз. Кешегі Кеңес кезінде тауар тапшылығы, ұзақ тұратын кезек бүгінде жоқ және оны экономика тарихы тез ұмытты. Болған экономикалық-әлеумеметтік келеңсіздердің жоюуылуына себеп болған негізгі факторлардың бірі – мемлекетіміздегі кәсіпкерлердің көрсеткен қызметі. Сондықтан, халықтың санасына кәсіпкерді – өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, тәуекелділік пен тынымсыз еңбек арқылы халыққа қызмет атқаратын экономикалық адам-деген ұғымды енгізу қажет.

Екінші мәселе, ұлттық экономиканың сала ерекшеліктеріне байланысты кәсіпкерліктердің көлемін анықтау. «Кәсіпкерлік туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүргізудің үш түрлі нысаны бар: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік. Осы кәсіпкерлікті жүргізу түрлерінің айырмашылықтары негізінен кәсіпорындарда қызмет жасайтын еңбекшілер мен олардың табыс көлемімен анықталады. Мысалы, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне:

қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жеке кәсіпкерлер;

қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және бір жылдағы активтерінің жылдық орташа құны 60000-еселік АЕК-тен аспайтын заңды тұлғалар жатады.

Орта кәсіпкерлік субъектілеріне:

қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан асатын жеке кәсіпкерлер;

қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50-ден көп, бірақ 250 адамнан аспайтын және бір жылдағы активтерінің жылдық орташа құны 325000-еселік АЕК-тен аспайтын заңды тұлғалар жатады.

Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне:

қызметкерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын немесе бір жылдағы активтерінің жалпы саны 325000-еселік АЕК-тен асатын заңды тұлғалар жатады

65.Экономикалық нарықтың өзгертілген түрлерін жасауға бағытталған саяси императивтер

Саяси мүдде - адамның, әлеуметтік топтың қандай да бір саяси құбылыстарға, үрдістерге өзінің дүниетанымдық қағидаттары, сенімдері, ұстанымдары негізіндегі ерекше қатынасы. Бұл саяси мінез-құлықтың саналы, ішкі көзі. Ол адамдардың саяси мақсаттар қоюын және оған қол жеткізу үшін нақты әрекеттерді жүзеге асыруын итермелейді. Саяси мүддені жүзеге асыру тетіктері: саяси қатысу және саяси қызмет.

Субъектілердің саяси қызметі олардың саяси қатынастары арқылы жүзеге асады. Бұл тәуелсіз объективтік сипатта болады. Жоғарыда айтылғандай, белгілі бір субъектілердің саяси кызметі жауап көзқарасты тудырады және бұл әрдайым олардың өзара әрекеттері шеңберінде көрінеді. Бұл өзара әрекеттер тұрақты қайталанып отырғандықтан тұрақты саяси қатынастар ретінде орнығады. Әлбетте, саяси қатынастар саналы түрде қалыптасады. Әрбір субъекті өзге субъектілермен саяси өзара әрекеттерге түсіп, өздерінің саяси мүдделерін саналы түрде жүзеге асыруға тырысады және сол үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарды қолданады. Бірақ, біріншіден, саяси мүдделер мен талаптар олардың санасы мен еркіне тәуелсіз тұрған объективтік әлеуметтік жағдайлармен дәйектелген; екіншіден, қалыптасқан саяси қатынастар объективтік саяси нақтылық сәттері ретінде көрінеді және өз кезегінде олар адамдардың саяси кызметіне мейлінше ықпал жасайды, оның мазмұны мен бағытын айқындауға себепші болады.

Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси билік үшін күресінің немесе езге де саяси кызметтерінің нәтижесінде қалыптасып, ездері осы қызметтің әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол кызметтің табысты болуының айғағы ретінде танылады. Әлбетте, саяси қатынастар тек саяси билікке деген қатынастармен шектеліп қалмайды, соңғысы олардың өзегін құраса да, олар қоғамның саяси өмірінің бүкіл салаларына сәйкес құралады, сонымен катар олар ұлттық және ұлтаралық проблемаларды шешумен, азаматтық құқық пен бостандықты жүзеге асырумен байланысты да қалыптасады.

Саяси қатынастар, сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы және рухани өміріндегі проблемаларға тікелей қатысты болады. Осыдан экономикалық саясат, әлеуметтік саясат немесе мемлекеттік саясат немесе қайсыбір саяси партиялардың рухани мәдениет саласындағы саясаты көрініс табады. Қоғамдық өмірдің барлық саласы бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне ықпал етеді.

Саяси қатынастарға қоғамның әлеуметтік-саяси уклады, сондай-ақ оның өміріндегі моральдық - психологиялық факторлар елеулі ықпал етеді.

Адамдар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси мүдделерінің тікелей ықпалымен қалыптасады. Алайда, қалыптасқан саяси қатынастардың өздері субъектілердің әр түрлі саяси мүдделерін тудырады. Бұл мүдделердің мазмұнын қоғамда нақтылы орын алып отырған саяси қарым-қатынастардың мазмұны анықтайды. Сондықтан адамдардың саяси қарым-қатынастары олардың саяси мүдделері ретінде көрініс табады. Адамдардың, әсіресе барлық таптардың, ұлттардың, және саяси партиялардың саяси мүдделерінің өзара әрекетіне талдау жасаудың қажеттігі саяси қатынастар мазмұнынан туындайтын субъектілер саяси мүдделерінің мазмұнын түсінуге және жаңадан пайда болған саяси мүдделердің ықпалымен саяси қатынастардың өзіндегі өзгерістің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл сөл сәтте орын алып отырған саяси шындық негізінде қоғамның бүкіл саяси өмірінің өзгерісі мен даму бағытын пайымдауға көмектеседі. Мұның басты буыны саяси қатынастар болып табылады. Сондықтан субъектілер саяси қатынастары мен саяси мүдделерінің өзара әрекеттестік проблемаларын зерттеу саяси қатынастар әлеуметтануының аса маңызды міндеттерінің қатарына жатады. Адамдардың саяси мүдделері олардың өмірлік әрекеттері, әлеуметтік жағдайлары және өмір сүріп отырған ортадағы саяси қатынастар жүйесіндегі объективтік жағдайларымен анықталады. Субъектілердің саяси мүдделері олардың саяси қатынастарының объективтік көрінісі болып табылады, сондықтан аталған мүдделер де объективті болады. Олар өмір сүріп отырған саяси қатынастар жүйесінде таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттық қауымдастықтардың және өзге де субъектілердің жағдайларын нығайту үшін, әсіресе саяси билікке катысты, сондай-ақ субъектілердің саяси құқықтары мен еркіндіктерін толық пайдалану үшін объективті түрде пайдалы әрі тиімді.

Осылайша субъектінің қайсыбір саяси мүддесінің мазмұны, саяси тұрғыдағы пайдасын түсінуі сол субъекті санасының жемісі болып саналмайды, оның нақтылы саяси ақиқатқа объективті қатынасының сәті ретінде өмір сүреді. Саяси ақиқатты субъект саналы түрде қабылдауы керек, оны, айталық, оған саяси тұрғыда ненің пайдалы, ненің пайдасыз екенін белгілі бір сәтке дейін түсінбеуі мүмкін. Сөйтіп, өл әзінің саяси мүддесіне объективті сәйкес келетінді немесе қарама-қайшы келетін құбылысты түсінбеуі мүмкін.

Саяси қатынастар әлеуметтануы әзінің алдына субъектілердің саяси мүдделерін айқындау мен зерттеу міндеттерін қояды, яғни олардың қайсыбір жағдайда саяси тұрғыда өзін-өзі анықтау үшін не нәрсе маңызды және пайдалы екенін қарастырады. Бұл орайда саяси қатынастар субъектілерінің өздерінің объективтік саяси мүдделерінің қаншалықты тереңдігін түсінуі де және осы негізде олардың саяси істе саналы түрде басшылыққа алатын саяси мүддесінің қаншалықты екенін және олардың объективті қалыптасқан саяси мүдделеріне сай келуін анықтау да маңызды.

Осыған орай аталған субъективтік мүдделіктің езі шынайы болуы мүмкін, яғни бірдей саяси жағдайларға субъектілердің әрекеті не жалған, немесе, тіптен, мифологиялық (қияли) та болуы мүмкін. Бүгінде саяси мифтер бұқаралық санадағы кең тараған құбылыс. Бұл проблемалар теориялық және қолданбалы әлеуметтану деңгейінде зерттеледі, сондай-ақ нақты әлеуметтануға қатысты зерттеулердің барысында қарастырылады.

Қазіргі кезде субъектілердің шынайы саяси мүдделерін түсіну, сонымен қатар олардың өз саяси мүдделерін түсінуі біздің қоғамымыздың дамуында аса маңызды болып отыр. Еліміз экономикасының, әлеуметтік және рухани өмірі дамуының негізіне алынатын мәселелерді шешу демократия принциптерін дамытумен тікелей байланысты екені белгілі. Олай болса, нағыз халықтық билік ретіндегі демократияны нығайту — бүкіл коғамның түбегейлі саяси мүддесі. Оны коғамның барлық мүшелері түсінуі тиіс. Бірақ ол көбінесе жалпылама тұрғысынан түсіндіріледі. Іс жүзінде демократияны қандай саяси әрекеттер дамытатынын, олар коғамның қандай жіктеріне көбірек кызмет ететінін, саяси әрекеттер басқа да әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың саяси мүдделеріне нұқсан келтіретінін анықтауға тырысқанда қиыншылықтар туындайды. Бұл проблемаларды шешуде демократияны дамытудың мәнісі зор. Алайда, бұлар көпшілік саяси және мемлекет қайраткерлері қабылдай алмайтын аса киын мәселелер болып табылады. Көбінесе мемлекет деңгейінде қоғам дамуы үшін қабылданған пайдалы шешімдер жүзеге асырылмайды немесе бұрын түсініксіз болған шешімдер, бүгінде қайсыбір әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың мүдделеріне қайшы келетіні белгілі болып отыр.

Саяси мүдде субъекті сипатына байланысты - мемлекеттік, партиялық, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар мүддесі; қызмет істеу саласына байланысты - ішкі саяси және сыртқы саяси; жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты - шынайы және мүмкін; қауымдар деңгейіне байланысты - жеке, топтық, тапық, ұлттық, қоғамдық болып бөлінеді

 

52.Әлеуметтік- экономикалық және саяси принциптерді жүзеге асырудағы мемлекеттің ролінің өсуі

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.

Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі — әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған.

Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі — өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол «әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады» деп көрсеткен. «Әлеуметтік мемлекет» деген ұғымның пайда болуы «полициялық» мемлекеттен, «қоғамдық келісім мемлекетінен» және «мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі» мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың және мемлекеттік реттеу- дің мақсаттық шарттарының көп қырлылығы – бүгінгі таңдағы экономикалық жүйенің негізгі қасиеті. Әлемнің көптеген дамыған елдері үшін экономикалық өмірдің әртүрлі сфераларына мемле- кеттің кең түрде араласуы тән. Айырмашылығы тек оның араласу деңгейінде. Нарықтық экономиканың қызмет етуіне мемлекеттің араласуының қажеттілігі төмендегі жағдайлармен байланысты: - нарықтық шаруашылықтың қызмет ету механизмінде келең- сіздіктің болуы; - қоғамдық игіліктерге деген қажеттіліктерді қанағаттанды- рудың неғұрлым тиімді нұсқаларын (нарықтан басқа) іздеудің қажеттілігі; - нарықтық шаруашылықтың белгілі бір жағдайларда экономи- каны және оның құрамдас бөліктерін дамыту мәселелерін шеше алмайтындығымен байланысты сыртқы нәтижемен теңестірудің қажеттілігі.

 

 

Date: 2016-01-20; view: 1205; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию