Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурак отв Мемлекеттің әлеуметтік бағытталған елдердегі (Германия) экономиканы басқаруға араласу тәжірибесі





Шет елдер тәжірибесін ғылыми қорытындылау кажеттігі келесі жагдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің кағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылыктарын аныктау мүмкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін "түйістіруге" мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға мүмкіндік береді және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдік шаруашылык процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-экономикалык процестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатьш қорытынды – көптеген алдынғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекетгік реттеудің негізгі кұралдары ретінде халык шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылыктарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады.

Осыған байланысты, шет елдердің жоспарды жасау және колдану тәжірибесін зерттеу өте манызды. Өнеркәсібі дамыған елдерде (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Қытай) индикативті жоспарлау – нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуші тәсілінің бірі болып жоғары нәтижесін дәлелдеді және осы елдердің тәжірибесі белгілі бір кызығушылық туғызады.

Капиталистік елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде экономиканы басқарудың саларалық қағидасы қолданылды. Францияда дайындалған саларалык бағдарламалар барлык шешуші экономикалык салаларды қамтиді және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл аткарады. Бұл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді. Нарыктық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын кейінге қалдырады. Францияда ағымды, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылдық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді, бұл кызметті Жоспарлау бойынша Комиссириат жүргізеді.

Реттеуші органдардың басты міндеттерінің бірі аймактардьн үйлесімді кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 жылы жүргізілген реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылык жүйесін басқару иерархиясының үш деңгейінің функциялары ажыратылған (коммуналдар, департаменттер және аймақтар). Ал департамент құрамына кіретін кантондар мен аудандардың өзіндік даму мәселелерін шешуде күкықтык және ұйымдастырушылык тәуелсіздігі жоқ.

Халық шаруашылығында аймактық мәселелер мен оларды салалық экономикамен үйлесімді байланыстыруға Швециянын, Англияның, Германияның және де баска дамыған нарықтық жуйедегі елдердің көптеген үкіметтік шешімдері арналған. Бұл шешімдердегі басты ой, жергілікті билік органдары езінің әлеуметгік-экономикалык саясатын жүргізе отырып жалпы мемлекеттік және макроэкономикалык мақсатқа жету.

Көптеген елдердің жоспарлау тәжірибесін қорытындылай келіп американдық маркетинг маманы Мелвилл Бранч маркетинг кызметін жетілдірудің бірнеше колайлы жақтарын бөледі. Соның ішінде жоспарлау:

1) басшылардың үнемі болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкіндік береді;

2) мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер қолданылатын шараларды үйлестіреді;

3) көрсеткіштерді анықтау және олардың орындалуын қадағалауга жол ашады;

4) алдагы мәселелердің және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап етеді;

5) шұғыл өзгерістерге дайындықты күшейтеді;

6) барлык кызметкерлердің міндеттерінің өзара байланыста. қарым-қатынаста екенін көрсетеді.

Аталған пунктерден ең маңыздысы ретінде бірінші, екінші және алтыншыны айтуға болады, өйткені қазіргі жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетіспейді немесе өте аз колданылады.

Қарастырылып отырған мемлекеттердің тәжірибесінен мемлекеттердің экономикасын реттеудегі күшті тетіктерінің бірі каржы-бюджет ресурстарын пайдалану және салық жинау механизмі болып табылады. Осы механизмдерді негізге ала отырып, бірнеше тұжырым жасауға болады, біріншіден, бюджеттік қаржымен каржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халык шаруашылыгының басымдылықтарын және білімді көп қажет ететін салаларды жылдам дамыту мәселелері шешіледі. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстын үлесі 50 пайыздан жоғары, ал Францияда 50 пайыз шамасында.

Екіншіден, кұрылымдык-инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін салык салу механизмі үлкен ролді атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің кызығушылығын артгыруға болады, өйткені олар өндіріс және өнеркәсіп салаларының тез дамуына әкеледі. Ол деген импортты ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлі тауарларды шығару.

 

 

Date: 2016-01-20; view: 1061; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию